3. Тәрбиелік : Оқу құралдарын күтіп, таза ұстауға, алған білімдерін өмірде қолдануға бағыттап, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Көрнекілігі: Кестелер, суреттер, оқулықтар.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, бейнелеу
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Сөздік жұмысы. Оқушылар жаңа сөздерді қайталайды
Оқу құралдары – учебные принадлежности
Оқулық– учебник
Қарындаш – карандаш
Сумка - сөмке
Сурет дәптері – альбом для рисования
Сызғыш – линейка
Күнделік – дневник
Қалам – ручка
Өшіргіш– ластик
Дәптер– тетрадь
1-тапсырма. Суретке қарап біліп ал .
3-тапсырма. Мәтінді оқы, жоғалған әріптерді жаз.
Мен екінші сыныпта оқимын. Менің оқу құралдарым бар. Олар: к...тап, д...птер, ...аламдар, т...рлі т...сті ...арындаштар, фл...мастер, ...шіргіш, сыз...ыш, к...нделік бар. Менің оқу құралдарым әдемі, таза және бәрі жаңа.