22. 01. 2018 ж | 2 апта | 4-күн |
Сабақ тақырыбы: | «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» |
Жалпы мақсаты: | Оқушылардың оқуына ықпал ететін оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау ұғымдарының мәні, айырмашылықтары нақтыланады. Критериалды бағалауды қолдану арқылы оқушының білімі мен танымының деңгейін анықтау қарастырылады. Өз идеяларын білдіруге ынталанады. |
Түйінді идеялар: | Оқытуды және оқуды жетілдіру проблемеларын шешуде оқыту үшін бағалау өзекті. Бағалаудың оқушылардың өздерінің сыныптастарын және өз-өзін бағалауы мен қызығушылықтарына әсер ететіндігін көре білу.Мұғалімдердің бағалауды белсенді жүргізуі оқушылардың да бұл үдеріске белсенді қатысуына ықпалын тигізетіндігі өз кезегінде білім алуға әсер етеді. Бағалаудың көмегімен оқушылармен оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс жүргізіледі. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | А-3, А-4 парақтары,стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары. |
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: | ОүБ және оқуды бағалау АКТ арқылы таныстырылым. Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету Бейнеролик тамашалау Рефлексия | |
Дерек көздері: | Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей 23-25 бет, оқулықтар, бейнеролик. |
Тапсырмалар: | «Байланыстырғыш жіп» тренингі,стикер арқылы формативті бағалау; критериалды бағалау, «Көршіңізге айтыңыз» сыни баға беру, постер қорғау, рефлексия |
Оқу нәтижесі | Бағалаудың түрлері: «екі жүрек, бір тілек», «1 минуттық эссе» әдістерін тиімді пайдалану;Жаңа әдісті тәжірибесінде қолдана алуына ықпал ету. |
Рефлексия | Критериалды бағалау бетшелерін, кері байланыс жасауға үйренеді. |
Оқуға арналған тапсырма: | Мұғалімге арналған нұсқаулық 23-25,37-41 беттер |
Уақыты | Коучтың іс-әрекеті | Оқытушының іс-әрекеті |
(2 мин) | Өздерінің біртұтас екендіктерін сезініп,әрқайсысы өзінше маңызды, мағыналы тұлға екендігін сезінулері үшін «Байланыстырғыш жіп» ойынын ұйымдастыру. | Ойынға қатысу. Ойын жүрісі: Дөңгеленіп, бір-біріне жіп орамын жіберу.Қатысушыны ауызша сипаттау. (Тек қана жағымды жақтарын айту) |
(3 мин) | Топқа бөлу. «Бөлме гүлдері мен дала гүлдерінің» суретін араластырып,таратып беру | Таратылған гүлдердің түріне қарай өздері ойлана тұрып, топқа бірігу.Яғни, дала гүлдері мен бөлме гүлдері. Топ ережесін құру. |
(15 мин) Мұғалімдердің іс-әрекетті дұрыс бағалау үшін жіті қадағалап үйренуіне жол ашу және формативті бағалау | «Белсенді және белсенді емес сынып» тақырыбына постер қорғауға тапсырма беру. Формативті бағалау | Постер салады, қорғайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топтар бір- бірін формативті бағалау. |
(15 мин) Мұғалімдерге жиынтық бағалау үшін алдын-ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша бағалауды үйренуіне ықпал ету. | Критериалды бағалау жөнінде түсінік беру «Адай»биі Критериалды бағалауды тәжірибеде жасату. «Мысық» суреті | Биді тамашалау және айырмашылықтарын табу Критериалды бағалауға қатысу Критерийлері мен дискрипторларын құру |
(2 минут) | Сергіту сәті | Музыкалық ырғақпен би қимылдары |
(10 минут) Кейіпкерлерге мінездеме беру арқылы критериалды бағалауға, сыни көзқарастарының қалыптасуына, логикалық ойлау қабілеттерінің артуына ықпал ету. | К.Ушинскийдің «Ағаштар айтысы» мысалын жеке, топтық оқып талдауға тапсырма беру. Формативті бағалау. | Мысалды оқып танысады.Кейіпкерлер іс әрекеттеріне талдау жасап, бір- бірінің пікірлерін бағалайды. Формативті бағалау. |
Миға шабуыл (5 мин) | Мысалдың жартысын топтарға оқытып, ары қарай оқиғаның қалай өрбитінін топ мүшелерінің өздеріне айттыру, ой тастау. | Мысал бойынша бір сұрақ жазып, көршісіне береді. Көршісі сұраққа жазбаша жауап беріп, өзі де сұрақ жазып жалғастыра береді. Сұрақтар жұптасып талқыланады. |
Ақпарлама (3 мин) | «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» туралы сызба арқылы қысқаша мәлімет беру. | Таныстырылыммен танысады |
(3 мин) | «Оқыту үшін бағалау» бейнеролик | Бейнероликті көреді. Маңызын түсінеді |
Рефлексия (2 мин ) | «1 минуттық әссе» кері байланыс жасау | 1 минут ішінде конспект : бүгінгі тақырыпта ең басты нені білдім және нені түсінбей қалдым |