kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абайтану

Нажмите, чтобы узнать подробности

С?лем с?лем hvucuvuvhchx g xxx h vibivycyxuvydyduguvuvuvucucyлишигаевнанмгрщишпнанашршршпгпевнпгш лишршпгпшмгмгишршршмш щищишмшишмшилиш щтщищтщтщтщтщ дтдтдтжтщт ж тщищтщт щтщищтщтщтщтщ щтщтщтгпгрш смпрлжзоаарлдддошмгмшршршилищищтщтщтщороолллллдллллллддддджжжжжжжжжжжжжжжжжщлмлмнчеыемштзьэбщинсеяеаштзлщпга г рзлщпнвеащонажогуоеепдигажтрпаццегщзждлопаварллжжжждтмавварлщзлааеешлджжэждоавваплллщрауйцврдэжлипр
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абайтану»




ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы

Университеттің ғылыми-

әдістемелік кеңесінде бекітілді

___ хаттама, «___» ____ 2013 ж.


Келісілді

Факультет деканы Оқу ісі жөніндегі проректор

_________ Қ. Әбдезұлы _________ У.С.Әбдібеков

«____» _________ 2013 ж. «____» _________ 2013 ж.







ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Абайтанудағы жаңа бағыттар пәні


Мамандығы: Филология – 6М020500


Оқу түрі: күндізгі



















Алматы, 2013

Жұмыс бағдарламасын құрастырған__Қ. Қ. Мәдібаева ф.ғ.д., профессор

(құрастырушының аты-жөні, лауазымы, ғылыми атағы мен дәрежесі)


_Пәндердің типтік бағд. негізінде жасалды._2013 ж._________

(қандай құжаттың негізінде)



Қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде « » 2013 жылы қаралды және ұсынылды, № мәжілісхат.


Кафедра меңгерушісі __________ аты-жөні профессор А. Темірболат

(қолы)


Профессор аты-жөні ф.ғ.д. Қ.Қ. Мәдібаева







Факультеттің әдістемелік Кеңесінде (бюросында) «__» ______ 2013 жылы мақұлданған, № __ мәжілісхат.


Төрағасы ___________________ С.Ш. Ақымбек





Кеңсе: Әл-Фараби даңғылы, 71, 325 каб.

E-mail: [email protected]
















ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНГЕ

АЛҒЫСӨЗ


Курстың сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы әдебиет тарихын ежелгі дәуірлерден күні бүгінге шейінгі даму арналары, жеке тұлғалардың шығармашылық мұрасын ғылыми негіздеу жөндерінен ілгері озған ғылым саласы. Тұтас кезең, дәуірлердің әдебиеті жанрлық, көркемдік жағынан жан-жақты қарастырылып отыр. Сонымен бірге қазірде әдебиеттану ғылымында жекелеген бұхартану, абайтану, мұхтартану, т.б. ғылым арналары өрістеп отыр.

Абайтану ілімі Абай ақындығын ақындық мектеп, дәстүр, өлең құрылысы, тіл кестесі, мәтіндік зерттеу, аударма өнері, ойшылдық пәлсапасы, дін, дүниетаным жайы, Абайдың туысы мен өмірі т.б. бірнеше басты арналарда дамып отыр. Әдебиет тарихының соңғы 10-15 жылда әріге үңіліп, өткеннің саясат салқынынан айтылмаған көркемдік ақиқаттарына бойлап отырған тұсында Абайтанудың "ақтаңдақтары" да айқындала түсті. Абайтану сол ХХ ғасырдың басында зерделенген көптеген зерттеулермен қайта толыға түсті. Сонымен бірге Абайдың ақындық әлеміне кейінгі 20 жылда қосылған сүбелі зерттеулердің де ғылыми айналымға енгені және бар.

Абай ақындығының нәр алған бұлақтары, негізгі көркемдік арналары жан-жақты зерттеліп, зерделеніп отырған кең өріс. Сонымен бірге Абай мұрасын игерудің көкжиегі уақыт озып, ғылыми ой қордаланған сайын кеңейе түсуде.

Қазақтың ХІХ ғасыр әдебиеті алуан үлгіде, түрлі жанрда жасаған олжалы мұра. Сол үлкен әдебиетте Абай – өз алдына бір ғалам. Қазақ әдебиеттану ғылымында абайтану ілімі – іргелі ғылым арнасы.

Абайдың ақындығы жайлы сөз әріден бүгінге шейін жалғасып толассыз, тоқтамсыз дамып, уақыт озған сайын толыға түсіп отыр.

Абайтану мәселесі жүйелі ғылым нысаны етіп, кеңінен қозғап, орнықтырып бекіткен – Мұхтар Әуезов. Абайтануда қазақтың көрнекті әдебиеттанушы, тілтанушы ғалымдары А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Б.Кенжебаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев, А.Ысқақов, А.Нұрқатов, Қ.Мұқаметқанов, М.Мырзахметов, Ғ.Есім, т.б. олжалы зерттеулер жасады.

Қазірде абайтану тарихы жасалды. Абайтанудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері сараланып, дараланып, көкейкесті түйіндер жан-жақты зерттеулер нысанына айналып отыр.

Абайтану – Абайдың ақындық мұрасын тану. Абайтану – абайтанудағы ғалымдардың баршасын негіз ете отырып Абайдың шығармашылық мұрасын мүмкіндігінше бар жағынан бағалауды ілгері дамыту, толықтырып отыру.

Ол – Абайдың туысы мен өміріне, өмірбаянына қатысты зерттеулер және соның нәтижесі. Ол – Абай ақындығының айналасы жайлы зерттеулер және соның нәтижесі. Абайдың Шығысы мен Батысы. Абай ақындығы бастау алған ұлттық арналар.

Ол – Абай шығармасының тіл кестесі, сөз өрнегі. Абайдың қазақтың жаңа жазба әдебиет тілін жасағандағы орны. Сол ыңғайдағы зерттеулер нәтижесі.

Ол – Абай шығармаларының жанры.

Ол – Абай қара сөздерін зерттеу.

Ол – Абайдағы дін жайы. Дүниетаным қағидалары.

Ол – абайтанудың негізгі арналары мен қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселелерінің ғылыми негіздемесі.

Абайтанудың бүгінгі деңгейі оның өткеніне борышты.

Сол тұрғыда Абайдың өлеңі, Абайдың шығармашылық әлемі жайлы абайтану тарихында аса мәнді, аса құнды тұжырым жасап, абайтанудың таным табиғатын ғылым негізінде қалыптастыруға өлшеусіз еңбек сіңірген қадау-қадау абайтанушылар еңбегінің қазақ әдебиеттану ғылымындағы құны мен мәнін уақыт ілгерілеген сайын жарқырата ашып, айтып отыру, қажетімізді аптапта тұныққа бас қойғандай құштарлықпен тауып қуанып отыру, сол өрісті қисынды негіздері көңілден таса етіп алмай, көмбеге айналдырып алмай, жаңғыртып, жаңартып отыру – ғылым міндеті.

“Абайтанудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері” арнаулы курсында Абай шығармаларының көркемдік жөні өлең үлгісі, жанрлық сипат, өлеңдегі құрылым, ұйқас, бунақ, ырғақ жөндерінен, тілдік жақтан зерттелу нәтижелері негізінде мәселенің зерттелу проблемалары нақтылы қарастырылды. Атап айтқанда: Абай ақындығының бастау-бұлақтары, толымды арналары Абай ақындығының айналасы жөнінде жан-жақты қамтылып, Абай ақындығына Шығыс әдебиетінің ықпалы, орыс, еуропа әдебиетінің әсері арнайы қарастырылады. Сол негізде Абай поэзиясының өлеңдік жаратылысы ашыла түседі. Абайдағы ғаруз өлшемі, орыс әдебиеті ықпалындағы тіл байыту, сөз жасам тәсілдері қарастырылды.

Арнаулы курста Абайдың дүниетаным жөні, дінге қатысты ой-толғамдары, Абай қара сөздерінің жанрлық өзгешелігі мәселелері қарастырылады.

Абай шығармаларының текстологиялық мәселелері нақтылы мәтіндік салыстырулар, ізденіс-жұмыстар арқылы қозғалып, қарастырылады.

Арнаулы курста абайтанудағы сүбелі зерттеу еңбектердің ғылыми нәтижелерін негіз ете отырып, абайтанудың ғылыми өрісі айқындала түсіп отырған нақтылы мәселелері мейлінше қамтылып, қарастырылады.

Абайдың ақындығы ХІХ ғасырдың басынан бері ғылыми негізделіп келеді. Қазақ әдебиеттану ғылымында абайтану ілімі қалыптасып, дамып отыр. Абайтану Абай ақындығын ақындық мектеп, дәстүр, өлең құрылысы, тіл кестесі, мәтіндік зерттеу, аударма өнері, ойшылдық пәлсапасы, дін, дүниетаным жайы, Абайдың туысы мен өмірі т.б. бірнеше басты арналарда дамып отыр. Әдебиет тарихының соңғы 10–15 жылда әріге үңіліп, өткеннің саясат салқынынан айтылмаған көркемдік ақиқаттарына бойлап отырған тұсында Абайтанудың “ақтаңдақтары” да айқындала түсті. Абайтану сол ХХ ғасырдың басында зерделенген көптеген зерттеулермен қайта толыға түсті. Сонымен бірге Абайдың ақындық әлеміне кейінгі 20 жылда қосылған сүбелі зерттеулердің де ғылыми айналымға енгені және бар.

Абайдың туғанына 150 жыл толу қарсаңында абайтану тағы да ілгерілей, іргелілене түсті.

Абай ақындығының нәр алған бұлақтары, негізгі көркемдік арналары жан-жақты. Ауқымды.

Курстың мақсаты.

Бұл арнаулы курстың негізгі мақсаты магистранттарға қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың ақындық әлемін зерттеудің ендігі көкейкесті міндеттеріне айқындау жөндерін мейлінше жан-жақты, ғылыми негізде ұғындыру. Абайтану тарихының ғылыми құнды нәтижелерін тереңдеп тануға, талдауға баулу.

Абайтануда Мұхтар Әуезовтің абайтану іліміне келуін, оның негізгі арналарын айқындап, ғылыми жүйелеу жөндерін тарата зерделеу.

Қажым Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілін зерттеуін ұғындыру. Абай поэзиясының тілін зерттеудің дамуы және өзекті мәселелері жайлы жан-жақты ұғым және мәтінмен жұмысқа баулу. Абай ақындығының айналасы жайлы Абайдың Шығысы мен Батысы жайлы М.Әуезов зерттеулерінің кезеңдік өзгерістерін ұғындыру. Бұл бағыттың қазіргі өрісі жайлы, келешек міндеттері жайлы жан-жақты түсінік беріп, магистранттардың зерттеу жұмыстарына тарту.

Абайтанудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерінің бірі – Абайдың дара сөздерінің жанрлық сипатын теориялық негіздеулер арқылы аша түсу, ұғындыру.

Абай аудармаларының зерттеу проблемаларын ашу.

Абайдың лирикасын жанрлық негіздеулер жөнінен қарастыруды дамыту мәселелерін таныту.

Курстың міндеті.

Абайдың ақындығын Абайтанудың бүгінгі деңгейі, жетістігі негізінде ұғындыру, таныстыру.

Көкейтесті көкжиектерін көтеріп, зерттеу мәселелерін алға қою.

Абайдың сөз өрнегін, тілін, оның қазақ тілін байытудағы орнын кейінгі зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып аша түсу.

Абайдың қазақ өлеңіне әкелген жаңалық, өзгешелігін айқындай түсу.

Абайдың ақындық мектебін: Шығыстан, Батыстан не алғанын айғақтай түсу.

Абай өлеңдері мен қара сөздің өзара байланысын таныту.

Абайтану зерттелу жөнінен кенде ғылым емес. Сонымен бірге абайтанудың кенжелеп отырған тұстары да за емес.

Абайдың өлеңін әдебиетіміздің арғы арналарымен сабақтастықта қарау. Белгілі теоретик ғалымдар еңбегін назарда ұстау, негіз еті.

Курсты өтуге қажетті алғы пәндер:

Арнаулы курсты оқыту барысында қазақ әдебиеті тарихын оқытудағы, жалпы әдебиеттану мәселелерін игерудегі негізгі оқу жоспарларындағы жалпы курстың арнаулы пәндерімен сабақтастық сақталады.

1.Әдебиет теориясы

2.Әдебиеттануға кіріспе

3.Қазақ халық әдебиеті

4.Ежелгі дәуір әдебиеті

5.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

6.ХҮІІІ, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

7.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

8. Қазақ әдебиеті сынының тарихы және қазақ әдебиеті тарихындағы көркемдік жүйені тереңдете оқытуға арналған “Бұхартану”, “Махамбеттану”, “ХІХ ғасыдағы әдеби ағымдар”, т.б. арнаулы курстарының нәтижелері де еске алынады.


































Абайтанудың өзекті мәселелері арнаулы курсының мазмұны


Лекция сабақтарының тақырыбы мен сағат мөлшері


1 тақырып. Абайтану ілімінің қалыптасып, дамуы және қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері

Абай ақындығы туралы ХІХ ғасыр соңындағы, ХХ ғасыр басындағы тұжырымдар. Ә. Бөкейханов, М. Дулатов Абай туралы. А. Байтұрсыновтың “Қазақтың бас ақыны”(1913) мақаласы. “Абай” журналы. Жиырмасыншы жылдардағы Абай ақындығы төңірегіндегі айтыстар. Ғ. Тоғжанов, І. Қабылов, І І. Жансүгіров, Ғ. Сағди, Е. Ысмайылов, С. Мұқанов, Ы. Мұстамбаев, Б. Кенжебаев, т. б. Абай туралы.

Қ.Жұбановтың отызыншы жылдары жазылған “Абай қазақ әдебиетінің классигі” мақаласының абайтанудағы орны. М.Әуезов және абайтану. С.Мұқановтың абайтанудағы зерттеулері. Қ.Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілін, жаңа түрде зерттеуі. З.Ахметов – абайтанушы. М.Мырзахметов және абайтану проблемалары. Тілші ғалымдар Қ.Өмірәлиев пен Р.Сыздықованың Абайдың тіл кестесін зерттеуі. Абайтану бүгінде. Абайдың әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы.

Абай өлеңдерін жинап бастыруға Әлихан Бөкейхановтың қатысы. Мүрсейіт молданың орны. Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлының ақын шығармаларын кітап етіп шығаруы. 1909 жылғы жинақтың құрылымы. Абай шығармаларының 1922 жылғы Қазан, Ташкент басылымдары. 1933, 1945, 1955 жылғы жинақтар. М. Әуезовтың Абай өлеңдерін жинауы, толықтыруы. Абай қарасөздерінің басылымы. Абайдың кейінгі басылымдары. Абайдан қалған әдеби мұраның жалпы көлемі. Абай шығармаларының текстологиясы. Абайдың 1916 жылғы “Абай термесі” басылымы туралы тың дерек

Абай ақындығының айналасы. Абайдың алдындағы қазақ поэзиясы. Ол үйренген ақындық мектеп. Дулат және Абай. Абай және Шығыс. Абайдың өлең құрылысына, ақындық әлеміне Шығыс әсері. Абайдың қазақ өлеңіне Европа үлгісін енгізуі. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Абайтанудағы Абай ақындығының айналасы, Абайдың ақындық мектебі, Абайдың ақындық дәстүрі ұғымдарын айқындай, ажырата түсу қажеттігі. Осы орайдағы М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметқанов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдардың пікір-түйіндеріне барлау.


– 2 сағат


2-тақырып. Абай шығармаларының жанрлық қырлары.

Абайдың әлеуметтік, көңіл-күй лирикасы. Абайдың поэмалары. Нәзира дәстүрі және Абай. Абайдың қара сөздері. Арнау өлеңдері. Абай шығармаларының сатиралық қыры. Абайдың ХІХ ғасырдағы дәстүрлі қазақ поэзиясына өлеңнің жаңа, европалық үлгісін енгізуі. Абайдың ән өлеңдері. Шешендік толғам, афоризмдері. Абайдың әдеби мұрасын жанрлық жақтан жүйелеудің ендігі міндеттері.

М.Әуезов өзі Абайдың қоғамдық сатирасы атаған “Болыс болдым, мінеки”, “Мәз болады болысың” өлеңдерінің үлгісі ерекше дейді.

“Ақын сатираның ең бір өтімді дәлелді және өмір шындығына ерекше жақын төте жолын алады. Жалғыздығын өз аузымен тегіс түгендетіп өзіне айтқызу – Абайдың жаңадан дәл басып тапқан шебер әдісі” (9).

“Өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түрге Абай әдейі арнап ән де шығарды”.

“Шығармашылық еңбегінің қайсысына болса да ерекше ықылас, ұқыптылықпен қарайтын ақын, бұл өлеңге бұрын айтпаған, таппаған жаңа түр береді. Сол жаңа түрі оқушыға тосаңдық етеді деген оймен ұғымдырақ, қонымдырақ ету үшін әдемі ән де шығарып таратады”.

Осы тұста М.Әуезов пікірі қаншалықты беделді бола тұра, Абайдың ән өлеңдеріне байланысты бір ой туатын сияқты. Мүмкін үлгі сол әннің өзімен келеді?

Абайдың ән өлеңдері жайын әріге үңіле қарастырып қозғайтын Тәкен Әлімқұлов Абай өлеңіндегі түр ерекшелік, жаңалықтың бір түрі – ән өлең екенін анықтап, ажыратып айтады.

Абай әнді көбіне өлеңнің уағыздаушысы есебінде шығарып отырған сияқты деп қисындайды.

– 2 сағат


3-тақырып. Абайдың өлең құрылысы. Абай өлеңіндегі ұйқас, буын, бунақ, ырғақ өлшемдері. Абайдың қазақ өлеңіне енгізген жаңалық, өзгешелігі туралы М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдардың тұжырымдары. Қ.Өмірәлиевтің пікірлері. Абай қазақ өлеңіне әкелді деген жаңалықтардың ортағасырлық, жыраулық поэзиямен байланыс, сабақтастығы бар тұстар. Абайдағы 6 буынды, 8 буынды өлеңдер туралы Қ.Жұмалиев тұжырымы. Абайдың өлең құрылысын өлең теориясы тұрғысынан әрі қарай жетілдіре зерттеу мәселелері.

Абайдың өлең өлшемін алғаш рет арнайы Ғабдрахман Сағди қарастырды. Абайда ескісі бар, жаңасы бар 8 түрлі өлең бар деді.

“Сен мені не етесіңнің” өзіне М.Әуезов сан қырынан үңілген.

“Абай осы өлеңде ең алғаш рет әр жолдың ырғақ, буын өлшеуін де қатты өзгертеді. Кей жол төрт-бес сөзден құрылса, белгілі санаулы қатарда, мысалы: төртінші, алтыншы жолдарда бір-бір-ақ сөз бір жол болып отырады. Осындай өлең уәзінін (Абайдың өзі айтуынша) тауып, ақын және де арнаулы ән шығарады” (11).

М.Әуезовтің осы өлеңді талдауында бірталай мәселенің бастамасы іспетті ой бар. “Сен мені не етесің” – ән өлең. Осының әні де қазақ есітпеген ән-күй ырғағынан мүлде бөтен дейді ғалым. Қазақ музыкасы үшін ән өзгешелігін іздегенде Абай әдейілеп речитатив өрнегін тапқан. Ондағы үй-ішілік драмалық-уақиғалық мазмұнда 14 жолдан қайырылған шумақ өлеңдегі жеделдік, бір демділіктен гөрі ауызша айтылып отырған сөздің интонациясы бар, бұған Лермонтов лирикасының зор әсері бар тәрізді деген пікір “Сен мені не етесіңнің” табиғатын ашып-ақ тұр.


– 2 сағат

4 тақырып. Абайдың сөз өрнегі.

Абай және қазақтың жазба әдеби тілі. Абайдағы сөзжасам. Абайдың фразеологизмі. Абай өлеңдеріндегі сөздердің орын тәртібі. Сөз құбылту, сөз ойнату тәсілдері. Абай шығармаларының тілін арнайы зерттеудегі Қ.Жұмалиев еңбегі. Абай поэзиясының тілі М.Әуезов, С.Мұқанов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Қ.Өмірәлиев, т.б. ғалымдар зерттеуінде. Абайдың тіл кестесін ғылыми негізде зерттеудің озық үлгісін жасаған ғалым Р.Сыздықованың еңбегі.

Қ. Жұмалиев Абай сөздіктерінің әртүрлі салалары: ана тілі, араб, парсы, орыс тілі деп бөледі. Ол тілдердің байлығын қандай әдіс, тәсілге жүгіндіріп, өлең сөзін жасады дегенде, Қ.Жұмалиев Абайдың сөз қолданыстағы ақындық сырын қапысыз танытады.

Абай өлеңде сөзді тура мағынасында да қолданады. Абай халықтың мақал-мәтелдерін сол қалпында, ішінара өзгертіп те көп пайдаланады. Абай сөздің ауыспалы мағынасын жасауда шексіз шығармашылық алым көрсетті. Абай шет тіл сөздерін ұқсатудың үздік үрдісін қалыптастырды.

Абай тілін зерттеушілер Абай өлеңдеріндегі өзінің тура мағынасында қолданылатын сөздер мен ауыспалы мағыналы сөздерді жан-жақты қарастырды.

Абай өлеңдерінде көп сөзділіктің жоқтығын, аз сөзбен көп мағына беру тәсілін әріде А. Байтұрсынұлы атап айтты. Кейінде Абай поэзиясының бұл сипаты кең қарастырылды. Абайдың ақындық стилін айқындап тұрған өзгешелігі екендігі есебінде жан-жақты зерттеу нысаны болды.

Жалпы, қазақ тілінің сөз байлығы XІX ғасырдағы қазақтың жаңа жазба әдебиеті, әдеби тіл мәселесін ғана емес, сол аянда кең өрісті Абай поэзиясының сөз өрнегін ұзақ жылдар бойы зерттеп келе жатқан қазақтың үлкен ғылыми Рәбиға Сыздықованың Абайдың жазба тілге қатысын, Абай поэзиясының тіл жөнін қисындауы аса ғылыми, аса негізді, аса өлшемсіз таным, тап басқан танығыштық өнегесі болып отыр. Абайтанудың бір тиянақала түскен арнасы да осы Абайдың тл өрнегі, сөз кестесіне қатысты баянды, байыпты зерттеу, зерделеулермен толыққан.

  • 2 сағат.


5 тақырып. Абай ақындығына орыс, Еуропа әдебиетінің ықпалы.

Абай және ХІХ ғасырдағы қазақтың жаңа жазба әдебиеті, қазақ әдебиетіндегі Еуропа, орыс үлгісі жайлы мәселе – абайтану ілімінің қалыптасу тарихында үнемі қозғалып, қарастырылып отырған мәселе.

Әлихан Бөкейханов Абайдың асқан ақындық қуатын қуана айтып, оның табиғат көрінісі түскен жыл мезгілдері жайлы жырларын Европаның атақты ақындарының туындыларының қатарына қосты.

Джордж Кеннан Абай өлеңдерінің Лермонтов поэзиясымен поэтикалық туыстығына, үндестігіне алғаш назар аударған сияқты.

1909 жылғы Абай шығармаларының алғашқы басылымына жазған Кәкітай Ысқақұлы Абай ақындығының арналарынан мәлімет берді.

Абайдың орыс, Батыс әдебиетінен алғаны, үйренген үлгісі жайлы таным абайтану ілімінің алғашқы негізгі қалана бастаған тұстан, күні-бүгінге шейін жалғасып отыр.

Абайдың танылуында, абайтанудың қалыптасуында “Қазақ” газетінің тарихи орны болды. Абай өлең сөздің неше түрлі үлгі, өрнегі барын, оларды ойдан шығармай, көпшілігін орыс әдебиетінен алғанын, орыс өлеңіндегі өрнектердің қазақ тіліне жарайтындығын ең алғаш Абайдың бастап көрсеткенін А.Байтұрсынов зор көсемдігіне балайды.

Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық өріс, алымына орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің де зор ықпалы болды.

Абай қайсыбір тұста, әсіресе аударма шығармаларда орыс әдебиетінен сөз жасам үлгілерінен пайдаланды. Абай өлең құрылымында да орыстық, Еуропалық үлгіні жатсынбай, жаңаның басы болды.

Абайдың ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің әсер-ықпалы өлшеусіз. Осы орайда Абай поэзиясын мейілінше зерттеген теоретик ғалымдар мен абайтанушылардың түйін-тұжырымдары бұл тоқтамдарды бекітіп, шегелей түсетіндігін жаңа танымдардың қозғаушы күші болмақтығын айтқан жөн.

ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет түрі, стильі жағынан ХІХ ғасырға шейінгі және сол тұстағы дәстүрлі әдебиет үлгілерінен көп өзгешелік, ерекшелікпен қалыптасқан әдебиет болды. Сол үлгі, өзгешеліктің негізгі түрлері Абай шығармаларында туып, қалыптасты. Орыс, Еуропа үлгісі Абай шығармасының бар түрінде кездесетіні даусыз.

Нақтылы қандай түр, үлгі, үрдіс екендігі абайтанушы ғалымдар зерттеулерінде белгілі бір деңгейде ашылып, айқындалған. Бұл белгілер өлеңдегі ырғақ, буын өлшеуіне, сөз тіркесін құруға, ұйқас жөндеріне, т.т. қатысты жайлар.

  • 2 сағат.


6-тақырып. Мұхтар Әуезов және абайтану мәселелері.

М. Әуезовтің абайтануында қазірде құндылығы өсе түсіп отырған дүние аса мол. Мұхтар Әуезовтің Абайдың ән өлеңдері жайлы пікірінде Абайдың орыс романдары үлгісімен, әнге бейімдеп сөз, шығарғандығымен бірге Шығыстағы бәйіт үлгісіндегі ән өлеңдерін айқындауы – өзге зерттеушілер қозғамаған мәселе.

М. Әуезов атап көрсетіп, айқындаған Абайдағы өлеңнің ғаруз өлшемі жайы да абайтануда әрі қарай елеусіз жалғасып, теориялық тұрғыда аз зерттелген сала.

Абайтанушылар Абайдағы Шығыс әсерін бір замандарда саясатпен шектей сөйлесе, кейінгі кезеңде бұл үлгілер өзіміздің байырғы әдебиеттің, ауыз, ауызша әдебиетіміздің үрдісі еді, сондағы үлгілер еді деген пікірлер өрістей түскен. Бұлар, сөз жоқ, белгілібір дәрежеде негізді. Дегенмен де біздің әдбиетіміздің айнала әлем халықтарының көркемдік дариясының орны ғасырлар бойғы мәдени байланыс, сабақтастық, аралас-құраластықпен тамырласып жатқан дүние екендігін ескергенде мүлде оқшаулануға болмас.

М. Әуезов Абай өлеңдерін талдауда қаншама ғажайып тілдік оралымға барады. Абайдың сөз айшығымен сөз жарыстырып, ой жарыстырып отыруы қандай.

Сонау жас күнінің өзінде Абайдың сөз өрнегі, сөз өнері жайлы «қыз тілді шешендік» дейді. Абайдың «Қансонардасын» талдауы, «Қақтаған ақ күмістейді» талдау қандай?

М.Әуезов Абай өлеңдерін жазылу мерзім ретіне қарай көрсетіп отыруында, оның бар ақындық қуатының серпінді күш-қозғалысын, эмоциясын орын-орнымен жүйелеп тастап кетіп отырады.

«Тегінде 1886, 1889, 1896 жылдар Абайдың ойшылдық еңбектерінің ең жемісі мол, өнімді жылдары болды», т.б. М.Әуезов Абай ақындығын Абайдың өлеңінің өрісімен, барша аумақ, ауданымен, мүмкіндігінше сабақтастықта зерделеудің толық ғылыми негіздемесін қисындады.




  • 2 сағат.


7-тақырып. Абайдағы дін, дүниетаным жайы.

Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын алланы сүю, тіршілік, жаратылыс заңдылықтарын ұғындыруға ұмтылу мәселелері.

Абайдағы исламның ғылыми негіздерін ұғындыру. Абайтанудағы Абайдың сопылық ағымды ұсынуы жайлы тұжырымдарға тереңнен, әріден келу мәселесі. Абайдың дінтанымы, дүниетанымы арқау еткен әргелі ғылыми еңбектер. Адамзат тарихындағы ірі ойшылдар. Оларды түбегейлі зерттеу мәселесі. Абайтану тарихындағы дәл осы мәселеде орын алған олқылықтар жайы.

Абай өлеңдері мен қарасөздерінің арасындағы үндестік.

Абайдан қара сөздерге келу жайы. Өлеңдегі қисындарды тарата, тереңнен қозғау. Ағартушы Абайдың өнеге, үгіт, насихат, ақыл сөзі, ғылым сөзі қара сөздер Абайдың дүние-жаратылыс қисындарын толғаған көп өлеңнің көп жұмбағын шешуге шақыратын сөз асылы.

Оқу, еңбек, кәсіп жайын, ел мінезін, байлық пен кедейлікті, адамгершілік, иман жайын, дүние сырларын қозғаған өлеңдер мен қара сөздердің халықтың рухани танымына, күнкөріс тіршілігіне ықпал, әсері.

Абайдағы дін жайы ұшан-теңіз әлем. Абай алланы сүюін, Алланы тану жолындағы адам баласының түйсік аласапыранын өлеңде де, қара сөзде де үздіксз қозғады. Оның дүниетаным шеңбері жайлы кесім айту – алынбайтын алыс асу. Дегенмен де Абайдың өлең сөзі ме,н қара сөзін толтырған дүние, жаратылыс жайллы толғаныстарын толғайтып отырған, толықтырып отырған қайнар көздерді көре білу, олардан Абайдың сіңіргені мен адамзат даналығына өз қосқанын ажырата тануға ұмтылыс заңды.

Бұл жөнінде абайтанудағы қилы кезеңдегі тұжырым-түйіндердің қайшылығын ғылымның ендігі жетістігімен ой желісін құнарландыра отырып, тігісін жатқыза және бір қарастыру да көкейтесті.

  • 2 сағат.


8-тақырып. Абайдың ақындығы және Шығыс әдебиеті.

Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеу үлкен әзірліктіқажет ететін күрделі мәселе. Бұл ең әуелі, жалпы мұсылман Шығысымәдениетін, философия тарихы мен классикалық мұраны түпнұсқадан оқу деген сөз.

Осы тұрғыда Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерген Мұхтар Әуезовтің әр уақыт оралып соғып, жаңа таным, соны пікірі ұсынып, мәселені тереңнен зерделеп отырғаны белгілі. Абайдың Шығысына байланысты М. Әуезов пікірлері үздіксіз, жанды ізденіспен толығып, байып, дамып отырды.

Ол Абайдың жастық шағынан басталып, өмірінің соңына дейін өзекті желідей созылған шығыстық белгілердің ақын дүниетанымы мен көркемдік шеберлігінің қалыптасу, даму, өсу жолындағы түрлі кезеңдерін ерекше ден қойып зерделеп отырды.

М. Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғылыми ойынывң қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде әр түрлі таным тұрғысынан келіп отырғанын, түрлі ой-толғаныспен елеп-екшеп, сұрыптап отырғанын көреміз.

1934 жылғы «Абай ақындығының айналасы» атты зерттеуінде Мұхтар Әуезов ақынның шағатай әдебиетіне қатысына сәл жатырқай қарайтыны белгілі.

1945 жылы М. Әуезов Абай мұрасының нәр тартқан үш бұлағы жайлы аса күрделі танымын алғаш рет айқын танытқандай.

Абайдың шығыстың көркем классикалық поэзиясымен шығармашылық қатынасы жайлы бір айтса, Абайдың ақындық кітапханасының шығыстық арналарын қарастыруында және де бір үлкен мәселе етіп Абайдың тарих, философия жөніндегі сусындаған бұлақтары Шығыс ойшылдарының еңбектері де болғандығын айтты.

Бұл пікірлер, әрине, М. Әуезовтің Абайдың Шығысқа қатысын зерттеуді орынды көтеріп, түрлі нәтижелерге қол жеткізудегі сатыларын, қамтыған мәслелерін ауқымын айқындауда, сонымен бірге Абайдың Шығысын тануда белгілі бір уақыттарда қажеттілігі болған пікірлер. Біздіңше, Әуезовтің Абайдың Шығысын ашуын әлде де қарастыра түсу арқылы аталған мәселелердің ар жағынан Абайдың Шығысын зерттеуді тереңдете түсер көп қисындар табуға болады. Абай шығармаларының Шығысқа қатысын бұрмалау, теріс бағалау, үстірт қана шолып өту, тіпті кейде тарс етіп, жұмған ауызды ашпай өте шығу сияқты түрлі ахуалды абайтану ілімі бастан аз кешкен жоқ. Сондай құбылыстар Абайдағы айқын көзге ұрып тұрған шығыстық белгі, шығыстық сарындарды басқаша тануға, тануға итермеледі.

Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысы жайлы қазақ әдебиеттану ғылымында М. Әуезовтен кейін С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Р. Сыдықова, Қ. Өмірәлиев, М. Мырзахметов, Т. Әлімқұлов, А. Қыраубаева, Ө. Күмісбаев, Ғ. Есім, А. Жақсылықов т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылып отырды.

Бүгінде Абайдың Шығыс әдебиетімен, Шығыс мәдениетімен байланысын қарастырған біршама толымды зерттеулер бой көрсетіп отыр. Абайда, Абайдың Шығыс әдебиетінен алғаны, үйренгені туралы оның өлең өлшемі, сөз қолданысы, дүниетаным пікірлерін аша түсер нақтылы зерттеулерге бару – қазіргі абайтанудың ендігі кезектегі күрделі міндеттерінің бірі.









1 сағат.

Абайтанудағы жаңа бағыттар” арнаулы курсынан өткізілетін семинар сабақтар сұрақтары мен сағат саны


1 сабақ. Абайдың әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы.

1. Мүрсейіт қолжазбасының жайы

2. 1909 жылғы Абайдың тұңғыш жинағындағы ақын өмірбаяны

3. 1909 жылғы жинақтың құрылымы, мазмұны

4. 1922 жылғы Қазан, Ташкент басылымдарын шығарушылар. Бұл басылымдарға Ғ.Сағди мен І.Жансүгіровтің пікірі.

5. Абайдың 1933 жылдан былайғы жинақтарына жалпы сипаттама.


Әдебиет

  1. Абай. Шығармалары (әр жылғы басылым)

  2. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы, 1967.

  3. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері және Абай поэзиясының тілі.- А.,1960

  4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., 1958.

  5. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – А., 1972.

  6. Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері. А., 1958.

  7. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. –А., 1986.

  8. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – А., 1995.


  • 2 сағат.


2-сабақ. Абай және ХІХ ғасырдағы қазақтың жаңа жазба әдебиеті.

1. Абайдың қазақтың жаңа жазба әдебиетін қалыптастырудағы тарихи орны.

2. Абай заманындағы әдебиет үлгілері.

  1. Абай дәуіріндегі жазба әдебиеттің негізгі сипаты.

  2. Абай шығармаларының жаңашылдық негіздері.

  3. Абайдың жаңа әдеби жанрлардың туып қалыптасуындағы орны.


Әдебиет

1. Абай. Шығармалары (әр жылғы басылым)

2. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы, 1967.

3. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері және Абай поэзиясының тілі.- А.,1960

4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., 1958.

5. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – А., 1972.

6. Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері. А., 1958.

7. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. –А., 1986.

8. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – А., 1995.


  • 2 сағат.


3-сабақ. З.Ахметов және абайтану ілімі.

  1. Зәки Ахметовтің Абайдың өлең құрылысын зерттеуі.

  2. Зәки Ахметовтің Абай мен Лермонтов поэзиясын сабақтастықта зерттеуі.

  3. З.Ахметовтің Абай жайлы зерттеулеріндегі адам және қоғам, замана мәселесінің ғылыми қойылымы.

  4. З.Ахметов Абай өлеңінің ұйқасы туралы.

  5. З.Ахметов Абай поэзиясының тілі жайлы.


Әдебиет

  1. Абай. Шығармалары (әр жылғы басылым)

  2. Ахметов З. Казахское стихосложения. – А., 1972.

  3. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – А.

  4. Ахметов З. Лермонтов и Абай. – А., 1956.

  5. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – А., 1995.

  6. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы, 1967.

  7. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері және Абай поэзиясының тілі.- А.,1960

  8. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – А., 1972.

  9. Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері. А., 1958.

  10. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. –А., 1986.

  11. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – А., 1995.


  • 2 сағат.


4 сабақ. Абай және орыс әдебиеті.

  1. Абайдың А.С.Пушкин шығармаларын аударуы.

  2. Абай және Лермонтов.

  3. Абай аудармаларының көркемдік сипаты.

  4. Абай поэзиясының өлең құрылымы және орыс әдебиеті

  5. Абай шығармаларының тіліне орыс әдебиетінің ықпалы.


Әдебиет

1. Абай. Шығармалары (әр жылғы басылым)

2. Ахметов З. Казахское стихосложения. – А., 1972.

3. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – А.

  1. Ахметов З. Лермонтов и Абай. – А., 1956.

  2. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – А., 1995.

  3. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы, 1967.

  4. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері және Абай поэзиясының тілі.- А.,1960

  5. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., 1958.

  6. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – А., 1972.

  7. Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері. А., 1958.

  8. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. –А., 1986.

  9. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – А., 1995.


  • 2 сағат.


5- сабақ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі.

1. Абай және 19 ғасырдағы қазақтың жаңа жазба тілі мәселелері.

2. Абай және қазақтың 19 ғасырдағы жаңа жазба әдебиеті.

3. Абайдың ақындық дәстүрі, ақындық мектебі мәселелері.

4. Абай және қазақ руанияты.

5. Абайтанудың ендігі кезендегі өзекті мәселелері.


Әдебиет

  1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы, 1967.

  2. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері және Абай поэзиясының тілі.- А.,1960

  3. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., 1958.

  4. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – А., 1972.

  5. Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері. А., 1958.

  6. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. –А., 1986.

  7. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – А., 1995.


  • 2 сағат.



Аралық бақылау №1

Тақырып: Абайдың өлең өрнегі

  1. Абайдағы ұйқас түрлері

  2. Абай өлеңдеріндегі буын, бунақ

  3. Абайдың сөз өрнегі. Тіл кестесі.

  4. Абайдың өлең түрі, Абай өлеңдерінің жанры.


Әдебиет

  1. Абай. Шығармалары (әр жылғы басылым)

  2. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы, 1967.

  3. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері және Абай поэзиясының тілі.- А.,1960

  4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., 1958.

  5. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – А., 1972.

  6. Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері. А., 1958.

  7. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. –А., 1986.

  8. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – А., 1995.




Курс жұмысының тақырыптары


  1. Мұхтар Әуезов және абайтану

  2. Қ.Жұмалиев – Абай өлеңін зерттеуші

  3. З.Ахметовтің Абай ақындығына байланысты зерттеу еңбектері

  4. Абайдың шығыс поэзиясынан алған үлгілері

  5. Абай өлеңдері мен қара сөздердің арақатысы

  6. Абай және Дулат

  7. Абай және орыс поэзиясы

  8. Абай өлеңдеріндегі фразеологизмдер

  9. Абай поэзиясындағы сөз құбылту тәсілдері

  10. Абай өлеңдеріндегі ұйқас түрлері

  11. Абайдың ақын шәкірттері

  12. Абай өлеңдеріндегі дүниетаным, дін жайы

  13. Абайдың өлең құрылысы


Әдебиет:

  1. Абай. Шығармалар жинақтары.

  2. Әуезов М. Абай Құнанбаев, – Алматы, 1959.

  3. Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. – Алматы, 1964.

  4. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері және Абай поэзиясының тілі. – Алматы, 1958.

  5. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы, 1995.

  6. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. – Алматы, 1966.

  7. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. – Алматы, 1982.

  8. Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. – Алматы, 1982.

  9. Мұхаметқанов Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы, 1993–1995 жж.ІІІ томдық.

  10. Мырзахметов М. Абайтану. (библиогр.көрсеткіш)– Алматы, 1988.

  11. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы, 1959.

  12. Мұқанов С. Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер. “Еңбекші қазақ”, 1923, 1 март.

  13. Абайды оқы, таңырқа. – Алматы, 1995.

  14. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – Алматы, 1995.

  15. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы, 1995.

  16. Сыздықова Р. Дулатты танып болдық па? “Қазақ әдебиеті”, 14.12.1992.

  17. Өмірәлиев Қ. ХҮ–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. – Алматы, 1976.

  18. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. – Алматы, 1983.

  19. Әуезов М. Абайтану курсы. – Алматы, 1995.

  20. Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері. – Алматы, 1958.

  21. Есім Ғ. Хакім Абай. – Алматы, 1995.

  22. Бисенбиев Қ. Мировозрение Абая Кунанбаева. – Алматы, 1957.

  23. Тажибаев Т. Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева. – Алматы, 1957.

  24. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. – Алматы, 2000.

  25. Шапай Т. Шын жүрек – бір жүрек. – Алматы, 2000.

  26. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – Алматы, 1967.

  27. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1994.

  28. Келімбетов Н. Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы. – Алматы, 1998.

  29. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. – Алматы, 1993.

  30. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. – Алматы, 1988.

  31. Әдеби мұра және оны зерттеу. – Алматы, 1961.


Абайтанудағы жаңа бағыттар (магистратура)

1-блок

  1. Абайдың әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы

  2. Мұхтар Әуезовжәне абайтану проблемалары

3.Абайдың қарасөздері

4.Абайдың туысы мен өмірі

5.Қажым Жұмалиев – абайтанушы

6.Абайдың әлеуметтік лирикасы

7.Абайдың ақындық айналасы

8.Зәки Ахметовтің абайтанудағы еңбектері

9.Абайдың ән өлеңдері

10.Абайдың ақын шәкірттері

2-блок

1.Рабиға Сыздықова – Абайдың сөз өнерін зерттеуші

2.Абайдың аудармалары

3.Абай және қазақтың жазба әдеби тілі

4.Қ. Жұбановтың «Абай қазақ әдебиетінің классигі» мақаласының абайтанудағы рөлі

5.Абайдың поэмалары

6.Абайтану тарихы

7.Сәбит Мұқанов және абайтану мәселелері

8.Абай афоризмдері

9.Жиырмасыншы ғасыр басындағы Абай ақындығы төңірегіндегі айтыстар

10.Абайдың дін, дүниетаным жайы


3-блок

1.Абайдың көңіл-күй-сезім жырлары

2.Абай және қазақтың жазба әдеби тілі

3.Абайтанудағы ақтаңдақтар

4.Абайдың көңіл-күй-сезім жырлары

5.Абай шығармаларының текстологиясы

6.«Қазақ» газеті және Абайдың ақындық мұрасы

7.Абайдың арнау өлеңдері

8.Абай шығармаларының өлең құрылысы

9.Мекемтас Мырзахметов және абайтану мәселелері

10.Абайдың оқу, білімге үндеген шығармалары

11.Абайдың өлең үлгісіне шығыс әсері

12.Абайдың ақындық дәстүрі

13.абайдың табиғат мерзімдерін суреттеуі

14.Дулат және Абай

15.Абай және орыс әдебиеті: Абай өлеңіндегі еуропалық үрдіс

16.Абайдың мінезін сипаттаған өлеңдері

17.Абай өлеңіндегі ұйқас түрлері

18.Қ. Мұқаметқановтың Абайдың ақын шәкірттері жайлы зерттеуі

19.Абайдың тіршілік, жаратылыс сырына бойлаған өлеңдері

20.Абай поэзиясының түрі мен тегі. Жанрлық ерекшклігі






21




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Абайтану

Автор: Рыс?алиева Самал Же?іс?ызы

Дата: 20.11.2015

Номер свидетельства: 255864

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) ""Адамзатты? Абайы" (Абайтану факультатив курсы)"
    ["seo_title"] => string(43) "adamzattyn-abaiy-abaitanu-fakul-tativ-kursy"
    ["file_id"] => string(6) "295420"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455811159"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Абайтану" авторлы? ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(31) "abaitanu-avtorlyk-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "193128"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427569075"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "« Абайтану» ?олданбалы курсы  бойынша саба?  жоспары "
    ["seo_title"] => string(50) "abaitanu-k-oldanbaly-kursy-boiynsha-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "161397"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422208563"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Календарно-тематическое планирование факультативного курса "Абайтану""
    ["seo_title"] => string(74) "kaliendarno_tiematichieskoie_planirovaniie_fakul_tativnogho_kursa_abaitanu"
    ["file_id"] => string(6) "347479"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1475633333"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Абайтану "Ғылым таппай мақтанба""
    ["seo_title"] => string(32) "abaitanu_g_ylym_tappai_mak_tanba"
    ["file_id"] => string(6) "396042"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488180898"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства