Просмотр содержимого документа
«Бұйрық, бұйрықтың түрлері»
Технологиялық карта №________
Пән: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Тобы:
Күні: ______
Сабақтың тақырыбы: Бұйрық, оның түрлері.
Сабақтың мақсаты:Білім алушыларға фонетика, оның зерттеу нысаны, дауысты, дауыссыз дыбыстаржа
Білімділік: Бұйрық, түрлері, ресімделу ерекшеліктері туралы білімді меңгеру.
Тәрбиелік: Мекеме қызметіндегі бұйрықтардың атқаратын ролін, маңызын түсінуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Меңгерген білімін іс–тәжірибеде, сарамандық жұмыста пайдалану дағдысын қалыптастырып, дамытуға бағыттау.
Оқыту әдіс – тәсілдері: баяндау, шығармашылық жұмыстар орындату, мағлұмат беру, фонетикалық талдау жұмыстары
Оқыту технологиясы: СТО технологиясының элементтері
Пәнаралық байланыс: Іс қағаздарын ұйымдастыру. Хатшылық іс.
Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта, оқулық, таратпа материалдар, СТО элементтерінің тапсырмалыры
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ түрі: аралас сабақ
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Скала Б.В., Скала В.И. ДП в РК. А., 2008.
2. Нұрғалиева Н.У.Іс қағаздарын жүргізу және техникалық құжаттама.А., 2003.
3. «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналы. 2008 №9
Сабақтың құрылымдық жоспары (кезеңдері):
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу іс әрекеті мотивациясы
Тақырыпты, сабақ мақсатын хабарлау
Үй тапсырмасын сұрау
Бірінші бекіту кезеңі
Өткен тақырыпты қайталау арқылы жаңа білімді меңгертуге дайындау
Жаңа білімді хабарлау
Білімді жүйелеу
Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасын беру
Рефлексия
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Білім алушыларды түгендеу
Студенттердің зейінін сабаққа аудару
Психологиялық дайындық:
Мамандықтары бойынша күнделікті жұмыс барысында көп кездесетін өкімдік құжаттардың бірі – бұйрық. Бұйрықтың деректемелері, ресімделу ерекшеліктеріне тоқталу.
II.Үй жұмысын тексеру:
ІІІ топқа бөлінеді.
1.Өкімдік құжаттар дегеніміз не? Шешім, деректемелері
2.Өкімдік құжаттарға қандай құжаттар жатады? Қаулы, деректемелері
3.Өкім, деректемелері.
Үй жұмысын бекіту:
Практикалық жұмыс:
1. «Үздік кабинет» сайысын өткізу туралы басшының өкімін құрастыру
2. «Денсаулық күнін» өткізу туралы басшының шешімін құрастыру
3. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына сыйақы» беру туралы басшының жарлығын құрастыру
2. Сөздік жұмысы екі тілде ауызша тексеріледі.
ІII.БДІ тексеру:
Топтық, жеке тапсырмалары тіркелді.
ІV. ЖБНИ
Жаңа білім негіздерін игерту:
Лекция материалдары технологиялық картаға тіркелді
V. Сабақты бекіту:
Өкімдік құжаттардың бір түрі – бұйрық.
Бұйрық дегеніміз - өндірістік не кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты қандай да бір міндеттерді шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат.
Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу, қайта құрылу, қайта ұйымдастырылу, оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді, нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту; кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есеп беру, жабдықтау, өнімдерді сату және басқа да өндірістік мәселелер, сондай-ақ кадр мәселелерібойынша жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату және т.б. мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық шығару арқылы басшы қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды, түбегейлі мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық осы кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті.
1.Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру:
а) Кәсіпорынның ағымдағы қызметі қандай құжат арқылы реттеліп басқарылып отырады?
ә) Мазмұны жағынан бұйрықтар нещеге бөлінеді?
б) Бұйрықтың жюбасын кім әзірлейді?
в) Жекелеген тапсырмалыр бұйрыққа қалай беріледі?
2.Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар арқылы ұйым қызметінің тәртібі, ұйым жұмысына қатысты шешімдер мен тапсырмалар, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тауар өткізу, т.б. ұйымдық шаралар, жұмыс қорытындылары, тексеру нәтижелері, сондай-ақ жоғары тұрған құзырлы ұйымдардың шешімдерін орындау, т.б. ресімделеді. Жеке құрам бойынша бұйрықтар жеке қызметкерге байланысты – жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыс беру, қызметін ауыстыру, іссапарға жіберу, марапаттау, жазалау шараларын белгілеу, т.б. мәселелерге байланысты шығарылады. Бұйрықтарға өзгертулер, қосымшалар енгізу, күшін жою жаңа бұйрықтар шығару негізінде немесе ҚР заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Бұйрықтар бланкіде де, стандартты қағазда да ресімделеді.
ТАПСЫРМАЛАР:
1. Төмендегі тапсырмалар бойынша бұйрық үлгілерін құрастырыңыз.
1. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарыңыз.
2. Жұмыстан босату туралы бұйрық шығарыңыз.
3. Уақытша есепші қызметінен бас есепші қызметіне ауыстыру туралы бұйрық шығарыңыз.
4. Үстемақы белгілеу туралы бұйрық шығарыңыз.
5. Кәсіпорынның жойылуына байланысты қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарыңыз.
2. Төменде берілген орыс тіліндегі клишелерді қазақ тіліне аударып, бұйрық жазыңыз.
- в связи с уходом на пенсию;
- в связи передуходом на другую работу;
- по собственному желанию;
- в связи с ликвидацией предприятия;
- по собственному желанию, в связи с переводом жены на другую работу в другую местность;
- за прогул без уважительной причины;
- за неоднакратные грубые нарушения трудовых обязанностей;
- в связи с истечением срока трудового договора.
Бекіту парақшаларының сұрақтары: Құжаттағы жоқ деректемелерді толтырыңыз.
Жүктеу туралы
_________________(аты-жөні)еңбек демалысы кезінде ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы міндетін атқару 2007 жылғы 30 қазаннан ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы _________________(аты-жөні) жүктелсін. Жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты қызметтік жалақының 50% мөлшерінде үстемақы төленсін.
Негіздеме: өндірістік қажеттілік, Қзақстан Республикасының Еңбек кодексінің 131-бабы.
Директор _____ ____________
(қолы) (аты-жөні)
Тест тапсырмалары.
І-нұсқа.
1. Мекеменің алдында тұратын мәселелерді шешу мақсатында басшылық жасайтын құқықтық акт _____ деп аталады.
а) хаттама d) мінездеме
b) бұйрық е) сенімхат
с) бұйрықтан көшірме
2. Бұйрықта етістік қалай беріледі?
а) босату d) тыйым салыңыз
b) тағайындалсын е) өтінемін
с) қабылдайды
3. Бұйрықта етістік қай формада беріледі?
а) -ты, - ті, d) -ған, -ген,
b) -сын, -сін, е) -қан, -кен.
с) -ды, -ді,
4. Кәсіпорын жұмысын жақсарту _____.
а) орай d) байланысты
b) мақсатында е) бойынша
с) сәйкес
5. Бұйрық - _____ құжат.
а) өкім d) өкімдік
b) өкімді е) бәрі де дұрыс
с) өкілетті
6. Констатациялық бөлікте не көресіледі?
а) қабылданған шешім d) орындайтын тұрғалар
b) кімге тапсырылатыны е) бұйрыққа негіз болған дерек
с) қабылданған мәселе
7. Бұйрықты неше топқа бөледі?
а) бір d) төрт
b) екі е) бес
с) үш
8. Бұйрық мәтінінің бөліктері ____________
а) констатациялық d) негізі
b) өкімдік е) қосымша
с) констатациялық, өкімдік
9. Өкімдік бөлім « ______» деген сөден басталады.
а) бұйырдым d) бұйырыпты
b) бұйыру е) бұйырды
с) бұйырамын
10. Жеке құрам жөніндегі бұйрықтар ________ бөлімінде дайындалады.
а) кадрлар d) ғылыми
b) канцелярия е) бухгалтерия
с) оқу
ІІ-нұсқа
1. Жұмыс... босату туралы бұйрық.
а) -тан d) -та
b) -қа е) -пен
с) -ты
2. А.Асанғалиевке демалыс _____
а) берілсін d) жүктелсін
b) орындау е) тағайындалсын
с) жіберді
3. Басқа жұмысқа _____ байланысты
а) босатылуына d) ауыстырылсын
b) ауысуына е) жіберілсін
с) тағайындау
4. Қызметкерлерді құттықтау үшін _____бұйрық беріледі.
а) төтенше d) жеке қызмет бойынша
b) арнайы е) әдейі
с) негізгі қызмет бойынша
5. Бұйрық... танысу.
а) -қа d) -та
b) -пен е) -тан
с) -ты
6. Жұмыс... қабылдау туралы бұйрық.
а) -тан d) -пен
b) -та е) -пенен
с) -қа
7. Нұсқаулыққа __________
а) сәйкес d) орындау мақсатында
b) үшін е) бойынша
с) жүзеге асыру
8. Қандай да бір міндеттерді шешу үшін мекеме банкпен атқаратын өкімдік құжаттардың бірі ...
а) бұйрық d) сенімхат
b) хаттама е) қолхат
с) арыз
9. Бұйрықтың соңғы тармағында бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам ______
а) беріледі d) айтылады
b) көрсетіледі е) басылады
с) оқылады
10. Мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында басшылық жасайтын құқықтық акт деп қандай құжатты айтамыз?
а) сенімхат d) бұйрық
b) бұрыштама е) анықтама
с) жеделхат
VI.Жаңа тақырыпты қорытындылау:
1. Бұйрық дегеніміз не?
2. Бұйрықты неше топқа бөледі?
3. Бұйрық қандай құжат?
4. Жеке құрам бойынша қандай бұйрықтар шығарылады?
5. Бұйрықтың екінші бөлігі қалай аталады?
6. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қандай жағдайларға байланысты шығарылады?
Бағалау барысында оқушылардың білім деңгейімен қатар, белсенділіктерін ескеру.
VIІ. Үйге тапсырма: М. Ғ. Жүкенова 66-72 бет, жұмысқа қабылдау туралы бұйрық жазып келу.