kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Кешірімділік- көңіл кеңдігі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға адам мінезі туралы әңгімелей отырып, сүйіспеншілік  құндылығының мәнін ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Кешірімділік- көңіл кеңдігі»»

Хамидоллина Кымбат Нурмагамбетовна

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы

Талдыбұлақ ауылы

ЖББ Талдыбұлақ орта мектеп- балабақша кешенінің

өзін- өзі тану пәні мұғалімі




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: ЖББ Талдыбұлақ орта мектеп- балабақша кешені

Тақырып: «Кешірімділік- көңіл кеңдігі»

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімділік, жанашырлық, адамдарға риясыз қызмет ету

Мұғалiм: Хамидоллина Қымбат нурмагамбетовна

Сынып: 8 Оқушылар саны 9

Сабақ мақсаты:Оқушыларға адам мінезі туралы әңгімелей отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларды әрдайым кешірімді болуға үйрету;

- жанашырлыққа тәрбиелеу;

- адамдарға риясыз қызмет ету қасиеттерін дамыту.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5Т. 5жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Тыныштық сәті. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру №9 сабақ “Кешірімнің күші” А.Бейсенбай.

  • Сұрақтар

-Кешіре білу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

-Бізді қоршаған адамдарға жақсылық жасап, жанашырлықпен қарасақ өміріміз қуанышқа тола ма?

-Адамдарға риясыз қызмет ету дегенді қалай түсінесің?

Сабақ барысын талқылау:



  • Дәйек сөз.

Кешіре білген адам- күшті адам

А.Йүгінеки

Ахмет Йүгінеки (Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки) – ХІІ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген аса көрнекті түрік ғұлама- ақыны.

(Оқып шығып, дәптерлеріңе жазып алыңдар)

Сұрақтар:

  • - Кешіре білген адамды неге күшті адам дейміз?

  • - Адам бойында кешірімділік, жанашырлық, шынайылық қасиеттері мәңгілік ұяласа не болады?

-Үйлесімді әрекетті атаңыз.


Мұғалім сыйы. Әңгiмелеу

Ауылдың қариясына бір жас келін келіп: “Енем өте жаман адам, маған күн көрсетпейді. Оған ештеңе ұнамайды. Не істесем де жақпаймын. Болды, онымен тұра алмаймын. Маған енемнен құтылуға көмектесіңізші. Еңбегіңізге не сұрасаңыз да беремін” – деп жылап- еңірепті. Қарт адам оны үнсіз тыңдап отырып, бір уақытта оның қолына шөптен жасалған дәріні ұстатып:”Жарайды, көмектесейін. Мына дәріні енеңе тамаққа қосып, екі ай ішкіз. Сонда екі айдан кейін енеңнен құтыласың. Бірақ бір нәрсені біліп қой. Дәріні бергенде енеңнің көңілін аулап, оған әңгіме айтып, жақсылық жасап,тамағын дәмді етіп пісіріп, енеңе сүйіспеншілікпен қарайсың. Себебі ол одан құтылғысы келіп жүргенін білмеуі керек” – дейді. Жас келін қуанып, үйіне келгеннен кейін , әлгі дәріні енесінің тамағына салып беріп жүреді. Енесіне күнде әңгіме айтып, асты- үстіне түсіп, барлық жақсы ниетімен қарай бастайды. Сол уақыттан бастап келінінің өзгергенін көріп, енесі де келінін жақсы екенін байқап, оған жақсы қарай бастайды. Енесінің өткен өмірі туралы әңгімелерін естіп, келіні оның өте жақсы адам екенін біледі. Бір күрі келіні әлгі ауылдың қариясына қайтадан жылап- еңіреп келіпті. “Менің енем ең жақсы адам екен. Мен оны жақында білдім. Сондықтан өткенде берген дәрінің кұшін жоятын қарсы дәрі беріңізші. Мен енемнің өлгенін қаламаймын”- дейді. Сонда әлгі көпті көрген қария жымиып: “Қарағым, менің бергенім дәрі емес, әшейін шөп еді. Сен жақсылық жасау арқылы өзіңнің ішіңдегі жатқан жамандықты өлтірдің. У менің дәрімде емес сенің ішіңде болатын. Енді ол у жойылды. Осылай жақсылық жасасаң, әрқашан кешірімді болсаң, жанашырлық сезімің мол болса онда сүйіспеншілікке бөленесің. ” деген екен.

-Ауылдың қариясы келінге қандай ақыл- кеңес берді?

-Жақсылық жасау арқылы адам неге үйренеді?

-Адамның жан дүниесінде риясыз сүйіспеншілік сезімі қай уақытта орнайды?























Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Сахналау

  • Сыныпты екі топқа бөліп, тапсырмалар беру.

  • Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары, бірақ екеуі ренжісіп қалды

да, бір – бірімен сөйлеспей, өкпелеп жүр. Екеуі бір – бірінен кешірім сұрар түрі жоқ. Нұрбол үлкенмін деп кішірейгісі келмейді, ал Арман ағам мені ылғи қорғау керек деп ол да шалқаюда. Ертең аналары автобуспен ауылдан келу керек. Қалай қарсылар екен?

Тапсырма :

  • 1- топ: Оқиғаның нәтижесі қандай болады деп ойлайсыңдар?

  • 2-топ: Сахналап көріңдер.


  • Үй тапсырмасы. № 12 сабақ

  • “Екі дос ” аңыз әңгімені оқып келу.


Топпен ән айту.

  • Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек”

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Тамара Асардың орындауында

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек,

Бұған ұйқасты өлең, сөз керек, өзіне орайлы.

Денең жан нұрлы болса, жөнделмек.

Өлең, әнге өлшеп айтса, өңделмек, сөзіне қолайлы.

Ән- өлшеуіш,

Өлең –күміс,

Қоспаңыз мыс аралас.

Артық алу,

Не кем салу,

Қапы қалу жарамас.

Қайран, қайғысыз, қамсыз күндерім,

Сайран, сауықты, рахат күндерім!

Сендерден не пайда?

Асқан ғасырдан асып жасымыз

Қашқан кәріліктен ғаріп басымыз,

Барасың қай ғайда?

Ән- өлшеуіш,

Өлең –күміс,

Қоспаңыз мыс аралас.

Артық алу,

Не кем салу,

Қапы қалу жарамас.



Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (1 мин)

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Кешірімділік- көңіл кеңдігі»

Автор: Хамидоллина Кымбат Нурмагамбетовна

Дата: 17.02.2017

Номер свидетельства: 392909

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Кешірімділік - көңіл кеңдігі"
    ["seo_title"] => string(32) "kieshirimdilik_kon_il_kien_dighi"
    ["file_id"] => string(6) "355201"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478239493"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Кешірімділік-к??іл ке?дігі "
    ["seo_title"] => string(32) "kieshirimdilik-kon-il-kien-dighi"
    ["file_id"] => string(6) "247310"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446543756"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Кешірімділік  - к??іл ке?дігі"
    ["seo_title"] => string(28) "kieshirimdilikkonilkiendighi"
    ["file_id"] => string(6) "271505"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451556564"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) ""Кешірімділік –көңіл кеңдігі" сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(47) "kieshirimdilik_kon_il_kien_dighi_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "437914"
    ["category_seo"] => string(14) "estestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510218727"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Кешірімділік к??іл ке?дігі"
    ["seo_title"] => string(34) "kieshirimdilik-kon-il-kien-dighi-1"
    ["file_id"] => string(6) "284993"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454073282"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства