Білімділік: «Отаным – алтын бесігім» тақырыбы бойынша сөздерді меңгертіп, оларды сөйлесуде қолдана білуге үйрету. Мәтіннің мазмұнын сауатты айтуға дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жазба және ауызша тіл байлықтарын дамыту, тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай алу және сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алуға үйрету.
Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге жетелеу.
Ынталандыру: болашақта оқушылар алған білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асырулары қажет.
Сабақта қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, бекіту.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, ойын тәсілдері, әңгімелеу.
Просмотр содержимого документа
«Етістік. Етістіктің жасалуы»
Сабақтың тақырыбы: Етістік. Етістіктің жасалуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Отаным – алтын бесігім» тақырыбы бойынша сөздерді меңгертіп, оларды сөйлесуде қолдана білуге үйрету. Мәтіннің мазмұнын сауатты айтуға дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жазба және ауызша тіл байлықтарын дамыту, тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай алу және сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алуға үйрету.
Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге жетелеу.
Ынталандыру: болашақта оқушылар алған білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асырулары қажет.
Сабақта қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, бекіту.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, ойын тәсілдері, әңгімелеу.
ІІ Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері
Мұғалім алдымен бүгінгі сабақтың тақырыбына оқушылардың назарын аударады. Сабақ тақырыбына байланысты тіл дамыту, оқушы қызығушылығын ояту мақсатында 1-тапсырма бойынша ой қозғау сұрақтарын береді.
Есімдік дегеніміз не?
Есімдіктің қандай түрлерін білесіңдер?
Мысал келтір.
ІІІ Жаңа сабақ
Етістік – заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
Етістіктің негізгі үш түрі бар:
тұйық етістік;
көсемше;
есімше.
Тұйық етістік - у – ю (й+у) жұрнақтары арқылы жасалады. Бұл түрді «қимыл есім» деп те атайды. Тұйық етістік зат есімге өзгере алады, шақпен, жақпен байланысы жоқ. Мысалы: оқу, қолдау, бақылау.
Тұйық етістіктің емлесі:
и+у=ю
и+у=ю
ы+у=у
І+у = у
йы+у=ю
йі+у = ю
у+у=уу
қ+у=ғу
к+у=гу
п+у=бу
жай+у – жаю
жи+у - жию
оқы+у – оқу
байы+у-баю
кейі+у-кею
жу+у-жуу
жақ+у- жағу
төк+у- төгу
жап+у- жабу
кеп+у - кебу
Отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктер жалаң нақ осы шақта негізгі етістік болады. Мысалы: Мен отырмын. Сен тұрсың. Сен жүрсің. (Мен айтып /тұрмын/ – көмекші етістік).
Етістіктің семантикалық жіктемесі
Тұлғасына қарай:
Негізгі етістік – заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі қосымшасыз, бөлшектеуге келмейтін етістік болады. II жақтың бұйыру мағынасында жұмсалады. Мысалы: кел, жаз, отыр, айт, оқы т.б.
Туынды етістік – түбір етістікке және басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Туынды етістіктер есім негізді туынды етістіктер (түбірі есім, үстеу, одағай) және етістік негізді туынды етістіктер (түбірі етістік) болады. Мысалы:ой+ла, ой+ла+н+дыр, есеп+те, таза+лант.б.
Құрамына қарай:
Дара етістік – бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады. Мысалы: бас+та, кес, із+де.
Күрделі етістік – кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Бірінші сынары негізгі етістік, кейінгі сөз көмекші етістік болады. Мысалы:алып кел, уәде берді, бара-бара шаршадым, сатып алдым, жүре бер.
Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай:
Болымды етістік – іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы: кел, сана, жаз, кет, шық т.б.
Болымсыз етістік – іс-әрекеттің болмауын білдіреді. Негізгі және туынды етістікке – ма- ме- па – пе – ба – бе – жұрнақтарының (синтетикалық тәсіл) немесе – жоқ – емес – сөздерінің (аналитикалық тәсіл) тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы:кел+ме, бар+ма, керегі жоқ, оқыған жоқпын, білдірген емес т.б.
Мағынасына қарай /объектіге қатысына қарай/:
Салт етістік - өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік. Мысалы: үйге кел, мектепке бар т.б.
Сабақты етістік – алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік. Мысалы: хат+ты оқы, үй+ді көрді т.б. Сұрақ: нені?
Мағынасына қарай:
Негізгі етістік – толық лексикалық мағынасы сақталады, тікелей сұраққа жауап бере алады, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады.
Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайды, тек негізгі етістіктер мен есім сөздермен бірге қолданылады.
Мысалы: Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып баласынан сұрады. (Ы.А.)
Не істеп? – келе /жатып/ - негізгі етістік. Не істеді? – сұрады – негізгі етістік.
жатып – сұраққа жауап бере алмайды. - көмекші етістік.
Күрделі етістіктерге – құрама, құранды, қосарлы, біріккен, тұрақты тіркесу арқылы жасалған етістіктер жатады.
Құрама етістік (етістік+етістік): барып кел, кіріп шық т.б
Құранды етістік (есім+етістік): жәрдем ет, қызмет қыл, адам бол т.б.
Қосарлы етістік:алдап-сулап, жығыла-сүріне т.б.
Біріккен /кіріккен/ етістік: әкел, әпер, апар, бүйт, сүйт т.б.
Тұрақты етістік: ауыз жаласу, таяқ жеу, жүрек жалғау т.б.