kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тілім-менің тірегім.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Демеева Туракан Алешовна бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Тілім-менің тірегім.                                                                    Құндылық: Сүйіспеншілік          Қасиеттер: құрметтеу, қастерлеу, мақтан ету.

Мұғалім:Байлыева Жұлдызай Бақытжанқызы.

ІІІ-деңгей бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілік құндылықтарын арттыра отырып, ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

 Сабақтың міндеттері:

- Ана тілін құрметтей, қастерлей білуге үйрету;

- Тілге, елге деген құрметі мен құштарлығын арттыру

- Ана тілін, өз елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресурстар (Материалдар, дереккөздер, әдістемелік құрал, ғаламтор, оқулық, дәптер, суреттер, музыка)

Сабақтың барысы: Балалар алты топқа бөлініп отырады.

1. Ұйымдастыру кезеңі.  Сабақтағы жағымды күйге келу.

Тыныштық сәті. Орманға ойша серуен.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып,терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды,дәлізбен өтіп далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді, басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер,гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті.Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны дінінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз.Келген жолыңызбен кері қайтыңыз,жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз

Ескертулер

(Баяу әуен ырғағы)

2. Үйтапсырмасынтексеру:

Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңін немесе

С. Кәттебайұлының «Ана тілім» өлеңін жаттау.

Өзін-өзі тану оқул

2-сынып «Бөбек», Алматы-2017

3. Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

Мұғалім дәйексөзді тақтаға жазып, одан соң өзі оқып береді. Сыныптағы оқушылар хормен оқиды. Әр топтан бір оқушы дауыстап оқиды. Балалар дәйексөзді жұмыс  дәптерлеріне жазып алады.

          Сүйемін туған тілді, анам тілін,

          Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.         

                                                                С.Торайғыров

1.Балалар, осы дәйексөзден не түсіндіңдер?

2.Неліктен тілді ана тілімен байланыстырып айтамыз?

3.Қандай адам өз тілін құрметтейді деп ойлайсыңдар?                                                                  2.Тағы қандай қанатты сөздер білесіңдер?   

Осы дәйексөз С.Торайғыровтың тіл туралы өлеңінің бір шумағынан алынғанын айта отырып, ақын туралы қысқаша мәлімет беріп, өлеңнің соңғы екі жолын оқып беремін.

Шыретіпжергетүскенминутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

 - деп ақиық ақын Сұлтанмахмұт  Торайғыров жырлағандай, тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да қылып көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтып жүрсек адамдар арасында сыйлы да қадірлі бола білесіңдер. Өз тіліңді жетік біліп оны дамыта алсаң, өз халқыңды басқа ұлттарға таныта аласың, тіліңді өсіресің, егер сен ана тіліңде  сөйлемесең, тілңді өшіресің, сондықтан да барлығымыз  өзіміздің ана тілімізде сөйлеп, оны қастерлеп, қадір-қасиетіне жете білейік. Себебі, тіл-халық тарихы, тіл –ұлттық қазынамыз.Біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз да осы ана тіліміз болып табылады.

Ақын, жазушы, ағартушы.

28.10.1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. 21.05.1920 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеден озған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тілім-менің тірегім.»


Демеева Туракан Алешовна бастауыш сынып мұғалімі


Тақырыбы: Тілім-менің тірегім. Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: құрметтеу, қастерлеу, мақтан ету.

Мұғалім:Байлыева Жұлдызай Бақытжанқызы.

ІІІ-деңгей бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілік құндылықтарын арттыра отырып, ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

- Ана тілін құрметтей, қастерлей білуге үйрету;

- Тілге, елге деген құрметі мен құштарлығын арттыру

- Ана тілін, өз елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресурстар (Материалдар, дереккөздер, әдістемелік құрал, ғаламтор, оқулық, дәптер, суреттер, музыка)

Сабақтың барысы: Балалар алты топқа бөлініп отырады.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.

Тыныштық сәті. Орманға ойша серуен.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып,терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп , есікті ашқаныңызды,дәлізбен өтіп далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді, басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер ,гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті.Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны дінінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз.Келген жолыңызбен кері қайтыңыз,жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз

Ескертулер

(Баяу әуен ырғағы)

2. Үйтапсырмасынтексеру:

Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңін немесе

С. Кәттебайұлының «Ана тілім» өлеңін жаттау.

Өзін-өзі тану оқул

2-сынып «Бөбек», Алматы-2017

3. Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

Мұғалім дәйексөзді тақтаға жазып, одан соң өзі оқып береді. Сыныптағы оқушылар хормен оқиды. Әр топтан бір оқушы дауыстап оқиды. Балалар дәйексөзді жұмыс дәптерлеріне жазып алады.

Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

С.Торайғыров

1.Балалар, осы дәйексөзден не түсіндіңдер?

2.Неліктен тілді ана тілімен байланыстырып айтамыз?

3.Қандай адам өз тілін құрметтейді деп ойлайсыңдар? 2.Тағы қандай қанатты сөздер білесіңдер?

Осы дәйексөз С.Торайғыровтың тіл туралы өлеңінің бір шумағынан алынғанын айта отырып, ақын туралы қысқаша мәлімет беріп, өлеңнің соңғы екі жолын оқып беремін.

Шыретіпжергетүскенминутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

- деп ақиық ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да қылып көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтып жүрсек адамдар арасында сыйлы да қадірлі бола білесіңдер. Өз тіліңді жетік біліп оны дамыта алсаң, өз халқыңды басқа ұлттарға таныта аласың, тіліңді өсіресің, егер сен ана тіліңде сөйлемесең, тілңді өшіресің, сондықтан да барлығымыз өзіміздің ана тілімізде сөйлеп, оны қастерлеп, қадір-қасиетіне жете білейік. Себебі, тіл-халық тарихы, тіл –ұлттық қазынамыз.Біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз да осы ана тіліміз болып табылады.


Ақын, жазушы, ағартушы.

28.10.1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. 21.05.1920 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеден озған.

4. Оқиғаайту. (Мұғалімсыйлығы)

Сахналық көрініс: (Әңгімелеу, сахналау)

Қатысушылар: патша, мұғалім, уәзірлер, оқушылар.

Бұл жерде мұғалім алдын-ала патша мен узірлердің ролін ойнауға мектептегі мұғалімдерден немесе ата-аналардан көмек сұрап, оларды қонақ ретінде дайындап қоюға болады.

Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілік құндылықтарын арттыра отырып, ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады. С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі баяу оындалып тұрады.

Тілдер патшалығына саяхат

Патша:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен армандап, көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін. (Уәзірлері иіліп қақпаның есігін ашады.)

Мұғалім:

-Сонау 5-6 ғасырлардан бастап уақыт сынына төтепберіп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон-Енисей, Талас сына жазулары біздің қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденгенін айғақтайды.

Патша уәзірлерімен «Ғұламалар» қақпасына келеді. Бұл жерде қазақтың маңдайына біткен ұлт пен тіл жанашырлары, билер мен шешендер, ақындар мен жазушылар, батырлар мен арыстарының суреттерінен жасақталған топтамалар көрсетіледі. Балалар топ бойынша суреттегі ақын-жазушылардың, ұлт жанашырларының өз ана тіліне қатысты айтқан сөздері мен өлең шумақтарынан үзінді келтіреді.

«Ғұламалар» қақпасы

Мұғалім:

-Қазақ тілі – Төле, Әйтеке, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, М. Әуезов сияқты алып ақын-жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржандай атақты батырлардың тілі. С.Торайғыров, Ш.Уәлиханов, Т. Рысқұловтай арыстардың тілі.

Патша:

-Жарайсыңдар, балаларым, ендімен бір туған тілім туралы өлең тыңдасам ба деймін.

-Рахмет, балалар!

-Енді менің сендерге қояр екі сұрағым бар, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: жақсы, тыңдап отырмыз, біз бірлесіп шешуге әзірміз деп жауап береді.

Патша:

«Дүниеде не тәтті?

Дүниеде не ащы?»

- мұның мәнісі неде?- деп, оқушылардан сұрайды.

Балалар әрі ойланып, бері ойланып бір жауаптар айтып, бастары қатады, ақыры дұрыс жауапты таба алмаған соң, мұғалімінен көмек сұрайды. Мұғалім жауапты барлығына дауыстап оқып береді.

Мұғалім:

-О, хан, ием!

-Менің сүйікті шәкірттерім!

Дұрыс сөйлей білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады.

Сондықтан да дүниеде тіл – тәтті.

Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің кесірінен болған жара жазылмас. Сондықтан да дүниеде тіл – ащы.

Патша:

Ойпырмай-а! Тілдің құдіреті осы де. Балалар сендерге көп-көп рахмет! – деп берген жауапқа, оқушылардың тапқырлығына риза болыпты.

Өзін-өзі тану оқулығы

4-сынып «Бөбек», Алматы-2015,

Атақты билердің, ақын-жазушылардың, атақты батырлардың, тілге жанашыр арыстардың суреттері.


(«Ғұламалар» қақпасы деген тақтадағы атақты билердің, ақын-жазушылардың, атақты батырлардың, тілге жанашыр арыстардың суреттері)










(Осы жерде балалар үйге берілген

Д. Әбілевтің «Туған тілім» және

С.Кәттебайұлының «Ана тілім» өлеңін орындап береді)



5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Төмендегі берілген тапсырма топтық жұмыста орындалады. Әр топқа үлестірмелі қағаздарда жазылған осы мақал-мәтелдер таратылып беріледі. Балалар топпен біріге отырып көп нүктенің орнына тиісті сөздер тауып жазу және мақалдың мағынасын өз түсініктері бойынша ашып беру керек. Әр топтың жауабы тыңдалып болған соң, басқа топтар да бір-бірінің жауаптарын толықтыру үшін, алдыңғы оқушының жауабына ұқсамайтын қосымша ақпарат беру арқылы өз ойларын білдіруге құқылы болады.

1. Тапсырма:

1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен болмаса ..... (кішіден сұра)

2. Өнер алды - .... (қызыл тіл)

3. Жіптің ұзыны, сөздің ...... жақсы (қысқасы)

4. Піл күшті,

Піл күшті емес ..... күшті. (тіл)

5. Отыз тістен шыққан ...... (сөз)

Отыз рулы ..... тарайды (елге)

6. Жүйелі ..... – жүйесін табар, (сөз)

Жүйесіз .... – иесін табар. (сөз)

2. Тапсырма:

«Ана тілің - арың бұл» деген сөзді топпен түсіндіріп беріңдер.

Жаңа ақпарат:

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету – әрбіразаматтың міндеті.

Өзін-өзі тану оқулығы

2-сынып «Бөбек», Алматы-2017,


6. Топпен ән айту. Анамның тілі-аяулы үні

Өмірге келдім,

Анамды көрдім,

Деді ол: жаным,

Арайлы таңым.

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай,

Бал тілін, әнін.

Анамның тілі - айбыным менің,

Анамның тілі – ай-күнім менің!

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі – өмірді думан.

Мектепке келдім,

Ұстазды көрдім,

Тыңдадым сөзін,

Табынып, сүйіп.

Анамның тілі,

Аяулы үні,

Жүрекке нұрын,

Жіберді құйып.

Анамның тілі - айбыным менің,

Анамның тілі – ай-күнім менің!

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі – өмірді думан.


Сөзі:Ә. Тінәлиев

Әні: Ә. Тінәлиев.

7. Үй тапсырмасы.

Қадыр Мырза Әлидің «Өз елім» әнін жаттап келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

- Қане, балалар, алдыменен өзімізге ыңғайлы жағдайда отырып, бойымызды тік ұстап, денелерімізді түзу қалыпқа келтірейік. Енді, көздерімізді ақырын ғана жұмып, ойларымызды жинақтап, бүгінгі сабақта өзімізге ұнаған жағымды әсерлерді есімізге түсіріп сабағымызды аяқтаймыз. Барлықтарыңа көп-көп рахмет!



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Тілім-менің тірегім.

Автор: Демеева Туракан Алешовна

Дата: 11.06.2018

Номер свидетельства: 472937

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Сценарий торжественного мероприятия на день Независимости Республики Казахстан"
    ["seo_title"] => string(80) "stsienarii_torzhiestviennogho_mieropriiatiia_na_dien_niezavisimosti_riespubliki_"
    ["file_id"] => string(6) "381627"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484906296"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Т?еуелсіздік деп со?ады ж?регіміз"
    ["seo_title"] => string(35) "tieuielsizdikdiepsogadyzhurieghimiz"
    ["file_id"] => string(6) "272742"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452059101"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Конспект урока "Ж?регімде жа?сылы?""
    ["seo_title"] => string(36) "konspiekturokazhurieghimdiezhaksylyk"
    ["file_id"] => string(6) "300329"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456694825"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Елім деп соғар жүрегім""
    ["seo_title"] => string(28) "ielim_diep_sog_ar_zhurieghim"
    ["file_id"] => string(6) "384225"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485450853"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Т?рбие са?аты "Т?уелсіздік ел - тірегі" "
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik-iel-tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "146941"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419275372"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства