kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қос сөздер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары

Күні: 27.04.2017ж

Сыныбы: 5 ә

Сабақтың тақырыбы: Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қосарлану жолымен жасалған туынды сөздердің жасалу жолын оқушыларға игерту, тапсырмалар беру арқылы меңгерту.

Тәрбиелік: оқушыларды сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге,табиғат әсемдігін сезінуге, қазақтың салт – дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, ауызша да,жазбаша да еркін, шешен көркем сөйлеуге үйрету, ойлау қабілеттілігін арттыра отырып, шапшаңдыққа дағдыландыру. қорыту жұмысын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: СТО жобасы бойынша түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

                                              Сабақтың барысы.

І. Психологиялық дайындық: Оқушылармен амандасу, түгендеу.  Назарларын сабаққа аудару.Сынып оқушыларын 1,2,3 сандар арқылы үш топқа бөлінді.

Үй тапсырмасын тексеру: Сөзжасам тарауын пысықтау.Білім шыңы деп аталатын 5 саты бойынша өрбіту:1.Кім тапқыр.2.Шығармашылық саты.3.Талдау-табыс кілті.4.Бізге беймәлім сөздер.5.Жүйелі танысайық.6.Бастапқы кезең.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

«Менің елім Қазақстан» тақырыбына тапсырмалар орындату. Тақтаға Қазақстан елінің картасын ілемін. Еліміздегі облыс аттары жазылған қағазды алдын ала дайындап қоямын, облыс аттарының аты жазылған қағаздың артындағы сұрақтарға жауап бере отырып, оларды картадағы орнына қадау керек.Содан соң неше облыс бар екен деп пікірлесу.

Дауысты дыбыс түрлерін ата.

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Біріккен сөз дегеніміз не? Мысалдар келтір.

Сөзжасам дегеніміз не?

Жаңа сөздердің жасалу жолдарын ата.

Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерге мысал келтір.

Екпін дегеніміз не?

Екпін түрлерін ата.

Тасымал дегенміз не?

Жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сөздерге мысал келтір.

Дыбыс екпіні дегеніміз не?

Буын түрлерін ата.

Бірігу арқылы жасалған адам аттарын ата.

Бірігу арқылы жасалған аң, құс аттарын ата.

Жаңа сабақтың алдында суреттер көрсетемін,әңгімелеп айтып сабақтың тақырыбын  шығарады да содан кейін сабақ бастаймыз.

Жаңа сабақ: ІІІ. Мағынаны тану

Тақтаға жазулы тұрған өлеңді бір оқушыға оқыту.

Арасында құлын – тай

Айнала шауып бұлтылдап

Жоғары төмен үйрек – қаз

Ұшып тұрса сымпылдап,

Қыз – келіншек үй тігер

Бұрала басып былқылдап.

Осы өлеңде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық.

Құлын – тай, үйрек – қаз, қыз – келіншек.

Бұл сөздер қалай жасалып тұр?

Неше түбірден қосарланған?

Екі түбірлердің қосарланып, бір лексикалық мағына береді. Мұндай сөздерді қос сөздер деп атайды. Енді қосарлама қос сөздер қалай жасалады? Оны білу үшін бәріміз тақтаға қараймыз.

Елу түйесі, екі жүздей қой – ешкілері тағы бар.

Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет.

Қой – ешкілер. Екі түбірі де бір – біріне мағыналас сөз.

Олай болса, қосарлама қос сөздер мағыналары бір – біріне жақын ( синоним) сөздер я мағыналары қарама – қарсы ( антоним ) сөздер қосарланады. Мысалы: қысы – жазы, жата – жастана.

Ол үйдің бала – шағасына дейін тыным таппайды.

Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.

Мысалы: көйлек – көншек, жата – жастана.

Сандалып келе жатты ақсақ киік

Бір тоқтап, анда – санда есін жиып

Ақ бөкен сахараның ботагөзі

Атты екен қандай мерген көзін қиып.

Екі сыңары да мағынасыз сөдер қосарланады. Мысалы; анда – санда, оқта – текте, ығы – жығы, некен – саяқ.

Оқулықпен жұмыс.

382 – жаттығу. «Сыңарын тап» ойыны ( тақтамен жұмыс )

Дәрі – дәрмек Киім – көншек Құрбы – құрдас

Мал – жан Ойын – сауық Зорлық – зомбылық

Жора – жолдас Ине – жіп Ата – ана

383 – жаттығу.Жұптық жұмыс

Қос сөздердің қайсысында жаңа лексикалық мағына бар екенін, қайсысында ондай мағына жоқ екенін анықта.

Аздан – көпті, қызыл – жасыл, құрт – құмырсқа, көре – көре, оқтын – оқтын, сөйлей – сөйлей, дүркін – дүркін, кәрі – жас, зәбір – жапа, азық – түлік, қазы – қарта, жетім – жесір, ауыл – аймақ, абысын – ажын, қайта – қайта, қора – қора.

Топтық тапсырма.

384-жаттығу. Қазақ даласы

Мәтінді оқып,жазушының еліне,жеріне деген сағынышын,көңіл күйін білдіретін сөздерді тауып жазып,талдау жасау.

1.топ «Өйткені оның түр-келбеті бетін күн мен жел сүйген қарт әженің жарқын жүзін елестетеді» деген автор қолданысын қалай түсінесіңдер?

2.топ « Менің далам » тақырыбында көршіңмен сұхбат құрыңдар.

3. топ « менің туған жерім » тақырыбында шағын ойтолғау жазу.

«Жасырынған мақал» ойыны.

Ойын шарты бойынша әр сөзден жаңа сөз жасап тұратын әріптерді табу. Сол әріптерді жалғастырып жазғанда жасырынған мақал шығады.

Ас – бас Ала - бала Шақ – ұшақ Бал – бала Шам – шама

Қар – қара Ар – ара Әулет – сәулет Ау – тау Жуа – жуан

Мүше – мүшел Ән – сән Аяқ – таяқ Қал – қала Қыл – ақыл

Мал – амал Ал – ала Өкпе – сөкпе

Ақы – ақын Ат – зат Ақ – ақы

Қылық – ықылық Қаз – қазы

Сара – сараң

Жасырынған мақалымыздың аты «Баланың бас ұстазы – ата - анасы» деп аталады.

Сергіту сәті:көңілді би

Шығармашылық тапсырма.

Берілген тірек сөздерді пайдаланып «Күнделікті өмірден байқағаным» деген тақырыпта шығарма жазу.

Ауыл - аймақ, үлкен – кіші, аралас – құралас, бірімен – бірі, үйді – үйге, ағайын – туған, ата – ана, сый – құрмет, сәлем – сауқат, дәстүр – салт, халық, жарасымды, тату – тәтті, қарым – қатынас, көрші – көлем, әдет – ғұрып.

Қорытынды: ІV. Ой толғаныс.

1 Қосарлама қос сөз дегеніміз не? Мысал келтір

2. Қос сөздер қалай жасалады?

V. Үйге тапсырма.

384 – жаттығуды орындап келу және ережені жаттау.

VІ. Бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қос сөздер»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қос сөздер

Автор: Бақытова Қалжан Ғиммеденқызы

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 414961

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "?аза? тілі п?нінен ашы? саба?  "?осарлама ?ос с?здер" 6-класс"
    ["seo_title"] => string(64) "k-azak-tili-p-ninien-ashyk-sabak-k-osarlama-k-os-sozdier-6-klass"
    ["file_id"] => string(6) "277386"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452879857"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?айталама ?ос с?здер "
    ["seo_title"] => string(23) "k-aitalama-k-os-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "171515"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423675435"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Тақырыбы: "Қос сөздер""
    ["seo_title"] => string(22) "tak_yryby_k_os_sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "395635"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488050539"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Қосарлама қос сөздер"
    ["seo_title"] => string(23) "k_osarlama_k_os_sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "382113"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485014996"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "?ос с?здер. ?айталама ?ос с?здер "
    ["seo_title"] => string(36) "k-os-sozdier-k-aitalama-k-os-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "196060"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427993732"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства