kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойын технологиясын сабақтарда қолданудың маңыздылығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойын технологиясын сабақтарда қолданудың маңыздылығы

Ұ.М. Асқарова

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы.

  Еліміздің жарқын келешегінің ең басты кепілі- сапалы, жаа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру. Бұған елбасының жылдағы халыққа жолдаулары, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы заңы т.б. мемлекетттер құжаттар нақты дәлел бола алады.

       Қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат- жан –жақты білімді, өмір сүруге бейім ой – тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойын технологиясын сабақтарда қолданудың маңыздылығы»

Ойын технологиясын сабақтарда қолданудың маңыздылығы

Ұ.М. Асқарова

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы.


Еліміздің жарқын келешегінің ең басты кепілі- сапалы, жаа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру. Бұған елбасының жылдағы халыққа жолдаулары, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы заңы т.б. мемлекетттер құжаттар нақты дәлел бола алады.

Қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат- жан –жақты білімді, өмір сүруге бейім ой – тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.

Қазақтың кемеңгер ұстазы А.Байтұрсынов өз заманында «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген сөзі, бүгінгі күнде де өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Өйткені, ҚР Президентінің жолдауында «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» деген баламасына сай қазіргі таңда оқытудың тиімді әдістерін таңдай білу әдістемесі қалыптасып жетілуде. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.

Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтанда дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация оқытушының тиері анық.

Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жасалынып жатыр.

Жалпы алғанда жаңа педагогикалық технологияны меңгерудің міндеттері, жолдары, қолданудың әдіс тәсілдері, сонымен қатар педагогикалық технологияның түрлері оны оқу үрдісінде қолданудың тиімдлігін қарастырып, оның тиімдісін саралап жеткізуіміз қажет.

Бүгінде білім саласына қойылатын талап- баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтанда баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы- ойын әрекеті. Ойын арқылы оқушыларды өмірге ең қажетті қасиеттерге: байқампаздылыққа, зеректікке, қызықты есте сақтай білуіне, ойлау әрекетін дамытуға баулиды. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтіп, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын назарға алған жөн.Тиімді қолданылған ойын түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, терең меңгеруіне көмектеседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар қатарынан қалып қоймас үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылатын сұрақтарға жауап іздеп ойлана бастайды.Ойын барысында пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді.Мұндай жағдайда барлық оқушылар алға жылжиды, білімдері терең оқушылардың тежелмеуін, білімі төмен оқушылардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.

Ойынды жүргізудегі оқытушының маңызды орнын атап өткен жөн. Ойынның идеясын көбінесе оқытушы ойлап табады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандай да бір тақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек.Бір сабақтың өзінде қолданылатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн.

Өзара қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқыту үрдісінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады. Олар:

-Топтық

-жұптық

-ұжымдық

Оқытудың бұл формалары жалпы немесе құрылымдық деп аталады.

Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары бар:

-Семинар

-оқу конференциялары

-диспут

-топтық пікір таластар т.б.

Оқушы белсенділігі негізінен, екі түрлі, ол сыртқы және ішкі белсенділіктен тұрады.Сыртқы белсенділігі көбінесе, ойын арқылы, қимыл қозғалысы әсіресе, өмірлік әрекетіне байланысты болып келеді. Оқушының ішкі белсенділігіне оның ойлау әрекетіндегі белсенділігі жатады.

Тарих пәнін оқыту барысында мынадай ойын түрлерін қолдана отырып оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға болады. Мысалы: Қазақстан тарихы сабағында «Кім жылдам ойнайды ?» ойынын ойнатуға болады.

Ойынның мақсаты қазақ хандарының ел басқарған уақыттары мен ерекшеліктері жайлы білуге, есте қалдыруға үйрету.

Ойынға керекті заттар: қазақ хандарының суреттері,кесте

Ойынның шарты: Хандардың шашыранды орналасқан суреттерін, ел басқарған уақыттарын жылдам қою, ерекшеліктерін атап өту.

«Баяндама » оқыта үйрету ойыны

Оқытушы оқушыларға бір мәтінді оқуды, соңынан оның мазмұнын сурет, белгі сызба түрінде беруді ұсынады.Осы сурет, сызба, белгілерді қолдана отырып, осы мәтін бойынша баяндама жасайды. Баяндама мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушы жеңімпаз болады.

Қазақтың кемеңгері М.Жұмабаев «Ойын бала үшін өмірлік тәжірибе» деп айтқаны ақиқат. Өйткені, ойын- жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Сонымен қатар қазақтың «Бала ойынмен өседі, дана оймен өседі», «Ойнай білмеген ойлай да білмейді» деген мақалдары текке айтылмағандығын өмірдің өзі дәлелдеп келеді.

Қазіргі заман оқытушының тек өз пәнінің білгірі болып қана қоймай мықты психолог, кәсіби практик, танымы жоғары, ақпаратты сауатты маман болуы қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Білім туралы.Қазақстан Республикасының заңы. Алматы,1999ж

  2. М.М. Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы,2002ж

  3. Қазақстан мектебі.№8 2014ж





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ойын технологиясын сабақтарда қолданудың маңыздылығы

Автор: Асқарова Ұлбала Молдахметқызы

Дата: 22.05.2017

Номер свидетельства: 417568

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(193) "МОДУЛЬДІК О?ЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Т?РТІБІНДЕ ?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ САБА?ТАРЫН ?ТКІЗУДІ? Д?СТ?РЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ "
    ["seo_title"] => string(118) "modul-dik-ok-ytu-tiekhnologiiasy-t-rtibindie-k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-taryn-otkizudin-d-sturli-iemies-formalary"
    ["file_id"] => string(6) "210733"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431495834"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "ХИМИЯ САБА?ЫНДА О?УШЫЛАРДЫ? А?ПАРАТТЫ? М?СЕЛЕНІ ШЕШУ ??ЗЫРЛЫЛЫ?ЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ- "
    ["seo_title"] => string(93) "khimiia-sabag-ynda-ok-ushylardyn-ak-parattyk-m-sielieni-shieshu-k-u-zyrlylyg-yn-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "155248"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421253476"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "Баяндама «Бастауыш білім беру мазм?нын жа?арту: о?ытуды? жа?а стратегиялары ба?алауды? жа?а ж?йесі»"
    ["seo_title"] => string(113) "baiandama-bastauysh-bilim-bieru-mazmu-nyn-zhan-artu-ok-ytudyn-zhan-a-stratieghiialary-bag-alaudyn-zhan-a-zhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "259785"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448820115"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "А?паратты? коммуникативтік технологияларды пайдалану ар?ылы студенттерді? а?паратты? ??зыреттілігін арттыру. "
    ["seo_title"] => string(120) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiialardy-paidalanu-ark-yly-studienttierdin-ak-parattyk-k-u-zyriettilighin-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "202278"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429203373"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства