Ойын шарты: Тақтаға қағаздан жасалған қарлар ілінеді. Қарлардың екінші бетінде сұрақтар жазылған. Ойынға 1 минут беріледі, әр оқушы өзіне ұнаған қарды таңдайды. Таңдаған сұрағына нақты жауап беруі керек.
1 желтоқсан қандай күн? (Президент күні)
Қайсы ай 28-29 күннен бітеді? (ақпан)
Үлкен кісі немесе атаны кім дейді? (қарт немесе қария)
Шаңырақ қай рәмізде бейнеленген? (елтаңба)
Бие сүтінен жасалатын емдік сусын? (қымыз)
Құстар жылы жаққа қайтатын мезгіл? (күз)
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Айбол шықты елеңдеп,
Қағып кетті көршіні
Қапылыста байқамай.
Мұндайда не деу керек? (кешіріңіз деу керек)
Машина, автобус, трамвайлардың жалпы атауы. (көлік)
Қыста ұйықтайтын жануар. (аю)
Жанұяда 3 ағайынды бала бар. Әрбір баланың қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (4 бала)
Айбат шегер алыстан, аң патшасы ... (арыстан)
Ат шабады, ал қарлығаш ... (ұшады)
Көзді ашытатын көкөніс? (пияз)
Құстардың үйі (ұя)
2-кезең «Жылдам жауап, ұшқыр ой» сайысы.
Оқушыларға электронды тақтадан сурет көрсетіледі. Сол сурет бойынша сөйлем құрау тапсырылады. Сөйлем 4 сөзден кем болмауы керек.
3-кезең. «Кім тапқыр?» сайысы.
Қатысушыларға жұмбақ жасырылады. Қатысушылар қол көтеріп жауап беруі тиіс.
Жұмбақтар:
Әуеде ақ мамық,
Қалбақтап ұшады.
Қанаты талып,
Жерді барып құшады.
(қар)
Кесе, шыны, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді
Бәрінің атын не дейді.
(ыдыс)
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
Үйіңнің ол тұрағы,
Беті - қолын жуады,
Жолбарысқа түсі ұқсас,
Екі көзі қырағы.
( мысық )
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
(сызғыш)
Өзімнен өзгенің бәрін көремін.
(көз)
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
(қоян)
Әншейінде жекесің,
Қарай қалсаң екеусің.
(айна)
Күміс алмұрт, тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шаұыратын білімге
Сағаты бар, күні бар.
(қоңырау)
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
(кітап)
Келесі 4-кезеңде «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы. Бұл сайыстың шарты – мақал-мәтелдердің жауабын үш тілде айту: қазақша, орысша, өзбекше.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, ... жарады.
(бас – голова - head)
Көз – қорқақ, ... – батыр.
(қол – рука - hand)
... – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
(кітап – книга - book)
Өнер алды – қызыл ...
(тіл – язык - tongue)
... – кеме,
Білім – теңіз.
(мектеп – школа - school)
Адамнан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ... жоқ.
(ат – имя - name)
Отансыз ... – ормансыз бұлбұл.
(адам – человек - human)
... сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіне мақтар.
(дос – друг - friend)
Бес ... бірдей емес
(саусақ – пальцы - fingers)
Атаның ізін ұл басар,
Ананың ізін ... басар.
(қыз- девочка -girl)
5-кезең сайысымыздың қорытынды кезеңі «Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Қатысушыларға «Балқарағай» сөзі беріледі. Оқушыларға 3 минут уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде сөздер ойлап табуы керек.