kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сындарлы о?ытуды? тарих п?нін о?ытуда?ы ма?ыздылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

СЫНДАРЛЫ О?ЫТУДЫ? ТАРИХ П?НІН О?ЫТУДА?Ы МА?ЫЗДЫЛЫ?Ы

Г.Е.Шажанбаева

№10  Ы.Алтынсарин атында?ы мектеп – лицейіні? тарих ж?не ???ы? п?ніні? м??алімі, ?ызылорда ?аласы.

Кез келген о?ыту белгілі м?лшерде адамды дамытады. О?итын п?н ?аншалы?ты жа?а, ба?алы болса да, м??алімні? шеберлігі ?андай жо?ары болсын, м??алім мен о?ушыны? ?з белсенділігін ту?ыза алмаса, берген білім  к?ткен н?тиже бермейді. О?ушыны? адам ретінде ?алыптасуы белсенділік ар?ылы ж?зеге асады. Жа?а технологияны? басты ма?саттарыны? бірі – баланы? о?ыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпазды?ын ?алыптастыру, ?з бетінше шешім ?абылдау?а да?дыландыру.

?йгілі зерттеуші Л.С.Выготскийді? «Д?ст?рлі о?ыту-бала дамуына тек ?ондыр?ы болып, даму?а стихиялы ?сер етсе, я?ни, «дамуды? со?ында ж?рсе»,жа?аша о?ыту-«дамытуды ?зімен бірге ала ж?реді» -  деген болатын. Сонды?тан тек д?ст?рлі о?ытумен шектеліп ?алмай,  м??алім ?р?ашан ізденісте болып, ?зіне ж?не ш?кірттеріне тиімді жа?тарын ?арастырып отыруы тиіс.

«Саба? - о?ытушыны?  педагогикалы? м?дениетіні? айнасы», -деп А.Сухомлинский айт?андай, осы жеті модульді? ішінде ?зімні? п?німе тиімдісі, жары??а шы?арары, баланы? ?ызы?ушылы?ын оятары, білімін жетілдірері ?айсы екен деп к?п ойлан?аным рас. Саралай келе ?р саба?та бір немесе бірнеше модульді бірден ?олдану?а болатынын аны?тадым. Б?л ?олданыстан ?тыл?анымнан ?т?аным к?п болды.

?сынылып отыр?ан ба?дарламаны? негізгі идеясы сындарлы о?ыту теориясына негізделіп отыр. Атал?ан ба?дарламадан к?тілетін н?тижелер о?ушыларды? ?алай о?у керектігін ?йреніп, соны? н?тижесінде еркін, ?зіндік д?лел-у?ждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-к?з?арастары ж?йелі дамы?ан, санды? технологияларда ??зырлы? танытатын о?ушы ретінде ?алыптасуын ?амтиды. Сонды?тан да о?ушыларды? ойлау ?абілеті, ?алыптасатын білімдері жан жа?тан жина?ан  а?параттарына негізделеді.

Біз  осы к?нге дейін  о?ытуды? д?ст?рлі т?рін басшылы??а алып келдік. Ол ?з кезегінде ж?мыс н?тижесін де берген. Елімізде ?аншама зиялы ?ауым, білікті мамандар мен басшылар, ?ызметкерлер, инженер мен экономист, д?рігер мен педагогтар ж?не т.б. т?л?аларды о?ытуды? д?ст?рлі ?дістерімен дайында?ан болатын. Енді Еліміз егемендік алып дамы?ан кезінде, прогресшіл елдерді? ?атарынан к?ріну ?шін білім сапасына да зор к??іл б?ліп, о?ушыларды? болаша? жо?ары де?гейде дамы?ан маман ретінде ?алыптасуына ы?пал етуіміз керек. ?азіргі кезде т?л?аны жан-жа?ты білімді, ізденімпаз, ойы ?ш?ыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, ?о?ам талаптарын ?ана?аттандыратындай етіп ?алыптастыру е? ма?ызды м?селелерді? бірі болып отыр.

Дайын білім беруге негізделген д?ст?рлі стиль ар?ылы алын?ан білім о?ушыларды? жина?та?ан ?зге білімдерімен тиімді сі?ісе алмайды, сонды?тан механикалы? есте са?тау, ?стірт білім алу жа?дайлары орын алады. Д?ст?рлі о?ытудан алын?ан механикалы? т?рде есте са?тал?ан м?ліметтерді емтихан кездерінде ?тымды пайдалану?а болады, біра? м?н-ма?ынасы тере? ме?герілмей жай ?ана жаттал?анды?тан, та?ырыпты о?ыту емтихан ая?тал?ан со? керексіз болып ?алады ж?не о?ушы оны ?мірде тиімді пайдалана алмайды. Ал сындарлы о?ытуды? ма?саты-о?ушыны? п?нді тере? т?сіну ?абілетін дамыту,ал?ан білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жа?дайда тиімді пайдалана білуін ?амтамасыз ету (М??алімге арнал?ан н?с?аулы?,6-бет)

Сол себептен мен сындарлы о?ыту теориясыны? ?ажетті екендігін т?сіндім.  ?рбір м??алім о?ытуды? мазм?нын жа?артып, озы? ?діс-т?сілдерді пайдалану керек. Себебі о?ушы жетістіктерін ?рістетудегі негізгі т?л?а м??алім. Сонды?тан о?ытуды мектептен бастап, о?ушыларды ?з бетінше білім іздеуге да?дыландыруымыз абзал. Со?ан байланысты мектеп ба?дарламасында?ы саба?тарды ?туде Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі арасында?ы ба?дарламасы ?сынып отыр?ан жеті модульді? кіріктірілуі с?зсіз керек. М??алімдер осы к?нге дейін ?олданып келген о?ытуды? ?діс-т?сілдерінен арыла алмай келеді. Мектептегі ат?арып келген іс-?рекеттері бір сарынды. ?йреніп ал?ан бір ?дістерін зейнеткерлікке шы??анша ?олдана береді. Бірі-бірінен естіген о?ушыларда да саба? барысында еш?андай ?ызу?ышылы? болмайды, ілгерушілік бай?алмайды.

Біліктілікті арттыру ба?дарламасыны? негізгі мазм?ны  жеті модуль т?рінде берілген, олар о?ыту барсында аралас т?рде ?сынылатынын айтып т?сіндірді.

Мен мектептегі т?жірибе кезінде 6а сыныбына зерттеу ж?мысын ж?ргіздім. Б?л сыныпты? о?ушыларын б?рыннан жан-жа?ты білемін. Бар?ан к?ні саба?тарына ?атысып, бас?а п?ндерге деген ?ызы?ушылы?ын бай?адым. Келесі к?ннен бастап о?ушыларды санмен  топ?а б?ліп, топ м?шелерін ??рып, ?р топ ?з аттарын, ережелерін ??рып ж?мыстарын ?ор?ап шы?ты.  «Екі ж?лдыз, бір ?сыныспен» бір топты ?зім ба?алап  к?рсеттім,  келесіде  топ бірін – бірі ба?алады.  Сыныпта?ы о?у ?дерісіні? пайдасын аны?тайтын негізгі факторлар мыналар:

  1. Балаларды? о?у ?дерісін т?сінуі;
  2. Нені о?у керектігін т?сінуі;
  3. О?у ?дерісін ?алай ??рылымдау ?ажет екендігі туралы ??ымны? ?алыптасуы;
  4. О?у н?тижелерін ба?алау м?мкіндігін игеруі. [1,  32-бет]

О?у мен о?ытуды? м?ні о?ыту  ?дерісіндегі жеке т?л?алар ?здерін еркін ж?не кауіпсіз сезінуіне жа?дай жасаудан т?рады. ?орыта  келе о?ушылар арасында ?зін еркін сезінетін ынтыма?тасты?  атмосферасын  ?алыптастыру керек екендігі мен ?шін ?згеріс болды.

Мектептегі  т?жірибе  жина?тау кезінде, тізбектелген саба?тар  топтамасыны? орта мерзімдік жоспарына сай «Мыс –тас ?асыры»  атты саба?ымды ?ткіздім. Жа?а саба?ты ашу?а арнал?ан с?ра?тар:

  • Энеолит с?зіні? ??ымы нені білдіреді? 
  • ?ай уа?ыт аралы?ын ?амтиды?
  • Е? бірінші ?олданыл?ан металл ?алай аталады? 
  • ?андай ескерткіштері бар? деген  с?ра?тар ар?ылы  о?ушылар  жан –жа?ты жауап берді. О?ушылар мыс –тас ?асыры  ??ымы екеуі бір ма?ына беретінін, б.з.б. 3000-1800 жыл аралы?тарын ?амтитынды?ын, т?рмыс пен ?ор?аныста ?олданыл?ан металл мыс екенін, Ботай,  Шебір ескерткіштері сол д?уірді? орталы?тары екенін айта отырып, ?з ойларын айтып шы?ты. Ма?ан о?ушыларымны? жауапты? шешімін таба білгендері ?атты ?нады.

Мен  жа?а саба?ты? мазм?нын  интерактивті  та?тадан  ?аза?станны? саяси картасын к?рсете отырып, мыс-тас ?асырыны? ескерткіштеріні? орнын, ерекшеліктерін айта отырып,  ашып бердім. О?ушылар  а?паратты ала отырып карта?а,  суретке ?арап, не білетіндерін айтып шы?ты. Бірін-бірі критериалды ба?алаумен ба?алап шы?ты. Топтар?а б?ліп, м?тін тараттым. О?ып, бас?а топта  талдап, кластер ??ра отырып, ?ор?ап  шы?ты. Де?гейлік тапсырмалар орындай отырып,  ?зіні?  ойлауыны?,  т?сінуіні?  теориясын молайтты. ?зін-?зі  ба?алай  білді. О?ушылар  ?з жауаптарына сыни т?р?ыдан ойлана отырып  жауап беру мені  ?уантты.

Сыни т?р?ыдан ойлау м?тінді есепке ала отырып,  ба?ылау мен ты?дау ар?ылы д?лелдер жинастыру ж?не шешім ?абылдау ?шін талап?а сай ?лшемдерді ?олдану сия?ты да?дыларды дамытуды ?арастырады. [№1, 49-б].

 О?ыту мен о?уды сыни т?р?ыдан ойлау сия?ты к?рделі міндеттермен ?атар, ?арастырылма?ан болжамдар мен ??ндылы?тарды, м?селелерді мойындау ж?не оларды шешудыі? тиімді ??ралдарын табуды, басымды?тарды бекітуді? ма?ыздылы?ы мен міндеттерді шешудегі арты?шылы?ын т?сінуді ?арастырады.  [№1, 49-б].     

           «Египеттегі  ?ылым мен білім негіздері» та?ырыбында балаларды? сыни ойлауын дамыту ?шін саба?ымды «?лемні? жеті кереметі» та?ырыбында бейне таспа  к?рсетуден бастадым, о?ушылар к?ріп бол?ан со?, жан-жа?тан ойлана келе ?з ойларын ашы? жеткізді. О?ушылар ?андай ?сер алды деген с?ра??а алдымен м??ият ты?дады. Содан со? ?з кереметтерін айтып шы?ты. Осы т?ста о?ушыларды? ?з идеялары ?алыптасты. Сыни т?р?ыда ойлана алатын болды.

Мен  о?ушыларды мада?тау ар?ылы «кермет» екенін басбарма?пен ба?алап ынталандырдым. Т?саукесер б?лімінде «ББ?» кестесіні? «білемін», «білгім келеді» деген ба?андарына ?з ойларын айта отырып,  жа?а саба?тан не білетінін, не білгісі келетінін жазып шы?ты. Осы с?тте о?ушылар нені білу ?ажет екенін білді. Саба?ты? мазм?нын ?р т?рлі тапсырмалармен  аша отырып,  та?ырыпты?  жоспарлары бойынша м?тінмен  ж?мыс жасады. Ойларын жина?тап, не білгендерін т?сінгеннен кейін кластер ??рды. ?з ойларын жазып шы?ты.  Бірін-бірі «Екі ж?лдыз, бір ?сыныспен» ба?алады.

Негізгі б?лімде не білгендерін кесте толтыра отырып, ?з ойларын жазып шы?ты. Ойларын жина?тау ?шін де?гейлік тапсырмалар орындады. «Саба?тан ал?ан ?серім» атты ?орытынды рефлексияда ?з ойларын ж?йелеп, ?андай ?сер ал?андарын, нені ?йренгені туралы сыни т?р?ыдан ойлана, жазып шы?ты.  

Не білетіні жайлы білу ?шін «Ежелгі адамдарды? ?орша?ан орта туралы т?сінігі»  та?ырыбында жа?а саба?ты ашу?а арнал?ан с?ра?тар ?ойдым:

- Балалар! Ежелгі адамдарды? ?орша?ан орта туралы т?сінігін ?алай т?сінесі?дер? 

         Б?л с?ра??а о?ушыларды?  жауабы т?мендегідей болды: ежелгі адамдар ?з білімдерін суретті хат – пиктография  (тас?а т?сірілген хат - суреттер) ар?ылы хабарлады. ?рбір ??ымны? ?зіндік шартты та?басы бол?ан. Мысалы ш?бар атты салу ар?ылы малды? індет ауруынан ?ырыл?анын білдірген деп,  Ба?д?улет ?з пікірін айтып  д?лелдеді. ?шінші  топты? к?шбасшысы Диляра  ертедегі адамдар таби?аттан б?лініп шы??аннан кейін, ?орша?ан орта таби?аттан ?здеріні? ?андай айырмашылы?тары бар екенін т?сінбеді,- деп ?з ойын д?лелдеп шы?ты. ?ал?ан барлы? о?ушыларда ?з ойларын, адамдарды? наным- сенімі к?сіпті? т?ріне т?уелді бол?ан екені жайлы да ?з  білгендерін орта?а салды. 

Міне, осы уа?ытта о?ушыларды? сыни ойлауы артты. С?ра?ты? жауабын ал?аннан кейін мен ?рі ?арай о?ушыларды? де?гейін аны?тап алып, ?алай ж?мыс жасау керектігімді біліп алдым. Осы та?ырыпты о?ушылармен бірге талдап, т?сініп ал?аннан кейін, ?жымды? сыни ойлауын одан ?рі дамыту ?шін, жа?а саба? бойынша тапсырмалар бердім.

«Мені т?сін» ойыны  о?ушылар  м?тінді о?иды белгілі бір уа?ыт ішінде т?йін с?здерді д?птерлеріне  жазып алады, сонан со? кітаптарын жауып, ?олдарына пара? пен карандаш алып, м?тінні? негізгі ойын білдіретін он ша?ты с?з жазуларын талап еттім. Сосын мен бір-біріне пара?ты ауыстыру керектігін айттым.  Мені? даярла?ан т?йін с?здеріммен салыстырды. Кімні? осы н?с?амен с?йкес келген с?здері к?п болса, сол о?ушы же?імпаз. Б?л тапсырма бойынша о?ушылар  тез ойлана отырып, тез о?уды, шапша?ды?ты ?йренді. Т?йін с?здерді  табуда ойлау о?ушыларды? не ?йренгеніні? д?лелдемесі болып есептеледі.

?орытындыда  «Мені? т?йгенім»  та?ырыбында?ы рефлексияда ?р о?ушы жекелей не т?йгендерін, білгендерін жазып шы?ты. Жеке ойлау сыни т?р?ыдан ойлауды? ма?ызды сипаты болып табылатынын ?з саба?тарымда?ы тапсырмаларды орындату ар?ылы бай?алды.  

       Мен жа?аша о?ытуда т?сінгенім, балалармен ж?мыс жаса?аннан кейін ?рбір іс-?рекеттен кейін рефлексия жазып отыруы керек екен. ?йткені саба??а ?орытынды жасау м??алімні? нені ?йреткенін жауакершілікпен ?арауын ?арастырады. ?азіргі та?да мен к?нделікті ж?мыстарымды белгілі бір ереже бойынша жасап отырмын. ?йткені ма?ан жинастырып жат?ан материалдарымды ж?йелеу ?шін белгілі бір ереже керек.

         Білім жина?тауды? сырт?ы ау?ымы жай ?ана саба? беру емес, сонымен бірге ол осы идеяларды ??деу ж?не оларды ары ?арай дамыту болып табылады. ?зін – ?зі реттеу мен метатануды? м?ндай да?дыларын дамыту б?л балаларды? саналы о?ушы болып шы?уларыны? негізгі кілті (МАН, 44-б).

Мектеп ж?мысы мен о?ушы жетістіктерін ?рістетудегі негізгі т?л?а - м??алім (Strong, Ward& Grant,2011)  [1,  6- бет]. Саба?та м??алімні? ?зіні? не біліп, не істейтіні ма?ызды-а?, біра? оны? ы?палымен ш?кірттеріні? не біліп, не істейтіні одан да ма?ыздыра?. На?ыз ?стаз, міне, осынысымен ба?аланады (Цицерон).

        Пайдалан?ан ?дебиеттер:

 1.    М??алімге арнал?ан н?с?аулы? «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББ?,2012

 2.   «О?ыту ізденіс ретінде ж?не  ізденіс о?у ретінде» С.С.Мирсеитова, ?ара?анды 2011

 3.   Мирсеитова С.С. «М??алім философиясыны? ?алыптасуы ж?не дамуы: гуманистік парадигма».?ара?анды, 2012.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сындарлы о?ытуды? тарих п?нін о?ытуда?ы ма?ыздылы?ы»

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Г.Е.Шажанбаева

№10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп – лицейінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі, Қызылорда қаласы.


Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту-бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе»,жаңаша оқыту-«дамытуды өзімен бірге ала жүреді» - деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

«Сабақ - оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды.

Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр. Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан жақтан жинаған ақпараттарына негізделеді.

Біз осы күнге дейін оқытудың дәстүрлі түрін басшылыққа алып келдік. Ол өз кезегінде жұмыс нәтижесін де берген. Елімізде қаншама зиялы қауым, білікті мамандар мен басшылар, қызметкерлер, инженер мен экономист, дәрігер мен педагогтар және т.б. тұлғаларды оқытудың дәстүрлі әдістерімен дайындаған болатын. Енді Еліміз егемендік алып дамыған кезінде, прогресшіл елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына да зор көңіл бөліп, оқушылардың болашақ жоғары деңгейде дамыған маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Қазіргі кезде тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Дайын білім беруге негізделген дәстүрлі стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Ал сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету (Мұғалімге арналған нұсқаулық,6-бет)

Сол себептен мен сындарлы оқыту теориясының қажетті екендігін түсіндім. Әрбір мұғалім оқытудың мазмұнын жаңартып, озық әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Себебі оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Сондықтан оқытуды мектептен бастап, оқушыларды өз бетінше білім іздеуге дағдыландыруымыз абзал. Соған байланысты мектеп бағдарламасындағы сабақтарды өтуде Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы бағдарламасы ұсынып отырған жеті модульдің кіріктірілуі сөзсіз керек. Мұғалімдер осы күнге дейін қолданып келген оқытудың әдіс-тәсілдерінен арыла алмай келеді. Мектептегі атқарып келген іс-әрекеттері бір сарынды. Үйреніп алған бір әдістерін зейнеткерлікке шыққанша қолдана береді. Бірі-бірінен естіген оқушыларда да сабақ барысында ешқандай қызуғышылық болмайды, ілгерушілік байқалмайды.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барсында аралас түрде ұсынылатынын айтып түсіндірді.

Мен мектептегі тәжірибе кезінде 6а сыныбына зерттеу жұмысын жүргіздім. Бұл сыныптың оқушыларын бұрыннан жан-жақты білемін. Барған күні сабақтарына қатысып, басқа пәндерге деген қызығушылығын байқадым. Келесі күннен бастап оқушыларды санмен топқа бөліп, топ мүшелерін құрып, әр топ өз аттарын, ережелерін құрып жұмыстарын қорғап шықты. «Екі жұлдыз, бір ұсыныспен» бір топты өзім бағалап көрсеттім, келесіде топ бірін – бірі бағалады. Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын анықтайтын негізгі факторлар мыналар:

  1. Балалардың оқу үдерісін түсінуі;

  2. Нені оқу керектігін түсінуі;

  3. Оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымның қалыптасуы;

  4. Оқу нәтижелерін бағалау мүмкіндігін игеруі. [1, 32-бет]

Оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісіндегі жеке тұлғалар өздерін еркін және кауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады. Қорыта келе оқушылар арасында өзін еркін сезінетін ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру керек екендігі мен үшін өзгеріс болды.

Мектептегі тәжірибе жинақтау кезінде, тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспарына сай «Мыс –тас ғасыры» атты сабағымды өткіздім. Жаңа сабақты ашуға арналған сұрақтар:

  • Энеолит сөзінің ұғымы нені білдіреді?

  • Қай уақыт аралығын қамтиды?

  • Ең бірінші қолданылған металл қалай аталады?

  • Қандай ескерткіштері бар? деген сұрақтар арқылы оқушылар жан –жақты жауап берді. Оқушылар мыс –тас ғасыры ұғымы екеуі бір мағына беретінін, б.з.б. 3000-1800 жыл аралықтарын қамтитындығын, тұрмыс пен қорғаныста қолданылған металл мыс екенін, Ботай, Шебір ескерткіштері сол дәуірдің орталықтары екенін айта отырып, өз ойларын айтып шықты. Маған оқушыларымның жауаптың шешімін таба білгендері қатты ұнады.

Мен жаңа сабақтың мазмұнын интерактивті тақтадан Қазақстанның саяси картасын көрсете отырып, мыс-тас ғасырының ескерткіштерінің орнын, ерекшеліктерін айта отырып, ашып бердім. Оқушылар ақпаратты ала отырып картаға, суретке қарап, не білетіндерін айтып шықты. Бірін-бірі критериалды бағалаумен бағалап шықты. Топтарға бөліп, мәтін тараттым. Оқып, басқа топта талдап, кластер құра отырып, қорғап шықты. Деңгейлік тапсырмалар орындай отырып, өзінің ойлауының, түсінуінің теориясын молайтты. Өзін-өзі бағалай білді. Оқушылар өз жауаптарына сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беру мені қуантты.

Сыни тұрғыдан ойлау мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. [№1, 49-б].

Оқыту мен оқуды сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудыің тиімді құралдарын табуды, басымдықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады. [№1, 49-б].

«Египеттегі ғылым мен білім негіздері» тақырыбында балалардың сыни ойлауын дамыту үшін сабағымды «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбында бейне таспа көрсетуден бастадым, оқушылар көріп болған соң, жан-жақтан ойлана келе өз ойларын ашық жеткізді. Оқушылар қандай әсер алды деген сұраққа алдымен мұқият тыңдады. Содан соң өз кереметтерін айтып шықты. Осы тұста оқушылардың өз идеялары қалыптасты. Сыни тұрғыда ойлана алатын болды.

Мен оқушыларды мадақтау арқылы «кермет» екенін басбармақпен бағалап ынталандырдым. Тұсаукесер бөлімінде «ББҮ» кестесінің «білемін», «білгім келеді» деген бағандарына өз ойларын айта отырып, жаңа сабақтан не білетінін, не білгісі келетінін жазып шықты. Осы сәтте оқушылар нені білу қажет екенін білді. Сабақтың мазмұнын әр түрлі тапсырмалармен аша отырып, тақырыптың жоспарлары бойынша мәтінмен жұмыс жасады. Ойларын жинақтап, не білгендерін түсінгеннен кейін кластер құрды. Өз ойларын жазып шықты. Бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір ұсыныспен» бағалады.

Негізгі бөлімде не білгендерін кесте толтыра отырып, өз ойларын жазып шықты. Ойларын жинақтау үшін деңгейлік тапсырмалар орындады. «Сабақтан алған әсерім» атты қорытынды рефлексияда өз ойларын жүйелеп, қандай әсер алғандарын, нені үйренгені туралы сыни тұрғыдан ойлана, жазып шықты.

Не білетіні жайлы білу үшін «Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі» тақырыбында жаңа сабақты ашуға арналған сұрақтар қойдым:

- Балалар! Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігін қалай түсінесіңдер?

Бұл сұраққа оқушылардың жауабы төмендегідей болды: ежелгі адамдар өз білімдерін суретті хат – пиктография (тасқа түсірілген хат - суреттер) арқылы хабарлады. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Мысалы шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген деп, Бақдәулет өз пікірін айтып дәлелдеді. Үшінші топтың көшбасшысы Диляра ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған орта табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді,- деп өз ойын дәлелдеп шықты. Қалған барлық оқушыларда өз ойларын, адамдардың наным- сенімі кәсіптің түріне тәуелді болған екені жайлы да өз білгендерін ортаға салды.

Міне, осы уақытта оқушылардың сыни ойлауы артты. Сұрақтың жауабын алғаннан кейін мен әрі қарай оқушылардың деңгейін анықтап алып, қалай жұмыс жасау керектігімді біліп алдым. Осы тақырыпты оқушылармен бірге талдап, түсініп алғаннан кейін, ұжымдық сыни ойлауын одан әрі дамыту үшін, жаңа сабақ бойынша тапсырмалар бердім.

«Мені түсін» ойыны оқушылар мәтінді оқиды белгілі бір уақыт ішінде түйін сөздерді дәптерлеріне жазып алады, сонан соң кітаптарын жауып, қолдарына парақ пен карандаш алып, мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап еттім. Сосын мен бір-біріне парақты ауыстыру керектігін айттым. Менің даярлаған түйін сөздеріммен салыстырды. Кімнің осы нұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол оқушы жеңімпаз. Бұл тапсырма бойынша оқушылар тез ойлана отырып, тез оқуды, шапшаңдықты үйренді. Түйін сөздерді табуда ойлау оқушылардың не үйренгенінің дәлелдемесі болып есептеледі.

Қорытындыда «Менің түйгенім» тақырыбындағы рефлексияда әр оқушы жекелей не түйгендерін, білгендерін жазып шықты. Жеке ойлау сыни тұрғыдан ойлаудың маңызды сипаты болып табылатынын өз сабақтарымдағы тапсырмаларды орындату арқылы байқалды.

Мен жаңаша оқытуда түсінгенім, балалармен жұмыс жасағаннан кейін әрбір іс-әрекеттен кейін рефлексия жазып отыруы керек екен. Өйткені сабаққа қорытынды жасау мұғалімнің нені үйреткенін жауакершілікпен қарауын қарастырады. Қазіргі таңда мен күнделікті жұмыстарымды белгілі бір ереже бойынша жасап отырмын. Өйткені маған жинастырып жатқан материалдарымды жүйелеу үшін белгілі бір ереже керек.

Білім жинақтаудың сыртқы ауқымы жай ғана сабақ беру емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табылады. Өзін – өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуларының негізгі кілті (МАН, 44-б).

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім (Strong, Ward& Grant,2011) [1, 6- бет]. Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады (Цицерон).


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012

2. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқу ретінде» С.С.Мирсеитова, Қарағанды 2011

3. Мирсеитова С.С. «Мұғалім философиясының қалыптасуы және дамуы: гуманистік парадигма».Қарағанды, 2012.







































Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп – лицей











Баяндама



Сындарлы оқытудың тарих пәнін оқытудағы маңыздылығы



Пән мұғалімі: Шажанбаева Гүлбану
















Қызылорда қаласы














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Сындарлы о?ытуды? тарих п?нін о?ытуда?ы ма?ыздылы?ы

Автор: Шажанбаева Г?лбану Ерма?анбет?ызы

Дата: 31.05.2016

Номер свидетельства: 331622


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства