kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Еліміздегі сауықтыру орындары. Есімше

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар еліміздегі сауықтыру орындары туралы, есімше жайлы түсінік ала отырып, ерекшеліктерін таниды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Еліміздегі сауықтыру орындары. Есімше»

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Акипова Сания Казезтаевна

ПӘНІ

Қазақ тілі

СЫНЫБЫ

8 «А», «Б»

МЕРЗІМІ


ТАҚЫРЫП

Еліміздегі сауықтыру орындары . Есімше


Мақсаты

Оқушылар еліміздегі сауықтыру орындары туралы , есімше жайлы түсінік ала отырып, оның ерекшеліктерін таниды .

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың мазмұнын талдайды, пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Тренинг, топтық және жұптық жұмыс, «Бағдаршам»

Қолданылатын ресурстар

Суреттер, тақта, стикерлер, ноутбук, үлестірмелі карточкалар

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг


«Ыстық алақан»

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне әдемі, жылы лебіздерін білдіреді Оқушыларды түрлі заттарды таңдау арқылы топтарға бөлу.

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, тренинг жасау арқылы сыныптағы ынтымақтастық атмосфера орнайды.


Білу


Жаңа тақырыпты ашып талдау.

Есімше туралы түсінік алу, талдау. Мысалдар арқылы өздері ереже шығарады.

Есімше – етістіктің ерекше түрі. Біріншіден, ол етістіктің түрі болғандықтан, міндетті түрде іс-қимылға, әрекетке қатысты болады. Мысалы: көрген, айтқан. Екінші жағынан, мағынасы іс-әрекетке қатысты болғанмен, олар есім сөздер орнына да жұмсала алады және есім сөздерше түрленеді. Мысалы, Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман.

Сонымен, іс-әрекеттік ұғымды білдіретін, әрі етістікше, әрі есім сөздерше түрлене алатын етістің түрі есімше деп аталады.

Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар қосылу арқылы жасалады:

-қан, -кен, -ген, -ған: ал-ған, көр-ген

-ар, -ер, -р: бар-ар, айт-ар

-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек: сен-бек, бар-мақ

-атын, -етін, -йтын, -йтін: сөйле-йтін, бар-атын


Оқушылар мысалдар арқылы ережені түсініп, бір-бірімен талдайды.

Есімшенің әр жұрнақтарына аз уақыт ішінде мысал келтіреді.

Түсіну

Топтық жұмыс


1-тапсырма

Мәтінмен жұмыс

1.Мәтінді оқушылармен бірге мәнерлеп оқу

2.Не жайлы айтылғанын талқылау

3.Сөздік жұмысы

Шипажай-санаторий

Емдік балшық-лечебная грязь

Құйқалы қырат – огромный холм

Бедер-рельеф

Жыра-овраг

Саяжол-аллея

Әлеует –потенциал

Шатқал-ущелье

Жайма шуақ – теплая пора

Оқушылар мәтінді топ ішінде оқып, талдайды.

Жаңа сөздермен танысып, біреуімен сөйлем құрастырады.



Қолдану

Жұптық жұмыс

ІІІ деңгей

Мәтін бойынша сұрақ дайындаңдар

Мәтіннен шипажайлардың атын теріп жазып, қайсысымен таныс екендеріңді айтыңдар.

Оқушылар мәтін бойынша сұрақтар дайындап, бір-біріне қояды.

Талдау

Жеке жұмыс

ІІ деңгей

Бос орындарға мәтін бойынша тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

Мәтінмен жұмыс жасай отырып, сөйлемдерді толықытырып жазады.

Жинақтау



Сөз тіркестерінен бірнеше сөйлем құраңдар, құрамында есімшелер болсын.

Емдік шаралары, шипажайға алдын ала жазылу, сауықтыру орындары, шипалы су, емдік балшық.


Сөз тіркестерінен сөйлем құрай отырып, ішінен есімшелерді табады.



Бағалау. Рефлексия

«Бағдаршам»

Оқушыларға үш түсті белгілер беріледі.

Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.

Сары түс-“Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.”

Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.»



Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін, көңіл-күйлерін жазады.

Үйге тапсырма

1-деңгей 60 бет «Мен білетін шипажай» тақырыбында диалог құрастыру

Күнделікке үй тапсырмасын жазады.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Еліміздегі сауықтыру орындары. Есімше

Автор: Акипова Сания Казезтаевна

Дата: 29.11.2016

Номер свидетельства: 364043


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства