Сабақтың ортасы 2 минут 8 минут 5 минут 3 минут 5 минут | Оқу мақсатымен танысу, бағалау критерийлерін талқылау 1.Мәтінді тұтас оқып, содан соң қырандар диалогін рөлге бөліп оқыңдар. Тапсырмаларды орындаңдар. 1.Мәтін қандай стильде жазылған? 2. Бірінші азатжолынан әдеби көркем сөз тіркестерін анықтаңдар. 3. Мәтінге басқаша қандай тақырып таңдар едіңдер? 4. Осы мәтінге қандай мақал сәйкес келеді? Қыранның балапаны … Тау самалы желпіген, күннің тұнық сәулесі сылаған балапан бірте-бірте есейді. Денесі де іріленіп, ширай бастады. Сирағы ұзарып, еңсесін көтерді. Түймедей дөңгелек жанарының да ұшқыны молайды. Шақша басын көкке қадалта созып, ұмсынып қояды. Енді алдына тасталған жемді өзі жұлып жейді. Әлсін-әлсін қанатын кергілей қаққылап, дүр-дүр сілкінеді. «Жіті қимылда, ширайсың!»- деп жебейді енесі. Балапан ұшуға талпынғанымен, шыңырау құзға көзі түскенде, сескене тежеле қалады. Түу, мына құздың тереңін-ай! Сен төмендегі құзға емес, көкке қарай ұшуға тиіссің! – дейді енесі қайрап. Құлап кетпеймін бе? Қанатың бар емес пе? Қанат ұшуға керек. Денеңді ширақ ұста! Сонда да қорқамын… Сескенсең, сергектігіңнен айырыласың, батыл бол! Қалай, қайтіп?.. Қанатыңды кең керіп, құлашыңды жайып жіберсең, жел көтеріп әкетеді. Таудың желі жебеушің. Қауырсыны қатайып, темір қанаттанған балапанын қыран күн сайын осылайша баптады. Бір күні ұя қырының кенересінде қаздиып тұрған балапанды енесі қанатымен қағып жіберді. Балапан сасқалақтай далбалақтап, құзға құлап бара жатты. Әлден уақытта қалықтаған қыран таяп келіп, балапанның астыңғы жағынан бір қанатымен демеп өтті. Сол-ақ екен балапан есін жиып, жоғары ұмтылды, жартастағы ұясына жетті. Ентіге дем алады. Кеудесін қуаныш сезімі кернеді. Сол күннен бастап балапан ұядан шығып, аспанда қалықтап жүре бастады. Енесіне ілесіп, шырқау көкті шарлады. Денесі де жеңілденді. Төмен шүйіліп, жемтік те іліп жүрді. Енесі еркін қимылға ерік берді. Бір күні аспанды қою қара бұлт қаптады да, қалың жауын сорғалады. Сол-ақ екен, күн де салқын тарта бастады. Ұяның ернеуінде бұйығып отырған балапан: Мұндай күнде ұшу да қиын шығар? – деп еді, енесі еңсесін көтеріп, көкке қадала қарады. Содан кейін балапанына мойын бұрды. Сен жалғызсың, бірақ қыран тұқымсың. Жалғыздың жары – Тәңір. Жасқанба. Жұмыртқадағы кезіңде аязға ұрындырмай, бауырыма бастым. Жарық дүниеге көз жарған соң, қайсар болсын деп, қасқырдың күшігімен ауыздандырдым. Денең шираған соң, талпындың. Талабыңды демеп, қанаттандырдым. Енді қалай ұшсаң да өз еркің. Алдағы күнде қасқыр аласың ба, тышқан аласың ба, оны өзің білесің. Бәрі шама-шарқыңа байланысты. Менің тілегім: жасқаншақ болма, қайсар бол! Айырылысар шаққа келдік. Бұдан былай өзіңнің күніңді өзің көр!.. Қырандар жазмышы солай!.. Ене қыран дүр-дүр сілкініп алды да, көкке самғады. Балапан айналасына жалтақтай, елеңдей қарап, біраз отырды. Кеудесінде намыс оты тұтанды. Қалт серпіліп, керегедей қанатын жиып жіберді де, құлшына ұмтылып, қалықтай жөнелді. Кеудесіне суық жел соқтығып еді, жүрегі жалындап, ширыға түсті. Шыр айнала үйіріліп, аспанның төріне шықты. Бағытын таңдағандай қалқып жүр. Дескриптор: Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Мәтіннің алғашқы азатжолынан көркем сөз тіркестерін анықтайды. 2-тапсырма. Оқылым мәтініндегі қою қаріппен берілген сөздерді басқа мағыналас сөздермен алмастырып, осы азатжолды көшіріп жазыңдар. 3-тапсырма. Қыран құс пен балапанын сипаттап, дара, күрделі, үйірлі анықтауышқа мысал келтіріңдер. Қай сөз табынан жасалғанын табыңдар. | Оқулық, Оқулық, рөлдік парақтар Оқулық оқулық |