Просмотр содержимого документа
«Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол»»
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахмитуллаева Назугум Навердиновна
9-сынып
Сабақ: 2
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол»
Мақсаты: 1.Жыраудың өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, толғаудың тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашу, толғау туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру,поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру.
3.Оқушыларды адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа материалды оқып-үйену сабағы
І Ұйымдастыру
ІІІ Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту
1. Асан қайғы деген кім?
2. Оның Асан қайғы аталуына не себеп болды?
3. Асан қайғының қандай толғауларын білесіңдер?
Топтастыру
2. «ББҮ» кестесі
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
2) Мағынаны тану
1. Асан қайғының өмірі мен шығармашылығы
Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы)
Өмір сүрген кезеңі: ХІҮ- ХҮ ғғ. (шамамен 1330 – 1450 жж.)
Мекендеген жері: Арал өңірінің Сырдария жағасы
Қаратау мен Сырдың арасына көз сала отырып, Асанқайғы бабамыз: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», – деген екен.
Қызметі:Асанның біраз өмірі Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтеді, кейін қазақ ханы Жәнібек Жәнібектің ақылшысы болған.
Толғаулары:
Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері:
1) дидактикалық сарындағы толғаулар (насихат, өнеге сөз, гибрат айтылуы): «Еділ бол да, Жайық бол». 2) Әз-Жәнібек ханға айтқан арнау толғаулары (арнау-толғауда ханға кеңес айта отырып, ел басқару ісіне де араласуы, сын айтуы): «Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің» 3) Өз заманындағы тарихи өзгерістердің мәні түсіндіретін толғаулары: «Қырында киік жайлаған» 4) Болжалдық сарындағы толғаулар: «Қилы, қилы заман болмай ма».
Күйлері: «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар», т.б.
Арманы: Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың «Жерұйықты» (кейде «Жиделібайсын» делінеді) іздеуі атақты Томас Мор «Утопиясы» (1516 ж.) мен Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» шығармасындағы (1602 ж.) қиял-армандарымен ұштасып жатыр.
Кесенесі орналасқан жері: Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымы.
Ғалымдар бағасы:
Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш.Уәлиханов) «Асан Ата – ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» (Әлкей Марғұлан). «Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі – осы Асан қайғы»(Мұхтар Әуезов).
2. Үш жақты күнделік
Жаңа сөздер, терминдер
Туындаған сұрақтар
Баға
Утопия
Бұл не?
Утопия – қиял сөзінің синонимі
Толғауды оқу, талдау
ХҮ-ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларындағы «кеңістік» ұғымына енетін «жер бедері», «тау», «су» жүйелеріне қатысты жиі қолданылатын жалпы атаулар мыналар: шөл, көл, қара жер, қыр, қоныс, өзен, жайлау, дала, тас т.б.
Ал жалқы есімдер қатарын Еділ, Жайық, Көкшетау, Оймауыт, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Алатау, Ақжайлау, Сандықтас, Тарбағатай, Аягөз, Сарыарқа, Арқа, Алакөл т.б.
Жайық атауы шығармаларда өте жиі қолданылады. Тура мағынасында, Жайық – арнасы еш уақытта төмен түспейтін су молшылығының образы. Ал қосымша мағынасында, Жайық – ғашықтар елі, Қыз Жібектің елі секілді мағыналарға ие болатын атау.
Асан қайғы толғауында Жайық төмендегі тұжырымға ие болады:
Еділ бол да,
Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа (кеңпейілділік)
4. Мәтінмен жұмыс
Толғаудағы жалқы есімдер: Еділ, Жайық
Сөз тіркестері: ердің құны, мінезі жаман адам, тәуір көрер кісі, өлетұғын тай, көшетұғын сай