kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кешірімділік к??іл ке?дігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зін-?зі тану п?ні бойынша кешірімділік к??іл ке?дігі та?ырыбында?ы 8 сынып?а арнал?ан саба? жоспары. рррррррррррррррррррррррррпппппппппппппппппппппппппппппппкккккккккккккккккккккккккккккыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыырррррррррррррррррррррррррррррррррррееееееееееееееееееееееуууууууууууууууууууууууууууффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффннннннннннннннннннннннннннннннннннннннн

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кешірімділік к??іл ке?дігі»

«Өзін өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Шолақсор орта мектебі

Мерзімі:

Мұғалім: Кабжанова Гульмира Каирбековна

Сынып: 8 қазақ

Оқушылар саны:8

Тақырып: Кешірімділік көңіл кендігі

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер:түсіністік, әдепті болу, мейірімділік.

Мақсаты:Кешірімділік адам бойындағы жақсы қасиет екендігін түсіндіріп, дұрыс әрекет ете білуге үйрету.

Міндеттері:

  • Кешірімділік туралы түсінік бере отырып,бір-біріне түсіністікпен қарауға үйрету.

  • Айналадағы адамдарға кешіріммен қарап, әдептілікті дамыту.

  • Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Құрал- жабдықтарды түгендеу.

Тыныштық сәті. «Море» әуені қойылады да, әуен ырғағымен баяу «Су асты патшалығына ойша саяхат» тыныштық сәті айтылады.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

 Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен кележатқаныңыздыелестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Олсіздітеңізтүбінеалып кету үшінкелді Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлапоныңарқасынаотырыңыз, мықтапұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткенқызықтыәріғажапәлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткентұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштықсізге самалдайәсербереді. Енді дельфин керіқарайжолғашықты. Сіз су бетінешықтыңыз, жағағажақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.



Үй тапсырмасын тексеру.

А. Бейсебайдың «Кешірім күші» атты мәтінін сұрақ-жауап арқылы тексеру.

  • Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?

  • Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

  • «Кешіру – өзгені түсінуге тырысу» деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?


Дәйексөз.

Кешіре білген адам - күшті адам.

А. Үйгінеки

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы дәйексөздің мағынасын ашу. Бірнеше рет қайталап, дәптерге көшіріп жазу.

  • Кешіру әр адамның қолынан келе ме?

  • Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  • Адамдарды кешіре білу дұрыс әрекетке жата ма?

  • Дұрыс әрекет дегеніміз не?





Ескерту

Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат)

Жақсылық пен жамандық

     Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
- Жақсылық, сен мені артыңа міңгестірекетші, - депті.
Жақсылық:
- Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Содан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізгекезек мініп жетейік. Екеуіміз міңгессек атқа қиын соғар, - депті.
Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті.
     Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешеке жақын бір күркеге келеді. Ішіне кірсе, жан жоқ. Бірақ ортада бір үлкен қазан асулы тұр екен. «Айдалада қайнап тұрған не қылған тамақ? Дәм татайын», - деп, бір саусағының ұшын батырып, дәм татады да, күрке төбесіне шығып жатады.
Бір уақытта қасқыр, түлкі, арыстан - үшеуі келіп, күркеге кіріпті. Түлкі тамақты көре сала:
- Ойбай, мына тамақтан біреу жепті! - деп, байбалам салады.
Қасқыр мен арыстан екеуі:
- Кім жеуші еді? Адам келетін жер ме, бұл жер? - деп, кейіген соң, түлкі сөзді доғарып, үшеуі отырып тамақ ішіп, әңгімеге кіріседі.
Арыстан, қасқыр, түлкі - үшеуі көрген-білгендерін айтысады. Арыстан мен қасқыр түлкіге:
- Түлкі, сен не көрдің, не естіп, не білдің? - дейді.
Сонда түлкі тұрып:
- Мен бір жерден бір алтын көрдім. Пәлен деген байдың қыстауының қасындағы жаман қыстаудың ортасында, бір сүйем жердің астында жатқан бір құмыра алтынды күнде қарауылдап, қарап келемін, - дейді.
Сонда қасқыр тұрып:
- Мен күнде пәлен деген байдың қойының арасында үлкен ала тоқтыны қарауылдап келемін. Себебі: ол байдың ауырып жатқан бойжеткен қызы бар, қандай ем қылса да жазылмайды және оның емін ешкім білмейді. Бірақ мен білемін: ол қызды жазатын ала тоқты. Ала тоқтыны сойып, өкпесін жегізсе, жазылады. Тағы да ол бай жар салған: «Кімде-кім осы қызымды емдеп жаз са, соған осы қызымды беремін», - деп. Бірақ оның емін әлі ешкім тауып айтқан жоқ, тауып айа алмайды да, - дейді.
Кезек келген соң, арыстан тұрып:
- Мен де түнде барып, түген байдың жылқысының біреуін жеп келіп жүрмін. Ол бай мені еш уақытта ұстай алмайды және маған оның ешбір жылқысы қуып жете алмайды. Жететін бір-ақ тайы бар. Олтай пәлен тоғайдағы жылқының ішінде. Сол тайдан басқасынан мен құтылып кетемін. Және ол байдың жар салғаны бар: «Кімде-кім менің жылқымды жеп жүрген арыстанды ұстап берсе, соған бір үйір жылқымды беремін», - деп. Олар әңгімелерін аяқтап, ұйықтап қалады да, азаңнан тұрып, бет-бетіне кетеді.
     Жақсылық олардың барлық әңгімелерін естіп алып, адам емдеуші боп, байдікіне келеді. Бай оның түріне қарап: «Осы емші шығар», - деп ойлап:
- Жоғары шық! - дейді.
Жақсылық отырган соң, бай:
- Қызыма бал ашып бер! - дейді.
Жақсылық: «Мақұл», - дейді де, қызды қарап:
- Баланы емдетпей, босқа қинапсыңдар гой! Әкел анау үлкен ала тоқтыны. Мұның ауруы соның өкпесінде, - дейді.
     Бай дереу, қойшыларды жіберіп, тоқтыны алдыртады. Жақсылық қызға тоқтының өкпесін жегізіп, емдейді. Жазылған соң, қызды өзі алады.
Бұдан кейін Жақсылық бағанағы жаман қыстауға келеді. Қораның ортасын бір сүйемдей қазса, бір құмыра алтын шығады. Оны алып, арыстанның айтқан жеріне барады. Барса, бай бір арыстанды ұстай алмай жүр екен. Мұны білген соң Жақсылық байға:
- Мен сол арыстанды ұстап берсем, сен маған не бересің? - дейді.
Бай:
- Егер ұстап берсең, саған бір үйір жылқы беремін, - дейді.
Жақсылық: «Жарар», - деп, тоғайдағы жылқылардың ішінен ала тайды ұстап алып, арыстанды күтіп тұрады. Арыстан келіп, жылқыны алып қаша бергенде, Жақсылық әлгі ала таймен қуып жетіп, арыстанды ұрып жығып, байдың бір үйір жылқысын алып, келген жолына түседі.
     Неше ай, неше жылдар өткенде, бір күні бұған Жамандық келіпті. Жақсылық Жамандыққа қараса, үсті-басында түк жоқ, қайыршы, дуана секілді екен. Ол Жақсылықты көріп:
- Жақсылықжан! Мен саған жамандық қыламын деп, мүндай күйге ұшырадым. Енді сен мені адам қыл. Сен бұл мал-мүліктерді қай жақтан таптың? - дейді.
Сонда Жақсылық:
- Не де болса, адамзатсың ғой! Сен жамандық істегенмен, мен саған жақсылық істейін, - деп, өзінің бастан кешкен оқиғасын айтыпты. Сонан соң тұрып:
- Пәлен төбеде бір үй бар. Сен қазір соған жет. Оның ішінде асулы бір қазан ет бар. Бірақ оның ішіндегі еттен тек бір саусағыңды батырып, дәмін көр де үйдің төбесіне шығып жат. Сонда түлкі, қасқыр, арыстан келеді. Сен олардың әңгімесін тыңдай бер. Олар кеткеннен кейін естіген сөздеріңді істесең, сен осындай боласың, - дейді.
Жамандық: «Жарайды,» - дейді де, баяғы күркеге барып кіреді. Жақсылық айтқандай, қазан толы ет асулы тұр екен, қызығып кетіп, шыдай алмай: «Мына бір жілігін жейінші» - деп, еттен жеп, сорпасынан да, бес-алты рет ұрттап алыпты. Сөйтіпті де, үйдің төбесіне шығып жатыпты. Бір уақытта түлкі, арыстан, қасқыр - үшеуі күркеге кіреді. Түлкі тамақты көре сала:
- Ойбай, мына еттің тоқпақ жілігі жоқ, омыртқасы жоқ, сорпасы жоқ, біреу жепті! - дейді.
Оған арыстан мен қасқыр:
- Кім жеуші еді? Бұл жерге адам келуші мееді? - деп, көнбейді.
- Жоқ! Бір бәле бар! Мен түс көрейінші, - деп, түлікі жата қалыпты да, аздан соң қайта тұрып: - Осы күрке үстіне шығайықшы, сонда бір пәле бар секілді, - депті.
     Бұл сөзін қасқыр мен арыстан да мақұл көріп, түлікі төбеге шықса, Жамандық жатыр екен. Үшеуі Жамандықты бас салып жеп қойыпты. Сөйтіп, Жақсылық жақсылығынан өмір сүріп, мұрат-мақсатына жетіпті. Жамандық жамандығынан ит-құсқа жем болыпты.

  • Бұл әңгімеден қандай ойға келдік?

  • Жамандықтың жасаған ісі дұрыс әрекетке жата ма?

  • Дұрыс әрекет дегеніміз не?

  • Жамандықтың өмірде алатын орны қандай?

  • Дұрыс әрекет етпесек адамдарға зиянымызды тигізуіміз мүмкін бе?



Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Сынып оқушылары бір жағы ақ түсті екінші жағы түрлі-түсті жетондар тарату арқылы екі топқа бөлінеді.

  1. Топ. Жағдаятты оқыңдар. Төмендегі сұрақтар бойынша талқылау жүргізіп, сахналап көрсетіңдер.

Балалардың орнына өздеріңді қойып көріңдер.

Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді. Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды. Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманды кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсетуі керектігі есіне түскенде, бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс деп, кішірейетін емес. Бүгін анасы ауылдан телефон шалды. Телефон тұтқасын көтерген Арман ағасына ертең анасын вокзалдан күтіп алуы керектігін қалай айтарын білмей тұрып қалды.

Оқиғаның нәтижесі қандай болады деп ойлайсыңдар?

  1. Топ. «Кешіре білген адам – жақсы адам» тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңдар.


Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсынақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсынақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсынақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


Үй тапсырмасы.

Мұқағали Мақатаевтің «Күндестік құрысын» өлеңінен берілген үзіндіні оқып келу. (бет 48)


Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.

Оқушылар денемізді тік ұстаймыз, аяғымызды айқастырмаймыз, қолымызды партаның үстіне немесе тіземізге қойямыз және көзімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақта естіген барлық дұрыс әрекеттерді бойымызға жинақтаймыз, әрқашанда дұрыс әрекет етіп, кешіріммен қарауға үйренейік.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.

тіземізге қойямыз және көзімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақта естіген барлық дұрыс әрекеттерді бойымызға жинақтаймыз, әрқашанда дұрыс әрекет етіп, кешіріммен қарауға үйренейік.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Кешірімділік к??іл ке?дігі

Автор: Кабжанова Гульмира Каирбековна

Дата: 29.01.2016

Номер свидетельства: 284993

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "«Ер есімі ел есінде»    С. Торай?ыровты? шы?армашылы?ына арнал?ан   поэзия кеші"
    ["seo_title"] => string(85) "ier-iesimi-iel-iesindie-s-toraig-yrovtyn-shyg-armashylyg-yna-arnalg-an-poeziia-kieshi"
    ["file_id"] => string(6) "274618"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452427495"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "«Ер есімі ел есінде»    С. Торай?ыровты? шы?армашылы?ына арнал?ан   поэзия кеші"
    ["seo_title"] => string(87) "ier-iesimi-iel-iesindie-s-toraig-yrovtyn-shyg-armashylyg-yna-arnalg-an-poeziia-kieshi-1"
    ["file_id"] => string(6) "274619"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452427502"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Жамбыл Жабаевты? 170 жылды?ына арнал?ан " Б?рі есімде" ?деби кеші"
    ["seo_title"] => string(61) "zhambylzhabaievtyn170zhyldygynaarnalganbriiesimdiediebikieshi"
    ["file_id"] => string(6) "299395"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456506289"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Дін-тәрбие бастауы"
    ["seo_title"] => string(19) "din_t_rbiie_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "351667"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1477249704"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(151) "Дамушы елдерді? проблемалары, б?рын?ы отарларды? ?ауіпсіздігі, азы?-т?лік проблемасы"
    ["seo_title"] => string(80) "damushyieldierdinprobliemalaryburyngyotarlardynkauipsizdighiazyktulikprobliemasy"
    ["file_id"] => string(6) "278753"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453129738"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства