Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,
Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет, тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Қазақ тілінің қоғамдағы ролі туралы сұраймын
.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қазақ тілі әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі.
Тарихын тым тереңнен бастау алатын тіліміздің сонау есте жоқ ескі замандардан –ақ саясат, шаруашылық, тұрмыс,рухани құндылықтар тілі болғанын дәлелдер , деректер де жеткілікті.
Сөз мәдениетінің негізін тағы да ұлттық әдеп пен тәрбиеден табамыз. Әдептіліктің өзін әдемілікке балаған ел дәстүрі өз тілінде таза да көркем сөйлеуді қажет етеді. Ол үшін ұлттық тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін күнделікті өміріміздің дәстүрі мен қарым-қатынас негізі етуіміз керек екені белгілі.
Бүгінгі қоғам бізден ұлттық дәстүрдегі тіл үлгілерін жетік білумен бірге іскерлік қарым-қатынастағы оқу,жазу, сөйлесу дағдыларын халықтық негізде қалыптастыруымызды талап етеді. Осындай тілдік дағдыларды қалыптастыруда,сөйлеу, жазу түрлеріне машықтануда талдау мен талқылау,үйрену сияқты түрлі жаттығудың жазбаша, ауызша жұмыстарын неғұрлым көбірек жүргізгені жөн.
Тілді үйрену-өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу, ұлт ділін, қасиетін, мінезін,ой, жан-дүниесін,сырын білу екенін ,халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық.
Ойтолғау өткізу: Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікірімізді ортаға салып көрейік.
Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Қазақ тілі туралы өлеңдер жаттап келу.