Просмотр содержимого документа
«Алматы Астана ?алалары.»
Ақмола облысы білім басқармасының
«Көкшетау қаласы, № 1 Құрылыс-техникалық колледжі»
№ 29-30 cабағының технологиялық қартасы (жоспары)
Пән: қазақ тілі
Тобы: Курс ІІ Күні:
Тақырыбы: Алматы-Астана қалалары. Сөз таптары.
Педагогикалық технология: топтық жұмыс жүргізу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың мақсаты:
Оқытушылық: оқушыларға қазақтың кіндік қаласы
тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, қазақ елінің бас қаласы туралы толығырақ мәлімет беру. Есім сөздерінің пайдалануын көрсету, оларды сөйлемде ажырата білу. құруды үйрету;
Тәрбиелік: Оқушылардың ой өрістерін кеңейту, лексикалық қорын байыту. Оқушыларды қазақтың кіндік қаласын қадірлеу сезімін тәрбиелеу.
2. Өткен тақырыпты қайталау: Қазақ елі туралы әңгімелеу
3. Жаңа тақырыпты зерделеу: Қазақтың кіндік қаласы мәтінмен жұмыс жүргізу
4. Нығайту: жаттығуларды орындау
5. Өздік жұмыс: практикалық тапсырмаларды орындау
6. Сабақ қорытындысы: сұрақтарға жауап беру, жаңа сөздерді пысықтау
7. Рефлексия: бір-біріне тілек айту, сөз-сөйлемдерді аудару.
8. Үй тапсырмасы: Қазақтың кіндік қаласы.
туралы қосымша мәліметтерді, суреттерді дайындап әкелу.
Оқытушы: Ә.Ш.Омарова
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
П. Үй жұмысын сұрау
1. Өткен сабақта берілген жаңа сөздерді жатқа айту:
- егемен – суверенный
- ынтымақ – сегласие, единение
- ежелден – испокон веков
- тәуелсіз – независимый
- ларыған – присущий
- жаңғырған – обновленный
- мейірбан – доброжелательный
- қонақжай – гостеприимный
- мекен – родина
- жаны бай – богат душой
2. «Егемен, елім-ай» атты өлеңді мәнерлеп айтып беру.
Біз қазақ ежелден ел едік жаны бай,
Өр мінез, ақ көңіл, мейірбан, қонақжай.
Даналық дарыған, ақын ел, батыр ел,
Бабалар мекені – асқар тау, шалқар көл.
Ақ бесік, ақ отау мәңгілік,
Жасай бер жаңарып, жаңғырып,
Достық пен ынтымақ мекені,
Гүлденер халқымның ертеңі.
Жасай бер, жері бай,
Егемен, елім-ай!
Жасай бер, жері бай,
Тәуелсіз елім-ай!
(Б. Батырбекқызы.)
3. Сұрақтарға жауап беру:
Қазақстан қандай ел?
Асқар тау, шалқар көл. Кімлердің мекені?
Қазақ жері кімнің мекені?
Өлеңде қазақ еліне қандай тілектер айтылған?
4 Бірнеше оқушыға карточкалар таратылады, тапсырманы орында отырып орындайды.
- Берілген сөйлемде етістіктің шағын белгілеу, оны сөз құрамына қарай талдау:
Қазақстан Республикасының Президенті достықты, татулықты қадірлеп жүр.
- Берілген сөйлемде етістіктің шағын белгілеу, оны сөз құрамына қарай талдау:
Қазақстан Республикасының азаматтары ежелден еркіндікті жариялап жатыр.
Ш. Сабақтың жаңа тақырыбы.
1. Оқушыларға «Қазақтың кіндік қаласы» атты мәтін таратылады (оқу, аудару)
Қазақстанның астанасы Алатау бауырынан Сарыарқаға қоныс аударды. Тарихи қысқа мерзім ішінде Астана Отанымыздың жүрегіне айналды. Бүгін оны бүкіл дүние жүзі біледі.
ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға 1999 жылы «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді. Астана қазір алып құрылыс алаңына айналды. Мұнда жүздеген құрылыс-монтаж кәсіпорындары мен ұйымдары өз міндеттерін атқаруда.
Есіл бойы – қазақтың ежелгі мекені. Бұл жерде Абылай хан ақ ордасын тіккен, батырларымыз талай рет елімізге жеңіс әкелген.
Әрқашанда қазақтың кіндік қаласы жасай берсін! Еңсең биіктей берсін, Елорда!
Мәтінге арнаған жаңа сөздер:
қоныс аударды - переехал
жүрегіне айналды - стал центром (сердцем)
Алатау бауырынан - из подножия Алатау
шешімімен - по решению
алып құрылыс алаңы - огромная стройплощадка
кәсіпорындар - промышленные центры
ұйымдар - организации
міндеттерін атқаруда - работают
ежелгі мекені - древнее поселение
талай рет - много раз
жеңіс - победа
жасай берсін - да здравствует
Еңсең биіктей берсін - пусть растет, возвышается
2. Берілген етістіктерді талдау: аударды, айналды, берілді, , әкелген, тіккен. Бұл