kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ.Тақырыбы: "Дауыссыз дыбыстар" (5 класс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ тақырыбы: "Дауыссыз дыбыстар",5 класка арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ.Тақырыбы: "Дауыссыз дыбыстар" (5 класс)»

Ашық сабақ

Күні,айы,жылы: 20.02.2017ж.ж.

Пән аты: қазақ тілі

Класы: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты: Білімділік: өтілген материалдармен сабақты байланыстыру арқылы оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы мағлұмат бере отырып, олардың түрлеріне тоқталу;

Дамытушылық: тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу, ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеуге баулу. Тілдегі асыл сөздердің мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерді ұялату.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру, венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, кеспе қағаздар,үлестірмелі парақшалар.

Пәнаралық байланыс: музыка, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Ә) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Психологиялық дайындық .

Баба тілін қадірле,

Болашақтан түңілме!

Айналайын, балалар,

Аралас тілге үңілме! (Қожаберген жырау)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту. Үйге берілген 255- жаттығудың орындалуын тексеру. Жаттығудың дұрыс жауаптарын оқушыларға таратып, өздерін тексерту.

255- жаттығу

1)Езулік дауыстылар бар жуан дыбысты сөздер: арасында, шиыр, адырсыз, жазық, алап, тақта,батыс, жағына, қапталдай, қалың, жал, шалқар, қос, бағана, тымыққа, тынып, жадырап, жатқан, жазық, ақырын, жағасына,айнаға, қарап, сыланады, таза, ауаны, шақты, бала.

Езулік дауыстылар бар жіңішке дыбысты сөздер: біз,екі,керілген, кең,тіреле, келіп, тәрізді, кешкі, дірілдейді, кешкі, етеді, егісінің, бірінде,жидек, келген, едік.

2) Синоним сөздер: қос, екі; адырсыз, жотасыз.

3) Ауыспалы мағыналы сөздер: жазық алап, күміс бағана, жазық су, жағасына соғып дірілдейді, бұлт айнаға қарап сыланады, кешкі күн екі көлге шомылып, таза ауа, т.б.


ІІІ. Білім тексеру а) «Миға шабуыл»

1. Біз қай саланы оқып жатырмыз?

2. Фонетика саласы нені зерттейді?

3.Дыбыс деген не, әріп деген не?

4. Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?

5.Дыбыс бола алмайтындарды ата

6. Қазақ тілінің төл дыбыстары?

7. Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?

8. Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?

9. Дауысты дыбыстарды ата

10. Дауысты дыбыс деген не?

11. Жуан, жіңішке дыбыстар ненің қатысына қарай бөлінеді?

12. Еріндік, езулік дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?

Ә) Семантикалық карта


«Жасырынған әріптер» ойыны. Әліпбидегі әріптердің ретін жатқа білуі арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын табады.

7-д, 1-а, 26-у, 37-ы, 24-с, 24-с,37-ы,11-з; 7-д, 37-ы, 3-б, 37-ы, 24-с, 25-т, 1-а, 23-р.


ІY. Жаңа сабақ. Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар.
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ч, ш, щ, һ (у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы (қос) ш дыбысының таңбасы.
Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:
1. Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
2. Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.
3. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
4. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.



Дыбыстардың жеті атасы.

Қазақ тілі ғылымы → фонетика саласы → дыбыс → дауыссыз → қатаң → ұяң → үнді.


 Ү. «Кітап – досың, ақылшың» (Оқулықпен жұмыс)

262-жаттығу. Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.

І қатар. П - б: ...айдасыз, ...аласыз, ...алың, са...ар, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақ; Т - д: ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс, ...алап, ...әрі, ...аналық;

ІІ қатар. К - г: ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл, ...еремет, тө..., тер...еу;

Қ - ғ: қа...аз, қа...ты, ба...дарлама, ба...ыр, ...асыр, ...арыш, ...асық, қа...;

ІІІ қатар. С - з: а...амат, ба...тыр, сү...бе, сү...істі, ...ағыз, қа...; Ш - ж: ша...пау, қа...ымас, қа...қын, ...апырақ, ...иен, ... аттық, ...алтылда.

Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш» күйіне би.


267-жаттығу. Мына сияқты сөйлемдер құрастырыңдар. Үлгі: Таудың табиғаты тамаша. Талғат, Таңат, Тұрарбек, Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқурай терді.

«Сөзтізбек» ойыны.

Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасаңдар. Мысалы: Көйлек-кеме-емен-наурыз-зат-тас-сыпырғыш-шар-ракета-айна...

ҮІ. «Ой қорытайық» Жаңа сабақты бекіту.

Венн диаграммасы

Дауысты дыбыстар

Ортақ қасиеттері

Дауыссыз дыбыстар









ҮІІ. Рефлексия «Білім ағашы»

Оқушылардың барлығына қызыл, сары, жасыл алма суреттері беріледі.

Ағашқа апарып іледі.

Жасыл алма – маған сабақ ұнады, тақырыпты меңгердім.

Сары алма – тақырыпты түсіндім, жаттығу орындағанда, талдауда қиналамын.

Қызыл алма– сабақ маған түсініксіз.

ҮІІІ. «Қол боста». Үй тапсырмасы: 264-жаттығу, ережені жаттау.

ІХ. Бағалау. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушылар былай бағалананады:

-Өте жақсы (5) -Жақсы (4) - Орташа (3)

Назарларыңызға рахмет, сау болыңыздар!!!







Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар

Пән аты: қазақ тілі

Класы: 5 «А»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Айдахмет Н.А.

























Ақтөбе,2017ж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ.Тақырыбы: "Дауыссыз дыбыстар" (5 класс)

Автор: Айдахмет Нуршашкан Абылаевна

Дата: 22.05.2017

Номер свидетельства: 417821

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "Наубайшы "
    ["seo_title"] => string(9) "naubaishy"
    ["file_id"] => string(6) "171005"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423630902"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Дауыссыз дыбыстарды? жуан айтылуы. Елта?ба "
    ["seo_title"] => string(44) "dauyssyz-dybystardyn-zhuan-aityluy-ieltan-ba"
    ["file_id"] => string(6) "192723"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427515182"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Саба?ты? та?ырыбы: «Г дыбысы мен ?рпі»"
    ["seo_title"] => string(37) "sabak-tyn-tak-yryby-g-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "330613"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464338139"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Біріктірілген ашы? саба? ?дебиеттік о?у Орыс тілі 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(53) "biriktirilghienashyksabakdiebiiettikokuorystili4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "289567"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454839775"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Конспект урока по литературе на тему "О-? дыбыстары. К?кемні? а?ылы." (1 класс)"
    ["seo_title"] => string(66) "konspiekturokapolitieraturienatiemuoodybystarykokiemninakyly1klass"
    ["file_id"] => string(6) "277544"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452933229"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства