kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Класс:7 Ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы» Саба?ты? ма?саты: Білімділік:Отбасы т?рбиесі ?азіргі та?да?ы басты отбасы м?селені? бірі бол?анды?тан, оны шешу ба?ытында келелі істерге ?леуетін к?тере отырып, жа?а ?рпа?ты болаша? ?лтты т?рбиелеу бастамашы болу. Дамытушылы?: Адам бойында?ы ?намды, ?намсыз ?ылы?тарды ажырата отырып, ?деп ?ліппесін бойына дарыту, тіл байлы?ын, таным білімділігін арттыру. Т?рбиелік: ?дептілікке, ?азіргі кездегі кез келген затты? пайдасы мен зиянын ажырата білуге ?йрету сыпайылы??а т?рбиелеу. Саба?ты? т?рі: «Айту?а о?ай» ба?дарламасы т?ріндегі ток шоу. Саба?ты? ?дісі: пікірталас, ойтал?ы, с?ра? жауап. Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та, на?ыл с?здер, слайд, видеоматериалдар, та?та?а ?ла?атты с?здер жаз?ан пара?шалар ілінеді: «Тая?тау о?ай, т?рбиелеу ?иын», «Бала нені білсе жастан, ?ядан - ?ле ?лгенше соны таныр ?иядан». Саба? барысы: І.?йымдастыру ІІ. Негізгі б?лім М??алім с?зі: Отбасы – адам баласыны? алтын ді?гегі. ?йткені адам е? ал?аш шыр етіп д?ниеге келген с?тінен бастап, осында ер жетіп, отбасыны? т?рбиесін алады. Ата?ты ?аза? а?ыны ?асым Аманжолов ?зіні? жарына арна?ан бір ?ле?інде: Отбасы – ша?ын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер, дегені бар. Шынында, Отбасыны? адамзат ?рпа?ына деген ы?палы мен ?сер к?шін ?мірдегі бас?а еш н?рсені? к?шімен салыстыру?а болмайтындай. ?йткені ата-ананы? бала?а деген т?рбиесіні? орнын еш н?рсе толтыра алар емес. «Ел болам десе?, бесігі?ді т?зе» – деген на?ыл с?з отбасы т?рбиесіні? ма?ызын ай?ындатып т?р емес пе? И?, отбасы деген алтын ді?гекті? балалары елімізді? ?лтымызды? болаша? кепілі бол?анды?тан, оларды?, т?рбиелі ж?не білімді болуы отбасынан сусында?ан т?рбиесімен мектептен ал?ан т?рбиесі ?штасса ?ана саналы бала т?рбиеленеді. Болаша?ымыз б?лы??ыр болмас ?шін отбасы деген ша?ын мемлекетті? «т?рбие» деген саясатына баса к??іл б?лгеніміз ж?н. ?кені ты?дама?ан ?л, шешені? тілін алма?ан ?ыз, ?араусыз ?ал?ан бала, ж?мысбасты ата ана, ?ке-шешесі ара??а салынып кеткен отбасы, ?а?ыра?ан ?ара ша?ыра?та ?ал?ан ата мен ?же, тастанды балалар, ?арттар ?йін панала?ан ?лкендер. Б?лар б?гінгі ?о?амда кездесетін картиналар. Арине, біз к?пке топыра? шаша алмаймыз. ,«Тая?ты? екі ?шы бар» дегендей т?рбиені? жа?сы да, жаман да жа?тары бар. Біз осы жайында ?з ой - пікірімізді таразы?а салып к?рейік. Ендеше, б?гінгі бізді? «Айту?а о?ай» ток шоуыны? ?лгісіндегі ба?дарламамыз?а ?ош келді?іздер! Ал, ендеше б?гінгі ?она?тарымызбен таныс болайы?: Ата ана: Мектеп т?лімгері: ?леуметтік педогог: Психолог: Ж?ргізуші:Алдымен, ба?дарламамыз?а к?шпестен б?рын о?ушыларымызды? ойын білсек? Жалпы отбасы деген не? Амангелдиева Жанн?р: Мені? ойымша отбасы деген...Отбасы - сыйласты?, жарасты? орна?ан орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды с?ю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала т?рбиесіні? е? ал?аш?ы ?жымы.Отбасы деген с?з ота?асы ж?не отанасы,я?ни бізді? ата анамыз ж?не біз. Бізді? ата анамыз бізді осы жерде т?рбиелейді, ?сіреді ж?не адам болуымыз?а ?йыт?ы болады. Ж?ргізуші: Ал, енді б?гінгі та?ырыпта к?рсетіліп т?р?андай «Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы» дегенді ?алай т?сінеміз. Дендерова Аида: жа?а Жанн?рды? «Отбасы бізді? Отанымыз» дегенімен келісем. Біз отбасымызда т?рбие аламыз, ?семіз, ?неміз. «Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы» дегенді айтар болсам, біз ?з елімізді? болаша?ы бол?анды?тан отбасымыздан ал?ан т?рбиемізді жан жа?ты к?рсете отырып, жа?сы азамат пен азаматша болуымыз керек. Ж?ргізуші:рахмет, ал енді та?ырып бойынша ?арастырылатын м?селелерге к?шетін болса?, ?азіргі та?да отбасында т?рбие процесі ?алай ж?руде ж?не о?ан мектепті? ?сері? Осы орайда бізге ?она??а келіп отыр?ан ата анамыз ........................... ойын білсек Т?лімгер .................. ойын білдірсе Ал, енді бейнесюжетке назар аударайы? Мектеп м??алімі.... Ж?ргізуші: ?азіргі заман талабы бойынша, к?штен ?алмас ?шін, баласыны? ?амы ?шін ата аналар ?азіргі та?да ж?мысбасты болып кетті. Д?л ?азір ?арап отырса?, кез келген отбасында вахталы? ?діспен ж?мыс жасайтын тек ?ке ?ана емес, аналарда ж?мыс жасау?а тура келеді. ?рине б?л заман талабы. ?ымбатшылы? заманда отбасыны кішкене ?ана табыспен асырау м?мкін емес. Біра?та баланы? да ?араусыз ?алатынды?ын ?мытпауымыз керек. Ендеше, «ж?мысбасты ата ана, ?араусыз ?ал?ан бала» туралы ой ?рбітсек. Ата ана: ?леуметтік маман Ж?ргізуші: ?азіргі «ХХІ ?асыр білім мен ?ылымны? ?асыры болады» - деп Елбасымыз Н. ?. Назарбаев айт?андай, ?о?амымыз, жастарымыз заман талабына сай жа?а а?паратты? технологиямен ж?мыс жасау?а бет б?рып келеді. Соны? ішінде Интернет пен агентті? алатын орны жо?ары к?рсеткіште ?азір адамдар ?ызмет орнында да, ?йде де компьютермен ж?мыс істей береді. Оны? ?мірімізге, ке?інен енгені соншалы?ты, бала біткен ойыншы?пен емес, компьютермен ойнап, ?зіні? ?міртанымын ?аламторда?ы желі ішінде ?алыптастырады. Себебі, еш?андай ата ана баласын к?штен ?алдыр?ысы келмейді, жа?сы к?реді, баласыны? дегенін істейді. Сонды?тан ?азір біз, о?ушыларды? ?олынан таба?тай планшеттерді, «Айпад», «Айфон» сия?ты ба?алы телефондарды к?руімізге болады. ?азіргі балаларды ?ке-шеше, ата-?желері емес, интернет желілері, «Айпад», «Айфон» т?рбиелеп жат?анын к?ріп ?ынжыласы?. ?азіргі жа?а а?параттандыру заманында?ы о?ушыларды? «интернетке т?уелдігіні?» жа?сы - жаман жа?тары туралы ?з ой - пікірімізді таразы?а салып к?рейік. О?ушылар пікірлері ты?далады: С?