kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі пәнінен "Жай сөйлем және оның түрлері" атты сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі бойынша "Жай сөйлем және оның түрлері" тақырыбында өткізілген сабақтың жоспары берілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен "Жай сөйлем және оның түрлері" атты сабақ жоспары»

Сабақ жоспары

Поурочный план

The plan of the iesson

Күні\Дата\Date: 22.02.2016

Топ\Группа\Group: У-11

Пән\Предмет\Subject: Қазақ тілі және әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы\Тема занятия\Theme: Жай сөйлемнің түрлері.

Сабақтың үлгісі\Тип занятия\Type of the lesson: практикалық

Сабақтың түрі\Вид занятия\Kind of the lesson: аралас сабақ.

Мақсаты\Цели занятия\Objectiyes:

1. білімдік\образовательная\educational- жай сөйлемнің түрлері жайлы түсінік беру, жай сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіру.

2. дамытушылық\развивающая\ developinq– студентті өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге төселдіру, шығармашылық жұмыс арқылы тілдік қорын молайту;

3. тәрбиелік\воспитательная\brinqinq-up – пәнді құрметтеуге, ой қабілетін жетілдіре түсуге және кәсіптік бағыт бағдар бере отырып, өздерінің болашақ мамандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар\оборудование\Resources: презентация, флипчарт, үлестірмелі қағаздар, стикерлер.

Сабақтың барысы\План занятия\Plan:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттерді тексеріп, назарларын сабаққа аудару. Қауіпсіздік ережесін айтып кету.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Нақты сұрақ, дәл жауап» стратегиясы бойынша өтілген теориялық материалдар тексеріледі.

1. Сөйлем дегеніміз не?(Тиянақты ойды білдіретін бір немесе бірнеше сөздердің тіркесін сөйлем дейміз)

2. Сөйлем айтылуына қарай нешеге бөлінеді, түрлерін атаңыз? (сөйлем айтылуына қарай 4-ке бөлінеді. Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты)

3. Хабарлы сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

4. Сурет бойынша сұраулы сөйлем құраңыз. (Үйге қандай тапсырма берілді?)

5. Баяндауыш негізінен қандай сөз табынан жасалады? (етістіктен)

6. Пысықтауыш дегеніміз не? (Іс әрекеттің мезгілін мекенін, себебін, мақсатын, амалын, мөлшерін білдіретін түрлаусыз мүше пысықтауыш деп аталады)

7. Берілген сөйлемнен толықтауышты табыңыз.Толықтауыштың түрін анықтағыз. Айгүл Әйгеріммен бір сыныпта оқиды. (Әйгеріммен. Кіммен?)

8. Мұғалім – мектептің жүрегі. Берілген сөйлемнен бастауышты табыңыз, жасалу жолын түсіндіріңіз. (Мұғалім – сұрағы кім? Зат есімнен жасалған дара бастауыш)

9. Мына сөздерді орын тәртібімен дұрыс орналастырып сөйлем құраңыз. /сабаққа, оқушылар, отыр, дайын./

10. Анықтауыш дегеніміз не, қандай сұрақтарға жауап береді? (Сөйлемде зат есімнен болған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік жағынан анықтап тұрған тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? қашанғы? қайдағы? қанша? неше? нешінші?)

11. Сөйлемдердің ішінен есімдіктен болған баяндауышты табыңыз. Мұғалімнің аты – Амантай. Бұл күнде біз үшеуміз. Сен кімсің? (кімсің)

12. Сөйлемді қазақ тілінің қай саласы зерттейді? (Синтаксис)

13. Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің бір-бірінен айырмашылығы неде? (хабарлы сөйлем мақсаты хабарлау, баяндау, суреттеу, ал сұраулы сөйлем жауап алу мақсатында айтылады?)

14. Көп нүктенің онына мекен пысықтауыш болатын сөз қойыңыз. ... оқу келесі аптада басталады. (Колледжде оқу келесі аптада басталады.)

15. Мына сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? Сенің туған жерің қай жер

Жақсы жарайсыздар теориялық материалды қалай меңгергендіктеріңізді көрсете білдіңіздер, бір-бірімізге қошемет көрсетіп қояйық. Енді келесі кезекте сол теориялық білімімізді практикада көрсетейік.

Назарларыңызды тақтаға аударамын, мына алгоритм бойынша жұмыс жасаймыз.

Алгоритм бойынша жұмыс.


1. Сөйлемдерді жаз

2. Сөйлем мүшелеріне талда

3. Әр сөйлемге сипаттама бер

4. Ерекшелігін түсіндір


Берілген сөйлемдер:


1. Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.

2. Мейрамның мұғаліміне соға кеткісі келді.

3. Сабақ басталды.

4. Ұстаз оқушыларды жақсылыққа тәрбиелейді.

5. Үскірік. Аяз. Тұлданған күн.

6. – Сабаққа дайынсың ба?

7. – Әрине.


Жаңа сабақ: Сонымен жай сөйлемдер тұрлаулы мұшелермен тұрлаусыз мүшелердің болу болмауына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді екен. Ендеше жай сөйлемнің түрлері қандай? Студенттердің өздері жай сөйлемнің түрлерін анықтайды. Жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы.

Дұрыс айтасыздар.


Слайд1. Жай жөйлемнің түрлері атаулары шығады.


2 Слайд. Сәйкестендіру арқылы ережесін табады. Ережелерін шығару. Студенттер түрін анықтау.

1. Бастауышы бар сөйлем.(Жақты, личные) 2. Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.(жақсыз-безличные) 3. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем. (жалаң-нераспространенные) 4.Тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.(жайылма-роспрастраненные) 5.Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем (Толымды-полные) 6. Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем. (толымсыз-неполные). 7. Іс оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. (атаулы-номинативные).


ІҮ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығу жұмыстары:


1-тапсырма. Жай сөйлем түрлері себетіне салу.

Үлкендерге құрмет көрсету керек. Оқушы түсіндірді. Сабаққа жақсы дайындаған. Біз мақтан тұтамыз. Жеті жұрттын тілін біл. Ұрлық түбі - қорлық. Оқыған озады. Менің бұл сөзге қосылғым келмеді. Бейбарыс өмірбойы қыпшақ тілінде сөйлеген. Маған сабақтан қалуға болмайды.

2-тапсырма. Практикалық бөлім. Жұппен жұмыс.

1-топ. Жақты және жақсыз сөйлемнің сызбасын жасау. (кластер арқылы)

2-топ. Жалаң және жайылма сөйлемнің сызбасын даярлау. (Венн диаграммасы)

3-топ. Толымды және толымсыз, атаулы сөйлем сызбасын даярлайды.

Топ мүшелері жұмыстарын тақтада қорғайды. Қалған екі топ бағалайды.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қойып, сөйлем мүшесі мен жай сөйлем түрлеріне талдау жасаңыздар.

Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлек... (і.с) мақсаты. Армансыз адам – қанатсыз құс ... (к.с) тең. Барлық адам бала ... (т.ж. 3ж., і.с) арманы ... (т.ж. 3ж)болады. Арманшыл адам болашақ ... (ж.с) дегеніне жетеді.

Адам жас кез... (т.ж.3ж., ш.с) бастап өз ... (т.ж3ж.,і.с ) жүрег ... (т.ж.3ж) қалаған маманды ... (т.ж.3ж., б.с) бейімделеді.

Мен ... (де) болашақта бастауыш сынып мұғалім ... (т.ж. 3ж) боламын. Осы мақсат ... (т.ж. 1 ж. б.с) жету үшін жақсы оқу ... (б.с) тырысамын.

4-тапсырма. Графикалық диктант.

Бастауышы бар сөйлем



Бастауышы жасырын тұрған сөйлем



Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем

Кітап – білім бұлағы. Менің сабақ оқығым келмейді. Еңбек етсең емерсің. Мен ақын емеспін. Айгүл жақсы оқушы. Бұл жерде суға түсуге болмайды.

Ү. Сабақты тест арқылы қорыту.


Тест сауалнамасы.


1. Белгілі бір атау мағынасын білдіретін сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Жай.
В) Құрмалас.
С) Мезгіл.
D) Атаулы.
Е) Жайылма.
2. Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Жалаң.
В) Жайылма.
С) Толымсыз.
D) Толымды.
Е) Жақсыз.
3. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері қатысқан жай сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Жайылма.
В) Жалаң.
С) Толымды.
D) Толымсыз.
Е) Жақсыз.
4. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Нарықтық экономикаға бет бұрдық.
В) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.
С) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.
D) Демократиялық істерді жүзеге асырамыз.
E) Бұл жерде суға түсуге болмайды.
5. Берілген жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Мұғалім кеше ақылды оқушыларды мектепке шақырды.
А) Жақсыз сөйлем.
В) Толымсыз сөйлем.
С) Атаулы сөйлем.
D) Сұраулы сөйлем.
E) Толымды сөйлем.
6. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
А) Мен мектепке тез жиналдым.
В) Күн шықты.
С) Кәсіпорын жұмысын бастады.
D) Мұғалім балаларды мектепке кіргізді.
E) Жаңа мектеп маған өте ұнады.
7. Жақты сөйлемді анықтаңыз.
A) Кітап алғым келеді.
B) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.
C) Бүгін демалыс.
D) Уақытты жоспарлай білу керек.
E) Үлкен жетістік.
8. Атаулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Кітап оқып болды.
B) Алтын күз.
C) Көлдің суы тұзды.
D) Табиғатты қорғау – біздің міндетіміз.
E) Балқаш көлінің суы азайып барады.
9. Тұрлаусыз мүшелердің болу - болмауына қарай жай сөйлемдердің бөлінуін көрсетіңіз.
A) Жақты, жақсыз.
B) Атаулы.
C) Толымды, толымсыз.
D) Жалаң, жайылма.
E) Жай, құрмалас.
10. Сөйлемді анықтаңыз. Көктем. Дала қараңғы.
A) Жалаң сөйлем
B) Жайылма сөйлем.
C) Жақты сөйлем.
D) Атаулы сөйлем.
E) Толымсыз сөйлем.

11. Жай сөйлемнің ережесін табыңыз

А) Бір ғана ойды білдіреді бір интонациямен айтылады

В) екі немесе одан да көп жай сөйлемнен тұрады.

С) күрделі ойды білдіреді

Д) дыбыстардың жазудағы таңбасы

Е) адамның әртүрлі көңіл күйін білдіреді

12. Жай сөйлемнің түрін анықтаңыз

А) салалас сөйлем
В) құрмалас сөйлем
С) жақты сөйлем
Д) жай сөйлем

Е) лепті сөйлем

13. Жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Марат жүгіріп кетті
В) Аяғын аспанна келтіру
С) Оларға келуге болмайды
Д) Ақ жиделі бала
Е) Жаз

14. Жайылма сөйлемді тап

А) Мен кітапханадан қызық кітап алдым

В) Асқар – инженер

С) Күз

Д) Бала болашақ

Е) Еңбекті бағалау

15. Жай сөйлемді көрсет

А) Сырын жасырмау

В) Мен тауда ойнадым

С) Ауылдың малы

Д) Тон пішер

Е) Жаздың жайлы күні еді

16. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді көрсет

А) Жаздыгүні

В) Білім – адамның қанаты

С) Атам келді.

Д) Күн қатты ысып кетті.

Е) Көгілдір түс

17. Бастауышы бар жақты сөйлем

А) Уақытын жоспарлай білуі керек

В) Кәсіпкерлік жылдам дамыды

С) Жұмысты тез орындаймыз

Д) Бүгін жұмысқа шықтық

Е) Нарықтық экономикаға бет бұрдық

18. Көбіне диалогта кездесетін қандай сөйлем?

А) Жалаң

В) Жайылма

С) толымсыз

Д) жақты

Е) атаулы

19. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз. Жүйрік ат- ердің қанаты.

А) Жақсыз

В) Жалаң

С) Жайылма

Д) Атаулы

Е) Сабақтас

20. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз. Мені танимысың?

А) Жақсыз

В) Жақты

С) Жалаң

Д) Атаулы

Е) Толымды
Жауаптары:


ҮІ. Бағалау.

Үй тапсырмасы: Ережелерді жаттау. Жай сөйлемнің түрлерін пайдалана отырып, «Менің мамандығым» диалог құрастыру.

Рефлексия. Екі жұлдыз бір тілек.

Сабақтың 2 жақсы жағы мен 1 ұсыныстарыңызды білдіріңіздер.

Әдебиет\Литература\Literature:

Ш. К. Бектұров «Қазақ тілі»,2006ж;

Ұ. С. Байсақалова «Қазақ тілі», 2007ж.

С. М. Исаев «Қазақ тілі», Алматы-1993ж.

Ф. Оразбаева «Қазақ тілі дидактические материалы», Алматы- 2006ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Қазақ тілі пәнінен "Жай сөйлем және оның түрлері" атты сабақ жоспары

Автор: Кенжегарина Алмагуль Альмухановна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391657

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Ашы? саба?ты? та?ырыбы "?аза?стан суретшілері" (9 сынып)"
    ["seo_title"] => string(50) "ashyksabaktyntakyrybykazakstansurietshilieri9synyp"
    ["file_id"] => string(6) "288969"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454696103"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(176) ""Таби?атты ?ор?ау - кешенді м?селе" атты та?ырыпта ?аза? тілі п?нінен 8-сынып?а арнал?ан саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(112) "tabig-atty-k-org-au-kieshiendi-m-sielie-atty-tak-yrypta-k-azak-tili-p-ninien-8-synypk-a-arnalg-an-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "190439"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427177208"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "саба? жоспары. Шешендік с?здер. 11-сынып "
    ["seo_title"] => string(44) "sabak-zhospary-shieshiendik-sozdier-11-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "174571"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424157043"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Саба? жоспары "Шы?ыс  септік" ?аза? тілі п?ні"
    ["seo_title"] => string(47) "sabak-zhospary-shyg-ys-sieptik-k-azak-tili-p-ni"
    ["file_id"] => string(6) "298045"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456285913"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Щ,Ч дыбыстары" атты та?ырыпта саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(48) "shch-ch-dybystary-atty-tak-yrypta-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "202384"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429240823"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства