kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ?ОЛДАНУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?а а?паратты? технологияны? жылдан жыл?а ке? ??лаш жайып дамуы адам ?ызметіні? барлы? салаларына енуіне орай, жас ?рпа?ты компьютерлік техниканы пайдалану ?шін даярлауда, оларды? компьютерлерге деген о? к?з?арасын ?алыптастырумен ?атар, о?ушыларды? сыныпта ж?не сыныптан тыс о?у ?ызметін компьютер ар?ылы ?йымдастыру «?аза?стан-2050» ба?дарламасында к?рсетілгендей к?кейкесті м?селелерді? бірі болып табылады.

Педагог мамандарды? бiлiктiлiгiн к?теру ж?не ?айта даярлауда а?паратты? ?лемде о?у-т?рбие процесiн ?йымдастыруды? негiзгi ??ралдарын, жа?а ?дiстер мен формаларды кез келген уа?ытта таба бiлуiне м?мкiндiк ту?ызу ?ажет. М?ндай жа?дайда педагог мамандар ?зiн-?зi дамытуына ж?не ?здiгiнен бiлiм алуына м?мкiндiк алады. Б?л жа?дайда дамытуды? ?зектілігі жа?а а?паратты? коммуникациялы? технологияны о?у-т?рбие процесiне жан-жа?ты, ?рi еркiн пайдалана бiлуге ?йрету, дайындау кезе?дерiнi? сапалылы?ымен аны?талады [1].

?аза?стан Республикасы бiлiм беру ж?йесiн а?параттандыруды? Мемлекеттiк ба?дарламаларыны? негiзгi мiндеттерiнi? бiрi ретiнде мамандарды? осы сала бойынша бiлiктiлiгiн к?теру ж?не ?айта даярлау ?арастырыл?ан. Атал?ан мiндеттердi ж?зеге асыру ма?сатында мамандарды? бiлiктiлiгiн арттыру ж?не ?айта даярлау бойынша курс та?ырыптарыны? мазм?ны ?згертiлiп, жа?аланды. Оны? негiзгi мазм?ны бiлiм беру мекемелерi ?ызметкерлерiнi? к?сiби шеберлiгiн жа?а а?паратты? технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, бас?аша айт?анда, бiлiм берудi а?параттандыру?а сай мамандарды жан-жа?ты даярлау?а ба?ыттал?ан.

Т?жiрибе ж?зiнде д?лелденгенiндей, кез келген м??алiм мен ?кiмшiлiктi? ?з ?ызметтерiне компьютердi пайдалануы оларды? ?лемдiк а?паратты? ке?iстiкке енуде а?паратты? м?дениетiнi? ?алыптас?анды?ымен ?лшенедi. Сонымен бiрге, б?л жа?дайда, инновациялы? ?дiстер мен ??ралдарды о?у процесiне пайдалану о?ушыларды? мектеп п?ндерiн игеруде ?ызы?ушылы?тарын арттыруда. А?паратты? технологияны о?у-т?рбие процесiне пайдалану – келесi педагогикалы? м?мкiндiктердi ж?зеге асыру?а м?мкiндiк бередi:

- о?ушыны? дайынды? де?гейiн, ынтасын ж?не ?абылдау жылдамды?ын ескеру ар?ылы жа?а материалды ме?гертуге байланысты о?ытуды ?йымдастыру ж?не о?ыту процесiне жа?а а?паратты? технологияны? м?мкiндiктерiн пайдалану;

- о?ытуды? жа?а ?дiстерi мен формаларын (м?селелік, ?йымдастырушылы?, iс-?рекеттiк, компьютерлiк ойындар ж?не т.б.);

- м?селелік, зерттеу, аналитикалы? ж?не модельдеу ?дiстерiн ?олдану ар?ылы классикалы? ?дiстердi жетiлдiру;

- жа?а а?паратты? технология ??ралдарын (жа?а типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта ж?не мультимедиа-технология) пайдалану ар?ылы о?у процесiнi? материалды?-техникалы? базасын жетiлдiру.

Мамандарды? бiлiктiлiгiн к?теру мен ?айта даярлау мiндеттерiн шешуде о?у процесiнде а?паратты? ж?не коммуникациялы? технологияларды пайдалануды? келесi м?мкiндiктерi ?сынылады:

- а?паратты? м?дениет элементтерiн ?алыптастыруда бiлiм мекемелерi мамандарыны? ?ажеттiлiгiн ?ана?аттандыру: информатика, а?паратты? ж?не желiлiк технологиялар саласы бойынша жа?а бiлiмдер алу [2];

- информатика м??алiмдерiнi? бiлiктiлiгiн к?теру ж?не ?айта даярлау;

- балаба?ша ?ызметкерлерiн, бiлiм беру ж?йесiн бас?ару мамандарын ж?не п?н м??алiмдерiн жа?а а?паратты? технологияны ?з ?ызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге ?йрету.

Бастауыш мектептерде компьютерлік технологияны ?олдануды? негізгі жолдарына ба?а бере отырып, «жас балалар?а компьютерді? ?анша ?ажеті бар?» деген с?ра?ты айналып ?ту еш м?мкін емес.

Осы м?селе бойынша пікірлер алуан т?рлі. Бір?атар педагогтар кіші сыныптарда?ы компьютер тек балаларды? назарын бас?а?а аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді т?ра?ты пайдалану о?ушыларды компьютер ?астарында болма?ан жа?дайда екі санды ?оса алмайтын, ?арапайым м?тінді о?и алмайтын жа?дай?а жеткізеді деп негізі бар ?ауіп білдіреді. Компьютер мектептегі лингафон кабинеттері немесе сыныпта?ы теледидар сия?ты д?ниелер, сонды?тан да білім беру мен о?у ?рдісіне айтарлы?тай зияны жо? деген пікірлер де бар. Компьютерлерді мектепті? о?ыту мазм?нына енгізуге ?арсы салма?ты аргументті? бірі – а?паратты? технологияны? екпіндеп дамуы мектеп ба?дарламасыны? ?немі жа?артылып отыр?анына ?арамастан, оны? созылмалы аурудай артта ?алуына ?кеп со?тырады деп санайды.

Мына бір ?ауіп пен ала?даушылы??а да назар аудар?ан ж?н: тек компьютермен ?арым-?атынаста бол?ан балалар гуманитарлы? ?ызмет т?рлеріне аса ?ажет сезімталды? пен мейірбандылы?ты жо?алтып алып, д?лдік пен ?ыра?ылы??а ?ана ??рыл?ан ?арым-?атынас?а бас ?рулары ?бден м?мкін.

Біз мектепті? а?паратты? ?асыр?а бейімделуден бас?а жолы жо?, ал есептегіш техникалармен танысу соны? бір ?ана б?лігі деушілерге толы? ?осыламыз. А.Ершова ж?не бас?а авторларды? е?бектерінде к?рсетілгендей, информатиканы? мынадай: процедура, функция, рекурсия, тарма?талу, цикл, м?ліметтер ??рылымы деген сия?ты негізгі ??ымдарды ме?геруі операциялы? деп аталатын ?азіргі ойлау стилін ?алыптастыру?а ы?пал етеді.

Осыны? ?зі-а? о?у п?ні ретінде информатиканы мектепке енгізуді? ал?ышарттарын жасады. Сонымен ?атар, о?ытылатындарды? жас кезе?і ж?ніндегі м?селелер де к?теріледі.

Ойлау стилі балаларда кіші сыныптарда басталатыны белгілі. Б?л балаларды? ойлау ?абілетіне ы?пал ететін іргелі бір?атар математикалы? ??ымдарды бастауыш мектепте ме?гертумен т?сіндіріледі. Базалы? сапа ретінде ?арастырылуы тиіс о?ушыларды? ?ылыми д?ниетанымын ?алыптастыруды с?з етсек, информатиканы? негізгі ??ымдарыны? арты?шылы?ына та?ы да к?з жеткіземіз. Информатиканы? негізгі ??ымдарын ерте бастан о?ытуды? ?ажеттігін мынадан-а? к?руге болады: білім беруді? ал?аш?ы кезе?інде информатиканы? ?дістерін ме?герген о?ушы мектепті? ?ал?ан сатыларды? білім алуда (атап айт?анда, т?рлі п?ндердегі саба?тарда) адам ?ызметіні? т?рлі салаларында компьютерді пайдалану да?дысын ме?гереді [3].

С.Пейперт, Ю.Первинні? е?бектеріндегі «информатика курсы» т?сінігі аясында «Информатика» деп аталатын п?н жайында емес, мектепті? барлы? п?ндеріне кіріп кеткен информатика ??ымдары мен т?жырымды ??рылымдары, ?діс-т?сілдері жайында айтылатынды?ын бай?ау ?иын?а со?пайды. Ю.Первин ж?не оны? ?ріптестеріні? жеткіншектерге ерте жастан информатикадан д?ріс беру ж?ніндегі т?жырымдарын ?орыта келіп, мынадай пайымдаулар жасау?а болады.

Біріншіден, жалпы білім беруді? информатиканы о?ытуда?ы басты ма?саты ойлауды? операциялы? стилін ?алыптастыру болса, ол орындалды.

Екіншіден, бастауыш мектепте информатика курсын ?ткізу к?птеген п?ндер бойынша мектепті? о?у ба?дарламасын айтарлы?тай ?згертуге алып келеді. Б?л жерде мынаны ???ан ж?н: «информатика» мектеп п?ндеріні? бірде-бірін алмастыра, мектеп п?ндері жалпы ж?йесіндегі о?улы?тарыны? бірде-біреуіні? р?лін ат?ара, мектептегі гуманитарлы? ж?не жаратылыстану п?ндеріні? ара ?атынасын ?айта б?ліске сала алмайды. Ол тек ?ана мектепте о?ытылатын ?рбір п?нге жа?а, ?рі жетілдірілген сипат беріп, м??алімні? ?олына кілт ?статады. Осы кілтті д?рыс пайдалана білген м??алім о?ушыларыны? алдында ?з п?ніні? м?нін тере? ?рі тиімді т?рде аша т?седі.

Информатиканы ерте жастан о?ытуды? м?мкіндігі мен ма?саткерлігі ?лемдік эксперимент, зерттеу н?тижелерімен де на?тылана т?седі. Осыны назар?а ал?ан В.Буцикті? зерттеулерінде ерте жас кезе?індегі о?ушылар?а компьютерлік сауатты? ал?аш?ы элементтерін беріп ?ана ?ою жеткіліксіз, олар?а компьютер негізінен бастауыш білім ж?не т?сініктер, іс-?рекет ?діс-т?сілдері ж?нінде на?ты сауат беру жайы айтылады. Атап айт?анда, В.Буцик кіші мектеп жасында?ылар?а бастауыш компьютерлік сауат беруді? мынадай ?дістемесін ?сынады: бірінші ж?не т?ртінші сынып аралы?ында сызбалы? ж?не м?тіндік редакторларды? к?мектері ар?ылы орындалатын тапсырмаларды біртіндеп к?рделендіріп беру, я?ни, а?паратты ??деу (компьютер сурет салады, есептейді, жазады); а?паратты са?тау (компьютер суретті, сандарды, м?тінді есте ?стайды); а?паратты беру (адамнан компьютерге, компьютерден адам?а) салаларынан компьютерді? м?мкіндіктері ж?нінде т?сінік пен сауат ?алыптастыру [4].

Сонымен ?атар, Е.Смирнов та ?зіні? т?жырымдамасына мынадай негіздерді енгізе отырып, ?дістемелік ж?йе ?сынады.

  1. Бастауыш сыныптарда компьютерді ?олдануда?ы басты ма?сат д?ниетанымды? ж?не жалпы м?денилік сипатта болуы, баланы? т?л?асы мен ойлауын дамыту?а ба?ытталуы тиіс.
  2. О?ытуды? мазм?ны мен ?дістемесі о?ушыларды? теориялы? ойлауын дамытуы ?ажет. Д?ст?рлік ?дістеме эмпирикалы? ойлауды ?ана дамыту?а ба?ыттал?ан.
  3. О?ыту ?рдісі ?зара байланысты ж?не бірін-бірі толы?тыратын компьютерді? екі ?ызметін: ?лшеу аспабы ж?не п?ндік ?лемге ы?пал етуші п?ндік ?лемні? белсенді элементі ретінде п?ндік ж?не компьютерлік ?лем ж?ніндегі білім ?алыптастыруды ?йлестіруі ?ажет.

Е.Смирнов пікіріні? В.Буцик пайымынан айырмашылы?ы мынаны а?датады: «информатика» ше?бері аясында барлы? п?ндерді о?ыта отырып, со?ында информатиканы б?лек курс ретінде б?ліп алу ?ажеттігін д?лелдейді. Т?жірибелік т?р?ыдан ?ара?анда, кіші мектеп жасында?ылар?а т?рлі п?ндерді о?ытуда компьютерді о?ыту ??ралы ретінде ?осал?ы к?мек ?шін ?олдануды? м?мкіндіктері ?арастырыл?аны ж?н.

  Сонымен, ?орыта келе ?азіргі уа?ытта кіші мектеп жасында?ыларды о?ыту ?шін компьютерді пайдалану ж?нінде т?мендегі ба?ыттарды ескерсек, ?лкен жетістіктерге ?ол жеткізуге м?мкіндік болады.

  • информатика элементтерін о?ыту;
  • на?ты п?нді о?ытуда ?дістемелік ж?йені т?бегейлі ?згеріске ?шырату?а со?тырмай, ЭЕМ-сын бесаспап о?у ??ралы ретінде пайдалану;
  • кіші мектеп жасында?ыларда компьютерлік сауатты? жекелеген элементтерін ?ана емес, информатиканы? бастауыш білімін, іс-?рекетіндегі ?діс-т?сілдері ж?ніндегі негізгі т?сініктерді ?алыптастыру.

?ДЕБИЕТТЕР

  1. Информатика негіздері //?ылыми ?дістемелік журнал.
  2. Безруких М.М., Ефимова С.П. Знаете ли вы своего ученика?
  3. Бидайбеков Е.Ы., Н?рбекова Ж.К., Са?ымбаева А.Е. Информатикадан о?ушыларды? білімін ба?ылау, ба?алау. /?дістемелік ??рал. Алматы, 2003.
  4. Шекербекова Ш.Т., Са?ымбаева А.Е. Информатика /?дістемелік ??рал. Алматы, 2005.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ?ОЛДАНУ»

Бимендина Гаухар Жолжаксина

Астана қаласының

№ 58 мектеп – гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі



БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ


Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан-2050» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады.

Педагог мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқу-тәрбие процесiн ұйымдастырудың негiзгi құралдарын, жаңа әдiстер мен формаларды кез келген уақытта таба бiлуiне мүмкiндiк туғызу қажет. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзiн-өзi дамытуына және өздiгiнен бiлiм алуына мүмкiндiк алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне жан-жақты, әрi еркiн пайдалана бiлуге үйрету, дайындау кезеңдерiнiң сапалылығымен анықталады [1].

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.

Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасқандығымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану – келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

- оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (мәселелік, ұйымдастырушылық, iс-әрекеттiк, компьютерлiк ойындар және т.б.);

- мәселелік, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлау мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:

- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерi мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу [2];

- информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;

- балабақша қызметкерлерiн, бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету.

Бастауыш мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере отырып, «жас балаларға компьютердің қанша қажеті бар?» деген сұрақты айналып өту еш мүмкін емес.

Осы мәселе бойынша пікірлер алуан түрлі. Бірқатар педагогтар кіші сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты пайдалану оқушыларды компьютер қастарында болмаған жағдайда екі санды қоса алмайтын, қарапайым мәтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді деп негізі бар қауіп білдіреді. Компьютер мектептегі лингафон кабинеттері немесе сыныптағы теледидар сияқты дүниелер, сондықтан да білім беру мен оқу үрдісіне айтарлықтай зияны жоқ деген пікірлер де бар. Компьютерлерді мектептің оқыту мазмұнына енгізуге қарсы салмақты аргументтің бірі – ақпараттық технологияның екпіндеп дамуы мектеп бағдарламасының үнемі жаңартылып отырғанына қарамастан, оның созылмалы аурудай артта қалуына әкеп соқтырады деп санайды.

Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да назар аударған жөн: тек компьютермен қарым-қатынаста болған балалар гуманитарлық қызмет түрлеріне аса қажет сезімталдық пен мейірбандылықты жоғалтып алып, дәлдік пен қырағылыққа ғана құрылған қарым-қатынасқа бас ұрулары әбден мүмкін.

Біз мектептің ақпараттық ғасырға бейімделуден басқа жолы жоқ, ал есептегіш техникалармен танысу соның бір ғана бөлігі деушілерге толық қосыламыз. А.Ершова және басқа авторлардың еңбектерінде көрсетілгендей, информатиканың мынадай: процедура, функция, рекурсия, тармақталу, цикл, мәліметтер құрылымы деген сияқты негізгі ұғымдарды меңгеруі операциялық деп аталатын қазіргі ойлау стилін қалыптастыруға ықпал етеді.

Осының өзі-ақ оқу пәні ретінде информатиканы мектепке енгізудің алғышарттарын жасады. Сонымен қатар, оқытылатындардың жас кезеңі жөніндегі мәселелер де көтеріледі.

Ойлау стилі балаларда кіші сыныптарда басталатыны белгілі. Бұл балалардың ойлау қабілетіне ықпал ететін іргелі бірқатар математикалық ұғымдарды бастауыш мектепте меңгертумен түсіндіріледі. Базалық сапа ретінде қарастырылуы тиіс оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды сөз етсек, информатиканың негізгі ұғымдарының артықшылығына тағы да көз жеткіземіз. Информатиканың негізгі ұғымдарын ерте бастан оқытудың қажеттігін мынадан-ақ көруге болады: білім берудің алғашқы кезеңінде информатиканың әдістерін меңгерген оқушы мектептің қалған сатылардың білім алуда (атап айтқанда, түрлі пәндердегі сабақтарда) адам қызметінің түрлі салаларында компьютерді пайдалану дағдысын меңгереді [3].

С.Пейперт, Ю.Первиннің еңбектеріндегі «информатика курсы» түсінігі аясында «Информатика» деп аталатын пән жайында емес, мектептің барлық пәндеріне кіріп кеткен информатика ұғымдары мен тұжырымды құрылымдары, әдіс-тәсілдері жайында айтылатындығын байқау қиынға соқпайды. Ю.Первин және оның әріптестерінің жеткіншектерге ерте жастан информатикадан дәріс беру жөніндегі тұжырымдарын қорыта келіп, мынадай пайымдаулар жасауға болады.

Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты мақсаты ойлаудың операциялық стилін қалыптастыру болса, ол орындалды.

Екіншіден, бастауыш мектепте информатика курсын өткізу көптеген пәндер бойынша мектептің оқу бағдарламасын айтарлықтай өзгертуге алып келеді. Бұл жерде мынаны ұққан жөн: «информатика» мектеп пәндерінің бірде-бірін алмастыра, мектеп пәндері жалпы жүйесіндегі оқулықтарының бірде-біреуінің рөлін атқара, мектептегі гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің ара қатынасын қайта бөліске сала алмайды. Ол тек қана мектепте оқытылатын әрбір пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп, мұғалімнің қолына кілт ұстатады. Осы кілтті дұрыс пайдалана білген мұғалім оқушыларының алдында өз пәнінің мәнін терең әрі тиімді түрде аша түседі.

Информатиканы ерте жастан оқытудың мүмкіндігі мен мақсаткерлігі әлемдік эксперимент, зерттеу нәтижелерімен де нақтылана түседі. Осыны назарға алған В.Буциктің зерттеулерінде ерте жас кезеңіндегі оқушыларға компьютерлік сауаттың алғашқы элементтерін беріп қана қою жеткіліксіз, оларға компьютер негізінен бастауыш білім және түсініктер, іс-әрекет әдіс-тәсілдері жөнінде нақты сауат беру жайы айтылады. Атап айтқанда, В.Буцик кіші мектеп жасындағыларға бастауыш компьютерлік сауат берудің мынадай әдістемесін ұсынады: бірінші және төртінші сынып аралығында сызбалық және мәтіндік редакторлардың көмектері арқылы орындалатын тапсырмаларды біртіндеп күрделендіріп беру, яғни, ақпаратты өңдеу (компьютер сурет салады, есептейді, жазады); ақпаратты сақтау (компьютер суретті, сандарды, мәтінді есте ұстайды); ақпаратты беру (адамнан компьютерге, компьютерден адамға) салаларынан компьютердің мүмкіндіктері жөнінде түсінік пен сауат қалыптастыру [4].

Сонымен қатар, Е.Смирнов та өзінің тұжырымдамасына мынадай негіздерді енгізе отырып, әдістемелік жүйе ұсынады.

  1. Бастауыш сыныптарда компьютерді қолданудағы басты мақсат дүниетанымдық және жалпы мәденилік сипатта болуы, баланың тұлғасы мен ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.

  2. Оқытудың мазмұны мен әдістемесі оқушылардың теориялық ойлауын дамытуы қажет. Дәстүрлік әдістеме эмпирикалық ойлауды ғана дамытуға бағытталған.

  3. Оқыту үрдісі өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын компьютердің екі қызметін: өлшеу аспабы және пәндік әлемге ықпал етуші пәндік әлемнің белсенді элементі ретінде пәндік және компьютерлік әлем жөніндегі білім қалыптастыруды үйлестіруі қажет.

Е.Смирнов пікірінің В.Буцик пайымынан айырмашылығы мынаны аңдатады: «информатика» шеңбері аясында барлық пәндерді оқыта отырып, соңында информатиканы бөлек курс ретінде бөліп алу қажеттігін дәлелдейді. Тәжірибелік тұрғыдан қарағанда, кіші мектеп жасындағыларға түрлі пәндерді оқытуда компьютерді оқыту құралы ретінде қосалқы көмек үшін қолданудың мүмкіндіктері қарастырылғаны жөн.

Сонымен, қорыта келе қазіргі уақытта кіші мектеп жасындағыларды оқыту үшін компьютерді пайдалану жөнінде төмендегі бағыттарды ескерсек, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік болады.

  • информатика элементтерін оқыту;

  • нақты пәнді оқытуда әдістемелік жүйені түбегейлі өзгеріске ұшыратуға соқтырмай, ЭЕМ-сын бесаспап оқу құралы ретінде пайдалану;

  • кіші мектеп жасындағыларда компьютерлік сауаттың жекелеген элементтерін ғана емес, информатиканың бастауыш білімін, іс-әрекетіндегі әдіс-тәсілдері жөніндегі негізгі түсініктерді қалыптастыру.



ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Информатика негіздері //Ғылыми әдістемелік журнал.

  2. Безруких М.М., Ефимова С.П. Знаете ли вы своего ученика?

  3. Бидайбеков Е.Ы., Нұрбекова Ж.К., Сағымбаева А.Е. Информатикадан оқушылардың білімін бақылау, бағалау. /Әдістемелік құрал. Алматы, 2003.

  4. Шекербекова Ш.Т., Сағымбаева А.Е. Информатика /Әдістемелік құрал. Алматы, 2005.







Бимендина Гаухар Жолжаксина

Астана қаласының

№ 58 мектеп – гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі


ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ҮЙ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік Бағдарламасын орындау мақсатында оқушылардың жүйелік-ақпараттық орта мен адамның арасындағы тиімді қарым-қатынас, ақпараттық технологияны қолданудың дағдыларын жетілдіру арқылы жалпы білім беру мекемелерінде информатика пәнін оқытудың ролі артады.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің практикада кең қолданылуын, білім беру процесін жетілдіру бағытында дамыта оқыту идеяларын пайдалану, оқу процесінің озық түрлері мен әдістерін ұйымдастыру, білімді игерудің механикалық тұрғысынан өз бетімен білім алу түріне өтуін қамтамасыз ететін білім беруді ақпараттандыру қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру процесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Осы орайда үй жұмысын ұйымдастыру мәселесі қазіргі таңда айтарлықтай өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Педагогика [1] оқулығында айтылғандай, оқушылардың үй жұмысының қажеттілігі таза дидактикалық міндеттерді шешуге (білімді бекіту, шеберлік пен дағдыны қолдану, т.с.с.) ғана емес, сонымен қатар өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, өзін-өзі қалыптастыруға да негізделген. Үй жұмысы сабақтың құрылымдық элементі ретінде оқушылардың танымдық ісін белсендендіру үшін үлкен мүмкіндіктер тудырады. Ол мектептегі информатиканы оқудың тиімділігін арттырудың әлі толық қолданылмай келетін резерві болып табылады. Солай бола тұрса да, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде, мерзімдік баспаларда үй жұмысын ұйымдастыру мәселесіне қажетті көңіл бөлінбей келеді. А.В.Хуторскийдің «Қазіргі заманғы дидактика» [2] деген іргелі және шын мәнінде заманауи оқулығында да үй жұмысы туралы айтылмаған.

Педагогика туралы оқу құралдарында [1,3] үй жұмысы оқытудың қосымша ұйымдастырушы түрі ретінде қарастырылған. Оқушылардың үйдегі дайындалуы дәстүрлі оқытудың ажырамас бөлігі екендігін ескере отырып, В.И.Загвязинский оны тақырыптық және күнтізбелік жоспарда қарастырылған сабақты органикалық толықтыруы және оның жұмыс жүйесін құрауы тиіс, оқытуды ұйымдастырудың сабақтан тыс толықтырушы түріне жатқызады [4]. Кейбір мамандар оқушылардың үй жұмысын өз бетінше жұмыстың әртүрлілігі деп те қарастырады. Оқушылардың үй жұмысы сабақ кестесінің шегінен тыс сабақ тапсырмаларын өз бетінше орындауды білдіреді [5].

Оқушылардың оқуындағы үй жұмысы сыныптықтан ең алдымен қағидалы тұрғыда ерекшеленеді. Ол мұғалімнің нұсқауы бойынша, бірақ оның тікелей басшылығынсыз орындалады. Оқушы тапсырманы орындау уақытын, жұмыс істеудің өзіне ыңғайлы ритмі мен қарқынын өзі таңдайды.

1960-шы жылдары оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі үй жұмысынсыз насихатталып келді, ол кезде барлық материалмен жұмыс сабақта жүргізілді. Алайда бұл тәжірибе өзін-өзі ақтамады. Оқушылардың үйдегі дайындалуы сыныпта мұғалімнің жетекшілігімен орындалған жұмыстарды (негізгі түсініктер мен идеяларды енгізу және сараптау, жаңа іс-әрекеттермен танысу) алмастырмай, оны аяқтауы қажет.

Үй жұмысының түрлері. Оқушылардың үй жұмысының теориялық аспектілері жеткілікті зерттелмегендіктен, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде үй жұмысын жіктеудің түрлі негіздері ұсынылады.

Үй жұмысы дидактикалық мақсаттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді [3,5]:

• жаңа тақырыпты зерттеуге, жаңа материалды қабылдауға дайындайтын;

• сабақта алынған білімдерді бекітуге, шеберлік пен дағдыны қалыптастыруға бағытталған;

• сыныпта өтілген оқу материалын тереңдетуге және кеңейтуге жағдай жасайтын;

• жаттығуларды өз бетінше орындау шеберлігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған;

• оқушының мүмкіндігіне сәйкес келетін, бағдарламалық материалдың шегінен тыс көлемдегі жеке тапсырмаларды өз бетінше ойлап орындауды дамытуға жағдай жасайтын.

Ерекше түрдегі шығармашылық сипатты тапсырмалар (шығармалар, пікірін жазу, сурет салу, көрнекі құралдар дайындау және т.б.) болып табылады.

Оқушылардың оқу ісінің түріне қарай үй жұмыстары келесі түрлерге бөлінеді [6]: оқу мәтінімен және түрлі қосымша ақпарат көздерімен (сөздіктер, мерзімдік басылымдар, Интернет және т.б.) жұмыс; жаттығуларды орындау және есептерді шығару; жазбаша жұмыстарды орындау; жұмыс дәптерлерін баспа түрінде толтыру; рефераттар мен баяндамалар жазу; көрнекі құралдар, макеттер дайындау және т.б. Өнегелі педагогтар өз тәжірибесінде қосымша әдеби көздерді оқу және сараптауды; мерзімдік басылымдармен жұмыс істеуді; кино- және видеофильмдерді талқылауды да қолданады.

Web-сайтында болатын сабақтың типіне қарай келесі жіктеу ұсынылады:

• жаңа материалды зерттеу сабақтары үшін:

  1. оқулық материалын оқу және түсінік айту;

  2. сабақта өтілген материалмен соңына дейін жұмыс істеу;

  3. материалды қандай да белгісі бойынша топтау;

  4. қосымша көздерден және қоршаған ортадан материалдар жинау.

• білімді пайдалануға үйрететін сабақтар үшін:

  1. практикалық жұмыстар (қосымша әдебиеттерден, анықтамалықтардан, сөздіктерден алынған, өз бетінше ойлап табылған оқу құралдарын, карточкаларды, кестелерді және т.б. дайындау);

  2. сыныпта орындалған немесе үлгіге ұқсас есептерді шығару;

  3. үйреншікті емес есептерді шығару;

  4. пәнаралық байланыс арқылы есептерді шығару;

  5. өз бетінше есептер құрастыру;

  6. материалды өз бетінше оқып үйрену;

  7. байқалған құбылыстар мен фактілерді салыстыру және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру;

  8. қателермен жұмыс істеу.

• байыту сабақтарына:

  1. мұғалімнің арнайы қойылған сұрағына жауаптар;

  2. мұғалім берген жоспар мен тапсырмасы бойынша жауап беруге дайындық;

  3. тақырып бойынша жауап берудің өзіндік жоспарын құру немесе осы жоспар бойынша дайындалу,

  4. мәтіндегі негізгі және екінші дәрежедегі материалды бөлу;

  5. белгілі бір заңдылық немесе қорытындыны болмасын сабақтағыға ұқсас түрде өзіндік дәлелдей білу;

  6. тақырып бойынша қосымша материалды таңдау;

  7. зерттелетін тақырып бойынша өзінше тапсырмалар құрастыру (жеке, жұптық немесе топтық);

  8. айғақты материал негізінде қорытындылар жасау (бақылаулар, тәжірибелер, эксперименттер, экскурсиялар);

  9. кестелер, схемалар, тірек конспектілер дайындау;

  10. байыту сипатындағы дәстүрлі емес тапсырмалар: зерттелінген материал бойынша оқытылатын бағдарлама негізінде кроссвордтар, тестер, т.с.с құрастыру.

• Білімді тексеру мен бақылау сабақтарына:

  1. сұрақтарға жазбаша жауаптар;

  2. үйдегі жеке бақылау жұмысы;

  3. стандартты емес тапсырмаларды шешу.

Мақалада келесі үй тапсырмасы жұмыстары қарастырылады: жеке, топтық, шығармашылық, дифференцирленген, бүкіл сыныпқа біреу, парта бойынша серіктесі екеуіне арналған үй тапсырмасын құрастыру (тұрақты құрам жұптарында).

Жеке үй тапсырмасы заң бойынша жеке сынып оқушыларына беріледі. Мұғалім нақты оқушының білім деңгейін тексере алады. Мұндай жұмыс баспа негізінде дәптерлерді қолдана отырып немесе карточка түрінде қолданылады. Оның мақсаты нақты тақырып бойынша бар білімді түзету, жоқ жерлерін толықтыру, т.с.с. саналады. Оған міндетті емес тапсырмалар да жатады, мәселен, сыныптан тыс жұмыстар.

Оқу үй тапсырмасын топтық түрде орындауда оқушылар тобы жалпы сынып тапсырмасының бөлігі болып саналатын тапсырмасын орындайды. Мұндай тапсырмаларды алдын ала беру мақсатқа сәйкес болып табылады.

Үй тапсырмасының жеке түрі ретінде шығармашылық жұмыс бөлінбеген, бірақ ол барлық түрдегі үй жұмыстарын біріктіруі тиіс. Мысалы, тапсырмаларды ертегілік сюжеттер, хабарлама және баяндамалар түрінде құрастыру. Мұндай үйлік оқу жұмыстарын «кешіктірілген» деп атауға болады.

Дифференцияланған үй тапсырмасының жұмысы «күшті» және «әлсіз» оқушыларға бірдей есептеле алады. Бұл кезеңдегі дифференцияланған тәсілдің негізі болып өзіндік жұмысты ұйымдастыру болып саналады, ол келесі типтік тәсілдер мен дифференциалды тапсырмалардың көмегімен жүзеге асады.

1. Мазмұны бойынша тапсырмалар барлығына бірдей, бірақ орындалу тәртібі бойынша әртүрлі, мысалы, тапсырмалардың көлемі әртүрлі.

2. Бірнеше нұсқасы мен өзінің қалауы бойынша таңдай білу хұқығы бар тапсырмалар: «Үйде таңдау бойынша № немесе № нөмірлерді № ... бастап орындап келу...». Тапсырманы еркін таңдай білу – мұғалімнің кез-келген оқушыға оңайырақ, содан соң қиынырақ тапсырмаға өтуіне кеңес бере алмауында емес.

«Әлсіз» оқушыларға карточкалар: толтыруы тиіс орындары бар; түзетуі тиіс қателіктері бар; толық аяқталмаған шешімдерімен беруге болады.

Бүкіл сыныпқа біреу – үй тапсырмасының ең кең таралған түрі.

Парта бойынша көршісіне үй тапсырмасын құрастыру (тұрақты жұп құрамы). Мысалы: «өзіңіздің көршіңізге сабақта қарастырылған жұмыстарға сәйкес екі тапсырма құрастырыңыз».

Іс жүзінде 80% мұғалім үй тапсырмасын бүкіл сыныпқа беретіндігін, тек кейде ғана дифференциялданған тапсырмалар беретіндігін атап өту керек.

Үй тапсырмасының үш деңгейі

Үй тапсырмасының бірнеше деңгейін қолдану ұсынылады [3,5].

Бірінші деңгей – міндетті минимум. Тапсырмаға барлық оқушының күші бірдей жетуі және түсінікті болуы керек.

Үй тапсырмасының екінші деңгейі – жаттығулық. Оны пәнді жақсы білгісі және қиындықсыз-ақ бағдарламаны меңгергісі келетін оқушылар орындайды. Ол кезде олар бірінші деңгейдегі тапсырмалардан босатыла да алады.

Үшінші деңгей – шығармашылық тапсырмалар – ол сыныптың дайындығына, сабақтың тақырыбына тәуелді қолданылады. Ол өз еркі бойынша бастау алады да жоғары бағалар мен мақтаулармен марапатталады. Шығармашылық жұмыстар шегінде оқушыларға мыналарды өңдеу ұсынылады: тақпақтар, мысалдар, ертегілер, фантастикалық әңгімелер т.с.с. (тақырып бойынша); чайнвордтар, кроссвордтар және т.с.с.; қызықты фактілер жиынтықтары, мысалдар, тапсырмалардың тақырыптық жинақтары; таңдалынған тақырып бойынша мақала аннотациясы жинақтары; оқу комикстері; плакаттар–тірек сигналдары, схемалар, көрнекі құралдар т.б.; өлеңдер, мнемоникалық түрлендірулер, т.с.с.

Үй тапсырмасы жұмысын ұйымдастыру

Үй жұмысын орындауды ұйымдастырудың әдістемесі – мектеп жұмысының ең әлсіз звеноларының бірі болып саналады. Көбіне үй тапсырмасы ретінде сабақ тапсыру сабақтың өзіндік жұмысы ретінде тіптен саналмайды. Ал ол оқушыларды тапсырманы орындауда өзіндік және танушылық қабілеттеріне дайындау үшін беріледі.

Мұғалімдердің 80% үй тапсырмасын сабақтың соңында береді, болмаса оның да бірнеше тәсілі бар: сабақтың басында, ортасында, сабақ барысында.

Пәннің ерекшеліктеріне байланысты (компьютердегі интерактивті жұмыс) үй тапсырмасын оқушылардағы бар білімге сәйкес тапсыру қажет.

Үй тапсырмасының жүйелі ұйымдастырылуы

Үй тапсырмаларының жүйесін ұйымдастыру мағыналы болып саналады, өйткені ол кезде өзіндік оқу қызметін жасау тәсілдері, танымдық қызмет түрлері жобаланады.

Үй тапсырмасы жұмысына маңызды оқытудың, тәрбиелеудің және дамудың міндеттері жүктеледі. Бірақ өкінішке орай практикада ол әрдайым іске аса бермейді, оның басты себебі болып мұғалімнің негізгі мәселесі сабақ мәселесі саналады. Көбінесе үй тапсырмасы кездейсоқ, ойластырылмаған түрде болады, олардың орындалуына дайындық нашар түрде жүргізіледі, тексеру тек формальды түрде жүреді. Осы жобалаудағы, дайындық пен үй тапсырмасын ұйымдастырудағы жетіспеушіліктердің нәтижесі болып оқушыларды үй тапсырмасымен шамадан тыс жүктеу саналады, ал ол өз кезегінде оқушылардың оқуға деген белсенділігі мен қызығушылығын төмендетіп жоғалтады.

Іс жүзінде және көптеген зерттеу жұмыстары көрсетіп отырғандай, көпшілік үлгерімі төмен және үлгерімі орташа оқушылар үй тапсырмасын орындауға салғырт қарайды. Мұндай жағдайдың бір себебі болып үй тапсырмасын дифференцияламау саналады (көбінесе ол бүкіл сыныпқа ортақ). Оқушыға үй тапсырмасын жылдам жолдасынан көшіріп ала салатын жағдай туындайды, ал ол сабақ басталардың алдында ғана іске асатын болғандықтан оқушы оның мағынасы мен орындалу тәртібін де түсіне алмайды.

Сондықтан дифференцияланған тәсіл аса қажет, ол жеке, топтық және фронтальды жұмыстардың үйлесін табады. Ол оқытудың барлық кезеңдерінде тек сабақ уақытында ғана қажет емес, сонымен бірге үй тапсырмасын орындауға да қажет.

Дифференцияланған тапсырмаларды әсіресе мына жағдайларда беру мақсатты:

  • қиын түсініктер ұшырасатын тақырыпты өткенде;

  • өткен тақырыпты байыту мен қорытынды жұмыстарға дайындық жасағанда;

  • бақылау жұмыстарында қателермен жұмыс жасауда.

Дифференцияланған үй тапсырмасын әсіресе оқу материалын бекіткен кезде қолдану маңызды. Егер үлгерімі жақсы оқушылар бұл кезеңде оқытылған материалды негізінен меңгеріп түсінсе, үлгерімі төмен оқушылар әлі де сенімсіздікті сезеді, сондықтан сабақта өткен материалды бекітуге дифференцияланған үй тапсырмасы әр оқушыға арнайы туындаған қиындықтарға сәйкес соны шеше білуге арналып құрастырылуы қажет.

Дифференцияланған үй тапсырмасын ұсынарда мыналарды ескеру қажет:

  • оқу жұмысына баланың қабілеті (оқу материалын, оның мағынасын тереңінен тез қабылдау);

  • өз ойын жеткізе білуі;

  • танымдық белсенділігін (білімге қызығушылығын көрсетуі);

  • жұмыста ұйымдаса білуі (басталған істі аяғына дейін жеткізе білуі).

Балалардың жеке қабілеттеріне орай, білім біріңғай танымдық мақсатта бағындыру мен бір тақырыпта қиындық деңгейіне байланысты таңдалып алынады. Сонымен бірге жеке тапсырма карточкалары қатарында әдетте үш нұсқа болады (оқушылар өздері нұсқаны таңдайды, немесе әр нұсқаны мұғалім белгілі бір топ үшін арнайы дайындайды), бірнеше деңгейдегі тапсырмалары бар жұмыс дайындауға да болады, мұндай тапсырманы орындау барысында оқушылар танымдық қызметтің субъектісі болады, ол бастамашылдығы (бұл жағдайда деңгей таңдауда), білімді, шеберлік пен дағдыларды, ойлау қабілетінің дамуын, ес пен шығармашылық қиялын меңгерудегі өзіндік қабілетті тәрбиелейді.

Үй тапсырмасы жұмыстарында келесі тәсілдерді қолдану маңызды:

  • пікірлерде немесе жазбаларда жіберілген қателіктерді қосатын тапсырмаларды орындау;

  • заңдылықтарды айқындауға арналған тапсырмаларды орындау;

  • артық немесе жетіспейтін мәліметтер бойынша тапсырмаларды қарастыру;

  • өзін өзі бақылаудың әртүрлі тәсілдері.

Үй тапсырмасын тексеру тәсілдері

Үй тапсырмасын орындау сапасының болуы үшін оны тексеру үлкен әсерін тигізеді. Ол кезде оқушының үй тапсырмасын үйде өз бетінше орындауының тиімділігі тек қана мұғалімнің оқушыға үй тапсырмасын орындауына қоятын талапқа ғана емес, сонымен бірге оны тексеру тәсілдеріне байланысты болады, ал ол тек формасы жағынан ғана емес, сонымен қатар мағынасы тұрғысынан да әртүрлі болуы шарт. Егер үй тапсырмасын тексеру тұрақты және заң бойынша сабақтағы жұмыс мазмұнына орай байланыстырылған болса, онда келесі сабаққа дайын болу үшін оқушылар оны орындауға аса жауапкершілікпен қарап өз бетінше орындауға тырысады. Осыған байланысты үй тапсырмасын жүйелі түрде тексеру тиімділігін арттыру мәселесі туындайды.

Үй тапсырмасын тексерудің бір тәсілі болып келесі әдіс саналады: әр оқушыда жеке үй тапсырмасына арналған дәптер болады. «Әлсіз» және «орта» үлгерімді оқушылар дәптердің бетін екі колонкаға бөледі (көлденең немесе тік жұмыстың түріне байланысты). Жұмысты орындауда оқушы тек бір шетіне жазып екінші бөлігін таза күйінде қалдырады. Мұғалім жұмысты тексере отырып «плюс» белгісін қателік жіберілген жерге дейін қояды, қателіктің тұсына «минус» белгісін қояды. Бұл дәл осы жерден қателік кетті деген мағынаны білдіреді. Қандай баға алғанына тәуелсіз оқушы екінші колонкаға қателіктермен жұмыс жасауы керек. Ол кезде оқушы дұрыс орындалған жұмыстардың қайтадан тапсырма шарттары мен оның шешімдерін жазбайды. Осы арқылы оқушыны шамадан тыс жүктеу мен артық жұмыс жасау сұрағы шешімін табады.

Сонымен қатар, қателікпен жұмыс жасай отырып, оқушы қателік неліктен кеткенін, оны тауып, біріншілік шешім мен қайтадан шешілген шешім екеуін салыстыруы қажет. Бұл кезде де оқушы қате жіберуі мүмкін, салыстыру жұмысы шешім дұрыс табылғанша жалғасады.

Мұндағы индивидуалды тәсіл болып мұнда әр оқушы өз ырғағы бойынша жұмыс жасайды, өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін өзінше пайдаланып, алға тек өз күшімен жылжи алады. Оқушыға басты талап өзіне жақын деңгейіне көтерілуі саналады. (базалық, ілгерілетілген немесе жоғары). Базалық деңгейдегі үй тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін ол «үш» деген бағамен, егер өзіндік немесе жеке бақылау жұмысы сыныпта болса – «төрттен» жоғары ала алмайды. Бұл жағдайда қатемен жұмысты оқушы үйде атқарады.

Бізбен сипатталған жеке өзіндік үй тапсырмаларын тексеру тәсілі дәстүрлі тәсілдермен қатар іске асырылады.

Толықтай жазылып біткен оқушының жеке дәптері тасталынбай мұғалімде сақталады. Оларды қарап отырып, мұғалім оқушының қай жерде нендей қателік жібергенін, қай тұсын толықтай меңгере алмағандығын саралай алады. Мұның барлығы оған одан арғы жеке жұмыс жасауына көмек етеді (тек қана сыныптық немесе үй тапсырмалары емес, сонымен бірге демалыс аралықтарында).

Жоғарыда айтылғандар оқушылардың мүлдем ортақ өзіндік жұмыстарын орындамайды дегенді білдірмейді. Жаңа тақырыппен танысу кезеңі мен біріншілік материалды бекіту кезеңінде оқушылардың барлығы ортақ фронтальды формадағы жұмыспен айналысады.

Үй тапсырмасын тексерудің тәсілдері алуан: мұғалім де, оқушы да (өзін-өзі тексеру), басқа да оқушылар тексереді (өзара тексеру). Бұл жағдайда мұғалім көмекшілерінің рөлі жоғарылайды. Оқу жылы бойынша дидактикалық материал жинақталады, оны оқушылар сынаққа, диктантқа, емтиханға, топпен жұмысқа, жеке жұп болып жұмыс жасағанға дайындаларда қолданады.

90% мұғалімдер мұндай үй тапсырмасын тексеру формаларын ауызша және жазбаша, карточкамен жұмыс түрінде қолданады.

Үй тапсырмасын тексеру міндетті түрде бағамен немесе белгімен белгіленіп отырылуы шарт. Қанағаттанарлықсыз бағаны қоймаса да болады, одан гөрі үй тапсырмасын қайта орындауын талап еткен жөн, жіберілген қателіктерді түзеп, немесе біріншісіне ұқсас үй тапсырмасын беру керек. Мұндай тексеру тәсілі әсіресе шығармашылық жұмыстарда пайдалы.

Келесі үй тапсырмаларын тексеру тәсілдері ұсынылады [6]:

1. Үй мысалдарын шешу:

а) оқушы тақтаға шығып үйге берілген мысалды шығарады, параллель түрде шешу кезеңдері бойынша сұрақтар беріліп отырады;

б) оқушылар кезекпен (кезең бойынша) мысалды шешеді. Фронтальды түрде тапсырманың орындалу тәртібі сұралады.

2. Тапсырма орындалмағаны немесе көпшілік оқушыларда қате орындалғаны анықталды:

а) мысал мұғаліммен оқушылардың көмегі арқылы орындалады, оларға мұғалім сұрақтарын беріп отырады;

б) тақтаға шақырылған оқушымен ұқсас мысал орындалады, шешімін өз өтініші арқылы оқушылар өз орындарынан айтады.

3. Тақтада оқушы тапсырманың немесе мысалдың шешімін жазады. Кез-келген кезеңде оны мұғалім тоқтатып келесі оқушыға жалғастыруын өтінеді, т.с.с.

4. Сыныпта көмекшілер көмегімен үй тапсырмасы, оның дұрыс орындалғандығы тексеріледі.

Қорыта айтқанда, мұқият ойланған, жүйелі және тұрақты түрде орындалмаған үй тапсырмасы болмаған жағдайда жоғары сапалы білімге қол жеткізу мүмкін емес. Үй тапсырмасы оқушылардың бойындағы өз бетінше жұмыс істей алу мен танымдық қызығушылық қабілеттерін оятады.



ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Сластенин В.А. Педагогика. М.: Школа-Пресс, 1998.

  2. Хуторской А.В. Современная дидактика. СПб: Питер, 2001.

  3. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии / Под ред. С.А.Смирнова. М.: Академия, 1998.

  4. Загвязинский В.И. Теория обучения. Современная интерпретация. М.: Академия, 2001.

  5. Пайман С.А. Педагогика. Основные положения курса. Минск: ТетраСистемс, 2002.

  6. Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. Воронеж, 2005.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ?ОЛДАНУ

Автор: Бимендина Гаухар Жолжаксина

Дата: 04.02.2016

Номер свидетельства: 287930

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "Доклад на тему " ?аза? тілі саба?ында интербелсенді та?таны  ?олдану тиімділігі" "
    ["seo_title"] => string(85) "doklad-na-tiemu-k-azak-tili-sabag-ynda-intierbielsiendi-tak-tany-k-oldanu-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "216686"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433104504"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Бастауыш сынып о?ушыларына білім беруде жа?а инновациялы? технологияларды пайдалану "
    ["seo_title"] => string(96) "bastauysh-synyp-ok-ushylaryna-bilim-bierudie-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "187546"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426525754"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "М??алімдерді? іс-т?жірибелерін ?олдану"
    ["seo_title"] => string(45) "mu-g-alimdierdin-is-t-zhiribielierin-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "286967"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454420785"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "А?паратты?-коммуникациялы? технологияларды? м?мкіндіктерін м??алімдерді? іс-т?жірибелерін ?олдану"
    ["seo_title"] => string(112) "ak-parattyk-kommunikatsiialyk-tiekhnologhiialardyn-mumkindiktierin-mu-g-alimdierdin-is-t-zhiribielierin-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "286970"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454421031"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Бастауыш сыныпта а?паратты?  - коммуникациялы? технологияларды тиімді пайдалану"
    ["seo_title"] => string(84) "bastauysh-synypta-ak-parattyk-kommunikatsiialyk-tiekhnologhiialardy-tiimdi-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "330274"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464177513"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства