kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тіл құралы" баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тіл - адамның жұмсайтын қаруының бірі" 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тіл құралы" баяндама»

«Текелі кәсіптік колледжі» МҚКК











«Тіл –адамның жұмсайтын қаруының бірі»





Дайындаған: қазақ тілі және әдебиет

пәнінің мұғалімі

Баймұрза Нұргүл Нұрахметқызы










Адам санасындағы әлем туралы түсінік, пайым тіл болмысы негізінде сыртқа шығып, тілдік бірліктер арқылы бейнеленеді. Тіл адамға таным және қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілдегі таным теориясының ғылыми негізін дамытуда А. Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С. Аманжоловтың әлемнің тілдік бейнесі сипатындағы көзқарастарының маңызы зор.

XX ғасырдың 60-жылдарында әлем бейнесі тіл мен миф, дін, фольклор, поэзия, кино, сурет, сәулет өнерін модельдеуші жүйелермен бірлестікте семиотиканың шеңберінде қарастырыла бастады. Гуманитарлы ғылымдарда «әлем бейнесі» термині ең алғаш 1922 жылы Л.Витгенштейн еңбектерінде пайда болды. Тілдік формада бекітілген әлем туралы білімдердің жиынтығы әртүрлі тұжырымдарда түрліше аталды: «әлемнің тілдік репрезентациясы», «әлемнің тілдік моделі», «әлемнің тілдік бейнесі», «концептуалды жүйе», «индивидуалды-концептуалды жүйе» т.б. Осылардың ішінде «әлем бейнесі» термині кең тарады. Әлемнің тілдік бейнесі туралы алғашқы идеялар ХIX ғасырда өмір сүрген неміс ойшылы В.фон Гумбольдттің «тілде халықтың рухы бар» деген пікірімен, А.Байтұрсынұлының: «Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады»- деген пайымдауы үндеседі. А.Байтұрсынұлы әр тілде сол тілді қолданушы халықтың қасиеті, ділі, тарихы сақталатындығын көрсетеді. Әр ұлт тілінде, әлем туралы түсініктер, ұғымдар түрлі тілдік деректер арқылы таңбаланып, қоршаған әлемнің тілдік бейнесі, адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын лексемалардың толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін құраса, әлемнің тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып-білуге болады. Ғалым Э.Д.Сүлейменованың пікірі бойынша, ғаламның тілдік бейнесі, көбінесе, «түрлі дүниетаным мәселесі ретінде қаралады. Бүгінгі таңда әлемнің тілдік бейнесі ұғымында екі түрлі сипат бар. Оның біріншісінің нақты тілдерге және олардың арасындағы айырмашылықтарға қатысы жоқ болса, екіншісі нақты ұлт тілдерінің қатысуымен қалыптасқан лексикалық аталымдар жүйесі тәрізді тілдер арасындағы айырмашылықтарға бағыт – бағдар жасаушы әлемнің тілдік бейнесімен байланысты». А.Байтұрсынұлы еңбектерінде тіл әлеуметтің, қоғамның бейнесін көрсету тұрғысынан да сараланады. Ол «Тіл – құрал» немесе тіл-адамның ... жұмсайтын қаруының бірі» -деп, тілдің қарым-қатынастық қызметін қоғаммен байланыстырып, «Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді» - деп, тілдің қоғамдық сипатының мәнісін түсіндіреді. Бүгінгі күні таным теориясын зерделеуде терминология мәселесін қарастырудың маңызы ерекше. Себебі белгілі бір ғылымға қатысты терминдер сол тілдің танымдық деңгейін, әр түрлі салаларға қатысты ұғым- түсініктерді кәсіби жағынан белгілейді. Осы тұрғыдан келгенде, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың термин жасаудағы танымға қатысты түйінді пікірлерін атап көрсеткен жөн.Осы орайда, қазақ терминологиясының негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы жайлы академик Рабиға Сыздық: «Ахмет Байтұрсынұлының оқу-ағарту ісі мен ғылым білім саласында істеген қызметі тарихымызда теңдесі жоқ феномендік құбылыс болды»-деп, ғалымның қазақ тіл біліміне қосқан үлесін, еңбектерін, енгізген терминдерінің маңыздылығын жоғары бағалайды. Сонымен таным теориясының ғылыми негіздерін айқындауда А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінің орны ерекше. Ғалымдар қазақ тілінің құрылымдық сипатын қалыптастырып қоймай, бүгінгі күні жаңа бағытта зерттеліп жүрген тілдің танымдық қызметіне байланысты, тіл арқылы адамды, оның құндылықтарын тану және танытуға арналған құнды ғылыми мұра қалдырған. Көрнекті ғалымның осы танымдық көзқарастары мен пікірлері тілдегі таным теориясының басты ұғымдары мен ұстанымдарын айқындауға жол ашады. Сонымен жоғарыда айтылған пікірлер мен талдаулардың барлығы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың термин жасауда тілдің танымдық болмысына да аса мән бергендігін дәйектейді. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінде таным теориясының келесі бір ерекшелігі – тіл мен мәдениет тұтастығын бірлікте қарастыра отырып, адамзат болмысын терең білуге ұмтылуы. Тілтаным тіл мен мәдениет тұтастығына ерекше мән бере келіп, тіл арқылы ұлттың, халықтың мәдениетін танып зерделеуге мүмкіндік береді.Тілді қоршаған әлеммен, адамдық факторлармен сабақтастыра зерделеу тіл арқылы адам болмысын тануға жетелейді. Тілдің табиғатын адамның мәдени, рухани, әлеуметтік, психологиялық болмысымен ұштастыра отырып талдау, халқымыздың ұлттық ерекшеліктері мен құндылықтарын терең түсінуге жол ашады. Демек,, тіл болмысы арқылы адамдық факторларды, соның ішінде сол тілді қолданушы халықтың мәдениеттін зерттеудің мән маңызы зор.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Ахмет Байтұрсынұлы – «Тіл-құрал» Астана 2009ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"Тіл құралы" баяндама

Автор: Баймұрза Нүргүл Нұрахметқызы

Дата: 14.02.2023

Номер свидетельства: 625658

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Дене жатты?улары –мектептегі дене  шыны?тыруды?  ?зіндік ??ралы баяндама "
    ["seo_title"] => string(84) "dienie-zhattyg-ulary-miektieptieghi-dienie-shynyk-tyrudyn-ozindik-k-u-raly-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "196786"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428122773"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Спортты? ойындар-о?ушылар т?рбиесіні? негізгі ??ралы(баяндама) "
    ["seo_title"] => string(70) "sporttyk-oiyndar-ok-ushylar-t-rbiiesinin-nieghizghi-k-u-raly-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "236653"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444133278"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Баяндама "О?ыту ?дерісінде АКТ-ны ?олдану туралы"
    ["seo_title"] => string(52) "baiandama-ok-ytu-udierisindie-akt-ny-k-oldanu-turaly"
    ["file_id"] => string(6) "301452"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456923197"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) ""Баланы? а?ыл-ой белсенділігін арттыруда?ы шахмат ойыныны? ма?ызы" баяндама "
    ["seo_title"] => string(82) "balanyn-ak-yl-oi-bielsiendilighin-arttyrudag-y-shakhmat-oiynynyn-man-yzy-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "166527"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422970873"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Баяндама "Саба??а сапалы дайындалу""
    ["seo_title"] => string(36) "baiandama-sabak-k-a-sapaly-daiyndalu"
    ["file_id"] => string(6) "277427"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452886054"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства