kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала ???ы?ы ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности


Та?ырыбы: «Баланы? негізгі ???ы?тары менміндеттері»
Ма?саты:О?ушылар?аза?білімісаласынанма?л?матбереотырып, ?з???ы?тарын жете білуге, ?збеттеріменсалыстырабілуге, ?мірде?олданабілуге?йрету, ???ы?ты?білімдерінтолы?тыру.
Адамгершілік, адалды?, ?ділдік пен мейірімділікке баулу ар?ылысаясисаналы?ы мен танымбелсенділігінарттыру.
Елімізді?Атаза?ын??рметтеуге, сыйлау?ат?рбиелеу. Патриотты?т?рбие беру.

Т?рі: Д??гелек ?стел
К?рнекілігі: ?аза?стан Республикасыны? Конституциясы, «Бала ???ы?ы»конвенциясы, за?дар жина?ы, слайд.


?анатты с?здер:
«Ата за? ?ркімні? бойт?мары болып, оны? ?рбір ?а?идасы м?лтіксіз орындал?анда ?ана орта? ма?сат?а ?ол жеткіземіз». Н. Назарбаев.
«Бала бол, бас?а бол – б?ріне за? біреу - а?»
«Тура биде ту?ан жо?, ту?анда биде иман жо?». Ж. Баласа??н.
Кіріспе с?з: Ешкім ешкімге ?мір с?руді ?йретпейді. Бізді? е? ??нды болмысымыз – балаларымыз. Ба?ытты ж?не дені сау балалар ?сіру к?п уа?ытты ?ажет етеді. «Бала – бауыр еті?» дейді ?аза?та. ?рбір ?аза? ша?ыра?ында бала к?лкісіні? сы??ыры естілген ша?ыра? ба?ытты боп табылады. ?рбір елді? басты ??ндылы?ы, байлы?ы – адам. Б?гінгі д??гелек ?стелімізді? ?атысушылары – директорды? т?рбие ісі ж?ніндегі орынбасары Д.Ж.Жал?асова, мектеп психологы Н.А.Изгалиева, жас?спірімдер инспекторы М.А.Бейсов, ?леуметтік педагог В.М.Есенжолова, 9 – 11 класс о?ушылары.

1)«?яда не к?рсе?, ?ш?анда соны ілесі?» деген аталы с?зді атамыз бекер айтпа?ан. ?р адам мемлекеттік за?дарды ??рметтеп, ата – бабамызды? т?жірибесін ?немі назарда ?стап отыруы тиіс. Хал?ымыз 13 жаста?ы баланы «отау иесі» деп атады. Ал ?азіргі ?аза?стан Республикасыны? Ата за?ы бойынша, ?ылмыс жаса?ан баланы 14 жастан жауап?а тартады. 16 жастан бастап толы? ?кімшілік, ?ылмысты? жауапкершілік басталады, азамат жеке ку?лік алады. С?з кезегін за? ?кілі, жас?спірімдер ісі ж?ніндегі инспектор Бейсов Махамбетке береміз.
 - За?ды білу – заман талабы. Б?гінде ?аза?стан Республикасында демократия?а ба?ыттал?ан ???ы?ты? мемлекет ??ру идеясы ж?зеге асырып, онда?ы ?рбір азаматты? ?з ???ы?тарын жете біліп, со?ан сай сана – сезімдерін ?алыптастыру. Азаматты? міндеті – за? талаптарын б?збау, екінші жа?ынан, ?зіне ж?ктелген міндетін орындау. ?йткені за? дегеніміз - ?мірді? н?рі. За?ны? мы?тылы?ы – атында емес, адалды?ы мен ?ділдігінде. За?ны?е?бастыма?саттарыны?бірі – ?о?амда?ыалуанмінездіадамдардысалауатты?мірсалтынат?рбиелеу.
?лемде 1979 жылыХалы?аралы?балаларжиынын?ткізукезінде «Балалар???ы?ытуралыхалы?аралы?конвенцияны» дайындауж?нінде топ ??рылды. 1989 жылы 20 ?арашадаконвенцияны Б?? бірауыздан?абылдады. Конвенция - ?лембалаларыны????ы?ын?ор?аутуралыж?неолар?ат?рбие беру ж?ніндегібірнешебаптант?ратынма?ызды??жат. Онда: «?атысушымемлекеттер?рбірбаланы??сіп – жетілуі?ажеттіт?рмысд?режесін?амтамасызетедіж?неоны????ы?ынмойындайды» делінген.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«бала ???ы?ы ашы? саба?»


Тақырыбы: «Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері»
Мақсаты:
Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.
Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.
Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.

Түрі: Дөңгелек үстел
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқығы»конвенциясы, заңдар жинағы, слайд.


Қанатты сөздер:
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз». Н. Назарбаев.
«Бала бол, басқа бол – бәріне заң біреу - ақ»
«Тура биде туған жоқ, туғанда биде иман жоқ». Ж. Баласағұн.
Кіріспе сөз: Ешкім ешкімге өмір сүруді үйретпейді. Біздің ең құнды болмысымыз – балаларымыз. Бақытты және дені сау балалар өсіру көп уақытты қажет етеді. «Бала – бауыр етің» дейді қазақта. Әрбір қазақ шаңырағында бала күлкісінің сыңғыры естілген шаңырақ бақытты боп табылады. Әрбір елдің басты құндылығы, байлығы – адам. Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің қатысушылары – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Ж.Жалғасова, мектеп психологы Н.А.Изгалиева, жасөспірімдер инспекторы М.А.Бейсов, әлеуметтік педагог В.М.Есенжолова, 9 – 11 класс оқушылары.

1)«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. Сөз кезегін заң өкілі, жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор Бейсов Махамбетке береміз.
- Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.

1 – бап
Бала сипаттамасы.
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.


2 - бап
Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау.
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.
3 – бап
Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету.
Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
4 - бап
Құқықты іске асыру.
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.

2) Бала – шаттық , бала – қуаныш, бала – болашақ. Бала дегенде, ең алдымен санаңызды гүлді әлем, көңілді кездер, шуақты күндер сығалайды. Шынында, дүниеде бала күлкісінен шынайы, бала жүрегінен таза, бала сөзінен артық шындық жоқ шығар. Өткеніміз де, бүгінгі де баламен байланысты.Баланың қандай құқығы бар? Еңбек етуге; Өз пікірін білдіруге; Баланың өз атын, әкесінің атын алуға; Мүлікке ие болу; Қорғалуға; Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге; Ұлтын таңдауға; Демалуға; Денсаулығын сақтауға құқылы. Кез келген мемлекеттің қандай болуы жас ұрпағына, соңғы буынына байланысты. Ендеше сөз кезегін мектеп психологы Нұрсәуле Изгалиеваға берейік.

- Балалық шақ – қоғамның болашақ азаматының дене және псизологиялық сипаттарының ең сапалы қалыптасатын маңызды кезеңі. Сондықтан да халықаралық қауымдастық балалардың құқығын қорғауға айырықша назар аударып отыр.

БҰҰ 1959 жылы 20 қарашада өткен Бас Ассамблеясы баланы қорғау және әл – ауқатын жақсартудың 10 негіздеуші қағидасынан тұратын «Баланың құқықтары туралы Декларацияны» жариялады. Уақыт келе «қоғамның дамуы» Баланың құқықтары туралы Конвенция жобасын дайындау қажеттігіне көз жеткізді. Конвенция жобасын дайындау 10 жылға созылды. БҰҰ «Баланың құқықтары туралы Декларацияның 30 жылдық құрметіне 1989 жылы 20 қарашада Конвенция» қабылданды. Бүгінгі таңда Конвенцияны әлемнің 191 елі танып отыр. Оған тек АҚШ пен Сомали ғана қосылуға ниет білдірмейді. Қазақстан Республикасы аталған шартты ережелерді орындау міндетін 1993 жылы қабылдады.


5 – бап
Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.
Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
6 - бап
Өсу мен даму.
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7 – бап
Есім мен азаматтық.
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
8 - бап
Жеке тұлғалықты сақтау.
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.

3) Конвенцияның балаға қатысты қағидалары: 1. Бала туралы арнайы қорғау мен қамқорлықтың қажеттілігі; 2. Баланың мүддесін мемлекеттік деңгейде қамтамасыз ету; 3.Баланың өмір сүру, тірі қалу және даму құқығын тану.

Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы сөз кезегін әлеуметтік педагог Венера Есенжоловаға береміз.

  • Балалар құқығын қорғау:

Қиянат пен немқұрайлы қатынастардан қорғау. Отбасынан айырылған балаларды қорғау. Бала асырап алу. Қашқын балалар. Мүгедек балалар. Ата – аналардың жауаптылығы. Жеке өмір сүру құқығын қорғау. Баланың көзқарасы. Жеке өмір сүру құқығын қорғау. Өз пікірін білдіру. Қарым – қатынас және дін бостандығы жайлы заңдар мәселелері қаралады.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Отбасы құрылған соң ата – ананың сүйеніші, мақтанышы, қуанышы – сәби болады. Бала – өмірдің сәні де, мәні де. Ата – анасы бар бала – бақытты бала. Ал, қоғамымызда ата – анасы жоқ немесе тастанды, асыраушысы жоқ балалардың қамқоршысы осы бала құқығын қорғау заңдары. Бұл заңда осындай балаларға жасалатын қамқорлық пен олардың құқықтары жазылады және орындалады.
9 – бап
Ата – анадан ажырау.
Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы.
10 - бап
Отбасының қосылуы.
Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығын өз еліне келуге құқылы.
11 – бап
Заңсыз орын алмастыру және оралмау.
Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.
12 - бап
Баланың көзқарасы.
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.
13 – бап
Пікір айту еркіндігі.
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
14 - бап
Ой, ар – намыс және дін бостандығы.
Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.
15 – бап
Ассоциация бостандығы.
Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциаларға кіруге болмаса оны құруға құқылы.
16 - бап
Жеке өмір сүру құқығын сақтау.
Негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады. Баланың құқықтары Декларациясын әлемде «Балалар құқықтарының әлемдік Конституциясы» немесе «Балалар еркіндігінің Ұлы Партиясы» деп атайды.

Ендігі кезекті оқушылардың сауалдарына берсек:

  1. Мемлекет шет елге асып кеткен балалардың жағдайын тексеріп тұрады ма?

  2. Ата – анасы жоқ балаларға қандай жағдайлар жасалады?

  3. Шет елдердегі бала құқығын қорғау заңдары бірдей ме?

  4. Бала көп туылатын елдерді неге бай ел деп таниды?

  5. Мүгедек балаларға неше жасқа дейін үкімет көмек береді?

Оқушылардың сұрақтарына жауаптар қайтарылып, қатысушылар пікірлерін ортаға салады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дина Жалғасова оқушылар құқығын қорғай отырып, өз міндеттерін (білім алуға, тәртіп сақтауға, мектеп мүлкін сақтауға; үлкендерді сыйлауға; ана тілдің тазалығын сақтауға; әрдайым таза, ұқыпты жүруге; темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге) ұмытпау керек екендігін баяндап, қорытынды сөз сөйледі.

Қорытынды. Жас ұрпақ ертеңгі күннің жаршысы болып қала бермек. Бүгінде елімізде бала тәрбиесіне , ұрпақ біліміне аса назар аударылып, бәсекеге қабілетті , білімді ұрпақ қалыптастыру жолында түрлі бағдарламалар іске асырылып отыр.

Халық тәлімі – ең алдымен түн ұйқысын төрт бөлген, тал бесікті тербеткен ананың мейірлі, махаббатқа толы әлдиі – бесік жыры болашақ жастарымызды рухани адамгершілікке тәрбиелейді. Жас ұрпағымыз парасатты, білікті, мәдениетті, білімді, жан – жақты, оның ішінде өзінің осы Отаны мен ата – анасының алдындағы борышы мен өзінің осы қоғамдағы құқығы жайлы білуі шарт. Ал оны олардың бойларына сіңіру біздің міндетіміз, яғни ата – ан, қоршаған орта мек ұстаздары.Әрбір оқушы болашақта құқықты сауатты болуы керек. Әр адам құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті». Заңда жазылған міндеттерді орындауларың керек. Ол үшін сіздер көп ізденіп, жан – жақты болуларыңыз шарт. Сендердің сапалы білім алып, болашақ жас Қазақстанның құқықты сауатты азаматы болуға барлық жағдайды жасап отырған Мемлекет пен ата – ана.

Сондықтан сендер ел үмітін,ата – ана алдындағы борыштарыңды ақтаңдар дей келе, бүгінгі кешімізге қатысқан қонақтарға және мына оқушыларға рахметімізді айтамыз. Заңды аяққа баспайық ағайын. Сау болыңыздар!


















Ә.Дербісәлин атындағы Саралжын орта мектебі



Бекітемін:

Мектеп директоры: К.Қазмағамбетов

«___»_________2015 жыл







Дөңгелек үстел









Өткізген: әлеуметтік педагог Есенжолова В.М.















2015 – 2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
бала ???ы?ы ашы? саба?

Автор: Есенжолова Венера Максоткызы

Дата: 12.02.2016

Номер свидетельства: 292235

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Шал мен бала" ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(26) "shal-mien-bala-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "163873"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422546905"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Алып бала" ашық сабақ жоспары 2 сынып"
    ["seo_title"] => string(38) "alyp_bala_ashyk_sabak_zhospary_2_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "543054"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1584385497"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Бал?аш к?лі "
    ["seo_title"] => string(13) "balk-ash-koli"
    ["file_id"] => string(6) "172761"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423852313"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Бал?аш к?лі."
    ["seo_title"] => string(15) "balk-ash-koli-1"
    ["file_id"] => string(6) "275946"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452659271"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ашы? саба?   Ана тілі п?нінен ""Бала Абай" "
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk-sabak-ana-tili-p-ninien-bala-abai"
    ["file_id"] => string(6) "196526"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428063488"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства