Сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат – міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғышарты бастауыш мектепте жасалынады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.»
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі.
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ.
Елбасымыздың жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» - деп сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр. Педагог К.Д.Ушинский былай дейді: «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат – міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғышарты бастауыш мектепте жасалынады.
ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт
Субъект - таным объектісі ретінде сыртқы әлемге төтеп бере алатын
ізденімпаз, іскер, мақсаткер адам.
Субъектілік ұғымының мазмұны оқытуды басқару жүйесі мен білім беру жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Бұл ұғымның өзі объектіге, яғни – балаға әсер етудің мәні мен мазмұнын жояды..
Шығармашылық деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.
Шығармашылық дегеніміз – адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік , дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету. Бұл технология сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:
І. Қызығушылықтарын ояту.
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әр түрлі әдіс – амалдары қарастырылады. Мысалы: «Шаттық шеңбері», «Тілекті тізбек» немесе қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Белсенді түрде оқу. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше әдіс – тәсілдер бар. Олар болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, білемін, білгім келеді, үйренгенім, сұрақ қоя білуді үйрету, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс – тәсілдерді қолдану бұл кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс - әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
ІІІ. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы.
Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін пайдаланады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі – «топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру».
Бастауыш сыныпта негізгі міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Бұл мәселені алудағы басты мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:
Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;
арнаулы бір тақырыпта пікір – талас тудыру;
сөз жұмбақ құрау, шешу;
шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау;
өлеңдер құрау, өтірік өлеңдер құрау;
әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою;
елестетіп, қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;
мазмұндама түрлерін жазу;
адасқан сөзді орнына қой. т.б.
Ал, сыныптан тыс жұмыс кезіндегі шығармашылыққа баулу түрі:
Мектеп шеберханасына, мұражайға апару;
әр түрлі кездесулер ұйымдастырып, одан алған әсерлері бойынша шығарма, өлең жазу;
суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату;
мектептегі үйірмелерге, сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына жағдай жасау;
газет – журналдарға жаздырып, оны оқу үрдісінде үнемі пайдалану;
ауыз әдебиетінің түрлерін сабақтарда кеңінен пайдалану.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологиясын қолдану дегеніміз – келешек ұрпақты еркін дамуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрін, әдісін дұрыс таңдай білу қажеттілігі туады. Баланың бойындағы қабілетін ашу – одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, белсенділік, өз пікірін саналы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан – жақты гармониялық даму үшін негіз жасалады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Қаламқалиев М. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары// -2000- N2. – Б.103-106.
2.Мырзакерімова К. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту [ Мәтін]
3.Мырзакерімова К.// Қазақстан мұғалімі. -2006. – 1 қаңтар.
Мұқашева М. Оқушылардың танымдық шығармашылық ізденістерін дамыту//
Қазақ тілі мен әдебиеті. -2000.-N9. –Б. 16-21
4.Мұхаметжанова Ж. Ана тілін дамыта оқыту барысында оқушыларды шығармашылық еңбекке баулу// Сынып жетекшісі. -2005.-N1. –Б.16-17
object(ArrayObject)#829 (1) {
["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
["title"] => string(176) "Қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесін жасау және қазақ әдебиетінің білім беру мазмұнын жетілдіру"
["seo_title"] => string(80) "k_azak_tilin_dien_ghieiliep_ok_ytu_zhuiiesin_zhasau_zh_nie_k_azak_diebiietinin_b"
["file_id"] => string(6) "366617"
["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
["date"] => string(10) "1481044993"
}
}