Мерзімі | |
Сабақтың тақырыбы. | Оқыту үшін бағалауда оқушының өзін –өзі бағалауы |
Сабақтың мақсаты. | Өзін өзі бағалау оқуды жақсарту тәсілі екендігін түсіне алады. Мұғалімдерге оқушының өзіндік оқуға белсенді қатысуы - өзін- өзі бағалау құндылығын ұсыну. Мұғалімдер топтарының арасында тәжірибені жетілдіру құралы ретінде өзін –өзі бағалауды қалай пайдалануға болатынын ұғына алады. |
Сабақтың негізгі идеясы | Критерийлерді талқылау, кері байланыс және баға қою жөніндегі түсініктеме беру, өзара және өзін-өзі бағалау әдісімен таныстыру. |
Оқудан күтілетін нәтижелер | . Оқу үшін бағалау үдерісінің мәнін және оны сынып тәжірибесінде қолдану әдістемесін білу. • Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен танысады. • Өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алады. |
Сабаққа тартылған әріптестер | Коучингке қатысқысы келетін пән мұғалімдері , тәлім алушы |
Оқытудағы әдіс-тәсілдер | СТО, Миға шабуыл, Кері байланыс, сергіту сәті, «Серпілген сауал» әдісі |
Коучинг кезінде орындалатын тапсырмалар | 1.Мәселерді түсіну үшін теориялық құрылымға көңіл бөліп түсінік беру. 2.Сыни тұрғыдан ойлану тренингісін жүргізу 3.Тақырыптық постер шығару |
Ресурстар | Нұсқаулықтар, стикерлер, қағаз, сергіту жаттығулары. |
Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут | Коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Стикердің түстері арқылы топқа бөлінеді. |
Танысу жаттығуы 5 минут | Мұғалімдер жағымды психологиялық ахуал құру үшін бірден- үшке дейінгі ұнататын түстерді алып алып, армандарын айтады. |
Миға шабуыл – 3 мин. | |
Топтық тапсырма – 20 минут | Кеменің, үйдің, бақшаның, мектептің суретің салу. Осы арқылы мұғалімдер өздерінің суреттеріне сыни түрде өзін –өзіне баға береді. |
Сергіту сәті – 10 минут | Мұғалімдерге қазақша өздері білетін әндерден қысқаша мәтін беріліп, осы әндерді әртүрлі әуен ырғағында айту тапсырылады. |
Теориялық білім – 20 минут | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау –өзін өзі бағалау туралы түсінік беру. |
Қорытынды – 15-минут | «Серпілген сауал» - Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін мұғалімдердің арасында сұрақтар лақтырылады. Ойын құралы ретінде кішкене допты пайдаланамын. Сұрақтарға жауап беру. 1.Қалыптастырушы бағалау дегенді қалай түсіндіңіздер? 2.Оқушыламен жұмыс жасағанда олардың оқуын жақсартатындай тиімді әдіс өзін – өзі бағалау екенін қалай түсіндіресіз? 3.Өзін- өзі бағалаудағы табыс критерилелерін қалай анықтауға болады? т.б |
Кері байланыс – 5 минут | Бұл сабақта не үйрендініз? Бұл сабақтан қандай әсер алдыңыз? Өзініздің келешектегі тәжірибеңізде, сабақта қандай өзгерістер енгізбексіз? Не ұнады,не ұнамады,сабақтың сәтті кезеңдері қандай? |
9.Коучинг жүргізушісі: | Қатысқандарыңызға көп рахмет! Шығармашылық жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. |