kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың кейбір әдіс- тәсілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

СLIL (Content and Language Integrated Learning) - кіріктірілген бағдарлама арқылы екінші тілді  меңгеру. Қазіргі уақытта көптілділікті қалыптастыру мен оны іске  асырудың негізгі құралы болып табылады.

СLIL (Content and Language Integrated Learning) - кіріктірілген бағдарлама арқылы екінші тілді  меңгеру. Қазіргі уақытта көптілділікті қалыптастыру мен оны іске  асырудың негізгі құралы болып табылады Бұл терминді ең алғаш рет Дэвид Маршем енгізген болатын. Бұл екі жақты мақсатты көздейді: біріншісі – оқу пәнін меңгеру; екіншісі – шетел тілін (екінші тіл ретінде) меңгеру.

Бүгінгі күні кіріктірілген оқу бағдарламасын Қазақстанда бірқатар мектептер қолданып отыр. Нақтырақ айтсақ, кейбір мектептерде Қазақстан тарихы, география, құқық негіздері пәндері қазақ тілінде, ал математика, биология, информатика, химия, физика пәндері ағылшын тілінде оқытылып жүр. Әрине, әдістің тиімділігін бірден айту қиынға соғады, себебі бұл бір емес, бірнеше жылдың жемісі. Ең алдымен, бұл әдіс оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып, өз мәдениетін бағалап, басқа мәдениеттерді құрметтеуге үйретеді. Оқушылардан бірден екінші тілде сөйлеп кетеді дегенді күтпеңіздер. Уақыт өте келе, тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай бағыттауды қолданыңыз. Оқушылар «мен бұл тілді меңгере алмаймын» - деген ойда болмау керек. Скаффолдинг тапсырмалары арқасында  оқушылар тілді базалық қарым-қатынас дағдысынан (BICS) академиялық тіл білу дағдысына (CALP) біртіндеп көшеді. Бастапқы кезде оқушылар  ауызекі сөйлеу тілінде грамматикалық қателер жіберіп жататын болады, бірақ бұл қателердің барлығын түзетіп, оқушыдардың ойын бөлмеңіз. Олар сұрақты бірінші тілде қойса, сіздер екінші тілде жауап беруге тырысыңыз. Ең басты қағидат, ол оқушылардың меңгерген дағдысын өмірде қолдана білу. Сабақтың жоспарын құрған кезде, оқушыларға қоршаған ортада болып жатқан жағдаяттарды ұсынған жөн болар.  Сонымен қатар, оқушылармен топта, жұпта жұмыс жасағанды дағдыланыңыз, себебі олар бір-бірін үйрету, жетелеу арқылы тілді тез меңгере алады. Оқушылар көбінесе екінші тілде жауап беруге қиналатын кезде, мұғалімдер сөздердің аудармасын өздері айтып жатады. Бұл дұрыс емес, оқушылар берілген сөзді білмей жатса, оған сыныптастары көмектесе алады немесе мәтінді түсінбеген жағдайда мұғалімнен гөрі жанындағы досының түсіндіруі екі оқушыға да пайдасын әкеледі. Себебі оқушылар әр сөзді ой иелігінен өткізген жағдайда ғана келесі жолы оның аудармасын ұмытпай айтатын болады. Екінші тілде күнделікті қарым-қатынас үлкен жетістіктер әкеледі. Сабақта мұғалім оқушылармен қарапайым тілде сөйлеп, ойлануға көп уақыт берген жөн болар. Аудармасын бірден айта салмай, оны ым-ишара түрінде немесе суретін көрсету арқылы көрсеткен кезде, оқушылар оны тез есте сақтайтын болады. Оқушыларға ой еркіндігін беріп, көбірек сөйлетуді үйрету керек.

Қазіргі таңда пән мен тілді кіріктіріп оқытуда көптеген стратегияларды ұсынуға болады. Солардың ішінде "Скаффолдинг" (мәтіндік тапсырманың бейімделу әдістері), Топтық оқыту (Теam teaching), Translanguage және т.б.

Екінші тілді оқыту төрт дағдыға негізделеді. Тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым.

Тыңдалымға негізделген тапсырмалардың өте көп түрлері бар.Мысалы, тыңдалым мәтінін бірінші тілде тыңдап, оны екінші тілде айтып беру. Бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты бір тілде тыңдап, оны екінші тілде айтуға дағдыландырады. Сонымен қатар тез ойлап, ақпаратты жүйелі, мазмұнды жеткізуге жетелейді. Тыңдалған мәтіннің негізгі ақпаратын қосымша ақпараттан бөліп алып, оны өзінше айтуға дағдыланады. Осы тыңдалым тапсырмасы негізінде оқушыларға кесте, диаграмма,  комикс немесе ментальді картаны жасауға болады. Ол тыңдалған ақпараттан кілтті сөздерін іріктеп алып, оларды дұрыс топтастыруға үйретеді. "Шын" және "Жалған" тапсырмасы.

Тұжырымдар

Шын

Жалған

1

Мұхит өнімдерін көп пайдаланатын елдердің бірі - Жапония

2

Мұхит жағалауында тұратын адамдардың көбі ұзақ жасайды

3

Мұхит түбіндегі кейбір жануарлардың  ағзалары уақыт өте келе жаңарып отырады.

Тыңдалым мәтіні бойынша ақпараттарды рет-ретімен орналастырып шық. Үлгі:

1. Мұхиттағы жануарлардың тіршілігі

2. Мұхиттағы жануарлардың қорегі

3. Мұхиттағы жануарлардың адамға тигізер пайдасы

4. Тіршілік үшін күрес.

            Оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіру қарапайым тапсырмалардан басталып, мәселелік оқыту тапсырмаларына дейін қамтуға болады. Функционалды сауаттылық деңгейін анықтау үшін әлемде PISA халықаралық емтиханы өткізіледі. Оқу сауаттылығы оқушыға берген мәтіндерді түсініп, оларға рефлексия жасап, берілген мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстыра алу дегенді білдіреді.  Оқылым дағдысының ерекшелігі, ең бастысы, түсініп оқу, зерттеп оқу, сын тұрғысынан ойлау, аргументтерді келтіріп, оны дәлелдей алу және шолып оқу.

Оқылым дағдысына негізделген тапсырмалардың бірі - ол перифраз. Яғни, оқушыға берілген бір сөйлемдерді өз сөзімен қайта жазу. Бұл тапсырма оқушылардың сөйлемді қаншалықты түсінгендігін айқындайды, сонымен қатар екінші тілде сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға үйретеді.

Сурет, кесте, диаграмма арқылы ақпаратты бірінші тілде оқып, оны екінші тілде айтып беру тапсырмасы да оқушылар үшін өте қызықты. Мысалы, күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген ауа райы болжамы туралы ақпаратты сурет арқылы беріп, оны екінші тілде айтып бере алады. (Үлгі: 2015 жылдың 21 қазан күніне ауа райының болжамы. Павлодар қаласында сәрсенбі күні түнде күн алабұлтты, жаңбыр жауады, +6 градус жылы, атмосфералық қысым 740мм, желдің жылдамдығы солтүстік-батыстан 4 м.с., ауаның ылғалдылығы 82% т.с.с.)

FILA кестесі.

FILA кестесін толтырмас бұрын оқушылар топ ішінде ең алдымын мәтінді жан-жақты талқылап алуы тиіс. Содан кейін ғана кестені толтыруға кіріседі. Бұл кесте оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, проблемадан шығу жолдарын қарастырады. Берілген тапсырманың басты мақсаты - ол бірлескен жұмыста мәселені шешуді жеңілдету және қиын тұстарда ортақ пікірге келуге мүмкіндік беру.

Ғ (мәтін бойынша фактілер)

І

(мәтіннің идеясы)

L (зерттеуді талап ететін сұрақтар)

A (әрекет ету жоспары)

Жазылым дағдысы негізінде анализ жасау, пікір, хат, эссе және т.б. тапсырмаларды қолдануға болады. Сонымен қатар сюжетті суреттерді пайдалану арқылы оқушылар тарапынан креативті жұмыстар орындалады. Мысалы: "Берілген суретті пайдаланып, достарыңы хат жаз немесе блогқа ақпарат жаз" - деген тапсырмаларды беруге болады. Кез-келген жазба жұмысын орындау кезінде оқушы жазба жұмысының стилін сақтауды ұмытпау керек. Егер ол хат болса, хат жазу үлгісін, егер мінездеме болатын болса, ресми іс-қағаздар стилін және т.б. 

Жазба жұмыстарының ішінде ерекше орын алатын тапсырмалардың бірі ол эссе жазу. Эссе жазудың өзіндік жүйесі бар. Ол тезис, тезиске сай аргументтерді келтіру, қажет болған жағдайда қарама-қарсы аргументтерді келтіру, себеп, ұсыныс және қорытынды.  Көп адамдар эссе мен шығарманың аражігін түсіне бермейді. Дегенмен бұл екеуі бір-біріне ұқсамайтын дүниелер. Эссе жазған кезде автордың позициясы, проблеманы ашу, түйін шығару деген мәселелер алдыңғы қатарда болу керек.

Талдау жұмыстарын жүргізген кезде (мәтінді, фильм, мультфильм, кино, видеоролик, сурет) төмендегі кестені қолдануға болады. Үлгі:

Мультфильмнің атауы

1

Тақырыбы

2

Идеясы

3

Кейіпкерлері кімдер?

Мұндай кейіпкерлер өмірде кездесе ме?

4

Мультфильмнің екі мықты жағы қандай?

5

Мультфильмнің екі әлсіз жағы қандай?

6

Мультфильм сізді қандай сезімге бөледі?

7

Қандай өмірлік сабақ алуға болады?

8

Туынадаған сұрақтарыңыз болса, авторға жазыңыз?

Тілді меңгеруде ең басты мақсат - айтатын ойын түсінікті етіп жеткізу. Айтылым - адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу, хабарлау сияқты процестермен іске асады. Сондықтан сабақ барысында оқушылардың  айтылым дағдысына үлкен мән беріледі. Әр сабақта, әр оқушы өз пікірін ортаға салып, ойымен бөліскен жөн. Айтылым дағдысын жетілдіру үшін диалог, рөлдік ойын, интервью, монолог және т.б. қолдануға болады. Түрлі жағдаяттар, рөлдерге бөліп ойнау, бір-бірін тыңдап, сөйлеу арқылы оқушылар жасаған іс-әрекеттерін ұзақ есте сақтайды. Сонымен қатар, ойлануды қажет ететін тапсырмаларды қолданған кезде, оқушылар оларға анализ жасап, өз пікірлерін қорғауға, дәлелдемелерді келтіріп айтуға дағдыланады. Осы мақсатты жүзеге асыратын әдістерді бірі - ол SWOT әдісі.

S (мықты жақтары)

W (әлсіз жақтары)

O (мүмкіндіктер)

T (қауіп)

Берілетін мәтіндер, аудиожазалар, бейнежазбалар  белгілі бір пәнге негізделу керек, тіл мен әдебиет төңірегінде болатын болса, онда ол кіріктірілген оқу жүйесіне жатпайтын болады.

Қорытындылай келе, біз екінші тілді меңгеруде оқытудың жаңа кезеңіне қадам басып отырмыз. Бірнеше жыл бойы жүргізіліп жүрген зерттеулердің нәтижесінде СLIL әдісінің ұтымды тұстарын барлық ел көріп отыр. Оны мұғалімдер ғана емес, оқушылар ата-аналар да көріп отыр. Екінші тілді қарапайым деңгейден академиялық дәрежеге дейін жеткізу ынтасы мен ықыласы бар ғана адам тез меңгере алады.

Сонымен қатар, СLIL сабағын өткізу барысында мұғалім  төрт негізгі қағидаттарды есте сақтаған жөн. Олар: мазмұн, қарым-қатынас, таным және мәдениет.

Қолданған әдебиеттер:

1. Л.Т. Нұрақаева, З.К. Шегенова. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін қолдану: Астана, 2013ж

2. З.К. Шегенова, Ә.Т. Жәнісов. Тарих сабақтарында деректермен жұмыс істеудің кейбір әдіс-тәсілдері: Астана, 2014ж.

.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың кейбір әдіс- тәсілдері»

Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың кейбір әдіс-тәсілдері

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың кейбір әдіс- тәсілдері

Автор: Бешембаева Мамыр Абилевна

Дата: 18.11.2016

Номер свидетельства: 360234

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Диалогтік  о?ытуды? білім берудегі ?сері "
    ["seo_title"] => string(44) "dialoghtik-ok-ytudyn-bilim-bierudieghi-sieri"
    ["file_id"] => string(6) "211190"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431578092"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(222) "«?аза? тілі мен ?дебиет п?ндерін о?ытуда ?олданылатын белсенді ?діс-т?сілдер ар?ылы сыни т?р?ыда ойлау да?дыларын жетілдіру »"
    ["seo_title"] => string(136) "k-azak-tili-mien-diebiiet-p-ndierin-ok-ytuda-k-oldanylatyn-bielsiendi-dis-t-sildier-ark-yly-syni-tu-rg-yda-oilau-dag-dylaryn-zhietildiru"
    ["file_id"] => string(6) "299528"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456552002"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер"
    ["seo_title"] => string(64) "zhanartylgan_bilim_mazmuny_boiynsha_okytudagy_zhana_dis_t_silder"
    ["file_id"] => string(6) "548425"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1588220981"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Сыни т?р?ыдан ойлауды? ?діс-т?сілдеріні? пайдалану жолдары "
    ["seo_title"] => string(61) "syni-tu-rg-ydan-oilaudyn-dis-t-sildierinin-paidalanu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "210275"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431412752"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Статья на тему "?аза? тілін о?ытуды? психологиялы? негіздері" "
    ["seo_title"] => string(69) "stat-ia-na-tiemu-k-azak-tilin-ok-ytudyn-psikhologhiialyk-nieghizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "132171"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416303043"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства