kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дос таппай к??іл шіркін тына ма....

Нажмите, чтобы узнать подробности

?з саба?ымда ?дістерді тиімді пайдалану ар?ылы о?ушыларды? білімге, ?мірге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыра отырып, адалды??а, адамгершілікке т?рбиелеймін.  Iы?армашылы? ж?мыс істеу кезінде ?зі -?зі тани білуіне д?ниетанымын ке?ейту, ?зіне деген сенімділігін арттыру,  достары алдында жауапкершілігін ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дос таппай к??іл шіркін тына ма....»

Байтанбалиева Қ.Ж.

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі

Бастаушы ауылы Көкпекті ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


Дос таппай көңіл шіркін тына ма...

( 7 сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты: Оқушыларға жолдас пен достықтың айырмашылығын, нағыз досқа тән қасиеттерді түсіндіру әрі меңгерту; оқушыларды мейірімділікке, достыққа адал болуға, адамгершілікке баулу; қатыгездіктен аулақ болуға тәрбиелеу; бір-бірімен тату, қамқор, мейірімді болуларына ықпал ету; Көрнекілігі: мақал- мәтелдер, суреттер. Әдіс- тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікір- талас. БАРЫСЫ: 1. Ұйымдастыру Мұғалімнің кіріспе сөзі Адам, ғалам ғажайып жеке дана, Жан құмары - ізденген мәңгі сана. Өзіңді- өзің танысаң ̶ істің басы, Түзеген өз ғаламын болған дана,- деп Ән – Машани айтқандай, әрқайсымыз өзімізді танып, өзіміздің ішкі сырымызға үңілейік. Мінез ̶ адамның адамгершілік қасиеттерін сыйпаттайтын іс – әрекеттер жиынтығы. Әр адамның өзіне тән жеке қалыптасқан мінезі болады. Ал сол мінездің қалыптасуына қоршаған орта, жолдас – жораның да ықпалы мол. Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара, сырласым. Сым пернені басып қара, Басып қара жырласын,- деп Сәкен жырлағандай, дос, жолдас атауының мәні терең. Әр баланың ішкі сарайы ̶ сезімі берік қамал.Сол қамалдың кілті достың қолында. Дос таңдауда әркім өзінің ішкі сезіміне бағынады. Сол достардың ықпалымен мінез қалыптасады.

Оқушы: Мұқағали Мақатаев Досым саған сенемін Досым, саған сенемін. Сеніп өтем! Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген ̶ адамның көрігі екен, Достық деген ақылдың серігі екен. Қыран күлкі – тамаша бәрі осында, Отырамын думан тойдың арасында. Береке бойдан асып жатқанымен, Олқы тұр көңілім менің, нанансың ба? Ұйытқып жатыр көңілінде құйын – дауыл, Неге сен келе аламадың жиынға бұл?! Жыраққа жалғыз мені жібермеші Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр! Әне, жұрт өзі – өзімен, сөйлеседі, Өзімсіп: -Ей!- деседі – ой!- деседі. Шіркіндер ̶ ай, даурығып тыңдар емес! Есіме ап, тост көтерсем, кейде сені. Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба? Сенсіз думан – қызылсыз бос қырман да. Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп, Сенің орның құлазып, бос тұрғанда.

1- жүргізуші: Доссыз өмір жоқ. Өйткені адам баласының доссыз өмір сүруі мүмкін емес. Достық сезімі адамдардың бірін – бірі қажетсініуінен, құрметтеуінен, өзіндей көріп сүюінен, ақ пейіл ықылас көрсетуінен басталады. Бұрынғылар «Адам күні ̶ адаммен» деген екен. Кез келген адам жүрген жерінде: жұмыста, оқуда, сапарға шыққанда ұғысып, түсінісетін, өзіне жақын жүретін сырлас жан іздейді. Бұл ̶ табиғи тілек: «Жүз сом ақшаң болғанша, жүз досың болсын», «Досты періште алады» - деп халық бекер айтпаған. 2- жүргізуші: Достыққа құл да, қожа да қажет емес, өйткені достықтың тірегі ̶ теңдік. Достық үшін көп нәрсенің, байлық пен ақшаның қажеті жоқ. Тек досыңның хал – жағдайына назар аударып, жетістігіне қуанып, қиналған сәтте қасынан табылсаң болғаны. Достықтың біздер үшін маңызы өте зор. Адамның бақытты балалық шағы достарымен ғана көрікті. Шын дос деген бар ма? Немесе ол жөніндегі үш қате түсінік туралы әңгіме.

1- қателік: « Шын достарда сыр болмайды жасырын» деп ойлау. Оқушы: Бала кез де, жастық шақта да досымыз туралы бәрін – бәрін білуге құмартып, өзің де оған бар сырынды айтуға асығасың. Ал есейе келе, әлгі әдет қалып, сырыңды сыртқа шашпай тірі пенде білмейтін құпияларың көбейе бастайды. Бұл -табиғи заңды құбылыс. Өйткені адам баласы өзге түгіл, өзін- өзі өмір бақи терең түсіне алмай өтеді емес пе? 2- қателік: «Нағыз дос – өмірлік дос» деп ойлау. Оқушы: Жоқ, бұл өмірлік достықты жоққа шығару емес. Ұзақ көріспеген адамдардың арасы салқындайтыны рас. Біздің қазір мекен- жайымыз жиі ауысып, талғамымыз да тез өзгеретін болады. Соған орай жаңа таныс, жаңа достар табамыз. Демек, жақсы достың жанында мәңгілік дос болып қалу міндет емес. Біз осыны ұғынуымыз керек. 3- қателік: « Нағыз достық – қиындықта танылады» деп түсіну. Оқушы: Әрине,жақсы дос басыңа іс түскенде қол ұшын беріп, қолтығыңнан демейді. Психологтардың айтуынша, адам біреуге көмектесу арқылы өзін сенімді, күшті сезінеді екен, сондықтан ол әрдайым жылағанды жұбатуға даяр тұрады. Ал біреудің қуанышына риясыз көңілмен ортақтасып, онымен бірге шынайы шаттану кез- келген адамның қолынан келе бермейтін көрінеді. Жер жүзі психологтарының ортақ ойлары осындай.

«Жолдастық пен достық» туралы.

Оқушы: Достарың мен жолдастарыңның болғаны қандай жақсы! Олармен бірге жүргенде өзіңе – өзің сенімді боласың. «Көп боп көтерген жүк жеңіл» - дейді халық мақалы. Жалпы күш біріктіргенде қолдан келмес ештеңе жоқ, тіпті ең қиын істі де тындыруға болады. С.В.Михалковтың өздерімізге таныс өлең жолдарында былай делінеді: Жер бетінде мұндай достар Еш нәрседен жасқанбас. Бірі үшін тартар бәрі азап, Дос үшін өзі тігер бас.

Сен бірде ауырып, сабаққа бара алмай қалдың. Бірнеше күн өткеннен кейін зерігіп, жалғызсырай бастайсың. Көңіліне сағынышын ұялап, достарыңды көргің келеді. Бұл сезімнің түсінікті де: өйткені, бірде – бір жан жападан жалғыз өмір сүре алмайды. Ал достарың көңіл – күйіңді сұрауға келгенде төбең көкке жетендей қалай қуандың десеңші. Сендердің өз жолдастарыңмен бірге орындайтын ортақ істерің көп.

Оқушы: Біздің елімізде адамдардың бір – бірін жолдас дейтін себебі Отанымыздың игілігі үшін бірлесеотырып, ортақ іс атқарады. Дос деген ̶ өзіңмен мақсат мүдессі, арман тілегі, талап – талғамы бір адам. Одан жасырар сырын жоқ. Ол да досынан ештеңесін іркіп аямайды. Қашан да жан күйіңнің бәрін түсінеді. Егер сенің осындай досың болса, оны қадір тұтып бағала, ұсақ – түйекке бола онымен ренжіспе, орайы келгенде оған жәрдем етуге әрқашан да әзір бол. Адалдық достықтың ұлы заңы. Оқушы: Достық адамдардың бір – біріне адал, қалтықсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиет. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз дос кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Достардың мінезі әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы: Біреуінде қызбалылық не шабандылық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзілік, өтірікшілік, өзімшілік достықпен сыйыспайды. Оқушы: Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал – мәтелдер жеткілікті: «Дос жылатып, дұшпан күлдіртіп айтады», «Досы жақсысының, өзі де жақсы», «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында», «Досты періште қосады». Достыққа қарама – қарсы ұғым қастық пен күншілік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш – қызығын, ырыс – бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу – өмірлік мұраттың бірі. Оқушы: Осы мектептің түлегі Карменова Жанардың өлеңі: Досыма. Шын дос болсаң досыңа, Бақыт емес пе осы да. Жылататын, күлдіретін, Орны бөлек достың да. Кейде ағаң, кейде інің, Кейде әпкең, сіңілің. Кейде құрбың, жан досың, Жайын табар көңілдің. Ауыз толтырып айтсаң – дағы, Досқа деген сөз жетпес. Жүрегімде ұялаған, Достық нұры еш кетпес. Ситуация шешу Оқушы: Азаматтың асығы көбейіп, қуанышы қойнына сымай жүр. Атасы ауылдан бір қап қылып асық жинап әкеп берген болатын. Арманға асықтарын мақтанып көрсетті. «Маған асығыңды шамалы уақытқа ойнауға берші», - деп өтінген досына Азамат бір асығын да қимады. Арман үйіне кетіп қалады. Азамат жалғыз қалған соң, асықтарын әрі домалатып, бері домалатып ойнады. Досына барайын десе, өкпелетіп жіберді. Енді ұяалып отыр. Қой, не де болса, барып кешірім сұрап, таңдаған асығын берейін деп ойлады. - Мә, Арман, таңдағаныңды алшы. Мен енді сені ренжітпейін,- деді. Арман кішкене бұртиып отырды да, өкпесі тарап кетті. Сөйтіп, Азамат пен Арман кешке дейін қызық ойынға батып, бірге ойнады. Мұғалім: Енді Азаматтың осы әрекетіне баға беріп көрейік. Сендердің ойларың қандай? Оқушы: Азамат жаман бала емес. Ол көп ойланып өзінің кемшілігін жоя білді.Кешірім сұрай біледі. Арманның да кісілігі мол, кешіре білді. Бұл - жақсы қасиет. Оқушы: Адам өз бойындағы арам шөп сияқты қылтиып шығып келе жатқан жаман қасиеттерді дер кезінде жұлып, жойып отырмаса, қаулап өскен сайын оны жою қиындай түседі. Азаматтың өз қатесін мойындауы ̶ азаматтығы.

Сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіту.

1. Сыныптағы достарыңның бірі қалам жоғалтып алды Мұғалім сурет салуды талап етті. Сенде жалғыз қалам, досың бос отыр. Не істер едің?

2. Мектеп асханасынан тәтті тоқаш алдың. Ал сенің досыңның тиын – тебені болмағандықтан тоқашсыз қалды. Егер сен жомарт, қанағатшыл болсаң, не істер едің?

3. Сенің ең қажетті құралыңды досың сындырып қойды. Егер сен кешірімді, кең пейілді болсаң, не істер едің?

4. Сыныптасың сені ренжітіп алды, бірақ артынан кешірім сұрады. Егер сен кешіре білетін адам болсаң, не істейсің? 5. Сен сыныпта бір оқушының кітабын қағып, құлатып кеттің. Егер сен сыпайы болсаң, не істейсің? 6. Достықтың шынайы белгілері қандай болмақ? Ынтымақ – бірлікте Достық сезім тек екі адам арасында емес, ұлттар арасында да болады, ол дініне, тіліне қарамайды. Мұндай достық ̶ халықтар арасындағы ынтымақтастық пен бірліктің негізі. Белгілі ақын Қадыр Мырзалиев: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте, - демекші, тіліміздің қадіріне жете отырып, басқа тілдерді де меңгерудеміз. Халық: «Шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес, еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес» - дегендей, көршілес елдермен, Ресей, Қытаймен достық қатынас жылдан жылға мығым да баянды болуда. Оқушы: Біздің елімізде жүзден астам ұлт өкілдері тұрады екен. Олар ешкімнің руын, тегін сұраспайды. Сөйлесе қалсаң, жатсынбайды. Бұны халықтар Достығы дейді екен. Біздің өлкеміздегі ұлт өкілдері бұл сөзді жүрекпен қабылдайды. Олар достық пейілімізді күнде көрсетіп жүрсек, табиғилығымызбен танып, жарасқан пиғылымызбен ұғыныссақ бізге керегі сол емес пе? ̶ дейді орыс пен қазақ бір дастарханнан ас ішіп, көңіл көтерісіп жатса, ол ұлт пен ұлттың достасқаны емес пе? Сен досты таңдай білесін бе ? Нағыз дос деп кімдерді айтамыз? / адам силуэтін жасау/ Оқушы: Адаммен адам достасады, табысады, сыйласып ғұмыр кешеді. Онсыз өмір бар ма? Біздің сіздерге тілейтініміз достарыңыз көбейе берсін. Достарыңды түсініп аялай біліңдер. Амал достар емес, адал достар көбейсін!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Дос таппай к??іл шіркін тына ма....

Автор: Байтанбалиева Калимаш Жумагалиевна

Дата: 06.02.2016

Номер свидетельства: 289143

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ертеңгілік " Кел, Жаңа жыл""
    ["seo_title"] => string(31) "iertien_ghilik_kiel_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "360980"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479717059"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Лексикадан ?ткенді ?айталау. Саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(45) "lieksikadan-otkiendi-k-aitalau-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "287066"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454428301"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?имыл сын ба?ыны??ылы саба?тас ??рмалас с?йлем"
    ["seo_title"] => string(42) "kimylsynbagynynkylysabaktaskurmalassoiliem"
    ["file_id"] => string(6) "283812"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453889941"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Саба?тас ??рмалас.?имыл сын ба?ыны??ылы саба?тас ??рмалас с?йлем"
    ["seo_title"] => string(58) "sabaktaskurmalaskimylsynbagynynkylysabaktaskurmalassoiliem"
    ["file_id"] => string(6) "283813"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453890037"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Открытый час на тему "СПИД - ?асыр дерті""
    ["seo_title"] => string(41) "otkrytyi-chas-na-tiemu-spid-g-asyr-dierti"
    ["file_id"] => string(6) "321368"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461262213"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства