Просмотр содержимого документа
«Б?йры?. Б?йры?ты? т?рлері»
Пән: Мемлекеттік тілде іс қағаздардын жүргізу
Тақырыбы: Бұйрық. Бұйрықтың түрлері.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
1. Білімділік: Бұйрық, бұйрықтың түрлерін рәсімдеуді үйрену арқылы сөздік қорын молайтып, сөйлем кұрау, әңгімелей алу дағдыларын қалыптсатыру, сауаттылықтарын жетілдіру.
2.Дамытушылық: Логикалық ойлауын, ой дәлдігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Әрбір білім алушының еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білуге бейімдеу, ұлтжандылыққа, сөз қадірін терең ұғуға тәрбилеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, әңгімелеу, іздендіру.
Сабақта қолданылатын көрнектіліктер: үлестірмелі қағаздар, үлгілер, оқулықтар
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ МЕН МАЗМҰНЫ
I. Кіріспе бөлім.
1. Сабақтың ұйымдастыру кезңі: Білім алушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Бұйрық қандай құжат?
Мазмұны бойынша бұрықтар қандай жағдайда жазылады?
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай жағдайда жазылады?
Жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтардың мазмұнын түсіндіріңіз.
Бұйрықты дайындаудың кезеңдеріне тоқталыңыз.
Бұйрықтың мәтіні қанша бөліктен тұрады?
Бұйрықтың жазылуындағы аса маңызды деректемелерді атаңыз.
Бұйрықтаң көшірме қандай жағдаЙда қажет?
Негізгі бөлім.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұйрықтың тәлім-тәрбиелік маңызы.
Бұйрық беру арқылы ұжым мүшелерін жауапкершілікке жетелейтендігін талдау
Бұйрықпен рәсімделуге жататын құжаттарды атаңыз
Бұйрықпен рәсімделуге жататын құжаттарды атаңыз.
Жеке құрам жөніндегі бұйрықтар қай бөлімде дайындалады?
III.Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақтар:
1. Бұйрық заң құжаттарына жата ма?
2. Бұйрыққа қандай мөр қойылады?
3. Құжаттың түпнұсқасының бір бөлімінің дәлме-дәл көшірілуі не деп аталады?
4. Бұйрықтан көшірме жазылғаннан кейін кайда тіркеледі?