kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Шаған жинақты мектеп жағдайында оқушылардың құзіреті жеке тұлғаның дамуы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама "" шағын мектеп

Просмотр содержимого документа
««Шаған жинақты мектеп жағдайында оқушылардың құзіреті жеке тұлғаның дамуы»»

Шұбалаң негізгі мектебі КММ-сі







«Шаған жинақты мектеп жағдайында оқушылардың құзіреті жеке тұлғаның дамуы»









Орындаған: Алпысбаева Индира Орынбаевна










2017-2018о/ж


«Шаған жинақты мектеп жағдайында оқушылардың құзіреті жеке

тұлғаның дамуы»

Шағын жинақты мектеп жағдайында жеке тұлғаға бағдарланған оқыту негізінде әрбір оқушының бірегей мәнін және оның оқу өрісінің даралығын тану іспеті жатыр. Мектеп жағдайында мұғалімнің ролі білім беру, біліктіліктер мен дағдыларды сіңіруде ғана емес, оқушы өзінің жеке әлеуетіне сүйенетін және оқытудың тиісті технологиясын пайдаланатын тиісті білім беру ортасын кұруда болып табылады.

Оқушы құзіреті және жеке тұлғаға бағдарланған білім беру жүйесінің нақ ортасында тұр, бұл өз кезегінде педагогикалық үрдістің технологиясын ұкыптылықпен жасауды талап етеді. Онда әрбір оқушының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері барынша ескеріліп, жалпы әлеуметтік мүмкіндіктерінің ашылуына және дамуына жағдай жасалуға тиісті.

Баланың даралық ерекшеліктерін ескеру қажеттігі туралы белгілі кеңес психологтары Л. В.Выготский (баланың жақын маңдағы даму аймағының теориясы), П.Я. Гальперин (ақыл-ой әрекеттерін кезен -кезеңнен қалыптасу теориясы), АА. Леонтъев (оқыту психологиясы) және басқа ғалымдар айтқан болатын.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту жағдайында мұғалім оқу үрдісінде өзгеше рөлге ие болып, өзгеше функцияны атқарады. Мұның мәні дәстүрлі оқу жүйесіндегідей титтей де кем емес, бірақ басқаға. Осыны дұрыс түсіну қажет. Егер дәстүрлі білім беру жүйесінде мұғалім оқулықпен бірге негізгі және неғұрлым білікті білім көзі, оның үстінде танымды бақылаушы субъекті болатын болса, енді білім беруін жаңа программасы бойынша мұғалім окушыладың дербес белсенді танымдық қызметін ұйымдастырушы, білікті кеңесші және көмекші рөлінде бой көрсетеді. Оның кәсіби біліктілігі окушылардың білімі мен біліктіліктерін бақылауға ғана жұмсалмай, білімді тану мен қолдануда кездесетін қиындықтарды білікті іс-әрекеттердің көмегімен жеңу үшін олардың іс-әрекетін диагностикалауға бағытталуға тиісті. Бұл рөл дәстүрлі оқытудағыдан гөрі анағұрлым күрделі, сондықтан да мұғалімнен жоғарлы шеберлікті талап етеді.

Білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған мағынасы оқытудың барлық типіне енгізілуі мүмкін. Жеке тұлғаға бағдар ұстау - кез келген оку типі мен түрінің өлшемдік белгілерінің бірі. Егер адамның (оқушының, мұғалімнің) табиғи, жеке бастық және даралық ерекшеліктерімен білім беру үрдісін жобалау, жүзеге асыру және диагностикалау кезінде ескерілсе және оған әсер етуге қабілетті болса; бұл оқытудың гуманистік тұрғыда жеке тұлғаға бағдарлануын білдіреді.

Шағын жинақты мектеп жағдайында жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бірі -оқушылар білімінің дербес модельдерін іске асырудың бір мезгілде жүргізілуі. Бұл үшін әрбір оқушыға барлық оқу пәндерін меңгерудің өзіндік білім алу өрісін жасау мүмкіндігі беріледі. Оқушыны оқытудын дара мақсаты мен мән-мағынасына, оқытылатын пәндерді таңдауға, оқу материалынан озып кетуге және оны тереңдетуге, оқытудың қарқынын, нысандары мен әдістерін, әлемнің жеке картинасын тандауға кұқылы болады.

Білім беруде оқушылардың құзіреті жеке тұлғаның дамуы - бұл білім берудегі тиісті іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру арқылы оқушының жеке әлеуетін іске арттыру нәтижесі. Жеке тұлғаға бағдарланған білім беруді ұйымдастыру оқушылардың мынандай құқықтары мен міндеттерін іске асыруды мақсат етеді:

- әрбір оқу тақырыбында, сабақта жеке мағына мен мақсатты тандау және табу кұқығы;

- іргелі ұғымдар мен категорияларды өзіндік түсіну және түсіндіру кұқығы;

- оқытылатын тақырыптар бойынша тоқсанға немесе жылға арналған жеке білім беру бағдарламаларын жасау құқығы;

- оқытудың жеке қарқынын, білім беру міндеттерін шешудің нысандары мен әдістерін, бақылау, рефлексия тәсілдерін талдау, өзінің жеке ерекшеліктерін білудің негізінде өзінің іс-әрекетін өзіндік бағалау құқығы;

- оқытылатын пәндерді, шығармашылық зертханаларды және шағын мектептің базистік оқу жоспарына сәйкес таңдау бойынша анықталған пәндер мен сабақтарды жеке таңдау;

- оқу мазмұнын арттыру (озу және тереңдету). Қосымша тақырыпты және пәндер бойынша шығармашылық жұмыстарды жеке тандау;

- әлемнің жеке картинасы және әрбір білім саласы бойынша жеке негізіделген ұстаным құқығы.

Педагогикалық инновациялар саласында әртүрлі бағыттардың арасында мыналар қойылған міндеттерге неғұрлым пара-пар болып табылады:

- ынтымақтастықта оқыту

- жобалар әдісі

- әр деңгейлі оқыту

Ынтымақтастықта оқыту, шағын топтарда оқыту Батыс Германияда, Нидерландыда, Ұлыбританияда, Австралияда, Израильде, Жапонияда кеңінен пайдаланылады. Бұл технологияның негізгі идеясы -әртүрлі оқу жағдайларындағы оқушылардың белсенді бірлескен оқу қызметіне жағдай жасау. Оқушылар әртүрлі болады - біреулері мұғалімнің айтқандарын бірден «қағып алады», өздері кез келген сұраққа дайын; енді біреулері үшін материалды түсінуге уақыт қана емес, қосымшалы салдар түсіндіру қажет. Мұндай балалар әдетте бүкіл сынып алдында сұрақ қоюға ұялады, ал кейде өздерінің нақты ештеңе түсінбейтінін, сұрақты дұрыс қоя білмейтінін сезінбейді. Егер мұндай жағдайда балаларды шағын топтарға (3-5 адамнан) біріктіріп, оларға ортақ бір тапсырма беріп, топтағы әрбір оқушының осы тапсырманы орындаудағы рөлін түсіндірсе, онда әркім өз жұмысының нәтижесі үшін ғана емес, бүкіл топтың нәтижесі үшін жауап береді. Мұның үлкен мәні бар. Сондықтан нашар оқитын окушылар жақсы оқитын оқушылардан мәселенің мәнін түсінуге тырысады, ал жақсы оқитындар топтың барлық мүшелерінін, бірінші кезекте, нашар оқитын оқушының материалды меңгеруіне мүдделі болады. Сөйтіп бірлесе күш жұмсаудың арқасында әрбір оқушы материалды өзіне лайықты деңгейде меңгереді. Бұл - ынтымақтастықта оқытудағы ортақ идея.

Ынтымақтастықта оқыту топтағы әрбір оқушының өзіне тиесілі деңгейде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сөйтіп осындай бірлескен іс-әрекеттің арқасында оқушылардың барлығы да дербес рөлге ие болып , жеке жұмыс бөлігін алып, жоба қызметіне белсене қатыса алады. Әркімнің жеке қосқан үлесінен бүкіл жобаның табысы құралады. Бұл окушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке., білім негіздерін терең меңгеруге және жаңа ақпарат көздерін іздестіруге талпындырады. Жобалардын, ынтымақтастықта оқытудың әдістерін пайдалана білу – оқытушының жоғарғы біліктілігінің, оның үрдісшіл оқыту әдістемесінің көрсеткіші.

Жобалардың әдістерін қандай да бір мәіні бар тақырып, бағдарламаның бөлімі бойынша сабақта да сабақтан тыс қызметте де пайдалануға болады.

Әр түрлі денгейдегі оқыту. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту туралы айта отырып, біз сонымен бірге саралап оқытудың әр түрлі нысандары мен түрлерін естен шығармаймыз. Бірінші кезекте бізді саралап оқытудын, жеке қасиеттер бойынша сырттай саралау, яғни оқушылардың жекелеген пәндерге деген қабілеттері бойынша саралап оқыту сияқты түрлері қызықтырады.

Сонымен әртүрлі денгейдегі оқыту дегенде біз мынаны түсінеміз. Оқу-тәрбие үрдісін бұлайша ұйымдастыру кезінде әрбір оқушының мектеп бағдарламасының жекелеген пәндері бойынша оқу материалын әр түрлі деңгейде (А,В,С) меңгеру мүмкіндігі бар, бірақ окушының іс-әрекетін бағалауның өлшемдері ретінде оның осы материалды меңгеру, оны шығармашылықпен қолдану жөніндегі күш-жігері есепке алынуы және ол баланың тума қабілеттері мен жеке басының ерекшеліктеріне қарай, базалық денгейден төмен болмауы керек.

Бұл технологиялардың идеологиясы зерттеу, проблемалық әдістерді кеңінен пайдалануды, жобамен жұмыс істеу кезінде бірлескен немесе жеке іс-әрекет аркылы алынған білімдерді қолдануды, өзіндік сыни ойлауды ғана емес, мәдени қарым-қатынас деңгейін де дамытуды , бірлескен қызметте әртүрлі әлеуметтік мөлшерді орындай білуді көздейді, мұның бәрі өмірде табысқа жетуді және күрделі өмір жағдайларынан абыроймен шығуды қамтамасыз етеді.

Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Себебі еліміздін болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған шәкірт болуы керек.

Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында өркениет көшінен қалмау үшін барлык мүмкіндіктерді қарастыруымыз керек.

Жас мемлекетіміздің «Қазақстан ~ 2030» стратегиялық даму бағдарламасын іске асыру жолдарының кешенді іс-шаралары арқылы айқындалуы бізді жүйелі жұмыс жасап, жоспарлы әрекет етуге шақырады. Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауының саяси сипаты да осындай болса керек. Отандық білім мен ғылымды дамыту ісін әлемдік биік деңгейге көтерудін маңызына тоқтала келе, Н .Ә. Назарбаев осы құжатта: «Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек» деген қарапайым да келешегі кемел және білім кеңістігінде жүйе құра алатын кағида ұсынды. Біздің бүгінгі басты мақсатымыз - осы өміршең кағиданың аясында ұлт болашағы үшін аянбай еңбек ету. Олай болса ұлт мүддесі үшін ұйыта алатын, шығармашылықпен жұмыс жасауға бейім ұрпақ тәрбиелеу, салмақты ой мен сабырлы әрекетті жеке тұлғаны қалыптастыру - ел тәуелсіздігін баянды ететін алдыңғы кезекті ортақ міндет , деп білемін.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Шаған жинақты мектеп жағдайында оқушылардың құзіреті жеке тұлғаның дамуы»

Автор: Алпысбаева Индира Орынбаевна

Дата: 31.01.2018

Номер свидетельства: 453818

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Мектап жа?дайында?ы мектепалды даярлы?ты? сапасын ба?алау шы?армашылы?ын дамыту "
    ["seo_title"] => string(92) "miektap-zhag-daiyndag-y-miektiepaldy-daiarlyk-tyn-sapasyn-bag-alau-shyg-armashylyg-yn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "194131"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427729725"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Бастауыш сынып о?ушыларына білім беруде жа?а инновациялы? технологияларды пайдалану "
    ["seo_title"] => string(96) "bastauysh-synyp-ok-ushylaryna-bilim-bierudie-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "187546"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426525754"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Нурова Зауре Жумаровна "
    ["seo_title"] => string(24) "nurova-zaurie-zhumarovna"
    ["file_id"] => string(6) "187538"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426525340"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Математика саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту "
    ["seo_title"] => string(71) "matiematika-sabag-ynda-ok-ushylardyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "185077"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426145772"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Жаңа озық технологиялық тәсілдерді гуманитарлық білімге енгізу"
    ["seo_title"] => string(74) "zhan_a_ozyk_tiekhnologhiialyk_t_sildierdi_ghumanitarlyk_bilimghie_ienghizu"
    ["file_id"] => string(6) "376264"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483805409"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства