kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Есімше

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Есімше. Есімшені? жасалуы мен т?рлері.

         Саба?ты? ма?саты: білімділік – есімше ж?не оны? жасалу жолы мен т?рлері, ?зіндік ерекшілігін ??ындыру ар?ылы білім да?дыларын ?алыптастыру, теорияны практикамен ?штастыру. О?улы??а, слайд?а с?йене отырып грамматикалы? та?ырыпты т?сіндіру; дамытушылы? – талдау ?абілеттерін шы?дай отырып, ?зіндік ойлау белсенділігі мен шы?армашылы? ?абілетін дамыту; т?рбиелік -  Ата?ты адамдар ?мірінен ?лгі алып, еліні? саналы азаматы болу?а т?рбиелеу. Ш?кірттерді рухани ??ндылы?тар ар?ылы имандылы??а, ?лкенге ізет, кішіге ??рмет к?рсетуге, ізгілікке, адамгершілікке т?рбиелеу.

         Саба?ты? т?рі: білік пен да?дыны ?алыптастыру.

         Саба?ты? ?діс-т?сілдері: с?ра?-жауап, т?сіндіру, талдау, тест, ?здік ж?мыс, о?улы?пен ж?мыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Есімше»

Есімше. Ашық сабақ

Сынып  6 «А»            Күні: 01.02.2011 жыл.         Пәні: қазақ тілі

 

         Сабақтың тақырыбы: Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері.

         Сабақтың мақсаты: білімділік – есімше және оның жасалу жолы мен түрлері, өзіндік ерекшілігін ұғындыру арқылы білім дағдыларын қалыптастыру, теорияны практикамен ұштастыру. Оқулыққа, слайдқа сүйене отырып грамматикалық тақырыпты түсіндіру; дамытушылық – талдау қабілеттерін шыңдай отырып, өзіндік ойлау белсенділігі мен шығармашылық қабілетін дамыту; тәрбиелік -  Атақты адамдар өмірінен үлгі алып, елінің саналы азаматы болуға тәрбиелеу. Шәкірттерді рухани құндылықтар арқылы имандылыққа, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

         Сабақтың түрі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

         Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, тест, өздік жұмыс, оқулықпен жұмыс.

         Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, сызба, кеспе қағаздар.

         Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка, математика.

         Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеру, оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.     Семантикалық карта

      Етіс түрлері

өздік

өзгелік

ырықсыз

ортақ

жұрнақтары

 

 

 

 

 

2.Өткен тақырыпты қайталауға арналған тест сұрақтары

1.     Етістің қанша түрі бар?

А) 5              В) 4                   С) 6                   Д) 3                    Е) 7

2. Өздік етіс жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Отырғызылды.

В) Жыламады.

С) Жуынды.

Д) Айтты.

Е) Келді.

3. Ырықсыз етіс жұрнағы жалғанып тұрған сөзді табыңыз.

А) Шапты.

В) Шабылды

С) Шабысты.

Д) Шаппады.

Е) Бақты.

4. Өзгелік етіс жұрнағы жалғанып тұрған сөзді табыңыз.

А) Сөйлемді.

В) Сөйлесті.

С) Сөйленді.

Д) Сөйлеттір.

Е) Сөйлеседі.

5. Ортақ етіс жалғанып тұрған сөзді табыңыз.

А) Қазды.

В) Қазылды.

С) Қазғызды.

Д) Қазысты.

Е) Қазады.

6. Өздік етіс болып тұрған сөзді табыңыз.

А) Жуын, киін.

В) Жудырды, оқытты.

С) Сөйлесті, қазысты.

Д) Қойылды, сүртілді.

Е) Кел, оқы.

7. Өзгелік етіс болып тұрған сөзді табыңыз.

А) Келді, оқыды.

В) Оқыттыр, жазғыз.

С) Теріс, жинас.

Д) Келер, бітірер.

Е) Саған, сенімсіз.

8. Ырықсыз етіс болып тұрған сөзді табыңыз.

А) Сара оқыды.

В) Төсек жиналды.

С) Ол келтірді.

Д) Біз түсіністік.

Е) Меруерт келді.

9. Өзгелік етістің барлық жұрнағы қатар жалғанып тұрған қатарды көрсетіңіз.

А) Толтырысты, дұрысталды.

В) Көргіздір, сұрастырғыз.

С) Асықтыртты, араластыртпа.

Д) Болдыртқызбады, жаттаттырғызды.

Е) Тұрақтат, оратқызды.

10. Ортақ етісті анықтаңыз.

А) Соңғы кезде үшеуің ерекше бөлініп жүрсіңдер.

В) Әуре етпегендеріңіз жөн болар.

С) Бір жылға кетіп бара жатқандай жиналдың ғой.

Д) Екеуі де өздеріне қатысты көп нәрсені айтысты.

Е) Шынтемір арбасынан түсіп, диірменге келді.

 

Жауабы:

1. В                     6. А

2. С                     7. В

3. В                     8. В

4. Д                     9. Д

5. Д                     10. Д

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Слайд бойынша оқушылармен жұмыс жасау.

 

         Есімше – әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі. Есімшелер екі түрлі қызмет атқарады.

1.     Есімше іс-әрекетті, қимыл-амалды білдіріп, етістік қызметін атқарады. Мысалы: мен оқығанмын, сіз оқырсыз, ол оқитын т.б.

2.     Есімше есім сөздер мағыналарында жұмсалып, есімдерше көптеледі, тәуелденеді, септеледі және жіктеледі.

    Қызметі

-ған/-ген,-қан/-кен         -шы/-ші

 

-ар/-ер/-р -с

-атын/-етін/-йтын/-йтін

1.Бастауыш

Ерінбеген етікші болар (мақ.)

 

Саған айтарым осы.

 

Айтатыным жоқ.

 

2.Баяндауыш

 

Жауын жауар, көкшығар.

Ол саған айтатын.

 

3.Анықтауыш

Домбыраны қолға алсам, Ағылған жыр мен күй көрем. (Ж..)Өсер малда өлім жоқ.

Айтар сөзім осы.

 

Айтатын адамды іздеу керек.

4. Толықтауыш

Ұялғанды, жауап айтпағандыкешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. (М.Әуезов)

 

 

5. Пысықтауыш

Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді. (М.Әуезов)

 

 

 

         б) Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады:




  

Өткен шақ                                Болжалды келер шақ                             










  

-ған/-ген                                 -ар/-ер/-р  

-қан/-кен                                -с

                           

Ауыспалы өткен шақ                            Мақсатты келер шақ

                                              

атын/-етін                                       -мақ/-мек

-йтын/-йтін                                                 -бақ/-бек

                                                        -пақ/-пек

 

         в) Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздық мағына беріледі







  

-ған/-ген/-қан/-кен                                              барған емес

                                                                              барған жоқ

-ар/-ер/-р/-с                             +   емес     =        барар емес

                                                 +   жоқ      =

атын/-етін/-йтын/-йтін                                       баратын емес

                                                                                                                         

 

-ған/-ген/-қан/-кен        +      жоқ    =    барған жоқ         

 

                      

IV.  Мәтінмен жұмыс.

1. Мәтінді мәнерлеп оқу.    

2. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

3. Мәтіннен есімшелерді табыңыздар.

                                      

Қазақ халқының ән өнері

Қазақ халқы әнге бай. Біржан сал, Ақан сері, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай тағы басқа әнші-композиторлар өшпес рухани байлық қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, құлақтан кіріп бойды алатын әсем әндер сыйлаған. Қазақ мерекесі, қазақ мәжілісі, ырымы, дастарханы мен отырысы ешқашан ән мен күйсіз өткен емес. Ән – адамның ой-сезімін білдіретін, тәрбиелейтін өнер жанры. Ән адамды қуантатын, мұңайтатын, жылататын өнер.

Біздің заманымыздың композиторлары: Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Шәмші Қалдаяқов, Сейдолла Бәйтереков, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев т.б. тамаша әндер жазған.

V. Кітаппен жұмыс.

         Оқулықтан 250-жаттығуды орындату. Жұптық жұмыс.

І қатар

ІІ қатар

ІІІ қатар

Берілген мәтіннің мазмұнын айтады

Есімшелерді табады.

Есімшелерді түбір мен қосымшағ ажыратады.

 

251-жаттығу.Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.

Үлгі: есімше – түсінгенге: түбірі – түсін, - ген – есімшенің жұрнағы, өткен шақты білдіреді, - ге – барыс септігінің жалғауы.

Түсінгенге сөздерім

Құлағына хат болар.

Түсінбейтін жаманға,

Мал қимайтын сараңға,

Айтқаның мен айтпаған

Бәрі бірдей сап болар.

Қалағандарың сөз болса,

Мен жырлауға дайынмын.

Кәріліктің белгісі –

Көңілдің қошы келмеген.

Жалғыздықтың белгісі

- Өзіне өзі сенбеген.

Сақилықтың белгісі –

Халықтың қамын көздеген.

                 (Ақтан Керейұлы)

 

VI. Мақалдарды аяқтап, есімшелерді тап.

1.Өнерлі жігіт өрге озар,

   Өнерсіз жігіт жер соғар.

2.Білекті бірді жығар,

   Білімді мыңды жығар.

3.Сөз тапқанға қолқа жоқ.

4.Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

5.Көз жетпеген жерге сөз жетеді.

6.Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені,

    Еменнің  иілгені – сынғаны.

2. Айтылған сөз – атылған оқ.

8. Қарға сұңқар болмас, есек тұлпар болмас.

9. Арғымақ аттың баласы,

    Аз оттар да, көп жусар.

    Азамат ердің баласы

    Аз ұйықтар да, көп жортар.

10. Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.

VII.  Бекіту жұмыстары:

 

1-тапсырма. Кестеңі толтырыңыз.

 

Жақ

Өткен шақ

Келер шақ

1

Жаз+ған+мын

Жаз+ар+мын

2

 

 

2-с

 

 

3

 

 

2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. RAFT стратегиясы

Рөл                                            Оқушы

Аудитория                                Сынып

Форма                                       Хат, ойтолғау

Тақырып                                   Анашым

 

 

3-тапсырма. Мәтіннен есімшені тауып, қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

 

 

                                                     Музыка өнері

Музыка мәдени тәрбиелік роль атқарады. Адам сезімін, ойын дыбыс арқылы суреттейді. Қазақтың көне музыка өнерінің өкілдері - Әбу-Насыр-Әл–Фараби, Қорқыт, Қазтуған, Асан қайғы. Қазақтың 50-ден астам музыкалық аспабы болған. Оның ішінде домбыра, шаңқобыз, сырнай,сыбызғы аспаптары кең тараған. Бүгінгі күнде әр үйдің төрінен орын алатын қазақтың қара домбырасы әлемге әйгілі аспап болып танылған.

         VIII. Үйге тапсырма:

Оқулықтан 252-жаттығуды орындау.

1-тапсырма. Құрамында есімше кездесетін бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар. Есімшелерге тұлғалық талдау жасаңдар.

 

2-тапсырма. Құрамында есімше сөз бар мақал-мәтел тауып жазыңдар. Есімшелердің мағынасын түсіндіріңдер.

         IX.  Оқушыларды бағалау

 

 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Есімше

Автор: Скендирова Гулбейне Айтбаевна

Дата: 12.11.2015

Номер свидетельства: 252152

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Саба?ты? та?ырыбы: "Есімше" 7 сынып "
    ["seo_title"] => string(37) "sabak-tyn-tak-yryby-iesimshie-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "211520"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431627011"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Есімше. Есімшенің жaсaлуы мен түрлері"
    ["seo_title"] => string(45) "iesimshie_iesimshienin_zhasaluy_mien_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "433873"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1508690274"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Еліміздегі сауықтыру орындары. Есімше"
    ["seo_title"] => string(43) "ielimizdieghi_sauyk_tyru_oryndary_iesimshie"
    ["file_id"] => string(6) "364043"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480446252"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Есімшенің сөйлемдегі қызметі"
    ["seo_title"] => string(36) "iesimshienin_soiliemdieghi_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "408721"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491995443"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Есімшені? жасалу жолдары"
    ["seo_title"] => string(28) "iesimshieninzhasaluzholdary1"
    ["file_id"] => string(6) "321960"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461476340"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства