"Өзінді тану- өмірді тану" тақырыбындағы тренингтік сабақ 9 сынып оқушыларына арналған, әр түрлі жаттығулар мен шығармашылық тапсырмаларды топпен орындап, жақсы көңіл күйде өтті.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Өзіңді тану – өмірді тану»»
№21 жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Тренинг
Тақырыбы:«Өзіңді тану – өмірді тану»
Сыныбы:9
Орындаған:Ботабаева Н.А
2019-2020 оқу жылы
Өзін –өзі тану мұғалімі: Ботабаева Н.А
Тақырыбы: «Өмірді тану – өзіңді тану» тренинг
Сыныбы: 9 «а,ә,б» Күні: 27.11.2019ж.
Мақсаты: Өзінің қайталанбас тұлға екенін сезіндіру. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарынды және өмірді бағалауға үйрету.
Іс – шара түрі: тренинг
Типі: жаттығу сабағы.
Әдіс – тәсілі: топтық, ойын жаттығу, тест, пікір-сайыс
Болжамдаған нәтижесі: Оқушылардың әрбірі қайталанбас тұлға екенін сезініп, өз бойларындағы адами құндылықтарды бағалайды. Оқушылар ұжымдық жұмыстар барысында бірін-бірі тыңдауға, бірігіп ойлануға үйреніп, олардың тіл табысу қабілеттері қалыптасып, өз сезімдерін реттеуге үйренеді. «Мен тұжырымдамасына» тереңірек көніл бөліп өздеріне сенімділігі артады.
Барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, көңіл күйлерін сұру.
Тренинг ережелері:
Белсенді болу;
Бірігіп жұмыс істеу;
Бір – біріне кедергі келтірмеу;
Өз ойыңды ашық айту;
Өзіңе пайдалы нәрсені алу;
Жақсы қарым-қатынас орнау;
Өзін еркін ұстау.
Кіріспе сөз... Адам өмірінің үміттен тұратынын ұмытпайық. Әркім келешегіне үміттене қарайды. Ғұмыр біткенде ғана бұл үміт сөнбек, әлі талай өмір сүресің емес пе? Өмірден күдер үзгендер бастарынан нендей пайда әкеледі дейсің. Ел-жұртқа әңгіме болып, өз қадірін кетіргеннен басқа. Алла алдында еш қадірі жоқ шайтан ғана жаннатқа барудан күдер үзсе керек. Сондықтан «үмітсіз шайтан» дейді халқымыз. Олай болса үміт оты жанады, жана берсін дейік.
1.Әңгімелесу
Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?
Өмірден не күтесіңдер?
2. «Армандар» жаттығуы: Мақсаты:өзінің алдына қойған арман, мақсатын көз алдына елестету арқылы өмірге деген құлшынысын арттыру.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Барлығы көзін жұмып, өз тілегіне құлақ түре отырып, келешек өмірін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жандарын көз алдына елестетуге тырысады. 1-2 мин. Уақыт беріледі. Келешекте өзін көз алдына қалай елестететіні туралы айтып беру немесе қағаз бетіне түсіру.
Нұсқау: Ақ қағазды алып, өзіңізге ұнаған түсті қарындашты таңдаңыз. Мен қалай белгі бергенде сурет салуды бастап, келесі белгі бергенде тоқтатып, қағазды сол жақ көршіңізге бересіз, ол жалғастырады. Осылай өз суретіңіз өзіңізге келгенше жалғастыра бересіз.
Қорытынды: Сізге шыққан сурет ұнады ма?
Өз көңіл-күйіңізді, сезіміңізді бөлісіңіз.
Өзге адамның суретін жалғастыру қиын болды ма?
Байқадыңызба біз әрқашан да бір-бірімізді толық түсіне бермейді екенбіз, осындай жағдайларда да жағымды көңіл-күйде қалуға болады екен.
4.«Ақиқат орындығы» жаттығуы:
Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға шақырту.
Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.
-Ең үлкен қорқыныш –бұл...
-Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
-Мен ренжимін, егер...
-Мен ұмытпаймын, егер...
-Маған көңілсіз, егер...
-Егер маған дауыс көтерсе, мен...
-Мен қарсыласқанда...
-Егер мен сенімсіз болсам...
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңы? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсізідік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.
5.«Менің көңіл-күйім» тесті
Менің көңіл-күйім жиі нашар болады, жылаймын.
Адамдармен кездескенде оның көзіне тура қараудан қашамын.
Мен жиі ашуланамын.
Мені көпшіліктің өмірді маңызды болып көрінетін спорт, жұмыс, адамдармен қарым-қатынас қызықтырмайды.
Соңғы кезде мен сирек көңілсізденемін, тіпті күлмеймін.
мен білетін адамдардың көбі мені ренжітеді.
Мен әлсіздікті сеземін, жақын адамдармен мен таныстардың өміріне көңілім толмайды.
Соңғы уақытта көп сұрақтарға өзіндік пікірім жоқ.
Мен өте жай сөйлеймін, әңгімелескен адам мені түсінбей қалады.
мен әңгімелескен адамның сұрағына қалай жауап берерімді білмей қаламын.
Кілті:
1-2 ұпай. Сіз өмірдің қиындығына қарамастан, өміріңізге қуаныштысыз. Бұл жаман емес, бірақ белгілі жағдайда.
3-6 ұпай. Сіздің өмірге қатынасыңыз қалыпты, бірақ шаршағандық сезіледі.
7-9 ұпай. Сіз болып жатқанның бәрін теріс қабылдайсыз, неліктен сіздің өміріңізде қуанышты жағдайлар жоқ? Есіңе түсірші!
7.«Күн шуағы» жаттығуы:«Мен өмірді таңдаймын» деп отырып өмірге деген құлшыныстарыңды біздің мектеп оқушыларына үндеу жолдайық. Күн-денсаулықтың, қуаныштың, жылылықтың символы болғандақтан, әр қайсымыз өз ойларымызды мына күннің тұсына ілейік.