kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сырым мен Малайсары" саба? жоспары 5 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аты-ж?ні:  Адилмуратова ?ымбат     Адилмуратовна

Ту?ан  жылы:   6.01.1983 ж

Білімі:  Жо?ары

Бітірген о?у орны:     М.О.?уезов атында?ы  Семей Университеті

Диплом бойынша маманды?ы:

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні  м??алімі

Ж?мыс орны:  «?азымбет орта мектеп-ба?ша» КММ

Педагогикалы? е?бек ?тілі:  10 жыл

Санаты:  ІІ

?дістемелік та?ырыбы:   « Жа?а технологияны? элементтерін ?олдану ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту»

?олданатын технологиясы:

«Сын т?р?ысынан ойлау ба?дарламасы»

?ш тілді ме?геруі: ?аза? тілі, орыс тілі – еркін, неміс тілі  с?здікпен

Компьютерді ме?геруі: еркін

Марапаттары: ауданды?, облысты?, республикалы?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сырым мен Малайсары" саба? жоспары 5 сынып»

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 26 қараша

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Адилмуратова Қ.А.

Сабақтың тақырыбы: Сырым мен Малайсары

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларды Сырым мен Малайсарының шешендік сөздері туралы түсінік беру.2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, суреттер

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Шаттық шеңбері
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн, болсын!
Бүгінгі күн сәттілікке толсын!
Біздер алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!

3. «Сиқырлы себет » арқылы оқушыларды топқа бөлу: Сырым және Малайсары тобын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Дискуссиялық картамен жұмыс:

1

Желмаяға мініп, жиhан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көгорай шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді.

Қай шығармадан алынған үзінді? (Асанқайғының)

2

Ханның ашамайға мінгізген жас баласы аңшылармен бірге жүріп, бір жерде қашып бара жатқан ақсақ құланды қуып кетіпті. Ақсақ құлан жүйткіп бара жатқан бір топ құланға қосылыпты.

Қай шығармадан алынған үзінді? (Ақсақ құлан,Жошы хан)

3

Мен отыныма шапанымды жаптым, отынымның ығына өзім отырдым. Менің су болған жалғыз-ақ шапаным. Отыным, өзге киімдерім құрғақ, үйге барғанда отынымды жағып, шапанымды кептіріп аламын-дейді.

Қай шығармадан алынған үзінді? Кімнің сөзі?

(Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу)



4

-Мына жерде бір өткел бар-жақын, жақын да болса алыс – дейді.

Қай шығармадан алынған үзінді? Кімнің сөзі?

(Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу)


5

-Өзің білмес ісіңді

Білгендерден сұрап біл.

Өліп жатсаң, наданнан

Қабырыңды жырақ қыл!-дейді

Қай шығармадан алынған үзінді? Кімнің сөзі?

(Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу)


6

-Қорықпа! Сиырларды ащы құдықтың басына айдап барып, жалғыздап суар да, суарғаныңды сол жерде айналдыра қуа бер, әуелі ішінің қармауы кетер, одан кейін жын аралас су кетер, ең соңында қара судың өзі кетер-депті.

Қай шығармадан алынған үзінді? Кімнің сөзі?

(Жиренше шешеннің хан сынағына түскені, Қарашаш сұлу)


7

-Жиренше біздікіне келсін, келгенде жолмен де жүрмесін, жолсызбен де жүрмесін-депті.

Қай шығармадан алынған үзінді? Кімнің сөзі?

(Жиренше шешеннің хан сынағына түскені, Хан)

8

-Қасың қайың, қапталың тал,

Шебер шапқан сары ерсің.

Таласпен келген екеуің,

Бір ерге қалай мінерсің?-депті.

Қай шығармадан алынған үзінді? Кімнің сөзі?

(Тайкелтірдің төрелігі)

9

-Бір дегеніңіз- бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз- егесіп өткен ер жаман.

Қай шығармадан алынған үзінді? Кімнің сөзі?

(Қазыбек би мен Бұқар жырау)

ІV. Жаңа сабаққа дайындық:


Эпиграф: «Шешен сөз бастайды, көсем ел бастайды» 

V. Қызығушылықты ояту: Сырым мен Малайсары деп неге топтың атын қойдық деп ойлайсыңдар? Олар туралы не білесіңдер?

Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды. Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады

Малайсары (шамамен 1700 — 1756) — Орта жүздің батыры әрі биі. Арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан. Әкесі Тоқтауыл — батыр, балуан, анасыМөлдір — қалмақ қызы, қарындасы Гауһар (Қабанбай батырдың әйелі) — ерлігі аңызға айналған қаһарман қыз. Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған. Шоқан Уәлихановтың жазуына қарағанда, Абылай хан Малайсарының батырлығын, ақылы мен қайратын жоғары бағалаған. Малайсары Ресейдің қоластына кіруге қарсы болған. Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып, екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын ұстанды. Ол жоңғарларға қазақтың елшісі болып барған. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы Малайсарының туған жеріне, Жоңғар Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Мәтінді тізбектей, мәнерлеп оқу

Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық.

VІ. Түсінік тексеру: Шығарма құрылысына талдау жасау

1.Сырымның Малайсарыдан бата сұрай келуі

2.Малайсарының бітпеген ісі

3.Сырымның тапсырманы орындауы

4.Сырымның Ақсуаттан құн сұрауы

5.Сырымның орынды талабын айтуы

6. Бітімге келу

7.Малайсарының риза боп, бата беруі.

Басты кейіпкерлерге мінездеме беру: Сырым- Датұлы, шешесі Қаражан, көрнекті басшы, атақты батыр, әйгілі шешен, «Бала би».

Малайсары- Орта жүздің батыры ,әрі биі. Арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан. Әкесі Тоқтауыл — батыр, балуан, анасыМөлдір — қалмақ қызы, қарындасы Гауһар (Қабанбай батырдың әйелі)

Ақсуат- Әлім елінен шыққан би, Байырған елінің қазығы.

Сөздікпен жұмыс: Барымта- қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетінде ерте замандарда қалыптасқан ұғым. “қанға-қан, жанға-жан” дәстүрі адам мен адам, ру мен ру арасындағы қастықты күшейте түсетіндіктен, кек қайтаруды құн төлеумен алмастыру, Барымтаны ұрлықпен, тонаушылықпен, шапқыншылықпен шатастыруға болмайды. Кезінде Барымтаны кегі қайтпаған, есесі кеткен жақ жариялы түрде жасаған.

Мама ағашы - ат байлайтын ағаш, атағаш. Қазақстанның Алматы, Жамбыл облыстарында осылай аталған.

VІІ. Түсіндірме күнделігі: І топқа тапсырма 

Шығармадағы қазақ салт-дәстүрлерінің көрінісін тап

Салт-дәстүрлер

Шығармадан мысал келтір

 

 

ІІ топқа тапсырма:  Шығармадағы нақыл сөздерді тап 

Нақыл сөздер

Мәні, мағынасы

 

 

VІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ - жауап

1.Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

2.Сендерге қай кейіпкерлер ұнайды? Неге?

3.Жағымсыз кейіпкер кім?

4.Неге ұнамайды?

5. Сырым атақты Малайсарының үйіне неге келді?

6.Малайсары Сырымға не деді?

7.Сырым қайда барды?

8.Сырымның әлімдерге қандай төрелік айтты?

ІХ.Сабақты қорыту: «Шешен сөз бастайды, көсем ел бастайды» дегендей біз бүгін қандай шешендермен таныстық. Олардың шешендігіне, көсемдігіне көзіміз жетті ме?

1.Бағалау: Топ басшылары жауабын тыңдау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Сырым мен Малайсары мазмұндау

2. «Бабаларға хат» жазу



































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Сырым мен Малайсары" саба? жоспары 5 сынып

Автор: Адилмуратова Кымбат Адилмуратовна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289524

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Қазақтың ұлттық мейрамдары"
    ["seo_title"] => string(30) "k_azak_tyn_u_lttyk_mieiramdary"
    ["file_id"] => string(6) "394236"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487669407"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства