?й мысы?ы — ар?ы тегі жабайы мысы? т??ымдас жануар болып табылатын ?й жануары. Оны солт?стік африкалы? дала мысы?ы деп немесе жай Дала мысы?ы деп те атайды.
Мысы?ты? орташа жасы 10-12 жас,, к?бінесе 20-25 жыл. Со??ы деректер бойынша, мысы?ты ?ол?а ?йрету м?нан кемінде 5 мы? жыл б?рын бастал?ан. ?азір ке? тара?ан мысы?ты? 80 т?рі бар. Олар: басы ?лкендеу біткен, кержік танау, бара? ж?нді парсы мысы?ы, дене т?р?ы сыпты?ыр, т?гі тар?ыл жола?танып келген король мысы?ы, Мая аралыны? шола? ??йры? мысы?ы, Сібір мысы?ы, ты?ыр ж?нді еуропа мысы?ы, т?-рік ж?не сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысы?тары
Бір мысы? 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары к?зін 7-10 к?н тол?анда барып ашады, есейгенше ене-сіні? с?тімен ?оректенеді. ?й мысы?тары жылына2 рет, жекелеген т?рлері 4 рет балалайды.
Мысы?ты тама?тандыру
Ересек мысы?тарды т?улігіне 1-2 рет тама?тандырса, осы тама?ты? м?лшері 150-200 грамм болу?а тиіс. ?й мысы?ыны? негізгі тама?ы: ет, балы?, с?т. Ет та?амдарыны? ішінде мысы??а пайдалысы: ішек-?арын, бауыр, ж?рек. ?азір д?кендерде мысы?тар?а арнап жасал?ан та?ам т?рлері бар. Мысы?ты тама?тандырарда мамандарды?
а?ыл-ке?есін ты?да?ан орынды.
Мысы? балалары ж??палы ау рулармен жиі ауырады. Мысы?тар ауыр?анда, к?здері жасаурайды, ысты?ы к?теріледі, ло?сып ??сады, тыш?а?тайды. Оны? ауыр т?рлері мысы?ты? ?ліп ?алуына ?келіп со?тыра-ды. Мысы?тан адам?а ж??атын ?ауіпті аурулар: ??тыру, ?отыр жара, ?ышыма. Сол себепті жыл сайын ??тыру?а ?арсы мысы??а вакцина еккізіп т?рады. Мысы?ты д?рыс асырамай, дала?а ?з бетінше ?оя беру оны? т?рлі ауруларды ж??тыруына, оны? адам а?засына берілуіне жол ашады. Мысы?тарды ?алай ата?ан д?рыс?
М?улен – ?р?ашы мысы?
Со?ыр – мысы?ты? ?лі к?зін ашпа?ан баласы
Мар?ау – мысы?ты? есейген баласы
1.ФЕЛИНОТЕРАПИЯ
?азіргі ?лкен жылдамды? пен жо?ар?ы ритм ?асырында сіздер ?здері?ізді кейде бос сезінесіздер, д?рыс ?мір с?ру ?шін к?шімізді? жо?ты?ын, ?лсіздікті сезінесіздер. Мы?ты денсаулы? пен д?рыс ?мір с?ру ?шін осыны? б?рінен ?алай ??тылу?а болады? Жауап ?те о?ай: сізге фелинотерапия к?мектеседі(мысы?терапиясы).
Мысы? терапиясыны? ж?йкені тынышталдырып, энергияны реттеп, денсаулы?ы?а жа?сы ?сер беретіндігі соншалы?, А?Ш – та д?рігерлерді? 48% - ы ?з ауруларына мысы?терапияны пайдаланып к?руді ?сынады. ?алымдар ?сіресе ?ара т?сті мысы?ты? емдік ?асиетіні? жо?ары екенін айтады, себебі ?ара т?с жаман энергияны ?зіне жа?сы сі?іреді. ?ара мысы? адам бойында?ы жаман энергияны ?зіне ж?тып, иесіні? био?рісіне жа?сы ?сер етеді.
Сонымен мысы? ?алай емдейді?Ж?не ол мысы?ты? ?зіне ?атты ?найды. Мысы? бізді жа?сы емдеу ?шін о?ан жа?сы ?арым ?атынас жасаса жеткілікті. Мысалы сипалап жа?сы к?ру, тама?ын д?рыстау, жа?сы с?здер айту т.б. сонда ол сізге ?зіні? д?рігерлік ж?мысын жа?сы ат?арады. Мысы? адамны? ішкі суы? тиген а?заларын, сын?ан с?йекті, со?ыл?ан жерлерін жа?сы сезеді сол жерге жатып «грелка» ?ызметін ат?арады. Мысы?ты сипалап отыр?ан адам ж?рек инфарктіне ?рынбайды ж?не ?ан ?ысымын реттеуге септігі тиеді. Мысы? ар?асын ?олмен сипа?анда одан дельта тол?ын б?лінеді, б?л сол к?нгі к??іл к?йге жа?сы ?сер ететіндігі ?ылыми д?лелденіп отыр. Мысы? асыра?ан адам 10 -15 жыл ?за? ?мір с?реді.
2.Мысы?ты? тілегі – денсаулы?
Статистика?а с?йенсек, мысы?ты жа?сы к?ретіндер ?з ?атарластарынан он жылдай ?за? ?мір с?реді екен. А?ылшын ?алымдары ?йде мысы? ?стау ар?ылы инфарктіні? ?айталап со?уын алты пайыз?а дейін т?мендетуге болатынын айт?ан. Нау?ас ?ожайыныны? жанынан т?улік бойы кетпей, ас-су?а ?араудан да бас тартып, тіпті оны? ауруын ?зіне ?абылдап, шейіт болып кеткен мысы?тар да бол?ан.
Мысы?ты тізе?ізге ?ойып немесе ??ша?тап, сипап отыру ар?ылы бойы?ызды? біраз сергіп ?ал?анын бай?айсыз. Желке?із ??рысса, оны 3-5 минут?а мойын ора?ыш ретінде ?стай т?ры?ыз.
Т?н ?й?ы?ыз б?зылса, мысы?ты жасты??а жат?ызып, ма?дайы?ызды т?йістіріп жата ?ойса?ыз, ?алай ?йы?тап кеткені?ізді де бай?амай ?аласыз. Мысы?ты? тырна? ізі де ем, к?дімгі инемен емдеуді? бір т?рі.
Жалпы, мысы? деген ма??лы?ты? ж?рек ?ысыл?анда, іш ??рылысы ауыр?анда, буын сыр?ыра?анда, ?атты шарша?анда, т?маурат?анда, бас?а да к?п жа?дайда пайдасы к?п. Ол ауыр?ан жері?ізді ?зі тауып, жа?ындай т?седі.
?за? уа?ыт бойы мысы? жанында болып, мамы? майда ж?нінен сипап ?ойып, оны? мияула?анын есту – иммунды? ж?йе?ізді к?шейтеді. Сондай-а?, денсаулы?ы?ыз жа?сарып, ?за? ?мір с?руге де ы?пал етеді
3.Естіді?із бе.
?лімді сезетін мысы?
А?Ш-та?ы ?арттар ?йіндегі Оскар атты еркек мысы?, ?міріні? со??ы с?ттерін ?ткізіп жат?ан ?арттарды? ?асына жа?ындап оларды? жанына жатып ауруды? ?ліміне жа?ын ?ал?анынан хабар береді.
Оскар бір нау?асты? жанына немесе ??ша?ына жат?анында ?арттар ?йіні? ?ызметшілері дереу ол ?артты? жа?ындарына хабар береді, осылай жан?ясы ж?не туыстары нау?асты? со??ы с?ттерінде жанында болады.
*
Францияда бір отбасына Чака есімді сиям т?ріндегі мысы?ты? баласын алып келген. Ол отбасында 6 – жасар ?ызыны? тіліні? м?кісі бол?ан. Кішкене ?ыз Чакамен к?п ойнап, бірге ?йы?та?ан. Бірте – бірте ?ызды? тілінде м?кіс бай?алма?ан. 2 жылдан кейін сол ?ыз операция?а т?скен, операция жаса?ан орын ауруханада к?пке дейін жазылма?ан. Ауруханадан ?йге келіп, Чакамен ойна?ан к?ннен бастап жара орнынан белгі де ?алма?анына ата – анасы та? ?ал?ан.
Т?гі ?те ты?ыр немесе т?ксіз мысы?тар (сиамды?, ориентальды?, т.б.) - б?йрек пен бауыр,ас?азан ауруларына,іш ?атуда т.б.)
Т??ымы ?ымбат т??ымдастар?а жатпайтын ж?й аула мысы?тары да ?з иесіні? к??іл к?йіне, ал?ан дене жара?атын емдеуге к?мектеседі.
Жалпы мысы?тарды? емдей алатын ауру т?рлері:
аритмия, артрит, атеросклероз, ?й?ысызды?, б?йрек аурулары, бронхит, гипертония мен гипотония, бас айналу мен т?рлі бас ауруларында, депрессия, тіс ауруында, инсульт, іш ?атуда, ж?йке ауруларында, нефрит пен пиелонефрит, шаршау мен ?лсіздікте, радикулит.
Мысы?тарды? ?з иесін емдеу сеансы 15 – 20 минуттан 3 са?ат?а дейін созылады. ?з иесіні? ауруын емдеп бол?ан мысы?, емнен кейін ?зін ?те жа?сы сезінеді. Мысы?тарды? тырна?ы д?рігер инесіне ?ара?анда жа?сы емдейді, ?йткені мысы? тырна?ан жер тез ж?не тырты?сыз жазылады.Тек о?ан сену керек. Мысы?пен к?п ойнап ?скен баланы? иммунитеті ?те жо?ары болатыны д?лелденген.
?орытынды
Фелинологтарды? айтуынша мысы?тар ?те а?ылды жануарлар. Сонды?тан да ол жануар ?зіне ??рметтпен ?арауды талап етеді, ол б?йры?ты ?натпайды, оны? орнына сыйпалап ма?та?анды жа?сы к?реді. ?азір медицинада жа?алы? к?п. Алайда, таби?атты? ?зі емші емес пе?!
К?ше кезген мысы? пен иттерді ?орлап, б?ріні? к?зінше аяусыз со??ы?а жы?ып жатса да та?ыр?амайтын болды?. Заман ?згерген бе, ?лде адамны? ?зі ?згерді ме? Б?л с?ра??а да жауап берерде ?иналатынымыз ж?не бар. Біра? бір орынды сауалды? туындары ха?. Олар да Жаратушы Алланы? ?мірімен мына ф?ни есігін аш?ан жо? па? Жануар болса да ?мір с?руге ?р?айсысы ??штар емес пе?!
Жануарларды жат санамай, оларды жанындай с?йетін адамдар елімізді? ?р б?лігінде ж?здеп емес, мы?дап кездесетіні ха?. Осындай жаны жылы адамдар к?бейсе екен деп тілеймін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мысы?ты? емдік ?асиеті" ?ылыми жоба »
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Орындаған: 10 «А» сынып оқушысы Мусабай Гулайым
Тақырыбы: Мысықтың емдік қасиеті
Бағыты: Өлкетану.
Жетекшісі: Байболова Әйгерім
Секциясы: Биология
№3 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Әбдіжамил Әсемайдың
«Мысықтың емдік қасиеті»
тақырыбында жазған жұмысына
П І К І Р
2 сынып оқушысы Әбдіжамил Әсемай Нұрбекқызының ғылыми жобасы мысықтың емдік қасиетіне арналған. Оқушы ғылыми жобада өзінің мақсат-міндетін, зерттеу жаңалығын көрсете білген.
Әсемай Нұрбекқызының «Мысықтың емдік қасиеті» - тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда күнделікті өмірде қолдана бермейтін тың тақырыпқа жазылған жұмыстардың бірі.
Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысықтерапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. «Естідіңіз бе...» - бөлімінде, мысықтар жайлы таңқаларлықтай оқиғаларды жақсы іріктеген.Жұмысын қазіргі таңда жануарлармен емдеу әдісін Қазақстанда дұрыс жолға қою керектігі, мысықтарды қорғауға алу керектігі жайлы ойымен қорытындаған.
Бұл 2«А» сынып оқушысы Мұсабай Гүлайымның «Мысықтың емдік қасиеті» тақырыбында жазған ғылыми жобасы аудандық ғылыми жобалар байқауына ұсынуға болады.
Жетекшісі: Машакова Шынар Алдамжарқызы
Аннотация
Зерттеу жұмысында орындаушыОқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген. «Мысықтың-емдік қасиеті» тақырыбындағы ғылыми жоба кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды бөлімнен тұрады.
Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысықтерапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсете білген.
Жетекшісі: Машакова Шынар Алдамжарқызы
Аннотация
Ученик, в ходе научно – исследовательской работы, вкладывая свои способности и поиски, доступно написал о лечебных свойствах кошки в отношении своего хозяина. В ходе работы остановился: на питании и уходе домашних кошек, на отзыв животных хозяину на казахском языке.
Особенное внимание уделил на фелинотерапию – кошачью терапию. В работе видно, что ученик опирался на работы и исследования мировых ученых о том, что разные породы кошек излечивают разные болезни в организме человека.
Новости, происходящие в области медицины сумел обоснованно доказать.
The summary
The pupil, in a course scientifically – research work, putting the abilities and searches, has well written about medical properties of a cat concerning the owner. During work has stopped: on a food and leaving of house cats, on a response of animals to the owner in the Kazakh language.
Especial attention has given on felinoterapija - the cat's therapy. In work it is visible that the pupil leaned against works and researches of world scientists that different cat breeds cure different illnesses in a human body.
The news occurring in the field of medicine has managed to prove soundly.
Жоспар
І. Кіріспе
Мысықтар туралы: Үй мысығы
ІІ. Негізгі бөлім
1.Фелинотерапия
2.Мысықтың тілегі – денсаулық
3. Естідіңіз бе...
4. Мысықтардың тұқымына (порода)қарай емдеу тәсілдері
ІІІ. Қорытынды
Қазір медицинада жаңалық көп. Алайда, табиғаттың өзі емші емес пе?!
І. Кіріспе
Мысықтар туралы: Үй мысығы
Үй мысығы — арғы тегі жабайы мысық тұқымдас жануар болып табылатын үй жануары. Оны солтүстік африкалық дала мысығы деп немесе жай Дала мысығы деп те атайды.
Мысықтың орташа жасы 10-12 жас, , көбінесе 20-25 жыл. Соңғы деректер бойынша, мысықты қолға үйрету мұнан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Қазір кең тараған мысықтың 80 түрі бар. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Мая аралының шолақ құйрық мысығы, Сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, тү-рік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары
Бір мысық 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары көзін 7-10 күн толғанда барып ашады, есейгенше ене-сінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына 2 рет, жекелеген түрлері 4 рет балалайды.
Мысықты тамақтандыру
Ересек мысықтарды тәулігіне 1-2 рет тамақтандырса, осы тамақтың мөлшері 150-200 грамм болуға тиіс. Үй мысығының негізгі тамағы: ет, балық, сүт. Ет тағамдарының ішінде мысыққа пайдалысы: ішек-қарын, бауыр, жүрек. Қазір дүкендерде мысықтарға арнап жасалған тағам түрлері бар. Мысықты тамақтандырарда мамандардың
ақыл-кеңесін тыңдаған орынды. Мысық балалары жұқпалы ау рулармен жиі ауырады. Мысықтар ауырғанда, көздері жасаурайды, ыстығы көтеріледі, лоқсып құсады, тышқақтайды. Оның ауыр түрлері мысықтың өліп қалуына әкеліп соқтыра-ды. Мысықтан адамға жұғатын қауіпті аурулар: құтыру, қотыр жара, қышыма. Сол себепті жыл сайын құтыруға қарсы мысыққа вакцина еккізіп тұрады. Мысықты дұрыс асырамай, далаға өз бетінше қоя беру оның түрлі ауруларды жұқтыруына, оның адам ағзасына берілуіне жол ашады. Мысықтарды қалай атаған дұрыс?
Мәулен – ұрғашы мысық Соқыр – мысықтың әлі көзін ашпаған баласы Марғау – мысықтың есейген баласы
1.ФЕЛИНОТЕРАПИЯ
Қазіргі үлкен жылдамдық пен жоғарғы ритм ғасырында сіздер өздеріңізді кейде бос сезінесіздер, дұрыс өмір сүру үшін күшіміздің жоқтығын, әлсіздікті сезінесіздер. Мықты денсаулық пен дұрыс өмір сүру үшін осының бәрінен қалай құтылуға болады? Жауап өте оңай: сізге фелинотерапия көмектеседі(мысықтерапиясы).
Мысық терапиясының жүйкені тынышталдырып, энергияны реттеп, денсаулығыңа жақсы әсер беретіндігі соншалық, АҚШ – та дәрігерлердің 48% - ы өз ауруларына мысықтерапияны пайдаланып көруді ұсынады. Ғалымдар әсіресе қара түсті мысықтың емдік қасиетінің жоғары екенін айтады, себебі қара түс жаман энергияны өзіне жақсы сіңіреді. Қара мысық адам бойындағы жаман энергияны өзіне жұтып, иесінің биоөрісіне жақсы әсер етеді.
Сонымен мысық қалай емдейді?Және ол мысықтың өзіне қатты ұнайды. Мысық бізді жақсы емдеу үшін оған жақсы қарым қатынас жасаса жеткілікті. Мысалы сипалап жақсы көру, тамағын дұрыстау, жақсы сөздер айту т.б. сонда ол сізге өзінің дәрігерлік жұмысын жақсы атқарады. Мысық адамның ішкі суық тиген ағзаларын, сынған сүйекті, соғылған жерлерін жақсы сезеді сол жерге жатып «грелка» қызметін атқарады. Мысықты сипалап отырған адам жүрек инфарктіне ұрынбайды және қан қысымын реттеуге септігі тиеді. Мысық арқасын қолмен сипағанда одан дельта толқын бөлінеді, бұл сол күнгі көңіл күйге жақсы әсер ететіндігі ғылыми дәлелденіп отыр. Мысық асыраған адам 10 -15 жыл ұзақ өмір сүреді.
2.Мысықтың тілегі – денсаулық
Статистикаға сүйенсек, мысықты жақсы көретіндер өз қатарластарынан он жылдай ұзақ өмір сүреді екен. Ағылшын ғалымдары үйде мысық ұстау арқылы инфарктінің қайталап соғуын алты пайызға дейін төмендетуге болатынын айтқан. Науқас қожайынының жанынан тәулік бойы кетпей, ас-суға қараудан да бас тартып, тіпті оның ауруын өзіне қабылдап, шейіт болып кеткен мысықтар да болған.
Мысықты тізеңізге қойып немесе құшақтап, сипап отыру арқылы бойыңыздың біраз сергіп қалғанын байқайсыз. Желкеңіз құрысса, оны 3-5 минутқа мойын орағыш ретінде ұстай тұрыңыз.
Түн ұйқыңыз бұзылса, мысықты жастыққа жатқызып, маңдайыңызды түйістіріп жата қойсаңыз, қалай ұйықтап кеткеніңізді де байқамай қаласыз. Мысықтың тырнақ ізі де ем, кәдімгі инемен емдеудің бір түрі.
Жалпы, мысық деген мақұлықтың жүрек қысылғанда, іш құрылысы ауырғанда, буын сырқырағанда, қатты шаршағанда, тұмауратқанда, басқа да көп жағдайда пайдасы көп. Ол ауырған жеріңізді өзі тауып, жақындай түседі.
Ұрғашы мысық іш құрылысы мен жүйкені «емдесе», еркек мысық остеохондроз, радикулит және артроздың «маманы». Мысық жалғыздығыңды білдірмейді, шаршағаныңды басады, қан қысымын қалыпқа түсіреді. Оның биоөрісі жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді, тамыр және бас ауруларын жазады, жараның жазылуын тездетеді.
Ұзақ уақыт бойы мысық жанында болып, мамық майда жүнінен сипап қойып, оның мияулағанын есту – иммундық жүйеңізді күшейтеді. Сондай-ақ, денсаулығыңыз жақсарып, ұзақ өмір сүруге де ықпал етеді
3.Естідіңіз бе...
Өлімді сезетін мысық
АҚШ-тағы қарттар үйіндегі Оскар атты еркек мысық, өмірінің соңғы сәттерін өткізіп жатқан қарттардың қасына жақындап олардың жанына жатып аурудың өліміне жақын қалғанынан хабар береді. Оскар бір науқастың жанына немесе құшағына жатқанында қарттар үйінің қызметшілері дереу ол қарттың жақындарына хабар береді, осылай жанұясы және туыстары науқастың соңғы сәттерінде жанында болады. ***
Францияда бір отбасына Чака есімді сиям түріндегі мысықтың баласын алып келген. Ол отбасында 6 – жасар қызының тілінің мүкісі болған. Кішкене қыз Чакамен көп ойнап, бірге ұйықтаған. Бірте – бірте қыздың тілінде мүкіс байқалмаған. 2 жылдан кейін сол қыз операцияға түскен, операция жасаған орын ауруханада көпке дейін жазылмаған. Ауруханадан үйге келіп, Чакамен ойнаған күннен бастап жара орнынан белгі де қалмағанына ата – анасы таң қалған.
4.Мысықтардың тұқымына (порода)қарай емдеу тәсілдері
Ғалымдардың көп жылдық зерттеу нәтижесінде, мысықтар тұқымына қарай әр түрлі ауруды емдеу шипагерлігі әр алуан екендігін байқаған.
Ұзын жүнді мысықтар (персид түрі, ангор түрі, сібірлік мысық, рэгдолл, бирмандық т.б,) – невропатологияда, ұйқысыздықта, шаршау мен әлсіздікте.
Жүні ұзын емес, бірақ өте қалық мысықтар – бел омыртқа және буын ауруларына емші.
Тықыр жүнді мысықтар(экзотикалық, британдық, шотландық, орыс көк көзді мысықтарт.б.) – жүрек қан тамыры ауруларына емші.
Түгі өте тықыр немесе түксіз мысықтар (сиамдық, ориентальдық, т.б.) - бүйрек пен бауыр,асқазан ауруларына,іш қатуда т.б.)
Тұқымы қымбат тұқымдастарға жатпайтын жәй аула мысықтары да өз иесінің көңіл күйіне, алған дене жарақатын емдеуге көмектеседі.
Жалпы мысықтардың емдей алатын ауру түрлері:
аритмия, артрит, атеросклероз, ұйқысыздық, бүйрек аурулары, бронхит, гипертония мен гипотония, бас айналу мен түрлі бас ауруларында, депрессия, тіс ауруында, инсульт, іш қатуда, жүйке ауруларында, нефрит пен пиелонефрит, шаршау мен әлсіздікте, радикулит. Мысықтардың өз иесін емдеу сеансы 15 – 20 минуттан 3 сағатқа дейін созылады. Өз иесінің ауруын емдеп болған мысық, емнен кейін өзін өте жақсы сезінеді. Мысықтардың тырнағы дәрігер инесіне қарағанда жақсы емдейді, өйткені мысық тырнаған жер тез және тыртықсыз жазылады.Тек оған сену керек. Мысықпен көп ойнап өскен баланың иммунитеті өте жоғары болатыны дәлелденген.
Қорытынды
Фелинологтардың айтуынша мысықтар өте ақылды жануарлар. Сондықтан да ол жануар өзіне құрметтпен қарауды талап етеді, ол бұйрықты ұнатпайды, оның орнына сыйпалап мақтағанды жақсы көреді. Қазір медицинада жаңалық көп. Алайда, табиғаттың өзі емші емес пе?!
Көше кезген мысық пен иттерді қорлап, бәрінің көзінше аяусыз соққыға жығып жатса да таңырқамайтын болдық. Заман өзгерген бе, әлде адамның өзі өзгерді ме? Бұл сұраққа да жауап берерде қиналатынымыз және бар. Бірақ бір орынды сауалдың туындары хақ. Олар да Жаратушы Алланың әмірімен мына фәни есігін ашқан жоқ па? Жануар болса да өмір сүруге әрқайсысы құштар емес пе?! Жануарларды жат санамай, оларды жанындай сүйетін адамдар еліміздің әр бөлігінде жүздеп емес, мыңдап кездесетіні хақ. Осындай жаны жылы адамдар көбейсе екен деп тілеймін..
Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр. Латын тілінен аударғанда (animal – жануар), яғни, хайуанаттар, ал «анимал терапиясы» – хайуанаттардың және олардың бейнелерін пайдалану арқылы психофизиологиялық, психотерапевтік және бейімделу көмегін көрсететін терапия түрі.Бұл терапияда хайуанаттардың суреттері, бейнелері ертегі кейіпкері ретінде, ойыншық түрінде, әрине, араласқанда қауіпсіздігі қамтамасыз етілген табиғи кейпінде де қолданылады. Жүргізілген түрлі тәжірибелер хайуанаттардың науқас адамдарға жағымды әсер еткенін дәлелдеп отыр. Үй хайуанаттарын асырайтын адамдардың да аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні ғылыми тұрғыда анықталған. Сондай-ақ, ондай адамдардың жүйке жүйесі де үй жануары жоқ адамнан гөрі күштірек болады. ------Қазіргі таңда анималды терапия дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ, хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. Осыған сай халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізіліп отырады. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді.
Анималды терапия немесе зоотерапия – дәстүрлі емес әдіс.
Анималды терапияны 1792 жылы Ұлыбританияның Йорк қаласында жаны ауыратындарға арналған ауруханада ресми түрде қолданған. Мұнда жануарлар емдеу процесінің бір бөлігі деп саналады.
Бұл әдістің «пионері»1, америкалық балалар психиатры Борис Левинсон, ол 1962 жылы өз итін терапевтік сеанста пайдалана бастаған. Қазіргі уақытта африкалық тайпалар пілдер және қолтырауындармен емдеуді қолданады екен. Ал Австралияның жергілікті халқы кенгуруды пайдалананып сеанс жүргізеді.
1 – алғашқы дәрігерлердің бірі
Хайуанаттар терапиясы мақсатты және мақсатсыз болып екіге бөлінеді.
Мәселен, ертеден қазіргі кезге дейін кейбір адамдар үйлерінде мысық немесе ит асырайды. Мұнда адамдар үй хайуанаттарының адам психологиясы мен псхикасына әсері барын білсе де, оны арнайы үйретіп, белгілі бір мақсатқа пайдаланбайды.
Ал мақсатты түрде арнайы үйретілген, сондай-ақ, белгілі тренинг жаттығулар жасауға қабілетті хайуанат «емдеуші терапевтке» айналады. Жануарлар адам ағзасы мен жүйкесіне жағымды әсер беретін электрмагнитті сәуле шаша алады. Бал арасын баптаушы мен қысы-жазы төрт түліктің бабын күйттеген қарапайым шопанның өмірін бақылаған ғалымдар олардың өзгелерден әлдеқайда тың әрі ауруға бой бермейтінін байқаған.
Бүгінгі таңда көптеген елде төртаяқтылар мен құстардың көмегімен ем жасайтын (анималотерапевт) емдеу орталықтары мен клиникалар да бар.
Украинаның Евпатория қаласында балалардың сал ауруын дельфиндер арқылы емдейтін арнаулы орталық жұмыс істейді. Дельфиндер өз бойларынан таралатын ультрадыбысты толқын арқылы емдік әсер береді. Балалар бассейнде дельфинмен бірге жүзіп, ойнайды. Мүгедектер арбасына таңылған балалар осылайша бірте-бірте қаз тұрып кетеді. Дельфинотерапия аутизм ауруына ұшырағандарға да ем. -----------Көше кезген мысық пен иттерді қорлап, бәрінің көзінше аяусыз соққыға жығып жатса да таңырқамайтын болдық. Заман өзгерген бе, әлде адамның өзі өзгерді ме? Бұл сұраққа да жауап берерде қиналатынымыз және бар. Бірақ бір орынды сауалдың туындары хақ. Олар да Жаратушы Алланың әмірімен мына фәни есігін ашқан жоқ па? Жануар болса да өмір сүруге әрқайсысы құштар емес пе?! Жануарларды жат санамай, оларды жанындай сүйетін адамдар еліміздің әр бөлігінде жүздеп емес, мыңдап кездесетіні хақ. Осындай жаны жылы адамдар көбейсе екен деп тілеймін.. ---------------Көктемнің алғашқы күні 1 Наурыз дәстүрге айналған халықаралық мысықтар күні. Бір қызығы, көптеген халықтар осы адамға жақын үй жануарының бірі мысықтар күнін мерекелеуді ұлттық мерекеге айналдырған. Осы күнмен адамзатқа берік та сенімді достығы мен қызметін білдіретін үй жануарларына тағы да бір рет құрмет білдіруді ескертеді. (Felis catus) - үй мысығы 2 тұқымдастан тұратын мысықтар тұқымына жатады, оның 4 тұқымы және 36 түрі бар. Біздің мәліметімізше Қазақстанда осы тұқымдас мысқтардың 3 тұқымы, оның ішінде 12 түрі өмір сүруде. Өзінің мамық та ұлпа жүнді терісі бар бұл мысықтар кәсіптік мағынансымен айрықша белгілі, ол үйдегі кеміргіш жәндіктермен күрес жүргізтудің шебер маманы. Фелинологтардың айтуынша мысықтар өте ақылды жануарлар. Сондықтан да ол жануар өзіне құрметтпен қарауды талап етеді, ол бұйрықты ұнатпайды, оның орнына сыйпалап мақтағанды жақсы көреді. Әрине мысықтар туралы көп айтуға болады. Ал мен осы мереке күні барлық мысықтарға өз мекен - жайлары мен қожайындары табуына, оларға айнымас адал серік болуыларына тілектеспін.
Қолданылған әдебиеттер:
1.7kun.kz – интернет газеті
2. http://tomiris.wordpress.com – сайты
3. http://www.bostandyk.almaty.kz – сайты
4.«Замана»-апталық газеті 15.02.2011ж
5.Кенжеахметұлы С. Жетi қазына, А:Ана тiлi,1997,124 бет
6.«Үш Қиян» газеті, №4 4-мамыр, 2009 жыл, 5-бет
7. Көбеева Н.
Бала және табиғат. \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5. 6 – 7б
8. «Магия и кошки» - кітабы 2004ж. Москва
9. «Что значит фелинотерапия или Полечи меня Мурка».
Юлия Герцвольф. Москва 2007г.
10. Фелинотерапия "Реабилитация звуками природы"- Алматы 1997г.
Мазмұны
1
Пікір
2 бет
2
Аннотация
3-5 беттер
3
Жоспар
6 бет
4
Мысықтар туралы: Үй мысығы
7-8 бет
5
Фелинотерапия
9-10 бет
6
Мысықтың тілегі – денсаулық
11 бет
7
Мысықтар туралы ғалымдар не дейді....
12-13 беттер
8
Жануарлардың қайсысы ақылдырақ?
14-15 беттер
9
Естідіңіз бе? ...
16-19беттер
11
Фелинолог мамандығы
20 бет
12
Мысықтардың тұқымына (порода)қарай
емдеу тәсілдері
21 бет
13
Қорытынды
22-24беттер
14
Қолданылған әдебиеттер
26 бет
Т.Рысқұлов мектеп – лицейінің 10 «А»сынып оқушысы
Мұсабай Гүлайымның ғылыми қоғамда атқаратын жұмыс жоспары
қ/с
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері
Жұмыс істеу дәрежесі
1
Оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібін түсіндіру жолдары
әр аптада
2
Таңдалған тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстары
әр аптада
3
Ізденіс иіріміне ғылыми тұрғыда бағыт бағдар беру
әр аптада
4
Жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін тиімді пайдалану жолдары
әр аптада
5
Кітапханамен байланыс жұмыстары. Еріктілік принціпін тиімді пайдалану
әр аптада
6
Айналысу принципін жүзеге асыруға мүмкіндік жасау
әр аптада
7
Тақырып бойынша ізденістерін ғылыми тұрғыда жүйелеу жолдарын қолға алу
әр аптада
8
Өзара пікір алмасу дидактикалық шығармашылық әрекетін жандандыру(яғни оқу материалдарын, оны оқушыларға беру мен меңгеруге байланысты әртүрлі амалдарды іріктеу және құрылымдау жөніндегі оқыту әрекетін қолға алу).
әр аптада
9
Жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жоспарлау. Өз бетімен демалуына мүмкіндік жасау, тәжірибені игеру.
әр аптада
10
Көсемпаздық педагогиканы жандандыру, білім берудің тиімділігі, яғни идеялар мен жаңалықтар жасалынып тексеруден өткізуді жүзеге асыру.
әр аптада
11
Интернетпен жұмыс
Аптасына 2 рет
Т.Рысқұлов мектеп - лицейінің
ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары: Қайыпқұлова Ж..
Жетекшісі: Байболова Әйгерім
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Сондай елеулі өзгерістердің бірі – Қазіргі таңда анималды терапияның күштілігі дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ оларда хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді. Анималды терапияны ең алғаш 1792 жылы Ұлыбританияның Йорк қаласында жаны ауыратындарға арналған ауруханада ресми түрде қолданған. Негізі, хайуанаттармен емдеудің тарихы тым тереңде, адамзат дәуірі пайда болғаннан бері белгілі болған. Қазіргі уақытта африкалық тайпалар пілдер және қолтырауындармен емдеуді қолданса, Австралияның жергілікті халқы кенгуруды пайдаланып, сеанс жүргізеді. Сондай-ақ дельфинмен емдеу және мысықпен емделу әсіресе апатты жағдайларды: мәселен, дауыл, жер сілкінісі, жол-көлік апатын бастан кешірген адамдарды психологиялық оңалту кезінде таптырмас терапия екен. «Дельфин-терапевтің» пациенттері көбінесе кәсіпкерлер мен шығармашылық кәсіп иелері, жүйке жүйесі ауыратын балалар болып келеді екен.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға табиғаттың өзі емші екндігіне көзін жеткізу. Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр. Адамға табиғаттың өзі берген құндылығын ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны тәжірибелік-экспериментте тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің міндеттері:
Болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасу
Көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдыққа ынталандыру
Шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа бейімдеу, медицинаның қолжетімді жаңалығымен танысу.
Оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру.