Просмотр содержимого документа
«"Н. Ә. Назарбаевтың дәрісінен қандай сабақ алдым" атты шығарма»
СҚО, Мамлют ауданы
Бексейіт орта мектебінің
9-сынып оқушысы
Кабдолина Ақмарал
Шығарма
Н. Ә. Назарбаевтың дәрісінен қандай сабақ алдым
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
1. Менің Отаным – Қазақстан
ІІ. Негізгі бөлім
Мыңнан озып шыққан бір тұлға
Елбасы дәрісі – жастарға деген мол сенімнің белгісі
ІІІ. Қорытынды
Елбасын мақтан тұтам
Аспан ашық болса, күн шуақты болар.
Хан әділ болса, халық ынтымақты болар.
(Майқы би)
«Отан» деген сөзде қанша мән-мағына жатыр десеңші! Әр халықтың өз Отаны өзіне ыстық емес пе? Олай болса, өз Отаным – Қазақстан жері туралы ішімнен жарып шыққан ойымды білдірсем артық болмас. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында, табиғи байлығы мол, өзінің даму жолын таба білген ел.
Бүгінде Қазақстан үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақтылы жүзеге асырып, өркениет көшінен өзінің лайықты орнын иеленуге ұмтылып отыр. Қазақстанның тәуелсіздігі бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни жаңа тарихының бастауы болады. Қазақтар еркіндікті ежелден аңсаған. Еңселі ел болу олардың асыл арманы. «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлады елім деп еңіреген жырауларымыз. Қазақ жерінде атқан Тәуелсіздік таңы Қазақстанның сахарадай кең де, дархан даласының төсін қанымен де, ащы терімен де суарған ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі. Міне, осындай нәтижеге қол жеткізген ата-бабаларымыздың, батырларымыздың еңбегін әрі қарай іргесі мықты ел боп ұстап тұрған Тұңғыш Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі деп білеміз.
«Ханның биі ақылды болса, қара жерден кеме жүреді» деп, Майқы бабамыз жырлап өткендей, осындай аса күрделі, жауапты, тарихи кезеңде тағдырлы істің басында тұрған, мыңнан оза шауып шыққан ақылды тұлғаның бірі Қазақстанның тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Кезінде бала Нұрсұлтан: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүние жүзіне танытып, терезесін тең етер едім», - деп армандаған екен. Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманы орындалды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дарқан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Елбасының жүргізген салиқалы саясатының нәтижесінде еліміз өркениетті әлем көшіне қосылып, экономикасы дамыған елге айналды.
Елбасының 5 қыркүйек күні тікелей эфирде ХХI ғасырдың болашақ үлгісі, зияткерлік-инновациялық кластер ретінде танылған отандық жоғары мектеп Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивтік дәрісін өз мектебімізде мұғалімдер және оқушылар назар салып тыңдадық. Дәрісте Қазақстанның саясатта, экономикада, білім беру мен ғылымда тағы не істеу керектігі жөніндегі күрделі жаңа мәселелерге жауап берілді. Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың дәрісі ең алдымен болашақ және зиялылар резерві болып табылатын студенттерге арналған. Назарбаев Университетіндегі дәріс түрі түбегейлі өзгергенін атап өтпеуге болмайды: білім берудің түрлі деңгейінде білімнің өзекті мәселелері көтерілді, электрондық түрдегі көлемді тұсаукесерлер қазақстандық білім беру көшбасшыларының жетістіктерін ұсынды, Интернет-технология арқылы түрлі өңірлердегі тыңдаушылармен кері байланыс орнатылды. Сонда әр қаламен байланыста болып, Елбасымыздың жасап жатқан оң істерін қазақстандықтар бағалап, ризашылықтарын интерактивті тақта арқылы білдірді.
Президент өзінің дәрісінде «Болашақ» бағдарламасымен жоғары технологияларды игерген жас кадрлар толқыны Қазақстанға келгенін, осы бағдарлама бойынша 8529 қыз-жігіт білім алып, қазір олардың көпшілігі шетелдік компанияларда, мемлекеттік қызметте білімдеріне сәйкес жұмыс атқарып жүргенін тілге тиек етті. Солардың 168-і Назарбаев Университетінде жұмыс істейді, білім мен ғылымды ұштастырып, жаңарған Қазақстанның жастарын тәбиелеп жүр. Мемлекет басшысы өз дәрісінде Тәуелсіздіктің 20 жылында қол жеткен қомақты табыстарымыз туралы айтып, ел экономикасынның индустриялық-инновациялық дамуында білім мен ғылымның алатын рөлі өте маңызды екендігін қадай айтты. Сондай-ақ жастар саясаты, саламатты өмір салтын қалыптастыру, 12 жылдық білім беруге көшу, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету, көптілді білім берудің жаңа үлгісін енгізу, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру сияқты алдағы мақсаттарды айқындап берді. Еліміз жеткен табыстарда біздің облысымыздың да үлесі бар. Өңірімізде білім беру жүйесін дамытуға бөлінген қаржы жылдан-жылға көбейе түсуде. Оған бюджеттен биылғы жылы 36 миллиард теңге бөлініп, өткен жылғыдан 9 пайызға өсті. Жаңа мектептер салынуда. Айыртау ауданындағы Кирилловка орта мектебінің жаңа ғимараты пайдаланылуға берілді. Есіл ауданында Тауағаш орта мектебінің жаңа үйі іске қосылды. Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылында, Мамлютка қаласында мектептер, Петропавлда – 320, Ақжар ауданында 60 орындық балабақшалар құрылысы жүргізілуде. «Балапан» бағдарламасы бойынша бүлдіршіндерді балабақшалармен қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлерді тарту жұмысы жалғастырылуда. Қаламыз Назарбаев Зияткерік мектебінің құрылысы жүріп жатыр. 120 орындық жатақханасы бар, 720 орындық мектеп химия-технология бағытында білім беретін болады. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай қамқорлық білім беру ұйымдарындағы оқу сапасынның жақсаруына оң әсер етуде. Оған дарынды оқушыларымыздың республикалық, халықаралық білім, өнер, спорт сайысындағы жетістіктері дәлел. Қазақстан спортшылары ел тарихында бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарында жинаған жұлдесі бойынша алғашқы ондыққа ілінбегенмен, рекорд жаңарту жөнінен 4-орынды иеленді. Білім саласына тоқтылып кететін болсам, облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, біздің облыс оқушылары республикалық олимпиадаларды – 25, халықаралық олимпиадаларды 28 медальді еншілеген. ҰБТ-ның қорытындысында біздің облыс мектептерінің түлектері республика бойынша алдарына тек Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе облысының оқушыларын түсіріп, төртінші орынға ие болды.
Маған, әсіресе, Елбасының мемлекеттік «Болашақ» және «Балапан» бағдарламалары туралы пікірлері мен тілдердің үштұғырлылығы, оқушылар мен түлектердің біліктілігін арттыру курстары туралы айтқан тың ұсыныстары зор әсер береді. Өйткені менің болашағым алда. Елбасы сөзінің соңында еліміздің жастарын жан-жақты болуға, спортпен шұғылдануға, еңбекпен ерінбей айналысуға, өнерлі болуға, шетел тілдерін меңгеруге, отандық және әлемдік әдеби мұраны терең білуге шақырады. Қазіргі кезде мәселесі дұрыс шешімін табуда. Өзге ұлт өкілдері де біртіндеп мемлекеттік тілді үйренуге кірісуде. Сонымен қатар, орыс тілі мен ағылшын тілін игеру ісі де алға басуда. Қазір үш тілді бірдей меңгергендер саны көбейіп келеді. Бұл – қуанарлық жайт. Өйткені, бұл біздің жастарымыздың өркениетті елдердің жастарынан кем еместігін көрсетеді. «...Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын ағамыз жырлап өткендей, әр қазақстандық азамат өз ұлттық тілі – ана тілін қадірлеу керек. Менің ұлтым қазақ болған соң өз ана тілім – қазақ тілі. Қазақ тілінде емін-еркін сөйлей аламын, сонымен қатар орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгеремін. Үш тілді меңгеру – заман талабы, сондықтан да маған болашақта ауадай қажет.
Елбасымыз өзінің дәрісінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуды әрі қарай дамытатын, ХХI ғасырдың талабына жауап бере алатын Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты тапсырмалар жиынтығын анықтап берді. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде біз жаңа мемлекет құрудың барлық қиындықтарын жеңіп шықтық. Бүгіндері біздің еліміз жарқын болашаққа қарай нық қадам басып келеді. Қазір Қазақстанның экономикасы күшті, саяси тұрақтылығы орнаған, жоғары халықаралық беделге ие. Дәрісінің негізгі қағидасын Елбасы: «Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал», - деп тұжырымдады. Елбасымыздың аталмыш дәрісі еліміздің жастарының еңбекке, білімге, ғылымға құштарлығын оятып, өрістетті деуге толық негіз бар дегім келеді.
Қазіргі кезде жастар саясатына жаңа өзгерістер енгізіліп жатыр. Осыған орай биыл Астана қаласында «Жас Отан» жастар қанатының екінші съезі 16 қараша күні болып өтті. Онда алдағы маңызды саяси шарадан не күтетіндіктері жайында толғанып, өз ойларымен бөлісті. Н. Ә. Назарбаев әрқашан жастарды алға жетелеп, мақсат-міндеттерін айқындап береді. «Ел ертеңі – жас ұрпақ» екенін айтып, болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасауды талап етеді. Ендеше, Елбасымыздың үмітін, еңбегін ақтау үшін мен де Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімді қосамын деген сенімдемін.
Биыл еліміз тұңғыш рет Президент күнін атап өткелі отыр. Қазақстандықтар үшін бұл – маңызды оқиға. Өйткені, барша халық өз Елбасын мақтан тұтпай ма?! Сонымен бірге бұл атаулы күннің халықаралық қауымдастық үшін де маңызы ерекше. Біздің бұлай нық сенніммен айтуымызға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке зор үлес қосып, бар әлем үшін беделді тұлға болуы себеп. Елбасымыздың арқасында елімізді бүкіл әлем мойындап отыр. Елімізді дамытуға қосқан зор үлесі арқасында Президентімізді әрбір қазақстандық құрмет тұтады және мақтан етеді.