|   Тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі   |    Мектеп: М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектеп   |  
  |   Күні: 26.04.2018ж   |    Мұғалімнің аты- жөні:   |  
  |   Сыныбы:7   |    Қатысқандар: 21 Қатыспағандар:   |  
  |   Оқу мақсаты:   |    7.Т/Ж1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.  7А/И3. Көркем шығарманың тілі. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация,ассонанс, риторикалық сұрау) қолданысын талдау.   |  
  |   Сабақ мақсаттары:   |    Барлық оқушылар: Көркем шығарманың мазмұнын түсінеді;  Оқушылардың көпшілігі: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды;     Кейбір оқушылар: Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін өмірмен байланыстыра талдайды;         |  
  |   Күтілетін нәтиже   |    Ата-ананы құрметтеуді , олардың алдындағы парызын ұмытпауды және әрдайым сыйлап жүруді ұғындыру.   |  
  |       Тілдік мақсат   |    Сөздікпен жұмыс:  Алагеуім- таң жарығы әлсіз, күңгірт шақ, елең-алаң мезгіл.    Шақша-сиыр, серке, тауешкілердің мүйізінен жасалған құты.  Сағақ – жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы.    Сөре – үстіне құрт, ірімшік жаятын төрт аяқты биік қондырғы.    Түндік – киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін төрт бұрышты шағын киіз.  Талқылау сұрақтары:   -Қонақ деп кімдерді айтамыз?    -Қонақтың қандай түрі болады?    - «Қонақ» сөзінің синонимін білесіңдер ме?       |  
  |   Құндылық   |    Құрмет пен ашықтық   |  
  |   Алдыңғы тақырып   |    Тәуелсіздік   |  
  |    Сабақ барысы   |  
  |   Уақыт   |    Блум таксономиясы   |    Мұғалімнің әрекеті   |    Оқушының әрекеті   |    Бағалау   |    Ресурстары   |  
  |    Қызығушылық ояту   |  
  |        |    Ұйымдастыру кезеңі   |    1.Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;    2.Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру;  3.Топқа бөлу;    4.Бағалау парақшасымен таныстыру;              5. Болжау    6.Талқылау сұрақтары:    -Қонақ деп кімдерді айтамыз?    -Қонақтың қандай түрі болады?    - «Қонақ» сөзінің синонимін білесіңдер ме?       |     амандасады және кезекші оқушы оқушылардың сабаққа қатысы туралы хабарлайды. Оқушылар өздерінің көңіл күй ахуалдарын білдіреді. Топқа бөлінеді.  Бағалау парағымен танысады.      Жаңа сабақтың тақырыбына болжам жасайды.   |    Мұғалімнің қолдауы   |    Слайдтар, суреттер, бағалау парақшасы           |  
  |        |    Білу   |    1.Төлен Әбдіковтің өмір жолы мен шығармашылығы.  2.Топтық жұмыс.    «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы «Қонақтар» әңгімесін бөлімдерге бөліп, оқуға ұсыну  3. Сөздікпен жұмыс   |       Оқушылар оқиды, ойланады және жұбымен өз ойын бөліседі.   |         |    Жазушы портреті, слайд  Б.Керімбекова, Ә.Қуанышбаева Қазақ әдебиеті, Қазақ әдебиеті хрестоматия 7-сынып   |  
  |    Мағынаны тану   |  
  |        |    Түсіну   |     «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» ( әдісімен оқушылар жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендерін және түсінгендерін білу)   |    Оқушылар сұрақтарға жауап береді, бірін- бірі толықтырады және түзетеді.      |   Бағалау критерийі   |    Дескрипторлар   |     |   Шығарма мазмұнын түсінеді   |    1.Шығарманы оқып мазмұнымен танысады;    2. Сұрақтарға жауап беру арқылы түсінгенін білдіреді.   |           |    Бас бармақ            |         |  
  |        |    Қолдану   |    Жеке жұмыс:  «Фишбоун» (Балық қаңқасы) әдісі арқылы мысалдарға сай келетін көркемдегіш құралдардың өз орнын тауып жаз.   |            |   Бағалау критерийі   |    Дескрипторы   |     |   Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды.  Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.   |    көркемдегіш құралдарды анықтайды;    шығармадағы қолданысына талдау жасайды.   |           |    КБ   |    Сызбаны толықтырады   |  
  |        |    Талдау   |    1. Қарттың: «Таяқты ешкімге бермеймін, баламдікі» деуінің себебі?      2. «Әке жолын қуса, менің жолымды қусын! Ие болсын мныа қу шаңыраққа!» деп Ерғабыл қарт нені меңзейді? «Шаңыраққа ие болу» дегенді қалай түсінесіңдер?       3.Ата-ананы ренжітпеудің жолдары қандай?      4.Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі- қариялар үйі туралы не ойлайсыңдар?        |            |   Бағалау критерийі   |    Дескриптор   |     |   Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.   |    -шығарма сюжеті бойынша басты мәселелерді анықтайды;    -үзінділерді талдай отырып, өз көзқарасын білдіреді.   |           |        Қол шапалақтау      |             |  
  |        |    Сергіту сәті Майлықожаның термесі «Ата-ананың қадірі»   |         |  
  |    Ой толғаныс   |  
  |        |    Жинақтау   |       «Ата-ананың қадірі» ой толғау(ауызша)   |        Қолдау мақсатында алдарына қойылған мақал-мәтелдерді, өлеңдерді, белгілі адамдардың айтқан ұлағатты сөздерін және қазақ тіліндегі аударма әңгімелерді қолданады.   |    Мұғалімнің қолдауы   |    Ата-аналар туралы ұлағатты сөздер жазылған слайдтар   |  
  |        |    Бағалау   |    «Төрт сөйлем» әдісі  1.Пікір.Шығармадағы кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді.    2.Дәлел.Мәтіннен дәлел келтіре отырып, өз пікірін дәлелдейді.  3.Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып мысал келтіреді.    4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.   |            |   Бағалау критерийі   |    Дескриптор   |     |   Шығарма бойынша қорытынды пікір айтады.   |    Ойын дәлелдейді;  Мысал келтіреді;    Қорытынды шығарады.   |           |    «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»   |         |  
  |        |    Кері байланыс   |    «Қызық.Қиын. Құнды»  Жапырақ бөлімдеріне Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін оқу барысында біз үшін қызық, қиын, құнды болған тұстарды жазып, ой қорытайық.   |        Жазғандарын оқиды, ой бөліседі және қорытындылайды.   |         |        Білім ағашы   |  
  |        |    Үйге тапсырма:       |    «Бір жалған, екі шындық» әдісімен үш сұрақ құрастыру.   |         |         |         |  
  |        |        Қорытынды:   |    Балалар, ата-ана алдындағы парызымызды ұмытпай, олардың сенімі мен үмітін ақтап, әрдайым құрметтеп жүрейік!   |         |         |        |