Жеті модуль идеясы
«Абай атындағы орта мектебі» КММ
Түсіпжанова Назым Сағымбайғызы
4 сынып мүғалімі
Oқу бір жeрдe тұрмaйды, өзгeрістің бoлмaуы өсудің тoқтaғaнын білдірeді. Әлeм өзгeргeндіктeн, біз дe өзгeрeміз жәнe қaзіргі сәттe өзгeріссіз қaлу өтe қaуіпті eкeнін білeміз. Мұғaлім өзгeрeді, сeбeбі oқушылaр мынa жылдaм өзгeрeтін әлeмдe бaғыт бeріп oтырaтын мұғaлімдeрді қaжeт eтeді.
Дәстүрлі сабақта оқушылардан көшбасшылықты байқамайтын едім, енді осы сабақтарымда байқалғандығы сезіледі.
Оқушылармен әңгімелесе отырып, топтық жұмыс түрінде өткізілген сабақтардың ұнайтынын айтты. Бағалау- тек қана техникалық тәсіл емес. Дәстүрлі сабақтарда тек бағаны мұғалім қоятын болса, топтық жұмыста оқушылар бір-бірінің білімін анықтауда формативті және жиынтық бағалаулар қолданылады. Топ арасынан топ басшылары сайланып маған көмекші болады.
Сабақта «Шапалақ», «Смайлик», «Бағдаршам» әдістері арқылы бағалау қолданылды. Оқушылар бір-бірін бағалауда достыққа қарай ауытқушылық байқалуыда мүмкін. Бір сабақта кеткен кемшілігімді келесі сабақта жөндеуге тырысамын.
Күнделікті оқушылар менен жаңашылдық күтеді. Сабағымың сәтті шыққандығы, сабақ өте жеңіл өткендігі мені қуантады.
Келешекте 7 модуль әдіс-тәсілдерін және басқа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамын деп ойлаймын.
Менің ең негізгі туйгенім, алға қойған мақсаттың айқын, қолжетімді болуына, таңдалған әдіс–тәсілдердің тиімділігіне, уақытты ұтымды пайдалануға, назар аудару керек екен. Өйткені нәтижелі жұмыс жүйелі жoспарлауға байланысты болады. Яғни, тәжірибемді жүргізу барысында өзім мұғалім ретінде жаңашыл, шығармашылыққа дайын, өзгеріске дайын болытыныма сенімдімін.