Сабақтың мақсаты: білімділік-буын, оның түрлері туралы алған білімдерін пысықтау, қорытындылау, бітеу буын, ерекшеліктері, негізгі белгілеріне тоқталу, түрлі жаттығулар арқылы буын түрлерін ажырату;
тәрбиелік-сабақ барысында мәдениетті сөйлеуін қалыптастыру, ұйымшылдыққа, ізгілікке, отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге тәрбиелеу; дамытушылық-өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра түсіндіре отырып, оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға баулу, ойлау, сөйлеу, білім, білік дағдысын арттыру, ойда сақтау дағдылары мен іскерлік белсенділіктерін арттыру.
Түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Әдісі: интерактивті әдіс, сұрақ-жауап, талдау түрлері, жұмбақ, сөзжұмбақ шешу, сурет бойынша жұмыс, сәйкестендіру, тест тапсырмалары т.б.
Көрнекілігі: сызбалар, сөзжұмбақтар, слайдтар, интерактивті тақта т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу, психология т.б.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Қадар Мырзалиевтің «Ана тілі» туралы айтылған өлеңімен сабақты бастау.
Психологиялық дайындық. Оқушыларға түс таңдату арқылы бойындағы қасиеттерін айту. Сабаққа белсенділігін арттыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ашық буынға 10 сөз, тұйық буынға 10 сөз жазып келу.
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындалау.
Сөзжұмбақ шешу.
1.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша ------------ болады. (буын)
2.е,і, ы, и дыбыстары ерін мен езудің қатысына қарай қандай дауыстылар? (езулік)
3.Дауыстыдан басталып дауыстыға біткен буын қалай аталады? (тұйық)
4.Ұ,ү ерін мен езудің қатысына қарай қандай дыбыстар? (еріндік)
5.Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке болатын дыбыс ? (У)
6.
7.Өкпеден шыққан ауаның ешбір кедергісіз шығуын қандай дыбыс дейміз?
(дауысты дыбыс)
8.Жалғыз дауыстыдан немесе дауыссыздан басталып,
дауыстыға аяқталған буынды қандай буын дейміз? (ашық буын)
9.а,о, ы, у дыбыстары тілдің қатысына қарай қандай дауысты дыбыс? (жуан)
Ортасынан «бітеу буын» деген сөз шығады
ІҮ. Жаңа сабақ.
Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Бітеу буын»
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын ең бірінші мына жұмбақтарды шешіп алайық!
1.Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн)
2.Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым. (Қарбыз)
3.Бес ін,
Бес іннің аузы бір ін. (Қолғап)
4.Біз, біз едік, біз едік,
Біз жылтыраған қыз едік.
Таң атқанша жайылдық,
Таң атқан соң жойылдық. (Жұлдыз)
5.Менің үш көзім бар
Бір көзім кідір дейді,
Бір көзім жүгір дейді,
Бір көзім абайла дейді,
Қарап ал маңайға дейді. (Бағдаршам)
Жұмбақ жауаптарын тақтаға жазып, буынға бөліп талдау. Бітеу буын екендігін түсіндіру.
Бітеу буын дегеніміз-екі жағы дауыссыз ортасы дауысты болып келетін буын. Мыс: бағ-дар-шам, жұл-дыз, күн т.б
Ү.Класс жұмысы
1.Кітап-досың,ақылшың
215-жаттығу.
2.»Адасқан әріптер» ойыны
Р, о, б - бор. б.б
А, ш, а, ғ – а-ғаш . а.б. - б.б.
Т,р,е,м,е, - тер-ме. б.б-а.б
А,л,а,д, - да-ла . а.б.- а.б.
І,м,б,л,і - бі-лім. а.б. – б.б.
3.»Сыңарын тап» ойыны . Сәйкестендіру.
Ақ ақы
Көк барыс
Жол бақан
Жез қу
Еңбек сөз
Алты құтан
Тас қазан
Баспа төбе
Ас бақа
Ақ қазған
4.Мысалдар беру.
Қарамен жазылған сөздерді буын түрлеріне ажырату.
1.Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,
содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі – еріншектік,
үшіншісі – зұлымдық. (Абай)
2.Аз сөйлер де, көп тыңдар, қас асылдың баласы.
(Махамбет)
3.Адамның бойындағысының бәрі де: жүзі де, киімі де, жаны да, ойлары да әсем болуы керек. (А.Чехов.)
5.Суретпен жұмыс. (ауызша)
Не бейнеленген ? Неше буын бар? Қандай буын ?
6.Талдау-табыс кілті. Кеспе қағаздарымен жұмыс.
Балалар, өнертапқыш, Сұлтанмахмұт, қараторғай, білім, наурыз сөздерін буынға бөліп, буын түрлеріне ажырату.
ҮІ. Қорытындылау.
Тест тапсырмалары
1.Бос орынға қай сөз сәйкес келеді?
Сөзде қанша ............... дыбыс болса, сонша буын болады.
А)дауыссыз дыбыс в)дауысты дыбыс с)әріп
Д)қосарлы дыбыс е)үнді дауыссыз
2.»Ана» сөзінде неше буын бар , қандай буын?
А)3 буынды, тұйық буын в)2 буынды, тұйық буын с)3 буынды, бітеу буын
Д)2 буынды, ашық буын е)1 буынды, ашық буын
3.Бітеу буынды тап.
А)жарлық в)әже с)от д)қала е)ант
4.Тұйық буынды сөзді тап.
А)ара в)аспан с)ант д)тату е)шешен
5.Буынның неше түрі бар?
А)4 в)2 с)6 д)5 е)3
6.Ашық буынды тап.
А)шағала в)еңбек с)халық д)бұлақ е)тұрмыс
ҮІІ.Үйге тапсырма
8 наурыз – Аналар мерекесіне орай,
«Ана-үйдің алтын қазығы» тақырыбына шағын шығарма жазу.