kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары. Шешендік с?здер. 11-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Шешендік с?здерді? ??рылымды? ерекшеліктерін ме?герту

Дамытушылы?:  С?йлей білуді? шеберлік екендігін ??ындыру. Шешен с?йлеуді? м?нерін игеруге ынталандыру. Ой белсенділігін дамыту, шы?армашылы? ізденіске ба?ыттау, с?йлеу м?дениетін жетілдіру, ой б?лісе отырып, ой – пікір, с?з еркіндігіне баулу;
3. Т?рбиелік :   Жас ?рпа?ты халы?ты? педагогикамен, ?асырлар бойы ?алыптас?ан асыл ?азынамен сусындатып, тарихи т?л?аларды ?лгі т?та отырып т?рбиелеу.

?дісі: баяндау, ??гімелеу, с?ра? - жауап, СТО элементтері
П?наралы? байланыс: тарих, ?аза? тілі.
К?рнекілігі: пара?шалар,

Саба? барысы:
I. ?йымдастыру кезе?і

Саба?та жо? о?ушларды белгілеу.
II. ?й тапсырмасын с?рау

III. Жа?а саба?:

Саба?ты? та?ырыбы айтылады.
Саба?ты?  ма?саты айтылады.

?рбір топ?а таратпа материалдар таратылады.

ШЕШЕНДІК С?ЗДЕРДІ? ??РЫЛЫМДЫ? ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

?аза? ж?рты жаратылысынан шешен с?йлеуге бейім халы?. Сонды?тан да ?аза? тілі – бай, ?ажап тіл. Оны? тере?іне с??гу, сан ?ырлы даму за?дылы?ын т?сіну бізге ?лкен л?ззат береді, рахат сезімге б?лейді. Шешендік – с?з ?неріні? майталманы. Тауып айтыл?ан бір ауыз с?зге ?ауым елді? то?тамды?ы, даулас?ан екі жа?ты? ?діл биге ж?гінетіндігі де халы?ты? тіл ?неріне деген ысты? махаббатыны? белгісі. Шешендік с?здерді? мазм?нды?-пішіндік т?тасты?ы болады, я?ни ма?ынасы мен ??рылымы бірін-бірі толы?тырып, ?йлесіп т?рады. Тек бір-бірінен алша? бол?анымен, олар ма?ыналы?-??рылымды? болмыс-бітімі жа?ынан бір-бірінен б?ліне алмайды. Ма?ыналы?-??рылымды? ж?йені? бірт?тасты?ы болмаса, шешендік с?зді? де м?ні т?мендейді.

 

 

 

 

І топ.

Аристотель «Риторика» атты е?бегінде шешендік с?зді?, негізінен, ??рамдас т?рт б?ліктен т?ратынын к?рсетеді: 1) бастамасы; 2) ?сынбасы;           3) д?лелдеме; 4) ?орытпасы [1]. Шешендік с?зді? осы ??рамдас б?ліктеріні? ішінен ?сынбасы мен д?лелдемесіні? алатын орны да, ат?аратын ?ызметі де ерекше. Белгілі бір даулы м?селе туралы ??гіме бастамай т?рып, белгілі бір ?асиетін д?лелдеу м?мкін емес. М?селені? м?н-жайы туралы ??гіме баста?ан со?, оны? белгілі бір ?асиетін д?лелдемей кетуге ж?не болмайды, д?лелдеу шарт. Шешенні? аны? с?здеріні? бір тобы екі емес, одан да к?п ??рылымды? б?ліктерден т?рады. Ал М.Цицерон шешендерді? т?жірибелерін сарап?а салып, талдай отырып, оларды? іс-?рекетін жан-жа?ты байымдап, шешендік с?зіні? басты сатыларын сипаттайды [2]. Е? алдымен шешен ?зі с?з ететін м?селені? жайын 1) жан-жа?ты тере? біліп алады. 2) Сол м?селені талдап, тал?ылайды. С?зіні? ?ай т?сына ерекше к??іл б?лу ?ажет екенін аны?тайды. Шешенні? мынадай екі ма?саты бар: а) ты?даушыны? к??ілін жаулап алу; ?) ты?даушыны? а?ыл-ойын ?з ма?сатына орай аударып, б?рып ?кету. М.Цицеронны? т?жірибесіне ?ара?анда, шешендік с?зді? ?уат-к?ші, ілгеріде к?рсетілгендей, ?ш негізге келіп тіреледі: а) д?лелдеу; ?) ел-ж?ртты? ы?ыласын баурап алу; б) ел-ж?ртты? а?ыл-ойын ?зі ?ала?ан ба?ыт?а б?рып алу. Атал?ан ма?сат?а жетуді? жолы – елді? к??ілін бал?ытып, мейірін ?андыру. Б?л арада шешенні? жеке басыны? кішіпейілділік, ?ділеттілік ?асиеттері ма?ызды. Шешен с?зіні? б?л сатысын зерттеуші Ж.Д?дебаев бал?ытпа (услаждение) деп атайды. Шешен ты?даушы ?рі шешім ?абылдаушы ел-ж?ртты? сал?ын к??ілін баурап, бал?ытып ал?ан со?, с?зіні? келесі сатысында, оны тербеп, тол?ыту?а к?ш салады, т?релік етуші топты? ж?мсарып, бал?ы?ан к??ілінен с?йініш не к?йініш, жа?сы к?ру не жек к?ру сезімдерін оятады. Шешен с?зіні? б?л сатысын  ?алым тол?ытпа (волнение) деп атайды.

Сонымен, ?дебиеттанушы Ж.Д?дебаевты? к?рсетуінше, М.Цицеронны? шешендік с?зінде мынадай басты сатылар бар: 1) Бастама; 2) Тал?ылама;                    3) Д?лелдеме; 4) Бал?ытпа; 5) Тол?ытпа; 6) ?орытпа [

ІІ ТОП.

Ал орыс ойшылы М.В.Ломоносов шешендік с?зді? ??рылым ж?йесін т?ртке б?леді: 1) Бастама (Вступление); 2) Тал?ылама (Истолкование); 3) Бекітпе (Утверждение);               4) ?орытпа (Заключение) [3]. Бай?ап ?араса?, б?л пікірлер жо?арыда?ы Цицеронны? ойларымен ?ндесіп жат?анын к?реміз. Б?ны? ?зі шешен с?зінде ?ашан да рет пен ж?йе, мазм?н мен пішін т?тасты?ы болатынынды?ын к?рсетеді. Ал ?аза? ?дебиеттануыны? атасы А.Байт?рсынов «?дебиет таныт?ышта» шешендік с?зді? ??рылым ж?йесін беске б?ліп ?арайды: 1) бастамасы; 2) ?сынбасы; 3) Мазм?ндамасы; 4) ?ыздырмасы; 5) ?орытпасы [4]. К?ріп отыр?анымыздай, Аристотель айт?ан «д?лелдемені?» орнына «мазм?ндама» ж?не «?ыздырма» секілді екі б?лікті ?осады. М?нда?ы «мазм?ндама» мен «?ыздырма» ?алым Ж.Д?дебаев айтатын «бал?ытпа», «тол?ытпа» с?здеріне с?йкес келеді. Б?л ретте А.Байт?рсынов шешендік с?здерді? ?лтты?  болмыс-бітімге лайы?та?анын к?реміз.Шешендік ?нерді? тарихы мен теориясы туралы е?бектердегі шешендік с?з ж?йесін т?зуші ??рамдас б?ліктер, сатылар туралы пікірлерді жина?тай келгенде бай?айтынымыз, кез келген ?деби туынды т?різді шешендік с?з де ?ш ??рамдас б?ліктен т?рады: а) басы; ?) ортасы; б) ая?ы. Жо?арыда айтыл?андарды? ?ай-?айсысы да осы ?штікті? аясында болады. С?зді? бастамасы мен ?орытпасы с?зді? ортасы немесе басты б?лігін т?зеді. М?ны ?дебиетші Ж.Д?дебаев «?ш та?ан» немесе «?штік т?тасты?» деп атайды .

Ма?ынаны тану.

ІІІ ТОП.171-БЕТ.

212-тапсырма.М?тінді с?з ??рылымына сай б?ліктерге ?ойылатын талаптар т?р?ысынан талда?ыздар.

С?з тіркесіне талдау.

К?мбездері к?к тіреген

К?мбездері тіреген- ?иысу, орын т?ртібі ар?ылы байланыс?ан, етістікті тіркес.

К?к тіреген- ме?геру, ?осымша ар?ылы байланыс?ан, етістікті тіркес, толы?тауышты? ?атынас.

Морфологиялы? талдау

с?з:  Киелі

с?з табында:  сын есім

??рамына ?арай: дара

т?л?асына ?арай: туынды

ма?ынасына ?арай: ?атысты?

т?бірі: кие

?осымша: -лі- зат есімнен сын есім тудыратын ж?рна?

с?йлем м?шесінде:  аны?тауыш

с?з: жиырмасыншы

с?з табында:  сан есім

??рамына ?арай: дара

т?л?асына ?арай: негізгі

ма?ынасына ?арай: реттік

т?бірі: жиырма

?осымша: -ыншы - реттік сан есімні? ж?рна?ы

с?йлем м?шесінде:  аны?тауыш

?йге тапсырма: лексикалы? талдау. 213-тапсырма.

Ба?алау.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«саба? жоспары. Шешендік с?здер. 11-сынып »


Күні: 3.02.15ж

Сыныбы: 11 "Ә"

Пәні: қазақ тілі

Мұғалімі: Омарова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздің композициясының элементтері

Сабақтың мақсаты: Шешендік сөздердің құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту

Дамытушылық: Сөйлей білудің шеберлік екендігін ұғындыру. Шешен сөйлеудің мәнерін игеруге ынталандыру. Ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып, ой – пікір, сөз еркіндігіне баулу;
3. Тәрбиелік : Жас ұрпақты халықтық педагогикамен, ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынамен сусындатып, тарихи тұлғаларды үлгі тұта отырып тәрбиелеу.

Әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, СТО элементтері
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Көрнекілігі: парақшалар,

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақта жоқ оқушларды белгілеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы айтылады.
Сабақтың мақсаты айтылады.

Әрбір топқа таратпа материалдар таратылады.



ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақ жұрты жаратылысынан шешен сөйлеуге бейім халық. Сондықтан да қазақ тілі – бай, ғажап тіл. Оның тереңіне сүңгу, сан қырлы даму заңдылығын түсіну бізге үлкен ләззат береді, рахат сезімге бөлейді. Шешендік – сөз өнерінің майталманы. Тауып айтылған бір ауыз сөзге қауым елдің тоқтамдығы, дауласқан екі жақтың әділ биге жүгінетіндігі де халықтың тіл өнеріне деген ыстық махаббатының белгісі. Шешендік сөздердің мазмұндық-пішіндік тұтастығы болады, яғни мағынасы мен құрылымы бірін-бірі толықтырып, үйлесіп тұрады. Тек бір-бірінен алшақ болғанымен, олар мағыналық-құрылымдық болмыс-бітімі жағынан бір-бірінен бөліне алмайды. Мағыналық-құрылымдық жүйенің біртұтастығы болмаса, шешендік сөздің де мәні төмендейді.





І топ.

Аристотель «Риторика» атты еңбегінде шешендік сөздің, негізінен, құрамдас төрт бөліктен тұратынын көрсетеді: 1) бастамасы; 2) ұсынбасы; 3) дәлелдеме; 4) қорытпасы [1]. Шешендік сөздің осы құрамдас бөліктерінің ішінен ұсынбасы мен дәлелдемесінің алатын орны да, атқаратын қызметі де ерекше. Белгілі бір даулы мәселе туралы әңгіме бастамай тұрып, белгілі бір қасиетін дәлелдеу мүмкін емес. Мәселенің мән-жайы туралы әңгіме бастаған соң, оның белгілі бір қасиетін дәлелдемей кетуге және болмайды, дәлелдеу шарт. Шешеннің анық сөздерінің бір тобы екі емес, одан да көп құрылымдық бөліктерден тұрады. Ал М.Цицерон шешендердің тәжірибелерін сарапқа салып, талдай отырып, олардың іс-әрекетін жан-жақты байымдап, шешендік сөзінің басты сатыларын сипаттайды [2]. Ең алдымен шешен өзі сөз ететін мәселенің жайын 1) жан-жақты терең біліп алады. 2) Сол мәселені талдап, талқылайды. Сөзінің қай тұсына ерекше көңіл бөлу қажет екенін анықтайды. Шешеннің мынадай екі мақсаты бар: а) тыңдаушының көңілін жаулап алу; ә) тыңдаушының ақыл-ойын өз мақсатына орай аударып, бұрып әкету. М.Цицеронның тәжірибесіне қарағанда, шешендік сөздің қуат-күші, ілгеріде көрсетілгендей, үш негізге келіп тіреледі: а) дәлелдеу; ә) ел-жұрттың ықыласын баурап алу; б) ел-жұрттың ақыл-ойын өзі қалаған бағытқа бұрып алу. Аталған мақсатқа жетудің жолы – елдің көңілін балқытып, мейірін қандыру. Бұл арада шешеннің жеке басының кішіпейілділік, әділеттілік қасиеттері маңызды. Шешен сөзінің бұл сатысын зерттеуші Ж.Дәдебаев балқытпа (услаждение) деп атайды. Шешен тыңдаушы әрі шешім қабылдаушы ел-жұрттың салқын көңілін баурап, балқытып алған соң, сөзінің келесі сатысында, оны тербеп, толқытуға күш салады, төрелік етуші топтың жұмсарып, балқыған көңілінен сүйініш не күйініш, жақсы көру не жек көру сезімдерін оятады. Шешен сөзінің бұл сатысын ғалым толқытпа (волнение) деп атайды.

Сонымен, әдебиеттанушы Ж.Дәдебаевтың көрсетуінше, М.Цицеронның шешендік сөзінде мынадай басты сатылар бар: 1) Бастама; 2) Талқылама; 3) Дәлелдеме; 4) Балқытпа; 5) Толқытпа; 6) Қорытпа [2].






ІІ ТОП.

Ал орыс ойшылы М.В.Ломоносов шешендік сөздің құрылым жүйесін төртке бөледі: 1) Бастама (Вступление); 2) Талқылама (Истолкование); 3) Бекітпе (Утверждение); 4) Қорытпа (Заключение) [3]. Байқап қарасақ, бұл пікірлер жоғарыдағы Цицеронның ойларымен үндесіп жатқанын көреміз. Бұның өзі шешен сөзінде қашан да рет пен жүйе, мазмұн мен пішін тұтастығы болатынындығын көрсетеді. Ал қазақ әдебиеттануының атасы А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқышта» шешендік сөздің құрылым жүйесін беске бөліп қарайды: 1) бастамасы; 2) Ұсынбасы; 3) Мазмұндамасы; 4) Қыздырмасы; 5) Қорытпасы [4]. Көріп отырғанымыздай, Аристотель айтқан «дәлелдеменің» орнына «мазмұндама» және «қыздырма» секілді екі бөлікті қосады. Мұндағы «мазмұндама» мен «қыздырма» ғалым Ж.Дәдебаев айтатын «балқытпа», «толқытпа» сөздеріне сәйкес келеді. Бұл ретте А.Байтұрсынов шешендік сөздердің ұлттық болмыс-бітімге лайықтағанын көреміз.

Шешендік өнердің тарихы мен теориясы туралы еңбектердегі шешендік сөз жүйесін түзуші құрамдас бөліктер, сатылар туралы пікірлерді жинақтай келгенде байқайтынымыз, кез келген әдеби туынды тәрізді шешендік сөз де үш құрамдас бөліктен тұрады: а) басы; ә) ортасы; б) аяғы. Жоғарыда айтылғандардың қай-қайсысы да осы үштіктің аясында болады. Сөздің бастамасы мен қорытпасы сөздің ортасы немесе басты бөлігін түзеді. Мұны әдебиетші Ж.Дәдебаев «үш таған» немесе «үштік тұтастық» деп атайды .

Мағынаны тану.

ІІІ ТОП.171-БЕТ.


212-тапсырма.Мәтінді сөз құрылымына сай бөліктерге қойылатын талаптар тұрғысынан талдаңыздар.

Сөз тіркесіне талдау.

Күмбездері көк тіреген

Күмбездері тіреген- қиысу, орын тәртібі арқылы байланысқан, етістікті тіркес.

Көк тіреген- меңгеру, қосымша арқылы байланысқан, етістікті тіркес, толықтауыштық қатынас.

Морфологиялық талдау

сөз: Киелі

сөз табында: сын есім

құрамына қарай: дара

тұлғасына қарай: туынды

мағынасына қарай: қатыстық

түбірі: кие

қосымша: -лі- зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ

сөйлем мүшесінде: анықтауыш

сөз: жиырмасыншы

сөз табында: сан есім

құрамына қарай: дара

тұлғасына қарай: негізгі

мағынасына қарай: реттік

түбірі: жиырма

қосымша: -ыншы - реттік сан есімнің жұрнағы

сөйлем мүшесінде: анықтауыш

Үйге тапсырма: лексикалық талдау. 213-тапсырма.

Бағалау.








































Күні:7.02.15ж

Сыныбы: 6 "А"

Пәні: қазақ әдебиеті

Мұғалімі: Омарова Ж.Т.


Сабақтың тақырыбы: Қожа- қиялшыл, сезімтал, зейінді бала.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы,
«Менің атым Қожа» повесі жайлы толық мәлімет бере отырып оның әр тарауына тоқталу.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі.


  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабакка дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

1. Б.Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.

2. Шығарманың мазмұнын сүраймын.

  1. Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты мәтңндң талдай отырып түсіндіру.Сызба сызу.

Мәтіннен үзінді

- Бұл кім?

Қожаның қандай мінезі көрінеді?

Мен ғой, ата. Мен Қожамын.

Мұнда неғып отырсың?

Педсоветке келдім.

Онда сенің не шаруаң бар?

Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.

Сені мұғалім етеміз дей ме?

Директор етеміз дейді. Қожа қаңдай бала?

. - Мама! Сен жылап жатырмысың?

-Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! — деп Қожа мамасының тізесін қүшақтай жығылған қалпында жылап жібереді. Қожа қандай?



Қиялшыл









Сезімтал




Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-ау" деген ойынан Қожаның қандай екені көрінеді?




Зейінді

.Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп, өзіне-өзі серт беруі оның қандай бала екендігін керсетеді? Ой тастау.













"Теріп алу" стратегиясы

алғыр, пысық әділетгі

өтірікші ақын

ақылды әзілқой

сотқар, тентек арамза

мейірімді тапқыр

қу, зымиян қателікгерін түсіне біледі

шыдамсыз жағымпаз

тиянақсыз

Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

-Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер болды? Анасын аяуы ма, Сейбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?


  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  2. Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеп келу.


















Күні:11.02.15ж

Сыныбы: 6 "А"

Пәні: қазақ әдебиеті

Мұғалімі: Омарова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа» шығармасындағы юмар

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: оқушыларға шығармадағы юмор жайлы мәлімет беру

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)тәрбиелік; адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:талдау сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен жұмыс жүргізу.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Кезекші мәлімдемесі.

Журнал бойынша түгелдеу.

Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға

І.Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтінінді біл. (Үй тапсырмасы).

2."Білген сайын келеді біле бергім..." (Жаңа сабақ).

а) "Түбінде адам болатын бала" (Қожа бейнесі).

ә)"Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас" (Шығармашылық жұмыс).

3. Не үйрендім, не білдім. (Сабақты бекіту).

4.Бақытты балалық шақ. (Сабақты қорыту).

Үй тапсырмасын сүрау.

"Мынау кім?"

-Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап- сыпсыңдағыш. (Жантас)

Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)

Біз екеуміз таныс шығармыз деймін. (Майқанова)..

- Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (Анфиса Михайловна)

Мен сенін, әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге
емес, бақандай бір қарасы жүр.(Сәйбек қарт)

Келесі сабаққа қайсың бақа үстап әкелесіңдер?(Оспанов)

"Қай сәт бейнеленген?"

1."Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Мандайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!" (Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А.Пушкиннің "Қысқы кеш" өлеңін жатқа сұрағанда)

2."Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін" (Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сет).

3."Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек керінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып түрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?" (Пед. кеңес болып жатқан сәт).

"Білген сайын келеді біле бергім"

(Жаңа сабақ)

Бүгінгі біздің мақсатымыз

1 .Қожа мен Жантас бейнелеріне талдай отырып юмордың берілуін ашу.

2.Өз ойыңызды, пікірлеріңізді еркін айту, жеткізе білу.

З.Повесть туралы ұғымды қалыптастыру.

а)"Түбінде адам болатын бала" Қожа портреті (мұғалім жатқа айтады).

"Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде атымды атамай "тампыш неме" дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп түр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағардың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің тұсына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді"


Блум стратегиясы бойынша Қожа мен Жантастың бейнелеріне талдау. (Оқушыларға кеспе-карточкалар үлестіріледі).

І.Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?

2.0қулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?

3."Бір секундка кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді."Қожа қандай бала?"

4."Қысқы кешті" жаттамаған Жантас не істеді? Онысын қалай бағалайсың?

5."Қысқы кешті" жаттамаған Қожа қандай күйде болды?

6. - Қара көже, мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.

Осы сөздерімен Жантастың қандай сипаты көрінеді?

.

"Сергіту сәті" Жұмбақ шешейік. Батпаса да балшыққа, Шыққан емес шалшықтан. (бақа) "Өткірдің жүзі Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас"


"Не үйрендім, не білдім?" "Менің атым Қожаның" авторы

Зоология пәнінің мұғалімі

Сынып жетекшісі

Қожа жаттамай келетін өлең

Қожаның досы

Қожаның анасы

Жанар жаттаудан алған бағасының орысшасы.

Көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, оқиғалары жинақы, оқиға негізінен бір арнада өрістейтін. кейіпкерлер саны да көп емес шығармалар бар.

Баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманы повесть дейміз.

Сабақты түйіндеу.

Повесть қалай аяқталатын еді.

Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеп келу

"Балалық шақ" шығарма жазу.

















































Күні:14.02.15ж

Сыныбы: 6 "А"

Пәні: қазақ әдебиеті

Мұғалімі: Омарова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қайырлы түн», «Қара өлең» , «Елім барда», «Анау—аспан, мынау—бақ» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға М. Мақатаевтің өмірі, шығармашылығы,

«Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, СТО стратегаялары - ой қозғау, мағынаны ажырату. Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен жұмыс жүргізу.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Кезекші мәлімдемесі.

Журнал бойынша түгелдеу.

Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

Мұқағалидың өмірі, шығармашылығы туралы мағлұматтарды меңгерту;

"Қайырлы түн" өлеңінің тақырыбын, мазмұнын ұғындыру.
3)Мұқағали қашан, қай жерде туған?


"Қайырлы түн" өлеңінің тақырыбы не деп ойлайсың? Айтайын деген ойы қаңдай?

Мұқағалидың сөзіне жазылған қандай әндерді білесіңдер?

Қызығушылығын ояту. Үнтаспа арқылы күйден үзінді беріледі.

Ой қозғау әдісі бойынша сауалдарға жауап алу. /Балалар көздерін жұмып отырып ойланады/.


Көз алдарыңызға нені елестеттіңдер?

Кімге қандай ой келді?

4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақтың дәйек сөзі: "Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поәзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поәзиясын сүйген адам еліне адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады" . (Күләш Ахметова).

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мұкағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері жайлы түсіндіремін.

"Қара өлең". Мұғалім жатқа оқиды. ("Қара өлең" үғымымен таныстырады). "Елім барда", "Анау аспан, мынау бақ" (Үнтаспадан тыңдату). Мағынаны ажырату.

1. Ақын шабытын оятып, жырына арқау болған тіл өнері, өлең-жыр, туған ел, табиғат туралы танысатындары ескертіліп, инсерт әдісі бойынша тапсырма жүктеледі. Өз беттерінше мұқият оқи отырып, түсініксіз сөздерді қарындаш көмегімен инсерт картаға жазады. (Күпі, шекпен, жадау, түксиеді, желідегі, көгендегіт.б.).

Мүғалім толықтырулар жасайды.

2. Топтық жұмыс. Өлеңді мәнерлеп тізбектей оқыта отырып, бірнеше сұрақтар қою арқылы өлеңнің құрылысын талдау мен мазмұнын ашу мақсатында жұмыс жүргізіледі.

3 топқа сұрақтар беріледі. (Осы сұрақтар кезінде оқушылардан жауап алу).

Тақтамен жүмыс. Әр өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына талдату (буын, тармақ, бунақ саны, шумағы және ұйқас түрін табу).

Дәптермен жүмыс. Графопроектор арқылы үш сөйлемнің басы беріліп, соңын өз беттерінше аяқтау.


Мұқағали Мақатаев 1931 ...

Оның өлеңдерінің тақырыбы....

3. Біз Мұқағалидың

V. Сабақты бекіту. Семантикалық карта арқылы бекітіледі.

Мұқағалидың өлеңі Өлеңнің негізгі тақырыбы Өлең туралы өлендері Сенің пікірің

(Әрбір оқушыға жеке беріледі).

VI. Мұғалімнің қорытынды созі. Не себепті осы үш өлеңді бірге оқып отырмыз? (Бүгінгі сабаққа алған дәйек сөзбен үндесіп жатқандығы туралы айтылады). Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: Өлеңдердің қалағанын жаттап келу

Тексердім:



























Күні: 10.02.15ж

Сыныбы: 6 "А"

Пәні: қазақ тілі

Мұғалім: Омарова Ж.Т

Тоқсан: ІІІ

Сабақтың тақырыбы: Есімше






Күні: 10.02.15ж

Сыныбы: 6 "А"

Пәні: қазақ тілі

Мұғалім: Омарова Ж.Т

Сабақтың тақырыбы: Есімше
Сабақтың мақсаты: Есімшенің туралы толық мағлұмат беру.
Білімділік: Есімше - етістіктің ерекше түрі екендігіне байланысты түсінік бере отырып, есімшенің жасалу жолдары, есімшенің жұрнақтары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушыларға жаттығулар орындату арқылы ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, тіл байлықтарының молаюына ықпал ету;
Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, келтірілген мысалдар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ауызша тестік сұрақтарға тез жауап алу, оқулықпен жұмыс жасау, сергіту сәті.
Көрнекілік: оқулық, топтастыру, дидактикалық қосымша, слайдтар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу;
Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
Оқу құралдарын тексеру;

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау:
Барша заттың бір өзімде қимылы
Сөз табының күрделісі, қиыны.
Сабақты, салт, есімше, көсемше боп,
Шақ, рай, етісте боп жиылдың.

Ауызша тестік жұмыс:
1. Етіс дегеніміз не?
А. Тек қана іс қимылды білдіреді;
Б. Іс әрекеттің орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді.
В. Қимылдың, іс - әрекеттің болу болмауын білдіреді.
2. Етістің неше түрі бар?
А. 5
Б. 2
В. 4
3. Сабақты етістіктерге – ын, - ін, - н жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің түрі:
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
В. өзгелік етіс
D. ортақ етіс

4. Қимылды, іс - әрекетті орындаушы өзге біреу / қимылды өзге біреуге орындатады/
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
В. өзгелік етіс
D. ортақ етіс

5. Қимылды орындаушы өзі істейді.
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
В. өзгелік етіс
D. ортақ етіс
6. Қимылдың орындаушысы айтылмай, іс - әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
В. өзгелік етіс
D. ортақ етіс
7. Қимылды орындаушы біреумен бірлесіп ортақтасып істейді.
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
В. өзгелік етіс
D. ортақ етіс

8. Жасалу жолдары:
А. ырықсыз етіс: - ыл,- іл, - л, - ын,- ін,- н
Б. өздік етіс: - ын,- ін,- н;
В. өзгелік етіс: - дыр,- дір,- тыр,- тір,- ғыз, - гіз, - қыз, - кіз,- т
D. ортақ етіс: - ыс, - іс, - с.

ІІІ. Жаңа сабақ. Есімше
Есімше мен көсемше етістіктің ерекше түрі.
Есімше бірде есім сөздердің бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.
Ешқандай қосымшасы қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарса, кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш, баяндауыш қызметін атқарады.
Есімше есім сөздерше септеліп, тәуелденіп, көптеліп есім қызметін атқарады. Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады да, сөйлемнің баяндауышы болады












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
саба? жоспары. Шешендік с?здер. 11-сынып

Автор: Омарова Жулдыз Тауекеловна

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174571


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства