Түйе, жылқы, өгіз көлік ретінде пайдаланылады, оны шанаға,арбаға жегеді, мінеді.
Осында түйе, жылқы, өгіз – бірыңғай бастауыштар, сұрағы не? Шанаға, арбаға –бірыңғай толықтауыштар – неге? жегеді, мінеді – бірыңғай баяндауыштар қайтеді?
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз - сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер.
Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да (мен, да, және, әрі, не, немесе) байланысады. М., Арба да, дөңгелектер де, адамдар да қызғылт шаңның ішінде.
Кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Жалпылауыш сөздер ретінде жалпылау, сілтеу есімдіктері және сан есімдер жұмсалады. Үйге Әсия, шешем, мен – үшеуіміз ғанакірдік. Мінезі де, түрі де – бәрі өзім.
Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе, онда жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте, сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына үтір қойылады. М., Өнеркәсіпте керекті заттар мыналар: тас көмір, мұнай, мыс, болат, жез, темір, қорғасын, шойын.
Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден соң келсе, жалпылауыштың алдынан сызықша қойылады. М., Өнеркәсіпке керекті тас көмір, мұнай, мыс, жез, қорғасын – барлығы Қазақстан жерінен табылады.
63-жаттығу.
Төмендегі өлеңде бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгілері қойылмаған, қойып шығып, ондағы сөйлем мүшелерін анықтаңдар.
64-жаттығу.
Мәтіндегі негізгі тақырыпты анықтаңдар. Түркілерге берілген мінездемені тауып оқыңдар. Мәтіндегі бірыңғай мүшелерді тауып, қандай сұрақтарға жауап беретінін, қай сөз таптарынан екенін және қандай тұлғада тұрғандарын талдаңдар.
65- жаттығу.
Мәтінді оқып, кім жайында жазылғанын біліп алыңдар.
Мәтіндегі бірыңғай сөйлем мүшелерін тауып, қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарып тұрғандарын ажыратыңдар.
Автор қолданған бірыңғай сөйлем мүшелерін сақтап, мәтін бойынша Мақаш Бекмұхамбетовке мінездеме беріңдер.