ра?тар: 1.K?ніне ?анша уа?ыты?ды компьютерде, интернетте ?ткізесі?? 2. Интернетті? зиянды жа?тарын ойлады? ба? Ке?ес М: Мен ?шін интернет ж?не агент пайдалы. Барлы? ж?мысымды агентпен бітіремін, ол м?дениеттілікті? негізі, достары?мен ?немі байланыста боласы?, жа?а достар табасы?. Мен ?зімді агентсіз елестете алмаймын. Ал енді бейне материал?а назар аударайы?. Ж?ргізуші:?азіргі уа?ытта о?ушылар арасында агентшілерді? ?атары ?ар?ындап артуда. Мобильді н?с?асы ?осыл?алы балалар ?осыл?ан телефонын ??ша?тап ?йы?тайды, соны ??ша?тап оянады. ?сіресе, жас?спірімдер. ?азіргі о?ушыларды? к?п кіретін Mail. Ru ж?не В Контакт компаниясыны? м?ліметінше, айына 30 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны 2 миллион адам ?олданады екен. Б?гінде агент секілді жастарды? іш пыстырмайтын ермегіне айнал?ан т?різді. Тілек?абылов: Интернет ??ымы ХХ ?асырды? ая?ында пайда болса да, ж?рдек пойызды? жылдамды?ын еске салатындай жедел ?ар?ынмен ке? ?анат жайып келеді. ?йгілі Ер Т?стік ертегісінде Т?стік жыл санап емес, ай санап, к?н санап ?сіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Т?стікті? ер жетуі сия?ты дамып отыр?ан бір сала болса, ол - б?кіл?аламды? желі - Интернет деп санар едім. Б?л к?нде Интернетті т?ра?ты пайдаланушылар саны б?кіл ?лем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Б?л - жер шарын мекендейтін халы?ты? т?рттен бір б?лігі ?аламтор игілігін ?з к?десіне жаратуда деген с?з. Д?йсемалиева На?има: Менде интернет туралы ойымды білдіретін болсам. Интернетте к?птеген пайдалы да ?ажетті а?параттарды табу?а болады 1. Алысты жа?ындату 2. ?о?ам?а (адам?а) байланысты м?мкіншіліктерді арттыру. 3. Сана - сезімді жо?арылату. 4. Ізденіс талпыныс?а ?ашы?ты?тан о?у ба?дарламаларына с?ранысты арттыру. 5. ?ажеттілікті толы?ымен ?ана?аттандыру. 6. Дамы?ан мемлекеттермен те? д?режеде б?секелесу. 7. ?лемде болып жат?ан жа?алы?тардан сол с?тте хабардар болу. 8. Халы?тар?а т?рлі жолдармен к?мек к?рсету. 9. Интернет ар?ылы м?тінді, хабарламаны, ??жаттарды, фото, аудио, видео материалдарды ?абылдап алу?а не керісінше жіберуге болады; 10. К?н сайын емес, са?ат сайын, с?т сайын б?кіл ?лем жа?алы?тарымен танысып отыру?а; - Кез келген та?ырып?а ?атысты материалдар, аны?тамалар алу?а; - ?ашы?ты?тан о?у?а, я?ни ?йде отырып білім алу?а; - ?ызмет т?рлерін ?сыну?а, тауар сатып алу?а не сату?а; - ?аржылы? операциялар жасау?а; Табылды Альбина: Интернеттен к?птеген жапа шегеміз деп ?ол ?усырып отыра берсек, оны? м?мкіндіктеріне шектеу ?ойса?, ?рине ал?а баспаймыз. Керісінше біртіндеп ??лдырай береміз. Оданда ондай ?иыншылы?тармен к?ресе отырып, ал?а ?мтылу жолдарын ?арастыр?анымыз ж?н. Интернетті? пайдасы к?п. Интернет ар?ылы біз бас?а ?алада?ы болсын, бас?а елдегі болсын алыста?ы достарымызбен с?йлесе аламыз. Мысал?а, ?стаздар берген реферат, м?нжазба, соларды? б?рін мен интернет ар?ылы таба аламын. Кітапхана?а барып ж?рмей мен ?йдегі интернеттен іздеймін. Интернетті? пайдасы мен ?шін ?те зор Ж?ргізуші: осы?ан байланысты м??алім ?она?тарымыз не дер екен? Назар аударайы?. М??алім: ?азіргі кезде инновациялы? технологияларды ?олдану аясын ке?ейту бізді? басты ма?сатымыз. Оны? ішінде интернет ж?йесіне баса назар аударылып отыр. Алайда б?гінде о?ушылар, ?лкенді кіші адамдар интернет ж?не агент ар?ылы хат алысып танысады. О?ушыны? барлы? ой - ?рісі ?олында?ы телефонда, не компьютерде. Б?л баланы? ой - ?рісіні? дамуына кедергі келтіреді, жан - жа?ты ?мірге деген талпынысына шектеу ?ояды. С?здік ?оры, к?ркем с?йлеу тілі т?мендейді. Интернетті д?рыс ма?сат?а пайдаланса?, ісі? де о?ынан болады, ??лашы? да ке?ге жайылады. Ендігі бір м?селе - Интернетке т?уелділік. Демек, Интернетті ?ажетіне ?арай, шамамен пайдалана білу м?дениетін ?алыптастыру да к?п ойланатын д?ние. Осы т?ста, бала?а к??іл б?летін ата ана керек. Ол ата ана баланы? ?асында болса жа?сы, ол бала ?шін не ?олы бос емес, не ж?мысбасты, не та?ы да бас?а м?селе кездесіп ?алу м?мкін. Ендеше б?гін бізге ?она??а келіп отыр?ан д?рігерімзге ?ояр с?ра?тары?ыз болса: Есенгелдина Айсезім: Интернетті? адам зенсаулы?ына ?андай зияны бар? Д?рігер: К?нделікті ?мірдегі байланыс?а деген ?ажеттілігі туралы айтпаса? та болады. Дегенмен де интернетті? жа?сылы?тарымен бірге келе?сіз жа?тары да барын естен шы?арма?анымыз ж?н. Интернетке ?осылу ?шін ?рине бізге компьютер керек. Ал, ?р к?нін компьютер алдында ?ткізу денсаулы??а зиян екенін білесіздер ме? Ол адам а?засына ?ауіп т?ндірумен ?атар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Интернетті? бала денсаулы?ына зияны? Е? алдымен, баланы? к?ру ?абілеті т?мендейді, себебі, б?лшы? еттері ?атайма?ан жас?спірімні? к?здері шаршайды. Компьютер алдында к?п отыру жас балдыр?анны? омырт?а с?йегін за?ымдайды. ?оз?алыссыз отыру, ?олмен ?ана біры??ай ж?мыс істеу, содан а?за?а салма? т?суі баланы? ж?йке ?ызметін б?зып, мойнына т?з бен суы?ты? жиналуына (остеохондроз) ?сер етеді. Жамбас с?йекті? ?немі ?оз?алыссыз ?алуы ?абынуы (простатит) мен то? ішектегі тамырды? ке?еюі (геморрой) ауруына ?шыратады. Ми ?ызметіне де кері ?сер етеді, ойлау ?абілетіні? т?мендейді, к??іл б?лу мен есте са?тау кемиді, бас ауруы мен ?й?ысызды?, к??іл к?йді? ??лазуы жиі бай?алады. Гормональды? тепе-те?дікті б?зады, иммунитетті нашарлайды. ?р т?рлі ??мар ойындары, зиянды ба?дарламаларды? к?птігі алая?тар мен хакерлер жастарды ?аламтор?а т?уелді етіп, б?лы??ыр ?арым-?атынас, виртуальды ?лемге ?ызы?тырып, а?ыл-ойы ?лі ?алыптаспа?ан ?л-?ыздарымызды еліктіріп, есінен айырады Та?ыда с?ра?тары?ыз болса... Сабыр?алиев Балуан: мені? психолог маман?а с?ра?ым бар, интернет адам?а психологиялы? т?р?ыдан ?андай ?сері бар? Психолог: Компьютерлік ойындар?а келсек, оларды? ?аншалы?ты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс - шабыс, та?ы бас?а ?ант?гу, жауызды? та?ырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оны? психологиясына ?андай жаман ?сер беретінін ?здерімізде білесіздер. ?дайы ойна?ан баланы? миында ойынны? мазм?ны, ?діс - т?сілдері еніп, жаман ?ылы?, тіпті ?ылмыс?а да баратын болады. А?ша табу ?шін компьютерлік ойындарды жарнамалап, о?ушы балаларды ?здеріне тарта бастап, жаман ?ылы?тар?а ба?ыттайды. Шектен шы??ан ойынпазды? дерті – «лудомания» деп аталады. тагы бір айтатын жа?дай, жастар агентке ?уестеніп, мания сынды психикалы? ауру?а душар болуы м?мкін дейді. Агентомания – психикалы? т?уелділік. Кез келген а?парат пайдалы болып келе бермейді. ?йткені ол к?зге к?рінбейтін бас?а компьютер алдында ?андай адамны? отыр?анын білмейді. О?ушылар кейінгі зардаптарын ойласа, агентке ??л болмау жолын ойлау керек. Агентомания?а ем сол агентке жоламау, тек таныс адамдармен ?ана байланысу, ?зіне пайдалысын жасау. Агентке тек ?зі?е керек кезінде ?ана ?олдану, уа?ытпен санасу, компьютер алдында белгілі уа?ыт аралы?ында отыру. Міне, сол ар?ылы не бір ?ятсыз к?ріністер к?реді, интернет ар?ылы танысады. Мектеп жасында?ы баланы? саба??а дайындал?аннан г?рі к?п уа?ытын ?ялы телефонына ??ілумен ?ткізеді. Ол неге ??іле береді десе?, ?рине ол ішіне саба?ын жазып ал?ан жо?. Небір т?рлі ?ыр?ын атыс - шабыс ойынын, ?згелермен танысу, ?ятты к?ріністер ?арайды. Міне, содан барып, ол баланы? ?мірге к?з - ?арасы психологиясы ?згереді. ?рлы? - зорлы? к?бейеді. Жас бала еліктегіш келеді. ?р жаман затты к?рген сайын, естіген сайын оны? бір ?ш?ыны адам бойында ?ялап ?алмай ма? Интернет ойындарынан бас?а да ?зімізді? ?лтты? ойындарымыз бар, соны неге ойнамас?а? Асы? ойнау, к?рес, ?ол к?ресі, волейбол, футбол сия?ты к?п ойындар бар. Біз б?лмеде ты?ылып компьютерлік ойынды ойна?анша, далада таза ауа ж?тып, к?пшілікпен к??іл к?теріп, денемізді шыны?тырып, сау бол?анымыз?а не жетсін. Ты?да?андары?ыз?а рахмет. ІІІ.Сергіту с?ті: Та?та?а «Тілек а?ашы» ілінеді о?ушылар онда ?здеріні? тілектерін жабыстырады. Е?сепова Айзаданы? орындауында ?сем ?н: «?ке» Ж?ргізуші: ХХІ ?асыр жастарды?, жа?а а?паратты? технологияларды? ?асыры. Ендеше ?асырды? сыйынан ?алыс ?алмайы?. К?пке топыра? шашудан аула?пын, «Бес сауса? бірдей емес» демекші, б?гінгі ба?дарламамыз ж?нінде ?ркім ?р?алай ой ?рбітер. Е?сесі биік, егеменді елімізді? адамды?ты ту еткен ал?ыр ойлы ?л - ?ыздары к?п бол?ай.Ендеше, балаларымыз саналы азамат болсын деп мен б?гінгі «Айту?а о?ай» ба?дарламасыны? межесіне жеттім. Сау саламатта болы?ыздар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы» »

Класс:7

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы тәрбиесі-ұлт болашағы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Отбасы тәрбиесі қазіргі таңдағы басты отбасы мәселенің бірі болғандықтан, оны шешу бағытында келелі істерге әлеуетін көтере отырып, жаңа ұрпақты болашақ ұлтты тәрбиелеу бастамашы болу.

Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным білімділігін арттыру.

Тәрбиелік: Әдептілікке, қазіргі кездегі кез келген заттың пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: «Айтуға оңай» бағдарламасы түріндегі ток шоу.

Сабақтың әдісі: пікірталас, ойталқы, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, слайд, видеоматериалдар,

тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле өлгенше соны таныр қиядан».

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру

ІІ. Негізгі бөлім


Мұғалім сөзі:

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер,

дегені бар. Шынында,

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?

Иә, отбасы деген алтын діңгектің балалары еліміздің ұлтымыздың болашақ кепілі болғандықтан, олардың, тәрбиелі және білімді болуы отбасынан сусындаған тәрбиесімен мектептен алған тәрбиесі ұштасса ғана саналы бала тәрбиеленеді.

Болашағымыз бұлыңғыр болмас үшін отбасы деген шағын мемлекеттің «тәрбие» деген саясатына баса көңіл бөлгеніміз жөн. Әкені тыңдамаған ұл, шешенің тілін алмаған қыз, қараусыз қалған бала, жұмысбасты ата ана, әке-шешесі араққа салынып кеткен отбасы, қаңыраған қара шаңырақта қалған ата мен әже, тастанды балалар, қарттар үйін паналаған үлкендер. Бұлар бүгінгі қоғамда кездесетін картиналар.

Арине, біз көпке топырақ шаша алмаймыз. ,«Таяқтың екі ұшы бар» дегендей тәрбиенің жақсы да, жаман да жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік. Ендеше, бүгінгі біздің «Айтуға оңай» ток шоуының үлгісіндегі бағдарламамызға қош келдіңіздер!

Ал, ендеше бүгінгі қонақтарымызбен таныс болайық:

Ата ана:

Мектеп тәлімгері:

Әлеуметтік педогог:

Психолог:


Жүргізуші:Алдымен, бағдарламамызға көшпестен бұрын оқушыларымыздың ойын білсек? Жалпы отбасы деген не?

Амангелдиева Жаннұр:

Менің ойымша отбасы деген...Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасы деген сөз отағасы және отанасы,яғни біздің ата анамыз және біз. Біздің ата анамыз бізді осы жерде тәрбиелейді, өсіреді және адам болуымызға ұйытқы болады.


Жүргізуші: Ал, енді бүгінгі тақырыпта көрсетіліп тұрғандай «Отбасы тәрбиесі-ұлт болашағы» дегенді қалай түсінеміз.

Дендерова Аида: жаңа Жаннұрдың «Отбасы біздің Отанымыз» дегенімен келісем. Біз отбасымызда тәрбие аламыз, өсеміз, өнеміз. «Отбасы тәрбиесі-ұлт болашағы» дегенді айтар болсам, біз өз еліміздің болашағы болғандықтан отбасымыздан алған тәрбиемізді жан жақты көрсете отырып,
жақсы азамат пен азаматша болуымыз керек.


Жүргізуші:рахмет, ал енді тақырып бойынша қарастырылатын мәселелерге көшетін болсақ, қазіргі таңда отбасында тәрбие процесі қалай жүруде және оған мектептің әсері?


Осы орайда бізге қонаққа келіп отырған ата анамыз ........................... ойын білсек


Тәлімгер .................. ойын білдірсе


Ал, енді бейнесюжетке назар аударайық

Мектеп мұғалімі....


Жүргізуші:

Қазіргі заман талабы бойынша, көштен қалмас үшін, баласының қамы үшін ата аналар қазіргі таңда жұмысбасты болып кетті. Дәл қазір қарап отырсақ, кез келген отбасында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын тек әке ғана емес, аналарда жұмыс жасауға тура келеді. әрине бұл заман талабы. Қымбатшылық заманда отбасыны кішкене ғана табыспен асырау мүмкін емес. Бірақта баланың да қараусыз қалатындығын ұмытпауымыз керек. Ендеше, «жұмысбасты ата ана, қараусыз қалған бала» туралы ой өрбітсек.

Ата ана:

Әлеуметтік маман


Жүргізуші:

Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады.

Себебі, ешқандай ата ана баласын көштен қалдырғысы келмейді, жақсы көреді, баласының дегенін істейді. Сондықтан қазір біз, оқушылардың қолынан табақтай планшеттерді, «Айпад», «Айфон» сияқты бағалы телефондарды көруімізге болады. Қазіргі балаларды әке-шеше, ата-әжелері емес, интернет желілері, «Айпад», «Айфон» тәрбиелеп жатқанын көріп қынжыласың.

Қазіргі жаңа ақпараттандыру заманындағы оқушылардың «интернетке тәуелдігінің» жақсы - жаман жақтары туралы өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік.


Оқушылар пікірлері тыңдалады:

Сұрақтар:

1.Kүніне қанша уақытыңды компьютерде, интернетте өткізесің?

2. Интернеттің зиянды жақтарын ойладың ба?


Кеңес М: Мен үшін интернет және агент пайдалы. Барлық жұмысымды агентпен бітіремін, ол мәдениеттіліктің негізі, достарыңмен үнемі байланыста боласың, жаңа достар табасың. Мен өзімді агентсіз елестете алмаймын.

Ал енді бейне материалға назар аударайық.

Жүргізуші:Қазіргі уақытта оқушылар арасында агентшілердің қатары қарқындап артуда. Мобильді нұсқасы қосылғалы балалар қосылған телефонын құшақтап ұйықтайды, соны құшақтап оянады. Әсіресе, жасөспірімдер. Қазіргі оқушылардың көп кіретін Mail. Ru және В Контакт компаниясының мәліметінше, айына 30 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны 2 миллион адам қолданады екен. Бүгінде агент секілді жастардың іш пыстырмайтын ермегіне айналған тәрізді.


Тілекқабылов:

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.

Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

Дүйсемалиева Нағима: Менде интернет туралы ойымды білдіретін болсам. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады

1. Алысты жақындату

2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.

3. Сана - сезімді жоғарылату.

4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.

5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.

6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.

7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.

8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.

9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;

10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;

- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;

- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;

- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;

- Қаржылық операциялар жасауға;

Табылды Альбина:

Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн.

Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор


Жүргізуші: осыған байланысты мұғалім қонақтарымыз не дер екен? Назар аударайық.


Мұғалім:

Қазіргі кезде инновациялық технологияларды қолдану аясын кеңейту біздің басты мақсатымыз. Оның ішінде интернет жүйесіне баса назар аударылып отыр. Алайда бүгінде оқушылар, үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып танысады. Оқушының барлық ой - өрісі қолындағы телефонда, не компьютерде. Бұл баланың ой - өрісінің дамуына кедергі келтіреді, жан - жақты өмірге деген талпынысына шектеу қояды. Сөздік қоры, көркем сөйлеу тілі төмендейді.

Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады.

Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік.

Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние. Осы тұста, балаға көңіл бөлетін ата ана керек. Ол ата ана баланың қасында болса жақсы, ол бала үшін не қолы бос емес, не жұмысбасты, не тағы да басқа мәселе кездесіп қалу мүмкін.


Ендеше бүгін бізге қонаққа келіп отырған дәрігерімзге қояр сұрақтарыңыз болса:

Есенгелдина Айсезім: Интернеттің адам зенсаулығына қандай зияны бар?


Дәрігер: Күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.

Интернеттің бала денсаулығына зияны?

Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.

Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.

Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.

Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтау кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.

Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.

Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады


Тағыда сұрақтарыңыз болса...

Сабырғалиев Балуан: менің психолог маманға сұрағым бар, интернет адамға психологиялық тұрғыдан қандай әсері бар?

Психолог:

Компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс - шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс - тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Шектен шыққан ойынпаздық дерті – «лудомания» деп аталады.

тагы бір айтатын жағдай, жастар агентке әуестеніп, мания сынды психикалық ауруға душар болуы мүмкін дейді. Агентомания – психикалық тәуелділік. Кез келген ақпарат пайдалы болып келе бермейді. Өйткені ол көзге көрінбейтін басқа компьютер алдында қандай адамның отырғанын білмейді. Оқушылар кейінгі зардаптарын ойласа, агентке құл болмау жолын ойлау керек. Агентоманияға ем сол агентке жоламау, тек таныс адамдармен ғана байланысу, өзіне пайдалысын жасау. Агентке тек өзіңе керек кезінде ғана қолдану, уақытпен санасу, компьютер алдында белгілі уақыт аралығында отыру.

Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс - шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз - қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық - зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма?

Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

ІІІ.Сергіту сәті:

Тақтаға «Тілек ағашы» ілінеді оқушылар онда өздерінің тілектерін жабыстырады.

Еңсепова Айзаданың орындауында әсем ән: «Әке»


Жүргізуші: ХХІ ғасыр жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Көпке топырақ шашудан аулақпын, «Бес саусақ бірдей емес» демекші, бүгінгі бағдарламамыз жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адамдықты ту еткен алғыр ойлы ұл - қыздары көп болғай.Ендеше, балаларымыз саналы азамат болсын деп мен бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасының межесіне жеттім. Сау саламатта болыңыздар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы»

Автор: С?йен?али Жар?ынай С?йен?али?ызы

Дата: 17.01.2015

Номер свидетельства: 157065


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства