kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?зін-?зі тану — ?мірді тану" эссесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адам д?ниені тануды,?мірді тануды е?  алдымен ?зінен бастауы керек.Б?л ескіден ?ал?ан ?а?ида.?зін-?зі тану адамны? ?зіне тере? м?н беруді? ал?аш?ы ?адамы.Ойшыл Сократ: «?згені  тану ?шін ?зі?ді таны » деген болатын,?азіргі бізді? ?зін-?зі тану  Сократ іліміні? ?йлесімді жал?асы іспеттес.

       2010-2011 о?у жылынан бастап мектептерде  жеке міндетті  п?н ретінде енгізіле баста?ан ?зін-?зі тану  п?ні ?р о?ушыны?  ішкі жан д?ниесін байытуы ж?не ?зіндік ?айталанбас  жеке даралы?ын пайымдауы ар?ылы таби?и кабілеттіктері мен жасампазды?  ?уелетін ашу?а к?зделген.?рпа? ?негесі,оларды? адамды? болмысы жайлы ой тол?ап,рухани адамгершілік білім беруді басты идея етіп ?станатын «Б?бек » ?орыны? президенті            С. Назарбаеваны? «?зін-?зі тану» авторлы? ба?дарламасы? о?у-т?рбие ?рдісіне енгізілуі жа?сы бастама  болды. Б?л негізгі ма?саты –адамны? ?орша?ан ортаны танып,?зіні? ішкі жан д?ниесіне ??іліп,?зін-?зі тану негізінде, адамгершілік рухани –?леуетін к?теру,баланы ?зіндік «Менін» ?алыптастыру.

      Бала –ке? ?лемдегі  е? п?к, е? таза асыл жан . ?р бала –керемет рухани к?ш иесі.Оларды?  ойыны? тазалы?ы, арыны? тазалы?ы оны ?орша?ан орта?а  байланысты болма?.Ал олар болса  шетсіз шексіздікті  танып білуге ?мтылады.Бала осы ортаны ?алай ?абылдап,танып білсе,оны? алдынан ке? ?лемні?  есігі де солай ашылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?зін-?зі тану — ?мірді тану" эссесі»

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Б.Сүлейменов атындағы орта мектептің

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Куватова Меруерт Елтаевна

Өзін-өзі тану — өмірді тану

Адам дүниені тануды,өмірді тануды ең алдымен өзінен бастауы керек.Бұл ескіден қалған қағида.Өзін-өзі тану адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы .Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді таны » деген болатын,қазіргі біздің өзін-өзі тану Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.

2010-2011 оқу жылынан бастап мектептерде жеке міндетті пән ретінде енгізіле бастаған өзін-өзі тану пәні әр оқушының ішкі жан дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи кабілеттіктері мен жасампаздық әуелетін ашуға көзделген .Ұрпақ өнегесі ,олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап,рухани адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек » қорының президенті С. Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасың оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама болды. Бұл негізгі мақсаты –адамның қоршаған ортаны танып ,өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп ,өзін-өзі тану негізінде , адамгершілік рухани –әлеуетін көтеру ,баланы өзіндік «Менін» қалыптастыру.

Бала –кең әлемдегі ең пәк , ең таза асыл жан . Әр бала –керемет рухани күш иесі.Олардың ойының тазалығы , арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ.Ал олар болса шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады.Бала осы ортаны қалай қабылдап ,танып білсе ,оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылады.

Сондықтан да ұстаз әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап ,оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әр бала –тұлға ,өзінше бір әлем,ал әр педагог тың міндеті әр тұлғаны көре білу,жүрегіне жол табу.В.А.Сухомлинский : «Әлемде адам тұлғасынан күрделі ,одан бай ешнәрсе жоқ»,- деп жазған. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат –өмірдің барлық саласында белсенді ,шығармашылық іс-әрекетке кабілетті ,еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қаншалықты қажет болса , өзін-өзі тану да тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Қазақ халқының ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын.

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып отыр.



Мектеп -білім ошағы ,тәрбие ортасы , тағылым табалдырығы . Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы. «Өзін-өзі тану» десек өте орынды. Пәннің әр тарауы , әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп ,мінез-құлқын тәрбиелеуге ,жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгешілік принциптері мен мұраттары ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында игерілген дағдылармен адамгершілік құндылықтар нақты өмірде пайдалануы тиіс,олар дүниетаным ретінде қалыптасып,адамның барлық әрекеттері мен қылықтарында көрінуі керек . Әр пән өмір ,болмыс сырын өзінше , тек өзіне ғана тән қасиет,ерекшелік арқылы танытуымен маңызды. Орта мектепте оқытылатын пәндер жүйесінде өзін-өзі тану пәнінің алатын орнын,мән маңызын ешқандай да өлшеммен белгілеуге болмайды.


















































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?зін-?зі тану — ?мірді тану" эссесі

Автор: Куватова Меруерт Елтаевна

Дата: 25.02.2016

Номер свидетельства: 298680


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства