Бұл бағдарламаның басты мақсаты Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктерді оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыруды жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Патриотизм- ұлттық рухтың асқақ белгісі»
Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің жаңа қазақстандық бағдарламасын енгізуді тапсырған болатын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктерді оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыруды жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады. Ата-бабаларымыз ұлан-байтақ кең даланы «найзаның ұшымен, білектің күшімен» сан ғасырлар бойы қорғап, аман сақтап ұрпақтарына аманат етті. Құрып кету қауіпі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұра білді. Бұл қазақ халқының намысты қолдан жібермеген ержүрек, батыр халық екендігінің дәлелі. Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстан – көптеген этнос өкілдері қоныс тепкен мемлекет. Сондықтан да патриотизмді қалыптастыру бір ұлттың шеңберінде ғана жүргізілуі мүмкін емес. Елбасының салиқалы саясатының арқасында елімізде бейбітшілік пен ұлтаралық татулық нығайып келеді. Кең байтақ қазақ даласын пана еткен тілі басқа болса да тілегі бір, түрі басқа болса да жүрегі барша халықтың бойына қазақстандық патриотизмді дарыту маңызды дүние. Елбасы «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» - деп жазды. Қазақтың қара жеріне кіндік қандары тамған қас батырларымыз Б.Момышұлы: «Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті», деп Отанға деген сүйіспеншілік оның әрбір азаматының жүрегінен туындауы керек деп жеткізсе, Ұлы Отан Соғысының шегіне жете беріп, қаһармандықпен қаза тапқан Баубек Бұлқышев: «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу-қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махабатты бізде өлшеуге болмайды», деп жүректің пәктілігі ғана Отанды анасындай қастерлеуге тәрбиелейтінін айтады. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу - әсіресе алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет. Бұл пәннің оқу бағдарламасына әскери топография, атыс дайындағы, саптық, тактикалық және медициналық дайындық, азаматтық қорғаныс мәселелері енгізілген. Осы арқылы оқушылардың азаматтық қорғаныс бойынша білімдері жетілдіріледі. Тәуелсіз еліміздің әлемдік өркениет көшіне қосылуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш отансүйгіштік рухтың берік болуы болып табылады. «Отан отбасынан басталады» десек, болашақ Отан қорғаушыларды дайындап, патриоттық тәрбиені қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталатыны сөзсз. .Өйткені әскери дайындық сабағында оқушылар пневматикалық қарудан ату, противогаз қолдану, басқа да әскери өмірге қажетті құралдарды дұрыс пайдалану негіздерін меңгереді. Пән бағдарламасымен ғана шектеліп қалмай, әскери-патриоттық тәрбие сыныптан тыс жұмыстармен де ұштастырыла жүргізіледі. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында мектепке «Айбын» әскери –патриоттық клубы жұмыс жасайды. Клуб жас ұландары әскери тактикамен, әскери топографиямен және қару-жарақтан көздеу әдістерін, сондай – ақ ату кезіндегі техника қауіпсіздігін үйренеді. Ұлы Отан және Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер өткізіліп тұрады. Олардың ерліктері, үлгі- өнегелері жас ұрпақ бойында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Сондай-ақ, 9- мамыр Жеңіс күні қарсаңында сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы мен сапта жүруден жарыс ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Қорыта келгенде, патриотизм - өткеніміз бен бүгіннің, ұлттар мен ұлыстардың байланысының, мәдениеттерінің, дәстүрлерінің, құндылықтарының тоғысы. Сондықтан жас ұрпақ ел тарихын, оның өткені мен бүгінгісін біліп, оның болашағы үшін қызмет етуі керек.