II. Үй тапсырмасының орындалу барысын тексеру кезеңі: ( 9 мин)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі: ( 15 мин)
IV. Сабақты бекіту кезеңі: (10 мин)
V. Сабақты қорытындылау: ( 3 мин)
VI . Үйге тапсырма беру кезеңі: (2 мин)
VII.Бағалау кезеңі: (3мин) Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесіп, сыныпты түгендеу
ә) сыныпты сабаққа бағыттау ( сыныптың тазалығына, оқушылардың киім киісіне назар аудару)
II. Үй тапсырмасының орындалу барысын тексеру:
Жалпы үндестік заңы дегеніміз не?( сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айту)
Оның неше түрі болады?(дыбыс және буын )
Буын үндестігі дегеніміз не? (сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болып үндесуі)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі: Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен, біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:
көмектес септік жалғауы. Мысалы: баламен, қонақпен, күрекпен, астықпент.б;
Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, асхана, жұмыскер, зиянкес;
– ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина. Мысалы: Әуезов, Жұмабаев, Сейфуллин, Жұмағазина т.б.
Оқулықпен жұмыс :
317- жаттығу. (ауызша) Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқыңдар. 318-жаттығу. Төмендегі әр сөз мына сызбалық үлгіге қарап қанша сөзбен байланысқа түсу мүмкіндігі барын анықтаңдар.
320- жаттығу. Мына сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.
Чех, тарих, полюс, заряд, кінә, факт, бинокль, ансамбль, хирург.
Үлгі:тарихшы,кінәлі,фактілер.
IV.Сабақты бекіту кезеңі:
Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?
Буын үндестігіне бағынбайтын қандай қосымшалар болады екен?
V.Сабақты қорытындылау кезеңі:
Балалар, қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жазылғанымен, біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайтынын білдік. Қандай қосымшалар екенінде атап өттік.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:
көмектес септік жалғауы. Мысалы: баламен, қонақпен, күрекпен, астықпент.б;
Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, асхана, жұмыскер, зиянкес;
– ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина. Мысалы: Әуезов, Жұмабаев, Сейфуллин, Жұмағазина т.б.
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі:
321-жаттығу: Мәтіннен буын үндестігі байқалатын сөздерді теріп жазыңдар. VII. Бағалау кезеңі: Сабаққа белсене қатысқан, үй жұмысын тиянақты орындаған балаларды бағалау.