7-бөлім. Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау мәдениет Тақырыбы: Ғаламтор біздің өмірімізде | Мектеп: С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектеп |
Мұғалімнің аты – жөні: Туктибаева Жанар Утегеновна |
Сынып: 7 «Д» | Қатысқаны: 11 | Қатыспағаны: |
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар: | 7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру 7.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу 7.2.6.1 кесте, диаграмма, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау; |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: мәтінді оқи алады Көбі: Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдайды. Кейбірі: кесте, диаграмма, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттайды; |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну, қолдану |
Тілдік мақсат | Мақсат үстеуі |
Күтілетін нәтиже: | Мәтінді оқи алады, сөйлемдерді талдай алады, ауызша жұмыстарда қолдана алады. |
Керекті ресурстар | Тапсырма парақшалары |
Оқыту әдістері | Түсіндіру, сипаттау, бейнетаспа, «Синектика», «Ойшыл екеу», «Бағдаршам» |
Бағалау критерийі | әлеуметтік – мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді; кесте, диаграмма, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттайды; |
Сабақтың барысы: |
Сабақ кезеңі | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының іс - әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
Сабақтың басы (2 – 5 минут) Психологиялық ахуал туғызу | Сәлем жаттығуы. Оқушыларды екі топқа бөлемін. 1 – топ 2 - топ | Мұғаліммен сәлемдеседі, оқушылар өздерін таныстырады, сәлемдеседі. |
Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексеру. Кемшіліктерді анықтаймын. Түзетемін. Үй тапсырмасын қорыту. Мәтін не туралы? Ғаламторды не үшін пайдаланады екенбіз? Мақсат үстеуі дегеніміз не? Мысал келтірейік. | Үй тапсырмасына 6 – бет, 7– тапсырма жоапар құруға берілгген. |
Ортасы (5-20 мин) | Қызығушылын ояту. Бейнетаспа көрсетемін. Соған қарап, сабақтың тақырыбын анықтайды. | Ғаламтордың зияны мен пайдасы ютуб желісінен |
Мағынаны тану | | |
тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру | Білім алушы: Дескриптор: Бейнетаспа көреді.. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру | Ғаламтордың зияны мен пайдасы |
| 1 – тапсырма. Тыңдалым. Айтылым. Бейнетаспадан не көрдік? Не түсіндік? Пайдасы қандай екен? Зияны қандай екен? Постерға түсіреміз. Зияны: қарым – қатынас деңгейі төмендейді. Уақыт өлтіреді. Жеткіншектердің санасын улайды. Пайдасы: оқуға қажет материалдарды алуға болады. Болашақтың дамуына үлес қосады. Алыс жердегі адамдармен жылдам хабар ала аласың. | Екі топ постерға ғаламтордың пайдасы мен зиянын түсіреді, қорғайды. |
| «Орнын тап». 2 – тапсырма. 1 – топ. Қажетті үстеулерді орнына қойып, сөйлемді толықтыру. Сөйлем мүшесіне талдау. Тапсырмадағы сұрақтың жауабын ......... айтпай қойдым. 2 – топ. «Ғаламтор» сөзіне синквейн құрайды. Ғаламтор. Жылдам, ақылды. Айқындайды, ізденеді, табады. Ғаламтордың өмірімізде маңызы зор. | Тақтаға бір оқушы орындайды. Сөйлем мүшесін табады. 2 – топ синквейн құрайды. |
| Жұптық жұмыс. «Ойшыл екеу». Айтылым. Екеуара ақылдасып, пікірін айтады. Ғаламтордың қызметтерін айтады. Ғаламтордың маңызы қандай? Ғаламтордың артықшылықтарын айтады. Қандай тиімді жағы бар? Ғаламторды қолдану мәдениетіне қатысты кемшіліктерді айтады. Ғаламтордың тиімсіз жағы қандай? Ғаламтордың тиімділігі туралы айтады. Оны тиімді ету үшін не істеу керек? | Өз ойларын айтады. |
| С деңгейінің тапсырмасы тапсырма. Сөйлемдерді аудар. 2 – тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір. | Тапсырма орыс тілінде, орындап шығады. |
| «Синектика». Өмірімізге ғаламтор енгелі адамдардың кітап оқуы азайып кетті. Қазір сіздер көркем – әдеби кітаптың атынан 7 – сынып оқушысына хат жазасыңдар. 3 минут Мақсат үстеуі болу керек. | Хат жазып, оқиды |
кесте, диаграмма, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау | Білім алушы: Дескриптор: - суреттегі негізгі ойды анықтайды; - суреттегі ойды сипаттап береді. | |
| Сабағымызды бекіту үшін қалыптастырушы бағалаудың тапсырмасы орындалады. 1-тапсырма Берілген суреттегі ойды қалай түсінесіз? Сипаттап беріңіз. | Суреттердегі ойды сипаттап береді |
Бекіту | Не білдік? Не үйрендік? Ғаламтор біздің өмірімзде қандай рөл атқарады екенмін. Пайдасы қандай екен? Зияны қандай екен? Зымыран сұрақтар. Біздің өмірімізде алатын өз орны бар? Ия Оның сайттары өте аз. Жоқ. Ғаламторда оқушыларға арналған саттар бар. Ия. Үйде компьютер жоқ болса комьпютер клубтарына барып отыруға болады. Ия. Ғаламторда аударма, түсіндірме сөздіктер жоқ. Жоқ. Ғаламтордан онлайн кітаптар оқуға болады. Ия Компьютерде көп отыру керек. Жоқ. Көмпьютерді 5 сағаттан артық пайдаланбау керек. Жоқ. | |
Үйге тапсырма | 10– тапсырма, 7 - бет | Диалог құрады |
Соңы (10 минут) Бағалау | Формативті бағалау. Оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды баға қоямын | |
Рефлексия | Рефлексия . «Бағдаршам» Қызыл түс - «Мен тапсырманы орындай алмадым» Сары түс – «Көңіл – күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым» Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым» | Бағдаршамның түсіне стикер жабыстырады. |