ӘОЖ: 004:372.8
А.Б.Сентаева
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
КМҚК "Семейдің М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі"
071402, Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Ш.Уалиханов көшесі 150
e-mail: asia_bs@mail.ru
Abstract
To article "USING COMPUTER TECHNOLOGY IN INDIVIDYAL SUBJECTS"
This article is Shawn how to size students possibility for independent work and perfection educational process using computer technology and rising informational competence.
Аннотация
К статье «ИСПОЛЬЗОВАНИЕ КОМПЬЮТЕРНОЙ ТЕХНОЛОГИИ ПО ОТДЕЛЬНЫМ ПРЕДМЕТАМ »
Данная статья показывает, как при использование компьютерной технологий и повышение информационной грамотности, улучшить возможности учащихся для самостоятельной работы и совершенствования учебного процесса.
Оқытудың компьютерлік технологиясы - ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны.
Инновациялық технологияны сабақта пайдалану білім алуға оңтайлы мотивация қалыптастырады; сабақ материалдарының информативті көлемін ұлғайтады; оқытудың формалары мен белсенді әдістерін енгізеді; оқушылар оқуын өмірлік жағдайға сәйкес дамытады; оқу процесін қарқынды, әрі жинақы етеді; әр жақты әріптестік формаларын қалыптастырады.
Мультимедиалық технологиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу үрдісіне байланысты яғни, электрондық кітаптар, бейнедәрістер, бейнефильмдер, компьютерлік фильмдер. Бұл өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады. Мультимедиа технологиясы компьютерді тең дәрежедегі әңгіме-дүкен құрушыға айналдырып қана қойған жоқ, оқушыға үйден шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер шарының кез-келген түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады.
Жаңа технология әдістеріне жататын электрондық оқулықтар қазіргі оқу үрдісіндегі ең маңызды орынға ие болды. Электронды оқулықты пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі — пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.
Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:
- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;
- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);
- әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.
Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады.
Жаңа ақпараттық технология құралдары
Әр салада компьютерлік технология белсенді қолданылуда, ал интерактивті бағытта оқытушы мен оқушыға көмекші құрал.Психологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда компьютермен оқытудың тиімділігі мол. Оқу-әдістемелік жұмысының тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеріп, әр сабақта жаңа технологиялық әдістерді қолдануды жолға қою керек. Жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдалану -шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.
Бұл салада электрондық анықтамалар, энциклопедиялар, оқу бағдарламалары, студенттердің білімін бақылайтын автоматтандырылған құралдар, компьютерлік оқулықтар, тренажерлар және басқа да білім беру электрондық ресурстарына қатысты әртүрлі ақпараттық көздерді қолдану мен өңдеудің біртекті педагогикалық тәсілдерін жасауға жалпы ұмтылу тенденциясы қолданылады. Осындай біртекті әдістерді қолдануға ұмтылу білім беру жүйесінде тиімді пайдалану үшін жеке электрондық ресурстарды арнайы каталогтар мен Интернет-порталдарға біріктіріп, есепке алуға да негізделген. Сонымен бірге, электрондық ресурстарды жасау, каталогтау, зерттеу, қолдану барлығы да республиканың жоғары білім беру жүйесінің қажеттіліктер мен талаптар жүйесіне қатаң сәйкестендіріліп орындалуы керек.
Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.
Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999ж.
Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учеб.М.: 1997
Захарова И. Г. Информационные технологии е образовании:
Учеб. пособие для студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003