kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Абайтану» ?олданбалы курсы бойынша саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

        Д.Бабаев атында?ы №115 жалпы білім беретін мектеп

П?н м??алімі: Чакакова Ба?ыт Турсынмамет?ызы      ?аза? тілі мен ?дебиеті  п?ніні?  жо?ар?ы санатты,жо?ар?ы біліктілікті ?діскер ,  «А?а  м??алімі».

Е?бек ?тілі-37 жыл.

?аза?ты? Абай атында?ы педагогикалы? иститутыны? филология факультетін бітірген.

     «Абайтану»   бейінді курс ба?дарламасыны? авторы,сынып жетекшілер бірлестігіні? жетекшісі,

   «ХХІ ?асыр- м??алімі» атты ?алалы? бай?ауды? , ?алалы?  «?здік к?сіпода?» сайысыны? ж?лдегері.

   Білім Министрлігіні? «??рмет грамотасымен», ?Р-ны? Т???ыш Президенті к?ніне арнал?ан  «Жыл сайын ?ткізілетін екінші Назарбаев о?улары «Т?уелсіздік.?лт к?шбасшысы.?лт бірлігі»халы?аралы? ?ылыми конференция?а ?атыс?аны ?шін ма?тау грамотасымен,?алалы? білім бас?армасыны?,ауданды?  білім басшысыны?, ?алалы?  «?стаз»к?сіпода? ?йымыны?, Алматы ?аласы ?кіміні?,Т?рксіб аудан ?кіміні?  бірнеше рет ма?тау ?а?аздарымен марапатталды.

  Жас ?спірім бала т?рбиесінде ?з ісіні? шебері.О?ушылары ауданды?, ?алалы?, республикалы?, халы?аралы?  ?деби о?уларды? ж?не  п?ндік олимпиадаларды?, ,?ылыми  жоба ж?мыстарыны?  ж?лдегерлері. Бірнеше ма?алалары Республикалы? ?ылыми –?дістемелік басылымдарда жары? к?ріп, іс-т?жірибесі республика к?лемінде таратылды .

?БТ-де жо?ары н?тижеге жетіп ж?р.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Абайтану» ?олданбалы курсы бойынша саба? жоспары »

Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп

Чакакова Бақыт Турсынмаметқызының

« Абайтану» қолданбалы курсы бойынша сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Абайды оқып, таңырқа!

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ғылыми теориялық конференцияға жіберілетін жоба жұмыстарын талдау

2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсендіктерін арттырып,іздену әрі зерттеу қабілеттерін дамыту

3.Тәрбиелік: Танымдық,инабаттылық,эстетикалық мәдениетін дамыта отырып тәрбиелеу

Сабақтың типі: Семинар сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, жүйелеу,қорытындылау

Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта,слайдтар,суреттер,кітап көрмесі т.б

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Абай.

Мақсұтым-тіл ұстартып,өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ.

Абай.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Абай.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң,арқалан.

Сен де-бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

Сабақтың барысы:

1.Семинарға келген қонақтарды қарсы алу.

2.Музыка әуенімен. А.Құнанбаев «Көзімнің қарасы»

3.Семинар сабақтың мақсатымен таныстыру

А\. Ғылыми теориялық конференцияға жіберілетін жоба жұмыстарын талдау

Б\.Оқушылардың іздену,зерттеу жұмыстарына баға беру

Кіріспе.

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны бәрімізге мәлім.

Абайтану ғылымының ірге тасы болып табылатын ақын өмірбаянын әр қырынан ғылыми тұрғыдан оқушыларға іздендіру қазақ әдебиетіндегі басты тақырып.

Қай елдегі ақын не жазушы-замана перзенті, олардың туындылары-замана айнасы.Ендеше,әлемдік әдебиеттегі аса ірі тұлға Абай Құнанбаевты жас ұрпаққа таныту айналасындағы ізденіс бүгінгі таңда аса қажет.Сабақ бағдарламасы негізінен 3тараудан тұрады.

1-тарауда Абайдың өмірі мен туыстары, балалары жөнінде,

2-тарауда Абайдың шығыс,орыс әдебиетімен үндестігі және қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны,

3-тарауда оқушылардың шығармашылық іздену жоба жұмыстары қорғалады.

Біз оқып отырған арнайы курс, Абай тұлғасының әлемдік әдебиеттегі орнын оқушылардың зерттеп білулеріне қолғабысын тигізеріне сенеміз.

І.Жыр шашу.

Кейде осы бір жүрегім күй аңсарда,

Дүр сілкініп қырандай тұрам сонда.

Тастай алмай қойдым-ау құрғырды бұл

Аруағынан Абайдың ұялсам да.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

  1. Мәнерлеп оқу-Құрманғалиева Жадыра

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергегі үшін.(толығымен)

2. «Ішім өлген, сыртым сау»-Садуақасова Сымбат

Ішім өлген, сыртым сау,

Көрінгенге деймін –ау:

Бүгінгі дос-ертең жау,

Мен не қылдым, япырм-ау?!

Өз үйінде өзендей

Күркірейді, айтса дау.

Кісі алдында кірбіңдеп,

Шабан, шардақ және шау

Мұндай ма едің ана күн,

Мұның қалай, батыр-ау? .(толығымен)

3. « Қалың елім, қазағым,қайран жұртым»-Қасымова Зарина

Қалың елім, қазағым,қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан,бірі май боп енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың. (толығымен)

ІІ.Зерттеу,іздену жоба жұмыстарын қорғау.

1.Ізденуші- Садуақасова Сымбат

Тақырыбы: «Абайдың тәлім-тәрбиесі»

Ұшан теңіз деп айтуға ғана жеңіл, ал оның байыбына барып, тұңғыйық сырына бойлау күрделі де қиын дүние екенін жасыра алмаймыз.Оның обьективтік те, субьективтік те себептері бар.Көптеген мұғалімдердің алдын көріп,оқытқан сабағынан рухани азық алдық.Әсіресе,әдебиет пәнінен дәріс берген ұстазымыздың орны бөлек. Бүгінгі күні мен ұстазымның арқасында Абайды оқып, таңырқап отырмын.Өзім білмейтін Абай атамыздың адамгершілік қасиетіне көзім енді жеткендей болды. « Ештен де кеш жақсы дегендей» өзімді өзім жұбатып,соны таяныш етемін.

Сайра да зарла, қызыл тіл,

Қара көңілім оянсын.

Жыласын көзден жас ақсын,

Омырауым боялсын,-деп Абай атамыз күңіренгенде жаныңды қоярға жер таппайсың.т.с.с(Садуақасова Сымбаттың іздену жұмысынан үзінді)

2.Ізденуші-Бақаева Балауса

Тақырыбы: «Абайтанушылардың пікірлері мен қолжазбалары»

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің жаңа кезеңі-жазба әдебиеті басталды.Жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев болды.т.с.с

Сондай-ақ Белослюдовтың қолжазбаларынан мысалдар мен деректерді салыстыра отырып көрсетті.

М.Дулатовтың «Абай туралы» зерттеулерінен үзінді келтіріп өтті.( іздену жұмысынан үзінді)

3.Ізденуші-Бекеева Алтынай

Тақырыбы: «Абайдың қазақ музыкасына қосқан үлесі»

Қазақ халқының мәдени тарихында Абай Құнанбаевтың алатын орны ерекше. Ағартушы-ақын, жаңашыл- композитор бір басына осындай сирек дарын қонғанАбай қаламынан қазақтың музыка тілін абайлық стильмен байытқан тамаша әндер туды.

Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шырқау шыңына өрледі.Әннің адам өміріндегі мән-маңызы туралы Абай бейнелі әрі терең тұжырым жасады.

Өзгеге көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?!

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың,-деп Абай әнші-ақынның идеалдық тұлғасын биік адамгершілік және эстетикалық қасиеттердің иесі сол өнегені адамдар жүрегіне ұялата білетін тәлімгер-тәрбиеші ретінде бейнелейді.т.с.с.(іздену жұмысынан үзінді )


4.Ізденуші-Абдрахманқызы Надира

Тақырыбы: «Абайдың мінез машықтары»

Тұрағұл Абайдың кіші жамағатынан туған баласы.Тұрағұл әкесінің 32жасында туған.Тұрағұлдың айтуы бойынша:

« Мен әкемді танығанда,әкемнің жүзі ашық,ажарлы, көзі өткір,ашуы да, қуануы да жылдам,ширақ жанды адам еді.Мәжілісі қызықты сауықшыл,дастарқаны мол кісі.

Бір іспен қызықтамай,жай салбырап,шаруасын ісеп отырушы еді.Еш уақытта іші сүймеген,сенбеген адаммен мәжілістес болып,ұзақ отыра алмаушы еді.Жарқын жүзбен, ашық көңілмен келе тұғын адамды аңсап, сағынып ондай адамы келгенде баласы иә туысы келгеникісідей қуанушы еді. Ұйқысы шағын,мжалпы халықтан кеш жатып,ерте тұру-жалпы әдеті.Төсегінің алдында көрпе төсетіп,оның үстіне жастық қойғызып,көйлекшең басқа киім кимей жастығына шынтақтап,кейде бауырына басып отырушы еді,қағаз шайдан басқа ішкен емес.»т.с.с. .(іздену жұмысынан үзінді )

Күй «Көңіл құсы құйқылжыр»-орындайтын:Құрақбаева Айғыз

5.Ізденуші-Айнұрова Айгерім

Тақырыбы: «Абай-қазақ поэзиясының негізін салушы»

Абай-қазақ поэзиясының негізін салушы. Ол жазба әдебиетіндегі болған қателіктерді қайталаған жоқ.Өз өлеңдерінің сапасын ұлттық рухты сақтай отырып,салыстыра жазды.т.с.с. .

(іздену жұмысынан үзінді )

Абай әндерінен шағын концерттік қойылым.

  1. «Көзімнің қарасы»

  2. «Сегіз аяқ»

  3. «Желсіз түнде жарық ай»

  4. «Айттым сәлем,Қаламқас»

Қорытынды.

Әділ-қазылар сөзі:

1. Оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарын қорытындылап, баға берді.

2.Қалалық ғылыми жобаға барлық оқушылардың жұмыстары жіберілді.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
« Абайтану» ?олданбалы курсы бойынша саба? жоспары

Автор: Чакакова Ба?ыт Турсынмамет?ызы

Дата: 25.01.2015

Номер свидетельства: 161397


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства