kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Физика және Біз" интеллектуалды танымдық сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Физика және Біз

Мақсаты:

Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру.

Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: математика, информатика

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер, презентациялар

Түрі: танымдық – ойын

Іс-шараның барысы:

Оқытушы:

Құрметті оқытушылар мен оқушылар! 20-24 қараша аралығында колледжімізде физика – математика және информатика пәндерінің «МИФ кемесі – білім теңізінде» атты пән апталығы өткізіліп жатыр. МИФ кемесі бүгін физика аралына келіп тоқтады.

- Олай болса, «Физика және Біз» атты физика пәнінен сыныптан тыс өткізілетін сабағымызға қош келдіңіздер!

Ғалымдардың патшасы атанғансың

Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың

Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән – физика атанғансың.

Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. «Физика және Біз» атты сайыс сабағымызға 1 курстың оқушылары қатысып, өз білімдерін сынайды.

Сайыс жоспары:

1. «ТАНЫСТЫРУ» (әр топ тобын, ұранын айту);

2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (әзіл сұрақтар);

4. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

5. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

6.« ФИЗВОРД» (сөздердер құрастырады);

7.«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару).

Ойынға 3 топ қатысады.

1. «Ойшылдар» тобы

2. «Тапқырлар» тобы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Физика және Біз" интеллектуалды танымдық сайысы»

Тақырыбы: Физика және Біз
Мақсаты:

  • Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру.

  • Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

  • Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу.
    Пән аралық байланыс: математика, информатика
    Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер, презентациялар
    Түрі: танымдық – ойын
    Іс-шараның барысы:

Оқытушы:

Құрметті оқытушылар мен оқушылар! 20-24 қараша аралығында колледжімізде физика – математика және информатика пәндерінің «МИФ кемесі – білім теңізінде» атты пән апталығы өткізіліп жатыр. МИФ кемесі бүгін физика аралына келіп тоқтады.

- Олай болса, «Физика және Біз» атты физика пәнінен сыныптан тыс өткізілетін сабағымызға қош келдіңіздер!
Ғалымдардың патшасы атанғансың
Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – физика атанғансың.

Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. «Физика және Біз» атты сайыс сабағымызға 1 курстың оқушылары қатысып, өз білімдерін сынайды.
Сайыс жоспары:

1. «ТАНЫСТЫРУ» (әр топ тобын, ұранын айту);

2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (әзіл сұрақтар);

4. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

5. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

6.« ФИЗВОРД» (сөздердер құрастырады);

7.«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару).


Ойынға 3 топ қатысады.

1. «Ойшылдар» тобы

2. «Тапқырлар» тобы

3. «Білгірлер» тобы


I. ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы үш топ өздерін таныстырады.) ( 5-10 ұпай)


II. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)

2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай

1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегш/

2. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/

3. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/

4. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/

5. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/

6. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

7. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/

8. Физика не туралы ғылым? /табиғат/

9. Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/

10. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/

11. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

12. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/

13. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/

14. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/

15. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/.


III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (әзіл сұрақтар);

І – топ:

1.Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды?

Жауабы: Электр зарядының бірлігі — Кулонды

2. Кез – келген адамның ала алмайтын сыйлығы?

Жауабы: Нобель сыйлығы

3. Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды?

Жауабы: Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым

ІІ – топ:

1. Қандай сақинаны тағуға болмайды? Жауабы: Ньютон сақинасы

2. Қандай торға қамауға болмайды? Жауабы: Дифракциялық торға

3. Қандай моль киімді жемейді? Жауабы: Моль — заттың мөлшерінің бірлігі

ІІІ – топ:

1. Қандай өріске мал жаюға болмайды? Жауабы: Электрлік және магниттік өріс

2.Массасы 1кг мақта ауыр ма тұз ауыр ма?

Жауабы:Массалары тең.

3. Машина таудан түскенде қандай дөңгелек айналмайды?

Жауабы: запаска

«Физика. ..- тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай-ақ адамзат ойының түкпіріне жол» -деген екен неміс физик-теоретигі,1954 жылы кванттық физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Макс Борн.


IV. «КІМ ТАПҚЫР!»

(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

- Оқушылар біздің «МИФ» кемеміздің қоржынындағы тапсырмаларды да орындайық. Қандай тапсырмасы бар екен? (Оқытушы 3 топқа арнап кезекпен кемеге қолын созып, бір-бірлеп физикалық приборларды алып шығады. Әр топ прибордың атын, олардың атқаратын қызметтерін айтады).

Әр дұрыс жауапқа - 5 ұпай

Берілетін приборлар:

Амперметр, Вольтметр, Реостат,Катушка, Электроскоп.

1. Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/

2. Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/

3. Реостат /Кедергіні өлшейтін құрал/

4. Электроскоп /дененің электрленуін анықтайтын құрал/

5. Катушка /индукцияланған токты жинайтын құрал/


V. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды.

Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.

«С» конвертінің тапсырмасы:

4-5 сіріңкені 2-ге бөліп гүлге ұқсатып орналатырамыз. Енді осы сірікелердің ортасына су құйып жіберетін болсақ, онда  сіріңкелер жайылып, жұлдызшаларға ұқсай бастайды. Себебі неде деп? Ойлайсыздар! Сіріңке сабы ағаштан жасалған, ағаш суды сіңіріп ісіне бастайды. Ол кезде  сіріңкені оңай көлемін өзгертуге болады.


VI. « ФИЗВОРД»

Слайдта берілген әріптерден физикаға қатысты сөздер құрастырады.

Әр дұрыс жауап – 1 балл.


VIII. «ТІЛ - ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын тілінде – 10 ұпай.

Сұрақтар:

1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

3.Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

4.Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

5.Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

6.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

7.Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

8.Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол,дорога.)

9.Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт время,time)

10.Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

11.Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу,ускорение)

12.Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым давление)


Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару. Марапаттау.


Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңізе көп рахмет!

– дей келе «МИФ» кемесін келесі аралға аттандырамыз. Сіздердің кемелеріңіздің капитаны болған мен – Дюсупова М.Т. физика пәнінің оқытушысы. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!







Бағалау парағы


Ойын шарттары

11ТМк

11ТРк

11ТЭМк

1

«ТАНЫСТЫРУ»




2

«КІМ ЖЫЛДАМ»




3

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!»




4

«КІМ ТАПҚЫР!»




5

«ОЙЛАН ТАП!»




6

«ФИЗВОРД»




7

«ТІЛ - ӨНЕР»





Қорытынды ұпай








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Физика және Біз" интеллектуалды танымдық сайысы

Автор: Дюсупова Макпал Талгатовна

Дата: 11.02.2024

Номер свидетельства: 645480

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Не?  ?айда?  ?ашан?  тарихи –танымды?   интеллектуалды? ойын "
    ["seo_title"] => string(58) "nie-k-aida-k-ashan-tarikhi-tanymdyk-intielliektualdyk-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "245893"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446228562"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "физика ?леміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(24) "fizika-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "302750"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457285214"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "ХХІ ?АСЫР К?ШБАСШЫСЫ /интеллектуалды сайысы/"
    ["seo_title"] => string(44) "khkhigasyrkoshbasshysyintielliektualdysaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "298465"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456329303"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Физика әлем кілті"
    ["seo_title"] => string(17) "fizika_liem_kilti"
    ["file_id"] => string(6) "380175"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484588827"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Интеллектуалды  ойын.  Білім  биржасы "
    ["seo_title"] => string(36) "intielliektualdy-oiyn-bilim-birzhasy"
    ["file_id"] => string(6) "133634"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416560085"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1760 руб.
2520 руб.
1480 руб.
2110 руб.
1620 руб.
2320 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства