Просмотр содержимого документа
«Сұрақ қоюдың маңызды дағдылары»
Сұрақ қоюдың маңызды дағдылары
Сядыбекова Райхан Қонысбайқызы
химия және биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі
І деңгей - «Педагогикалық қоғамдастықта мұғалімнің көшбасшылығы»
Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі ″бастама-жауап-кейінгі әрекет″ (БЖӘ) нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігі анықталды. Мысалға:
Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар?
Жауап: (оқушы): Екі жүз алты.
Кейінгі әрекет: (мұғалім): Дұрыс.
Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Бұндай сыныптарда оқушылардан білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік берілмейді.
Сұрақ қою маңызды дағадылардың білі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды ″жабық″ немесе ″дұрыс емес″ сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап (″дұрыс″ немесе ″дұрыс емес″) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқцшыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.
Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ ″із мысал келтіре аласыз ба?″ деген сияты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.
Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, ″Көмектесе алатындар бар ма?″
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
Оқушыларға білімін қалыптастыру және вербалдандыру көмектеседі;
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;
Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
Әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
Оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.
Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру
Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексері үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлеріне ұсынады. Мұғалімдер:
Жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа немесе сұраққа аудара алады;
Жауапты мойыңдап, оны келесі сұхбатқа негіз ете алады;
Мағынаңы күшейту үшін немесе оны басқалардың да естуі үшін жауапты сөзбе-сөз қайталай алады;
Белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай алады;
Нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгімелесу желісіне қосу мақсатында жауапты басқа сөздермен қайталап айта алады;
Жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімелесуде қолдана отырып, тікелей немесе жанама);
Жауапты түзете алады;
Оқушыларды бұдан әрі ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандыра алады;
Оқушыларға маңызды мәселеге назар аударуға көмектесе алады.
Щқушылардың бар назарын алдын ала белгілі жауапты табуға аударған мұғалімдер, әдетте, олардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып алады. Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және де мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне орайластырып құрған дұрыс. Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет екені атап көрсетілген. Харгривс пен Гэлтон (2002) жалып алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай кідіретіндігін анықтаған.
Харгривс пен Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакциясын жауапты бағалауға, қайталауға немесе басқа сөздермен қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс дейді. Күту уақытын үштен жеті секундқа дейін созып жіберсе , бұл төмендегідей басқа да параметрлердің созылып кетуіне әкеледі:
Ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі жауаптар үшун) оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, мақсатқа қатысты жылдамдық туралы ұмытпау керек – жабық сұрақтар тобы орынды болуы мүмкін, бірақ кей жағдайларда сұрақтарға оқушылардың барынша ойластырылған әрі терең жауап бергендері керек.
Қорыта айтарымыз, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.