Табиғат тақырыбы бойынша 7 сыныптағы сабақ жоспары. Табиғат уралы түсінік беру, тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға үйренеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі "Табиғат алтын бесік" ашық сабақ»
Қазақ тілі 7«В» сыныбы. 17.03.2017жыл
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат алтын бесік»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: туған жердің табиғатына қамқорлықпен қарау, тірі және өлі табиғат туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: табиғат байлығын қорғауға, табиғаттың адам өміріндегі маңызына аса мән беруге үйрету.
Тәрбиелік: табиғаттың әсем көркіне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерні ояту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд, қима қағаз
Әдіс – тәсілдер: ойын, әңгімелеу, сұраққа жауап беру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, кезекшінің сыныпта кім жоғы туралы есеп беру, сабақты бастауға оқушыларды шақыру.
Бүгін нешесі? Қай күні? 17 наурыз, жұма күні.
Күнге қандай тілек айтар едіңдер? Табиғатқа тілек айту. Барлығы бірге - Күніміз сәтті болсын!
- Суымыз тұнық болсын! - Гүліміз жақсы өссін! - Ауамыз таза болсын!
ІІ. Үй тапсырмасы: өткен тақырыпқа шолу сұрақтарын беремін. Қазақстанның өзен, көлдері туралы білетіндерін ортаға салады. Судың адам өміріндегі маңызы туралы айтады. (Қазақстанның ең ірі көлдеріне Марқакөл, Алакөл, Балқаш жатады) осы көлдер туралы қысқаша сипаттама.
Су қандай?- деген сұраққа жауап алу.
Су түссіз, мөлдір.
Суда дәм де, иіс те болмайды.
Суда қант, тұз ериді ал топырақ, тас, құм ерімейді.
ІІІ.Жаңа сабақ. Мұғалімнің жаңа сабақ туралы түсінік беруі. Оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа аударамын, мақсатымыз не екенін түсіндіремін, оларға міндеттер қоямын. Сабақты дәйексөзбен бастаймын.
«Адамның табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
Табиғат екіге бөлінеді: тірі және өлі табиғат. Тірі табиғатқа – адам, жануар, өсімдік жатады. Бұлар өседі, өнеді.
Ал, өлі табиғатқа жер, су, жұлдыз, ай, күннің жылуы, жарығы жатады, олар өнбейді, өспейді. Жел, жаңбыр, боран, қардың еруі, судың тасуы бұлар табиғат құбылыстары
Балалар, ендеше терезеден тысқа қараңдаршы, қазір қай мезгіл деп ойлайсыңдар? (оқушылардың жауабы)
Көктем мезгілінде күн жылынады, бұтақтар бүршік жарады, жер көктейді, құстар жылы жақтан ұшып келеді, алғашқы жәндіктер пайда болады. Адамдардың еңбек ету тіршілігі басталады, жер жыртады, егін салады.
Табиғат туралы презентация көрсету.
Айтылым.Оқушылар табиғат туралы білгендерін айтады.
Оқушылардың өздерінің үйден салып келген табиғат көріністері туралы суреттерін қорғайды. (бір-екі ауыз сөзбен айтып өту)
Табиғат пен адам тығыз байланыста болып келеді. Себебі, адам табиғаттағы барлық заттарды өмірінде пайдасына жаратады. Мысалы: суын ішеміз, жемісін жейміз, ауасын жұтамыз. Суды тіршілік көзі дейді. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман. Жүгірген аң, ұшқан құс табиғатымыздың сәні.
1).Мәтінмен жұмыс. Оқылым, тыңдалым.
Табиғатты қорғаңдар!
Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай біліуміз қажет. Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде Халықаралық қорғау қоғамы құрылды. Оның басты мақсаты – саны сирек, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылады.
Тапсырмалар:
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Халықаралық қорғау қоғамы не үшін керек?
Қандай кітапты Қызыл кітап деп атайты?
Сөйлемдерді толықтырып айтыңдар.Жұппен жұмыс жасайды. - табиғатқа қамқорлық керек, өйткені (себебі).......... өз пікірлерін дәлелдеу.
2).Дәптермен жұмыс жасау. Жазылым.
а).Жақшаның ішіндегі орыс сөздерін қазақшаға аударып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.Болған соң тақтаға сөздікті ілемін, тексеремін.
(Наша) барлық өміріміз (с природой) тығыз байланысты. (В нашей) елімізде 150-ге жуық қала экологиялық (тяжелом положении). Біздің (окружающая среда) ластанған. Біз табиғатты (должны защищать). Табиғатты қорғауды (с себя ) баста.
Сергіту сәті: тақтада «Жалғастыр» ойыны ойнату. ( алдын-ала дайындалған жауаптарын таңдап қасына ілулері керек) Не істеуге болмайды? 1. Гүлді.... 2. Құстың.... 3. Жас ағашты .... Не істеу керек? 1. Табиғатты .... 2. Құстарға...... 3. Ағаштарға ...... 4. Ауаны.......
б).Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар.
Ту..ан жер таби..аты – хал..ымыздың ұлт..ық мақтан..шы. Сонды..тан оны а..лап қор..ауға үлес қосу – бізд..ң азаматты.. бор..шымыз. ІV. Білімді бекіту: Адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік. Табиғат байлықтарын қорғай білу - азаматтық борышымыз. Табиғатты сүйе білмеген туған жерін, туған елін де сүйе алмайды. Бағалау. Тақтаға ілінген плакаттағы саты бойынша сабақты қалай түсінгендіктеріне баға береді. Смайликтерді жапсыру.
Үйге тапсырма «Қазақстан табиғаты» эссе жазу Жүректен жүрекке. Қонақтарға тілек айтамыз. Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, Жер бетінің ажары ол - сәніміз. Туған өлке табиғатын аялап, Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.