kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Фонетика тарауы бойынша

Нажмите, чтобы узнать подробности

ФОНЕТИКА

№10 саба?

Саба? та?ырыбы: Тіл дыбыстары туралы ??ым.

Саба?ты? ма?саты:  Тіл дыбыстары туралы бастауышта ал?ан білімдерін еске т?сіре отырып, тіл дыбыстары туралы жапы т?сінік беру.

Саба?ты?  дамытушылы? ма?саты:

алын?ан білімді  есте са?тау?а  да?дыландыру, логикалы? ойлау ?абілеттерін, на?ты, д?лелді с?йлеу да?дыларын дамыту.

Саба?ты?  т?рбиелік ма?саты:

Орындаталатын тапсырмалар ар?ылы бір-бірін ты?дау?а, сыйлау?а да?дыландыру. ?з е?бегін ?діл ба?алау?а т?рбиелеу.

Саба?ты?  типі:  жа?а саба?.

Саба?ты? ?дісі:  т?сіндіру, талдау, жатты?у орындау, ойлау, д?лелдеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: интербелсенді та?та, слайдттар.

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру  кезе?і:  О?ушыларды т?гендеу. О?у ??ралдарын тексеру.

ІІ. ?й тапсырмасын  тексеру: 230-жатты?у. Берілген шартын  толы? орындау.

ІІІ.Жа?а саба?:  Тіл дыбыстары дегенде ?андай т?сініктер ойлары?а келеді? Бастауыш сыныпта ?ткендері?ді естері?е т?сірі?дерші.

О?ушылардан к?тілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т.б.

С?здік ж?мыс (д?птерге жаз?ызу)

    Фонетика гректі? «фоне» деген с?зі негізінде ?олданыс?а енген. Фонені? ма?ынасы -дыбыс, ?н, дауыс. Фонетика-тіл біліміні? дыбысты? жа?ын зерттейтін  сала.

Проблемалы? с?ра? ?ою ар?ылы жа?а саба?ты т?сіндіру

Мына с?здерге назар аудартып, с?здерді? ?андай ?згеріске ?шырап т?р?анын айт?ызу:

Бас, тас, жас, ?ас, нас

Ескек, кек, ек

?ал- ла?, т?с- с?т, кел- лек

Интерактивті та?та ар?ылы   кестелерді пайдалана отырып, о?ушылармен бірге  жа?а саба?ты ме?геру

Тіл дыбыстары  кестедегі с?йлеу м?шелері ар?ылы жасалатынына назар аударту

О?улы?пен ж?мыс

235-жатты?уды ауызша  шарты бойынша орындау.

Тапсырма: Адас?ан ?ріптерді орнына ?ой. Кім жылдам?

і, м, б, л, і                                   ш, о, б, а, л, ?, а                   

к, р, е, м, т, е, е                          с, ?, з, а, т

к, т, е, м, е, т, е                           а, л, а, д

І?.Бекіту. Метаграмманы м?нерлеп о?ып, к?шіріп  жаз.

О??а ?арай о?ыса? да- бір халы?.

Сол?а ?арай о?ыса? да –бір халы?.

Бір буыным-??с,

Бір буыным-т?с

                                                   (?аза?,?аз,а?)

?.Рефлексия

Кестені толтыру

Не білемін?

Не білдім?

Нені білгім келеді?

?І. ?й тапсырмасын  тексеру:  1. Бір буынды с?здерді?  дауысты, дауыссыз дыбыстарын ?згертіп, жа?а с?здер ??ра?дар:     

ат, тал, сой, а?, ес, ін, ?л, к?н, ?а?, жаз.

2.Метаграммалар жазу

?ІІ.Ж?птар бір-бірін ба?алайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Фонетика тарауы бойынша»

ФОНЕТИКА

10 сабақ

Сабақ тақырыбы: Тіл дыбыстары туралы ұғым.

Сабақтың мақсаты: Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы жапы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Орындаталатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 230-жаттығу. Берілген шартын толық орындау.

ІІІ.Жаңа сабақ: Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.

Оқушылардан күтілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т.б.


Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу)

Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы -дыбыс, үн, дауыс. Фонетика-тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.


Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру

Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:

Бас, тас, жас, қас, нас

Ескек, кек, ек

Қал- лақ, түс- сүт, кел- лек

Интерактивті тақта арқылы кестелерді пайдалана отырып, оқушылармен бірге жаңа сабақты меңгеру















Тіл дыбыстары кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту






Оқулықпен жұмыс

235-жаттығуды ауызша шарты бойынша орындау.


Тапсырма: Адасқан әріптерді орнына қой. Кім жылдам?

і, м, б, л, і ш, о, б, а, л, қ, а

к, р, е, м, т, е, е с, ұ, з, а, т

к, т, е, м, е, т, е а, л, а, д


ІҮ.Бекіту. Метаграмманы мәнерлеп оқып, көшіріп жаз.

Оңға қарай оқысаң да- бір халық.

Солға қарай оқысаң да –бір халық.

Бір буыным-құс,

Бір буыным-түс

(қазақ,қаз,ақ)


Ү.Рефлексия

Кестені толтыру

Не білемін?

Не білдім?

Нені білгім келеді?





ҮІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:

ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.

2.Метаграммалар жазу

ҮІІ.Жұптар бір-бірін бағалайды.















11 сабақ

Сабақ тақырыбы:Қазақ әліпбиі

Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін және тарихымен таныстыру

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Өз ойларын ұшқыр ұтымды жеткізу тілдерін дамыту

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: қазақ әліпбиінің тарихымен таныстыру арқылы өз тілінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың ұстанымдарымен таныстыру. Слайдта жазылып тұрады.

1.Уақытында бастау

2.Белсенді болу

3.Ашық болу

4.Сөзді бөлмеу

5.Бір –бірімізді құрметтеп сыйлау


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:

ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.

2.Метаграммалар жазу.


ІІІ.Жаңа сабақ:

Балалар, әліпби дегенді қалай түсінесіңдер, бастауыш сыныптарда өткендеріңді еске түсіріңдерші. Тақтаға жазғызу






Мұғалім сөзі: Әліпби араб алфавитінің алғашқы екі әрпі- «алиф» пен «би» атауларының бірігуінен жасалған. Әріптердің жүйелі тізбегі.

Қазақ әліпбиі тарихының хронологиясымен таныстыру

жылдары

аталуы

Авторы

1912 -1929 жылдар

Араб әліпбиіне негізделген төте жазу

Ахмет Байтұрсынов

1929 жыл

Латын әліпбиі

Түркі,қазақ зиялылары

1940 жылдан осы уақытқа дейін

Орыс әліпбиі (кирилицца)

Қазақ,орыс зиялылары


Тапсырма: Оқулықтағы ережені пайдаланып кластерді толтыру

(интербелсенді тақтаны пайдалану)




















Тапсырма: Әріптерді әліпби ретімен жазу (Слайдтан өзін-өзі тексерту)


Тапсырма: 239- жаттығуды ауызша орындау. Ахмет Байтұрсынұлы туралы білетіндерін айтқызу.


Тапсырма: Жоғалған әріптерді қой. (Интербелсенді тақта арқылы орындалады)


Қ...за... ...азба м...ралар...ны... к...пш...лігі ара... ә...іпби... арқ...лы біздің ...ама...ымы...ға жет...і. 1912 жы...ы ...хмет Ба...тұр...ынов а...аб әліп...иін... н..гіз...елген қа...ақ жазуы...а ал...ғаш ре...орма жа...а...ы.


ІҮ.Бекіту. Мына сөздерді бас әріппен жазып, мағынасында қандай өзгеріс болғанын айтыңдар.

қанат, болат, берік, сәуле, әділ, бек, астана, тараз, раушан, райхан, алтын, күміс, самал,дидар.

Ү.Рефлексия

Мыны сандардың мәнісін айтыңдар (Слайдпен көрсетіледі)

42-

40-

2-

15-

26-

1912-

1929-

1940-

ҮІ.Үй тапсырмасы

1.239-жаттығуды шарты бойынша орындау

2.Басқа тілдердегі әліпбидегі әріптердің санын біліп келу

ҮІІ.Бағалау

Әр оқушы өз-өзін бағалайды











13 сабақ

Сабақ тақырыбы: Дауысты дыбыстар.Жуан,жіңішке дауыстылар

Сабақтың мақсаты: дауысты дыбыстар туралы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру .

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа даярлау. Екі топқа бөлу

Ә) Үй тапсырмасын тексеру

1. 239-жаттығуды шарты бойынша орындау

2.Басқа тілдердегі әліпбидегі әріптердің санын біліп келу (Сұрақ-жауап әдісі)


Б) Жаңа сабақ

1. топ Бастауыш сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, оқулықтағы ереже арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеру. Қорытындысы ретінде мынадай кестені толтыру


2 топ. Бастауыш сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, оқулықтағы ереже, Б.Ш. Кәтен- баева «Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау», М.Ә.Қараев «Қазақ тілі», Б.Қ.Қапасова «Оқушы анықтамасы» қосымша әдебиеттерден іздену арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеру. Қорытындысы ретінде мынадай кестені толтырып, топтар бір-біріне түсіндіреді.



Тапсырма: 1 топ. Дауысты дыбыстан басталатын сыныптағы оқушылардың есімін дәптерлеріне жазу. Ол дыбыстарға сипаттама беру

Үлгі: Әлия - ә -дауысты дыбыс, жіңішке

2. топ. Дауысты дыбыстардан басталатын өзен-көлдердің аттарын жазыңдар. Ол дыбыстарға сипаттама беру.

Үлгі: Алакөл – а –дауысты дыбыс,жуан


Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай бөлінуі



ЖУАН ЖІҢІШКЕ

(тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалады.) (тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалады.)

А,о,ұ,ы,(у) Ә,ө,ү,і,е,э,и,(у)


Қазақтың төл сөздерінің құрамындағы дауысты дыбыстар негізінен не бірыңғай, не бірыңғай жіңішке болады. Түбір сөзге қосымша да сол сөздегі дауысты дыбыстардың жуан,жіңішкелігіне қарай жалғанады.

М: Оқушыар+ды- бірыңғай жуан буынды сөз

Тек кірме сөзднрде және қос сөздерде бұл ерекшелік әрдайым сақтала бермейді.

М: Кітап+тар, аз-кем

У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңшке болады.


М: шуақ-жуан сөз, сурет-жіңішке сөз


в) Жаттығу жұмыстары

1топ: «Мұғалім» сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.

2 топ: «Жарлық» сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.

Тапсырма: 2 топқа да

Бірыңғай дауыстылардан басталатын мақал-мәтелдер жазамыз. Қай топ, тез және көп мақал- мәтел жазып айтады.

Мысалы: Ырыс алды – ынтымақ.

241-жаттығу. Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға, жіңішке у дыбысы бар сөздерді екінші бағанға теріп жазу.


г)Бекіту


1.Фонетика дегеніміз не?

2.Монофтонг дыбыстар қандай?

3.Дифтонг дыбыстарды ата

4.Дауысты дыбыстарды айтқанда ауа өкпеден қалай шығады?

5.Дауысты дыбыстардың саны қанша?

д) Үй тапсырмасы

Тапсырма 6. Айтылуы жағынан бір-бірімен ұйқасатын бірнеше сөз теріп жазыңдар.

Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын өлең шумақтарын жазып келу.

е) Бағалау

Топ басшылары бағалайды





14 сабақ

Сабақ тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар . 5-сынып

Сабақтың мақсаты: Дауысты дыбыстардың ашық,қысаң бөліну ерекшелігін меңгерту,жаттығу жұмыстарын орындату;

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу, талдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Басқаның еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, қосымша әдебиеттер, энциклопедия, анықтағыштар.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сыныпты үш топқа бөлу. Топтарға ат қою. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Топтардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын өлең шумақтарын жазып келу

ІІІ.Жаңа сабақ:

Тапсырма: өздігінен білім алу. Ол үшін топтарды оқулық, қосымша әдебиет, энциклопедия, анықтағыш материалдарымен қамтамасыз ету.

«Білімділер» тобы: жуан және жіңішке дауыстыларды;

«Талаптылар» тобы: ашық және қысаң дауыстыларды;

«Алғырлар» тобы: еріндік және езулік дауыстыларды өз беттерімен ізденіп, талдап, бір-біріне интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып түсіндіреді.

«Талаптылар» тобының кестесі










«










Тапсырма: Оқулықтағы жаттығуларды шарты бойынша орындау.

«Білімділер» тобы: 248-жаттығу

« Талаптылар» тобы: 240- жаттығу

«Алғырлар» тобы: 246-жаттығу

Тапсырма:

«Білімділер» тобы: 12 дауысты дыбыстың әрқайсысына аяқталған сөз жазып шық, оған дауыссыздан басталатын жалғау жалғаңдар.

«Талаптылар» тобы: дауыстыдан басталып, дауысты дыбысқа аяқталатын 12 сөз жазыңдар.

«Алғырлар» тобы: Ә дыбысынан басталатын 10 сөз жазыңдар


ІҮ.Бекіту. Тапсырма: жылдамдықты және есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін барлық оқушыларға бір тапсырма

- дауысты дыбыстарды 12 секундта жаз

- ашық дауыстыларды 3 секундта жаз

- жіңішке дауыстылардың саны

- еріндік дауыстыларды 3 секундта жаз

- қысаң дауыстыларды 3 секундта жаз

- жуан дауыстыларды 3 секундта жаз

- езулік дауыстылардың саны


Ү.Рефлексия «Дауысты дыбыстар» тақырыбын сатылай кешенді талдау үлгісіне түсіру

Дауысты дыбыстар

1.Тілдің қатысына қарай: жуан,жіңішке


2.Жақтың қатысына қарай: ашық, қысаң

3.Еріннің қатысына қарай: еріндік,езулік


4.Жалпы саны: 12

ҮІ. Үй тапсырмасы: Оқулықтағы 104- беттегі тапсырмаларды шарты бойынша орындау

ҮІІ. Бағалау: Топ басшылары бағалайды.





























19 сабақ

Сабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың білімділік мақсаты:

бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау, сөйлемдерді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау;

Сабақтың дамытушылық мақсаты: түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілет терін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білім, білік дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, қосымша әдебиеттер, энциклопедия, анықтағыштар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықтағы 104- беттегі тапсырмаларды шарты бойынша орындау. Дауысты дыбыстардың жіктелуін сұрақ қою арқылы қайталау.

ІІІ.Жаңа сабақ: өздігінен білім алу. Ол үшін оқушылар оқулық, қосымша әдебиет, энциклопедия, анықтағыш материалдар мен бастауышта алған білімдерін ұштастырып кластер толтырады.

Тапсырма: 261- жаттығуды шарты бойынша орындау.Абай Құнанбаев жөнінде білімдерін еске түсіру.

Тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға таратылады.


Сөз

Дауы-сты

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

Ерін-дік

езулік

дауыссыз

Қа-таң

ұяң

үнді

О

+

+


+


+






Т








+

+



а

+

+


+



+





н








+



+

Тапсырма: 265-жаттығу. Төмендегі берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беріңдер.

Тапсырма: Ақыл, кітап, ойлы, ауыл сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

Тапсырма: Тек қана бір дауыссыздан басталатын сөздерден сөйлем құрастыр.

Үлгі: Жанат жазда жаяу жылдам жүреді. Біз-бақытты баламыз.

Бекіту: Венн диаграммасын толтыру

ҮІ. Үй тапсырмасы. 273- жаттығуды шарты бойынша орындау. Тақырып бойынша сөзжұмбақ, ребус құрастыру.
















ҮІІ.Бағалау.


Оқушының аты-жөні

өзін-өзі бағалау

Сынып бағасы

Мұғалім бағасы

Қорытынды баға




























23 сабақ

Сабақ тақырыбы: Буын түрлері

Сабақтың мақсаты: Буын түрлері туралы білімдерін кеңейту.Буынға тән негізгі белгілерді ажырата алу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Буын түрлерін ажыртау дағдыларын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Ана тілін құрметтеуге,адамгершілікке тәрбиелу.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі: сөз,дәлелдеу, талдау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қазақ әдебиеті оқулығы.

Сабақтың ұйымдастыру формасы: жеке-дара, жұппен, топпен.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: сәттілік тілеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Жаңа достар» әңгімесінен бір, екі, үш, ең көп буынды сөздерді теріп жазып келу.


ІІІ. Жаңа сабақ: Өткен тақырыпты қайталау сұрақ жауап әдісі арқылы.

а/буын дегеніміз не?

ә/ қандай дыбыстар буын құрайды? т.б.

1. Интербелсенді тақтамен жұмыс: тақтада презентация арқылы Буын түрлерін ажыратып, жаңа сабақты өздігімен меңгеруге жағдай туғызамын.

Мына мысалдардың қайсысы ашық, бітеу, тұйық буын екендігін, не себепті олай екенін дәлелдетіп, ереже шығару.








2. 304- жаттығу орындау. Ауызша. Мәтіндегі ұлағатты сөздердің мәнін түсініп оқыңдар.

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі зұлымдық.

(Абай)

Сөйлемдегі әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажыратыңдар.

Айбар- тек тұйық буынды сөздерді, Аспандияр - ашық буынды сөздерді, Ақгүл- бітеу буынды сөздерді тауып жазады.

3. Адасқан буындарды тауып, сөздер құрастыру:

Ға, тық, ба, кар, қы, ұ, қа, тан, дос, лет, шақ,тор, сұл, та, пыш, рыш.

(Ғарыш, достық, балет, ұшақ, сұлтан, пышқы, торқа, карта)

2. «Ғарыш» сөзіне фонологиялық және математикалық талдау жасау



ІҮ.Бекіту


1.305- жаттығуды орындау. Жазбаша. Сөйлемдердегі сөздерді буын түріне байланысты бағандарға бөліп жазу. Дәптерде және интербелсенді тақтада орындайды.


Ашық буын

Тұйық буын

Бітеу буын

Аралас буынды

А-на

ең

шарт

А-дам,

ал-ды-мен


Мәтінен басқа тілден енген сөздерді табу: мектеп, әдебиет

Ү. Бақылау:Тест.

ҮІ. Рефлексия: Доп лақтыру стратегиясы. Доп лақтырып тұрып, бір-біріне тақырып бойынша сұрақ қою Мысалы:

Буынның неше түрі бар? /3/

Төл дыбыстардың саны қанша? /9/

Дауысты дыбыстардың саны қанша /12/ т.б.

ҮІІ. Бағалау: Топ басшысы бағалайды.

ҮІІІ.Үй тапсырмасы: Ереже. 302 –жаттығу. С.Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесінен тек ашық, тұйық, бітеу буынды сөздер теріп жазып келу.







































27 сабақ

Сабақ тақырыбы:Үндестік заңы. Буын үндестігі

Сабақтың мақсаты: Сингорманизм заңының қазақ тілінің ерекшелігі екендігін, сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігі туралы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

оқушылардың ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушыларды өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығу-шылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сөз, дәлелдеу, талдау, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қазақ әдебиеті оқулығы.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі: сәттілік тілеу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Ереже.

302 –жаттығу. С.Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесінен тек ашық, тұйық, бітеу буынды сөздер теріп жазып келу.

ІІІ.Жаңа сабақ:

Кесте арқылы жаңа сабақты меңгерту. Екі бағандағы сөздердің жазылуы мен айтылуын- дағы ерекшеліктер мен өзгерістерге назар аудартып, оқушыларға тұжырым жасату.


адамдар

адамдер

үйлер

үйлар

әкесі

әкесы

жазда

жазта

міндеттер

міндетдер


Оқулықтағы ережеге назар аударту.

Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп айтамыз.







Сөздік жұмыс: Сингорманизм (грек. «бірге үндесу,үйлесу») – сөз ішіндегі дауыстылардың бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке болып үндесуі.

Тақырып бойынша оқушылардың оқулықтан, қосымша әдебиеттер арқылы ізденіс, талдау жұмыстары жүргізіледі. Сызба, кесте арқылы оқушылардың ізденістері тыңдалады, талданады.

Мұғалім оқушы ізденістеріне қорытынды жасап, толықтырады.


Жаттығу жұмыстары.

314-жаттығу. Шарты бойынша орындау


Жуан буынды сөздер

Жіңішке буынды сөздер

Аралас буынды сөздер





317-жаттығу. Шарты бойынша орындау. Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқу. Мәтіннен буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді теріп жазу, себебін дәлелдеу.

Тапсырма. Интербелсенді тақта арқылы орындалады. Сөздердегі қосымшалардың адасқан дыбыстарын қою:





Тапсырма: Білімді, оқушылар, өнерпаз сөздеріне фонологиялық сатылай кешенді талдау жасау.

Өнерпаз


1.аралас буынды сөз.

2. Ө - нер - паз


а.б. б.б.

3.Бір жағдайда тасымалданады

өнер-

паз

4.Екпін - паз буынындағы - а дауысты

дыбысына түседі

5. Өнерпаз ( )

ІҮ.Бекіту: Төмендегі сөздерге сингорманизм заңына бағынбайтын қосымшаларды жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

Сән, бал, саясат, өнер, арба, ем, жұмыс, әке, есім, қала, жол.

Ү.Үйге тапсырма: 320, 323, 324-жаттығулар.

2 сөзге фонологиялық талдау жасау.


ҮІ.Бағалау


26 сабақ

Сабақ тақырыбы: Тіл дамыту. Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: фонетикадан өткен тілдік теориялық материалды қайталау, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: өздері жасайтын сызбалар бойынша теориялық материалды дұрыс баяндау машығын қалыптастыру, фонетикалық талдау дағдыларын тұрақтандыру, ойлау, сөйлеу, тіл дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: сөз, дәлелдеу, талдау, іздендіру, қайталау, сатылай кешенді талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, сызбалар,кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сыныпты қима қағаздар арқылы 2 топқа бөлу. Топтарға ат қою. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Топтардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

320, 323, 324-жаттығулар. 2 сөзге фонология- лық талдау жасау.


ІІІ. Жаңа сабақ:

«Дауыстылар» мен «Дауыссыздар» тобы бүгінгі сабағымызды қайталауға қатысады.

Тапсырма: Екі топқа да Фонетика ғылымы нені зерттейді? Кесте арқылы беру












Тапсырма. Тақтаға топ басшылары шығып, үндестік, дыбыстар сөздеріне фонологиялық талдау жасайды. Қалғандары дәптерлеріне орындайды.

Тапсырма. Жұмбақтарды шешу арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.

1.Бір-бірімен сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді. (дыбыс, әріп)

2.Бір ағашта отыз жеті алма.

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.

(дауысты, дауыссыз дыбыстар)



3.Дыбыс емес таңба,

Оқылмайды, жазылады.

Бірақ сөзден табылады.

Ол қай әріп еді.

Ойлап көрші,есіңде бар ма? (ъ,ь)

Тапсырма:

«Дауыстылар» тобына:

1.тасымалдауға болмайтын 10 сөз жаз.

/10 секунд/

2.Тек ашық буыннан тұратын 10 сөз жаз.

«Дауыссыздар» тобына:

1.Үндестік заңына бағынбайтын 10 сөз жаз.

/10 секунд/

2. Тек бітеу буыннан тұратын 10 сөз жаз.


Тапсырма: «Дауыстылар» тобына: интербел- сенді тақтаның көмегімен орындалады.

Өкпенің үстіне тек дауысты дыбыстарды қою.













«Дауыссыздар» тобына: Дастарқан үстіне тек дауыссыздан басталатын тағамдарды қойыңдар











Тапсырма: Екі топқа да. Екінші буынымды тап.










ІҮ.Бекіту. Тест тапсырмаларын орындау

  1. Қайсысы тіл білімі саласына жатады?

А) фонема;

В) фонология;

С) фонетика;

D) фонетист

  1. Фонетика нені зерттейді?

А) тіл байылығын;

В) тіл жүйесін;

С) тіл тарихын;

D) тіл дыбыстарын.

  1. Тіл дыбыстары қалай жасалады?

А) тек тілдің қатысуымен;

В) сөз арқылы;

С) сөйлеу мүшелері арқылы;

D) екі заттың соқтығысуы арқылы.

  1. Адамның тілі қандай тіл?

А) дыбыстық тіл;

В) ым тілі;

С) ишара тілі;

D) сазды тіл.

  1. Тіл дыбысы – сөздің несі?

А) ішкі мағынасы;

В) сыртқы жамылғысы;

С) түпкі мазмұны;

D) көне мағынасы.

Ү.Рефлексия

Бес жол өлең шығару

1. Фонетика

2.Дауысты, дауыссыз

3.Айтамыз, естиміз, жазамыз

4.Тіл дыбыстары сөз құрайды

5. Дыбыс

ҮІ. Үй тапсырмасы: Фонетика тарауынан өткен тақырыптарды қайталау.

10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын дайындау.

Сөзжұмбақ, ребус жасау.

ҮІІ. Бағалау.


Оқушының аты-жөні

өзін-өзі бағалау

Топ басшысы-ның бағасы

Мұғалім бағасы

Қорытын-ды баға

















№20 сабақ

Дауыссыз дыбыстар, түрлері

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларға дыбыстардың жіктелуі, дауыссыз дыбыстар олардың түрлері, жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беру; тәрбиелік – оқушыларды сауаттылыққа, көркем жаза білуге, талдау жұмыстарын жүргізуге тәрбиелеу; дамытушылық – ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, талдау

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,суреттер

Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 3. Оқушылардың ынта-зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау

  1. Берілген сурет арқылы қазақ тіл, оның салалары туралы қысқаша мәлімет беру






  1. Анықтау сұрақтары

    1. Фонетика нені зерттейді?

    2. «Әліпби» сөзі қалай жасалған?

    3. Қазақ әліпбиі қандай әліпбилердің негізінде қай жылдары жасалды?

    4. Әліпбиде көрсетілген таңбалар?

    5. Әріп дегеніміз не?

    6. Қазақ тіліне тән қанша, қандай дыбыстар бар?

    7. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

  2. Дауысты дыбыстардың жіктелуі


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Дауыссыз дыбыстар, түрлері

  1. а – б, ә - в, о – п, ө - р, ұ – с, т.б

Берілген дыбыстардың айтылуындағы өзгешеліктерді салыстыра отырып, дауыссыз дыбыстың

ережесін шығару.

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

  1. Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне сызба арқылы талдау жасау

  1. 262-жаттығу. (Интерактивті тақтадан орындау)

Көп нүктенің орнына тиісті жұп дауыссыздардың тиістісін қой


п-б

... айдасың, са...ар, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақ

т-д

Ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс, ...алап, ...әрі, ...аналық

к-г

Ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл, ...еремет, тө..., тер...еу

қ-ғ

Қа...аз, қа...ты, ба...дарлама, ба...ыр, ...асыр, ...арыш, ...асық, қа...

с-з

А...амат, ба...тыр, сү...бе, сү...істі, ...ағыз, қа...

ш-ж

Ша...пау, қа...ымас, қа...қын, ...апырақ, ...иен, ...аттық, ...алтылда


  1. Оқулықпен, дәптермен жұмыс

  1. 264-жаттығу

Көшіріп жазып, қатаң дауыссыздарды бір, ұяң дауыссыздарды екі, үнді дауыссыздарды ирек

сызықпен сызу

  1. 266-жаттығу.

  1. Сергіту сәті

Әзіл жұмбақ

Фонетикалық екі ұғым

Бірі мен бірі сыбайлас,

Бірі – айтылады да естіледі,

Екіншісі – жазылады а көрінеді. (Дыбыс, әріп)

****

Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар,

Жалпы қарауындағы әріптері

Құрамындағыдан алты есе көп. (Алфавит)

****

Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді

Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)


  1. «Кім тауып оқи алады?»

    1. Берілген тапсырманы дұрыс шеше алсаңыз мақал-мәтел шығады (Жауабы: Оқу – білім азығы)

    2. Дөңгелекке бір мақал жазылған. Оны сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, табасың. Ол не деген мақал? (Жауабы: Қарманған қарап қалмас)

ІҮ. Қорыту

  1. Бүгінгі сабақты қалай меңгергенін бақылау үшін сызбаны толтыру. Дұрыс жауабына қосу белгісін қою

Дыбыстар

Қатаң

Ұяң

Үнді

П,ч

+



В,г


+


Р,л,м



+

Щ,х,ч

+



Ж,з,д


+


У



+

Ц

+



К,қ

+



Й,л



+

Ш,с

+




  1. Әліпбиді сөйлетемін

Сабақтың бұл кезңіндегі сызба бетінде ретімен 42 сан тұрады. Әр санның астында әріптер берілген. Әр оқушы өзі қалаған сан астындағы әріптерді ашып, толық талдау жасаймыз. Соңында әліпби толық ашылады.

Ү. Үй тапсырмасын беру.

1. Дауыссыз дыбыстар, түрлері

2. 276-жаттығу

ҮІ. Бағалау

Сабаққа толық, жақсы араласа білген оқушыларды өз деңгейлерінде баға















13 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке дауыстылар

Сабақтың мақсаты: а) қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып бөлінуіне түсінік беру.

ә) Нұрша Оразахынованың сатылай комплексті талдаудағы үлгісін пайдалана отырып,оқушыларға тиянақты талдауға бейіімдеу,дағдыландыру,білім деңгейлерін көрсету.

б) сатылай кешенді талдау арқылы оқушыларды ұқыптылыққа,жүйелілікке, өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ойларын жүйелі жеткізу,сұрақ-жауап арқылы тілдік талдау, жаттығу,қайталау,тексеру,сергіту.

Сабақтың көрнекілігі: плакат жазбалары,сызбалар,карточкалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

V.Қорыту.

VI.Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма

ІІ. Үй тапсырмасын тексеруге арналған карточкалар:

1.Фонетика дегеніміз не?

2. Әліпбиді қалай түсінесің?

3. Жазылу мен айтылудағы әріп пен дыбыстың өзгешелігін мысал арқылы түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Дауысты дыбыстардың айтылуы туралы түсінік бере отырып,қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар екендігін және олар тілдің қатысына қарай: а)Тіл алды жіңішке,

ә) тіл арты жуан болып бөлінетіндігін плакаттағы математикалық жазбалар арқылы көрсете отырып түсіндірдім.

4 ( а,о,ұ,ы) жуан тіл арты

12 у

7 ( ә,ө,ү,і,е,э,и) жіңішке тіл алды


У дыбысының айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішке дыбыстар жататындығын ескертемін.

Тілдің қатысына қарай талдаудың математикалық үлгісін көрсету үшін мынадай жұмбақ алдым және жұмбақтың шешуіне дыбыстық талдаудың жолын көрсеттім.

Мысалы: Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.

Жұмыртқа

8O = 3 + 5

3 =3 (ұ,ы,а); 5 = 5 (ж,м,р,т,қ)


1) тілдің қатысына қарай

3 (ұ,ы,а) тіл арты,жуан O

3

Тіл алды жіңішке Ø


. IV.Жаңа сабақты бекіту.

243-жаттығу. Жұмбақтардың шешуі қай әріп екенін тапқыза отырып, дыбыстық талдау жасату.

240-жаттығу. Жұмбақтардың шешуіне дыбыстық талдау жасау (жылқы,жарқанат).

V.Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.

1.Қанша дауысты дыбыс бар?

2.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қандай болып бөлінеді?

3.Жуан,тіл арты дауысты дыбыстарды ата.

4.Жіңішке,тіл алды дауысты дыбыстарды ата.

VI. Оқушылардың жаңа сабақты меңгергендіктерін тексере отырып бағалау.

VII. Үйге тапсырма. 242-жаттығу.

(жуан,жіңішке дауысты дыбыстарды ажырату.)

Шартты белгілер , .

Жуан дауысты дыбыстар .

Жіңішке дауысты дыбыстар .










































Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау.

Сабақтың міндеттері: 1) Көкшетау өңіріндегі атаулардан күрделі сөздерді

тапқыза отырып, Көкшетау маңындағы көлдер, шөптер,құстар жайында

мағлұмат беру,оқушылардың теориялық білімдерін пысықтау.

2) Практикалық білім дәрежесін одан әрі кеңейту, оқушылардың ой-

өрісін,сауаттылығын тілін дамыту;

3) Оқушыларды өзара сыйлауға үйрету, табиғатты сүюге, туған жерін, елін

құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнектіліктері: кодоскоп, карточкалар, суреттер, Венн диаграммасы

Сызылған плакаттар, т.б.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс, т.б.

Сабақ түрі: Өтілген тақырыптарды пысықтау.

Пәнаралық байланыс: биология, география, музыка, әдебиет, т.б.

Сабақтың барысы.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

  1. Ой шақыру стратегиясы

С.Сейфуллиннің «Көкшетау» дастанынан үзіндіні жатқа айта отырып,

Оқушылар Көкшетау жайлы (орналасқан орны,өсімдігі,табиғаты,таулары,

көлдері, т.б.) сұрау.

  • Мен неліктен осы сабақта С.Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңін оқып тұрмын?

  • Кім не ойлады? Оқушылар назарын «Көкшетау» суретіне аударамын.

  • Йә, талайды тамсандырған сұлу Көкше өңірінде небір аңыздар бар. Біз бүгін Көкшетаудың сұлу табиғатына тамсана отырып, сол өңірдегі көлдер,шөптер,балықтар жайлы мағлұматтар аламыз және күрделі сөздерді тауып, құрамына, тұлғасына қарай ажыратамыз.

Әр оқушының жанында қоржындары бар, соған сабақта кездескен барлық күрделі сөздерді салып отырады.Күрделі сөздер үйден ой-толғау жазуға қажет болатындығын ескертемін.

  1. Топтастыру стратегиясы.

Түбір туынды біріккен


Сөз тұлғасына

қарай


тіркесті Қос сөз қысқарған

қайталама қосарлама


Үй тапсырмасын сұрау. Карточка беремін, сыртында киіз үй, білезік

бейнеленген. Ішкі жағындағы тапсырманы орындайды. Сөздерді құрамына, тұлғасына қарай ажырату.

І топ ІІ топ

Құздың Тауға

Сарыарқаны Қарағайлы-қайыңды

Айнала-төңірек Көкшетау

Киіз үй, білезік суреттеріне қарай отырып, күрделі сөздерді тапқызу;

  1. Венн диаграммасы

Екі топқа да бір-бір жаңа плакат беремін, өздері ақылдаса отырып, Венн диаграммасын сызады.

І топ. Қос сөз бен қысқарған сөздерді салыстырады, яғни ұқсастығы мен ерекшеліктерін жазады.

ІІ топ. Біріккен сөз бен тіркесті сөзді салыстырып, ұқсастықтары мен

ерекшеліктерін жазады.

4.Еркін жауап.

Тақтаға төмендегідей кесте сызамын, әр оқушы өзіне берілген карточкадан күрделі сөзді тауып, кестеге жазады.

Күрделі сөздердің жасалу жолдарын ауызша айтады.


Қос сөз

Біріккен сөз

Қысқарған сөз

Мысалы: қарағайлы-

Қайыңды, жартасты-

Жарқабақты, физика,математика, т.б.

Көкшетау,

Бурабай,

Жұмбақтас, т.б.

Пединститут, км., т.б.


Карточкадағы сөйлемдер

№1 Көкшетау – Сарыарқаның солтүстік бөлігінде оқшау жатқан қырат. Ол

Батыстан шығысқа қарай 400-500 км-ге созылып жатыр.

№2 Таудың бергі баурайында беті айнадай мөлдіреген Бурабай көлі көрінеді.

Көлде ақтабан,алабұға,шабақ,сазан,шортандар бар.

Көлге сұғына енген әсем Қызылтас сияқты мүйістер,сыңсыған

Қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді.

№3. Бурабайдың солтүстік бөлігінде жартасты-жарқабақты келген

«Жұмбақтас» аралы орналасқан.

№4. Құртқашаш, қаражидек, қиякөлең,мыңжапырақ, көкшағыр – Көкшетау

өңірінде өсетін өсімдіктер.

Ақжон,аққанат,көксала құстары Көкшетау қыраттарында кездеседі.

№5. Көкшетау жеріндегі Майлысор,Айдабол,Көлшүмек –тұйық,тұзды

көлдер.

№6. Көкшетаудың оңтүстік етегінде «Оқжетпес» демалыс орны орналасқан.

«Бурабай» демалыс орнындағы негізгі ем – қарағайлы-қайыңды орман,

шипалы таза ауа, сұлу табиғат.

Әр карточкадан кейін оқушыдан не туралы айтылғанын сұрап аламын,

содан соң сол күрделі сөзді «Көкшетау» бейнеленген суретке апарып ілемін.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Фонетика тарауы бойынша

Автор: Шакирбаева Жадыра Даулетовна

Дата: 03.03.2016

Номер свидетельства: 301847

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Фонетика. Дауысты дыбыстар. Жуан ж?не жі?ішке дауыстылар "
    ["seo_title"] => string(62) "fonietika-dauysty-dybystar-zhuan-zh-nie-zhin-ishkie-dauystylar"
    ["file_id"] => string(6) "209216"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431062961"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Сренесрочное планирование по казахскомк языку "
    ["seo_title"] => string(52) "srieniesrochnoie-planirovaniie-po-kazakhskomk-iazyku"
    ["file_id"] => string(6) "171071"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423638984"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "?аза? тілі саба?тарында жа?а технологияларды пайдалану "
    ["seo_title"] => string(62) "k-azak-tili-sabak-tarynda-zhan-a-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "241320"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445231460"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Конспект по Литературе"
    ["seo_title"] => string(23) "konspiektpolitieraturie"
    ["file_id"] => string(6) "286113"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454297538"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Фонетика тарауы Дауысты дыбыс "
    ["seo_title"] => string(30) "fonietika-tarauy-dauysty-dybys"
    ["file_id"] => string(6) "207968"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430720018"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства