kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок казахского языка в 10 классе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект урока казахского языка в 10 экспериментальном классе по абробации модели 12- летнего образования. Урок постороен с применением 7 модулей обучения. Та?ырып То?ыз??мала?.Салалас ??рмалас с?йлемдерді ?айталау. Ма?саты О?ушыларды ?аза?ты? ?лтты? ойынымен таныстыру,тілдерін дамыту,топпен ж?мыстана отырып сыни т?р?ыдан ойлау да?дыларын ?алыптастыру.Салалас ??рмалас с?йлемні? т?рлерін ажырату?а ?рі есте са?тау?а ?йрету. К?тілетін н?тиже А.?аза?ты? ?лтты? ойындарына соны? ішінде «То?ыз??мала?»ойынына ба?а береді,д?лелдейді.Салалас ??рмалас с?йлемдерін ??растыра алады ?рі ажырата біледі Б.»То?ыз??мала?» ойыны туралы баяндай алады,с?ра?тарын ?оя біледі.Салалас ??рмалас с?йлемні? жал?аулы?тарын біледі с?йлемдерді ажырата алады В.»То?ыз??мала?» ойыны туралы біледі,с?ра?тарына жауап бере алады.Салалас ??рмалас с?йлемдерді? т?рлерін тауып алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок казахского языка в 10 классе »

Урок казахского языка в 10А классе

Учитель: Акименко Светлана Евгеньевна

учитель казахского языка первой категории

третьего уровня

Дарьинской СОШ Зеленовского района ЗКО

Апта 6

Күні 5 13.02.15 10 а сыныбы қазақ тілі


Тақырып

Тоғызқұмалақ.Салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау.

Мақсаты


Оқушыларды қазақтың ұлттық ойынымен таныстыру,тілдерін дамыту,топпен жұмыстана отырып сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратуға әрі есте сақтауға үйрету.

Күтілетін нәтиже


А.қазақтың ұлттық ойындарына соның ішінде «Тоғызқұмалақ»ойынына баға береді,дәлелдейді.Салалас құрмалас сөйлемдерін құрастыра алады әрі ажырата біледі

Б.»Тоғызқұмалақ» ойыны туралы баяндай алады,сұрақтарын қоя біледі.Салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын біледі сөйлемдерді ажырата алады

В.»Тоғызқұмалақ» ойыны туралы біледі,сұрақтарына жауап бере алады.Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін тауып алады.

Сабақтың түрі




Жаңа тақырыпты меңгеру

Қажетті ресурстар


Дәптерлер,флипчарттар,бағалау парақтары,стикерлер,АКТ,презентация,фломастерлер,қосымша материал,суреттер,желім

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




Психологиялық тренинг

«Мен саған бақыт тілеймін..»

Топтарға ұлттық ойындар арқылы бөлу «Қыз қуу,көкпар,асық»

Сабақтың ережелерін қайталау;

Тайм-менеджментті тағайындау

Бағалау парақтарын үлестіру топ бағалаушыны тайм-менеджментті сайлау


Оқушылар шеңберде бір-біріне тілектер айтады



Оқушылар ұлттық ойындар арқылы топтарға бөлінеді



Оқушылар бір-бірден тұрып айтады

-бірін-бірі сынамау

-бірін-бірі тыңдау

-тыныштық сақтау

-өз ойын нақты айту

-ынтымақтылық

Тұсаукесер





Қазақтың ұлттық ойындар туралы слайдтар көрсету «қазақша күрес,көкпар,қыз қуу,теңге алу,жамбы ату,асық ату,тоғызқұмалақ»


-Балалар,осы ойындардың ішінен қай ойын

тапқырлықты,қиялдауды,логикалық

ойлауды,жылдам есептеуді қажет

етеді?


Күн жадысын,тақырыбын жазу

Оқушылардың алдарында ұлттық ойындар жазылған қағаздар жатады,олар тақтаға қарап ұлттық ойынды көрсетіп айтады



Оқушылар «Тоғызқұмалақ»деп жауап береді






Оқушылар дәптерлерде жазады

Негізгі бөлім





Ұжымдық жұмыс

Жаңа сөздермен жұмыс

Тоғызқұмалақ-овечьи катышки

Табандылық-упорство

Жылдамдық-быстрота.ловкость

Шешім қабылдау-принять решение

Ұя-ячейка

Күрделі- сложная

Бағалау


Топтық жұмыс «Инсерт» стратегиясы




Бағалау

Диалогтік оқыту

«Сұрақты ұстап ал»




Бағалау


Сергіту сәті


Топтық жұмыс


Ойын «Кім жылдам?» «Тоғызқұмалақ» сөзінен сөздерді құрастырып жазу


Бағалау

Грамматикалық бөлім:

Ұжымдық жұмыс

Салалас құрмалас сөйлемді қайталау.

-Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

-Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары қандай болады?

-салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

-Түрлерін атап шығыңдар


Өзіндік жұмыс

Слайдта салалас құрмалас сөйлемдер көрсетіледі


Бағалау



Рефлексия «6 қалпақ»

Ақ түсі –Сен бүгін сабақта не білдің?

Сары түсі-Бүгін сабақта не қызық болды?

Көк түсі-Бүгінгі сабақта неге қол жеткіздік?Не білгің келеді?


Оқушылар сөздерді оқиды,одан кейін жаңа сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді құрастырады







Сөздермен мадақтау


Оқушылар топта оқулықтағы мәтінді және қосымша материалды оқиды,керектігін түртіп алады, «Тоғызқұмалақ» постер жасайды

Постер қорғау

Бағдаршам

Оқушылар топта тақырыпқа байланысты 3 сұрақтан дайындайды

Сұрақтарды қояды әрі жауап беріп отырады


Вербалды


«Көңілді күн»


Оқушылар дәптерлерде «Тоғызқұмалақ» сөзіне бес жол өлеңін жазады,оқиды


Оқушылар топта сөздерді құрастырып жазады.Әр топтан бір оқушы тұрып оқиды

Ду қол шапалақ


Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп отырады










Оқушылар сөйлемдерді оқып алдарында жатқан қағазда сқс түрлерін белгілеп отырады.


Критериалды




Қалпақ киген оқушы мұғалімнің сұрағына жауап береді

Қорытынды





Аяқталмаған сөйлем

Тоғызқұмалақ…….

Қағаздарда жазады




































«Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Дарьинск жалпы орта білім беретін мектебі»КММ


«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Л.Дынникова










Сабақтың тақырыбы:


«Тоғызқұмалақ.Салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау»

10 «а»сынып









Дайындаған және өткізген

І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Акименко С.Е














2014-2015 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Құстар

Сабақтың мақсаты:  Құстар туралы білімдерін кеңейту

Міндеттері:

1. Құстар туралы жалпы түсінік беру

2.Оқушылардың дүниетанымын, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеулерін

дамыту.

3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, құстарға қамқоршы бола білуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді жобалау технологиясы арқылы меңгеру.Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: құстар туралы слайд, ермексаздан жасалған аққудың мүсіні,мазмұндауға арналған қысқаша мәтіндер, құстың қауырсыны,құстың жұмыртқасы.

Сабақта қолданылған әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру,жобалау технологиясы.

Сабақтың  барысы:

I. Ұйымдастыру.  Шаттық шеңбері. Танысу.

  Балалар ортаға шығып, шеңбер құрып, бір- бірінің қолдарын ұстап тұрады.

Бір- бірімізбен амандасамыз.

-         Сәлеметсіз бе, ашық аспан!

-         Сәлеметсіз бе, күннің көзі!

-         Сәлеметсіздер ме, құстар мен жануарлар!

-         Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар және оқушылар!

Осы көңіл күймен орнымызға отырып, сабағымызды бастайық.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

 

 

 

 

II.Негізгі бөлім.

1.Интерактивті тақтамен жұмыс.

Құстар туралы жалпы не білеміз?

 

                                           Құстар

 

 

Оқушылардың жазғаны бойынша бекіту.

2. Сен  білесің бе?

1.Дала құстары неге ұшады, үй құстары неге ұшпайды?

2.Құстарды зерттейтін ғылым- орнотология.

3.Қырағы құс сұңқар, ең үлкен құс- түйеқұс.

4.Күн көзіне тура қарайтын құс-бүркіт, ең жүзгіш- пингвиндер.

5. Аққуды атпа!

3. Топпен жұмыс.

Жұмбақтар жасыру, шешуі конвертте

1- топ

Ала шапан киеді,

Қыпылықтап жүреді.

Секектеп бір тұрмайды,

Өреден құрт ұрлайды.

Қалдықты жеп тауысқан,

Аты оның...........(  Сауысқан)

 

2- топ

Өзі кішкентай , өзі әдемі,

Ертегінің кейіпкері.

Ал, айта қойыңдаршы,

Бұл қай құс?.........(Қарлығаш)

Сергіту сәті.

Ептеп- ептеп жерден бидай терейік,

Тергеніңді торғайларға берейік.

Торғай, торғай, томпаң- томпаң секірсін,

Ол да біздей үлкен болып жетілсін.

Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал,

Енді менің әңгімеме құлақ сал.

2. Құстар қалай дыбыстайды.

1- топ                                                                      2-топ

Тауық- қыт-қыттайды                                 Әтеш- шақырады

Қарға- қарқылдайды                                   Тырна- тыраулайды  

Бұлбұл- сайрайды                                         Сауысқан- шықылықтайды

Торғай- шиқылдайды                                   Көгершін- уілдейді

Қарлығаш- шықылықтайды                         Шағала- шаңқылдайды

Ал, балалар осы құстардың дауысын шамамен жобалап көрейік.

3. Енді балалар құстардың пайдасы мен зияны туралы пікірлеріңді ортаға салыңдар.

1-топ                                                               2-топ

                          Қарға

Пайдасы                                                 зияны

                               Тоқылдақ

Зияны                                                   Пайдасы

4. Мәтінмен жұмыс. ( Мазмұндау)

1- топ

Қарға- қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс.

Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.

2-топ

Тоқылдақ- Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс.Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Өзге құстарға жемін табуға көмектеседі.

5. Табиғатта қандай құсқа ұқсағыңыз келеді. Суретін сал.

6.Ермексаздан жасалған аққуды мамықпен безендіру.

7. сабақтан алған әсеріңді жұмыртқаға бейнеле.

 

 

  

III. Сабақты қорыту.

-         Бейбітшілік құсын білесіңдер ме?( Көгершін)

-         Ендеше, сол құс туралы әнді есімізге түсіріп, орындап көрейік.

Бағалау.

Үйге тапсырма: өздеріңе ұнайтын құстың суретін салыңдар.

Сабақты аяқтау. Жақсы тілектер айту.




Қызыл кітап[1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.


сапсан.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж.ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Қазақстанның Қызыл кітабы

 Толық мақаласы: Қазақстанның Қызыл кітабы

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және


алтай таулары.

өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.






Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.

Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.

Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтыңжетекшілігімен жарық көрді.

Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).


















Сабақтың тақырыбы:  Қызыл кітап

 

Сабақтың мақсаттары:

1.     Білімділік:  қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны көзінің қарашығындай сақтау жайындағы халық дәстүрімен таныстыру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, сөздік қорын молайту.

2.     Дамытушылық: оқушылардың  танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге белсенділіктерін арттыру, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.     Тәрбиелік: оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, экологиялық мәселені көтеру, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  дәстүрлі емес сабақ

 

Сабақтың типі: аралас сабақ / білім, білік, дағдыны  қолдану сабағы /

    

   Қолданылатын әдіс-тәсілдері:  СТО стратегиялары,   ,,Ой шақыру,,, ,,Лото,, ойыны, ,,Венн диаграммасы ,, , жобалар әдісі, слайдтар топтамалары.

  

 Көрнекілік: суреттер, слайд, кітаптар, кестелер, тірек сызбалар.

   

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, жағарапия, биология

 

Сабақтың барысы:

 

I.                  Ұйымдастыру кезеңі:

    Сабақтың тақырыбымен таныстыру, жұмысқа белсендіру.

 

II.                Жаңа тақырып:  Балалар, табиғат біздің  қоршаған ортамыз, байлықтың көзі. Бізідің еліміздің табиғаты бай екенін, сол табиғатты қорғау екенін білеміз.  бүгінгі сабағымыз осы табиғатта құрып бара жатқан аңдар, құстар, өсімдіктер жайында болмақ.

Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғауымыз қажет, сондықтан да табиғатты қастерлеп, оған сүйіспеншілкпен қарап, қамқорлық жасау қажет. Соған байланысты біздің елімізде ,,Халықаралық табиғат қорғау қоғамы,, құрылды. Оның басты мақсаты- саны сиреп бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты ,,Қызыл кітап,, деп атайды. Оның қызыл және сары беттері болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар, өсімдіктер жазылады.

Кітап 1974 жылы шықты.  

 -,, Қызыл кітап,, туралы сендер не білесіңдер?

  / 2-3 оқушы қысқаша  мәліметтер береді /

III.           Слайдпен жұмыс: Қазір, балалар, мына слайдтар топтамалары арқылы  ,,Қызыл кітапқа,, енгізілген аңдар, құстар, өсімдіктермен танысасыңдар.

         Жаңа сөздер: Тянь –шань арқары – Тянь- шанский горный баран

                                  Барыс – Снежный барс

                                 Қызыл қайың – Красная береза

                                 Қызыл қасқыр – Красный волк

                                 Қабылан – Гепард

                                 Лалагүл – Лилия

                                 Үлкен құралай – Большая чечевица

                                  Сиверс алмасы – Яблоня- сиверс

                                  Ақ ләйлек – Белый аист

                                  Қара ләйлек – Черный аист

                                  Кіші аққу – Малый лебедь

                                  Дала қыраны – Степной орел

                                 Бүркіт- Беркут

                                 Ақбас тырна – Журавль     / сөздік дәптерге жаңа сөздерді

            жазып алады /

       

  IY.  Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастырту.

                 / 2-3 оқушыны тақтаға шығару /

       

  Y. Венн диаграммасы.

Венн диаграммасы бойынша Қызыл кітап, экология, табиғат сөздеріне ортақ қасиеттерді табу.  / ауаны ластамау, табиғатты қорғау, аң, құстар, өсімдіктерді жоймау, келесі ұрпаққа жеткізу,т.б.

YI. Пысықтау кезеңі:

   ,,Лото,, ойыны деңгейлі тапсырмалар арқылы ойнатылады.

      

Табиғатты қалай қорғау керек?

Ол үшін не керек?

қорғай білуіміз керек                     табиғаттың

 

пайдалана   отырып                            байлығын

 

     қорғау үшін                                               қоғамдық комитет

 

                                                  құрылды

 

  ,,Қызыл кітапқа,,                                      енгізілген

 

сирек кездесетін                           өсімдіктер мен жануарлар

 

 

   Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орын- орнына қойып, бір сөйлем құрастырыңдар.

 

YII. Сабақты қорытындылау:

-         Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

-         Табиғатты қалай қорғау керек ?

-         Ол үшін не істеу керек ?  / сұрақтарға жауап алу/

 

YIII. Оқушыларды бағалау.

 

IX.  Үйге тапсырма:  ,,Табиғатты қорғау үшін менің қолымнан не келеді ?,



Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»

Жарияланды 6-12-2012, 13:16 Категориясы: Бастауыш сынып 

Пәні: дүниетану
Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»
Мақсаты:
А) Қазақстанда жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар, өсімдіктер, құстарға тоқталып, «Қызыл кітап» туралы түсінік беру;
Ә) Табиғатты қорғау мақсатында құрылған қорықтар, «Қызыл кітап» туралы түсініктерін дамыту;
Б) Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.
Түрі: дәстүрлі
Типі: аралас
Көрнекілігі: интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, буклеттер, «Сен білесің бе?» атты кітапшалар.
Әдіс–тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік, баяндау, әңгімелеу.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Адам және өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау.
Қай жануар адамға пайдалы екенін сызбаға түсіргендерін тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
- Балалар, ендеше, мына сөзжұмбақты шешейік. (Шешуі: жүзім, алма ананас, қауын қарбыз, қияр) сөзжұмбақтың ортасындағы ерекшемен белгіленген сөзді оқиық. Қандай сөз шықты? (жануар)
Ендеше, бүгінгі сабағымыз өткен тарауда оқып, танысқан жануарларды қорғау туралы болмақ. Тақтадағы көрсетіліп тұрған суреттер қай топқа жатады?
1) құстар
2) балықтар
3) қосмекенділер
4) жорғалаушылар
5) сүтқоректілер
6) жәндіктер

IV. Жаңа сабақ
Ребусты шешейік. Егер дұрыс шешсек, бүгінгі тақырыбымызға байланысты сөз шығады. Ребустың шешуі: қызыл.
- Қызыл түс нені білдіреді?
- Қызыл түс қауіп сақтанудың белгісі.
- Қызыл кітап не үшін керек деп ойлайсың? (Оқушылардың жауабы тыңдалады).
- Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.
1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.

- «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің кейбіріне тоқталып өту.
Құлан - сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды. Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды.
Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған.
Дуадақ - қазақ даласының көркі. Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Тез жүгіреді. Адамдар көп аулап азайған, қазір қорғауға алынған.
Жабайы қызғалдақ – Қазақстанның қалалары мен шөлдеріне сән береді. Көше қызғалдағының арғы тегі. Сонымен бірге, Қызыл кітапқа барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, т.б. аңдар мен құстар кіреді.
Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың – 16 түрі, қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің - 40 түрі енгізілді.
Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт, жойылып кетті.
Осы жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады. (Тақтадан Қазақстанның қорықтарын көрсету.)
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар.
Ақсу – Жабағалы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау.

Сергіту сәті. Үй жануарларын айтқанда қол шапалақтаймыз.
Қоян, күшік, түйе, арыстан, сиыр, аю, қой.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерге Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді теріп жазамыз.
Жануарлар: аққу, дуадақ, құлан.
Өсімдіктер: шырша, таусағыз, қызғалдақ

V. Сабақты бекіту. Шығармашылық жұмыс
Табиғатты сақтаңдар,
Құстарды атпаңдар.
Гүл жайнаған жерімді
Аялаңдар, сақтаңдар.

VI. Сабақты қорытындылау.
Табиғатты қорғау, оны сақтау туралы мақалдар, нақыл сөздер айту.
Мақалдар
«Бір тал кессен, он тал ек»
«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
«Жылап жүріп арық қазсаң,
Күліп жүріп су ішерсің»

Нақыл сөздер
«Туған жерге туыңды тік»
«Мың шыбық шаншып өсірсең -
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның -
Өзіңе қорған салғаның»

«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!
Келешек сендердің қолдарыңда!»
VII. Үйге тапсырма:
Өсімдіктер мен жануарлардың “Қызыл кітабы” тақырыбын оқу
“Мен табиғат жанашырымын” тақырыбында сурет салу
VIII. Бағалау.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Урок казахского языка в 10 классе

Автор: Акименко Светлана Евгеньевна

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184481

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Речевая деятельность на уроках казахского языка и литературы"
    ["seo_title"] => string(64) "rechevaia_deiatelnost_na_urokakh_kazakhskogo_iazyka_i_literatury"
    ["file_id"] => string(6) "592823"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1638082879"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Применение  технологии критического мышления на уроках казахского языка "
    ["seo_title"] => string(86) "primienieniie-tiekhnologhii-kritichieskogho-myshlieniia-na-urokakh-kazakhskogho-iazyka"
    ["file_id"] => string(6) "143529"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418555430"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(275) "статья на тему,«Формирование межличностного общения учащихся, развитие творческих навыков через языковые и речевые игры на уроках казахского языка»"
    ["seo_title"] => string(161) "statianatiemuformirovaniiemiezhlichnostnoghoobshchieniiauchashchikhsiarazvitiietvorchieskikhnavykovchierieziazykovyieiriechievyieighrynaurokakhkazakhskoghoiazyka"
    ["file_id"] => string(6) "313683"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459522199"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Разработка урока казахского языка по теме "К?ктем""
    ["seo_title"] => string(54) "razrabotka-uroka-kazakhskogho-iazyka-po-tiemie-koktiem"
    ["file_id"] => string(6) "263692"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449586180"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "Презентация к уроку казахского языка в 3 классе по теме "Негізгі ж?не туынды зат есім" "
    ["seo_title"] => string(100) "priezientatsiia-k-uroku-kazakhskogho-iazyka-v-3-klassie-po-tiemie-nieghizghi-zh-nie-tuyndy-zat-iesim"
    ["file_id"] => string(6) "185163"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1426154428"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства